I тарау. Графиктер мен Функциялар оқыту әдістемесі мен қолданылатын құралдар



бет15/17
Дата14.05.2023
өлшемі1.74 Mb.
#473678
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Гулнур работа

9.Қорытынды


Геогебра дегеніміз тегін таратылатын математикалық интерактивті бағдарлама геометрия және алгебраны байланыстыратын компьютерлік интерактивті бағдарлама. Қазіргі таңда әлем бойнша ең көп таралған математикалық бағдарлама ретінде танылып отыр. 149 елде қолданылып жатыр, 49 тілге аударылған. Авторы – австриялық математик, Маркус Хохенвартер. 2009 бұл бағдарлама үшін арнайы байқаудың жеңімпазы атанды. Осы жылдың тамызында оның үш өлшемді нұсқасы шығады.
Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрететін бейнероликтер мен қолданушы кітапшасын шығару.
Геогебра интерфейсі
Мәзірде: тіл, шрифт, сақтау, көрініс, басып шығару, баптаулар сияқты орналасқан.
Құралдар тақтасында: Бұл жерде Графиктер алаңында геометриялық фигураларды салуға болады.
Құралдар сипаттамасында:Бұл жерде біз таңдаған немесе орындаған фигураларға сипаттама беріледі.
Алгебралық сипаттамада: Бұл жерде Графиктер алаңында салынған фигураларға алгебралық сипаттама беріледі.
Кіріс алаңында: Бұл жерде сіз кез келген функцияның формуласын тересіз, Графиктер алаңында графигі салынады .
Графиктер алаңында: Кез келген геометриялық фигураны, графиктерді салуға болады.
GeoGebra тегін, білім берудің барлық деңгейлері үшін кросс-платформалы динамикалық математикалық бағдарлама. Құрамында геометрия, алгебра, кестелер, бағандар, статистика және арифметика секілді бөлімдері бар бағдарлама.
Сонымен қоса, бағдарламаның функциямен жұмыс жасау мүмкіндігі мол.
Бағдарламаны Маркус Хохенвартер Java тілінде жазған. 39 тілге аударылып, қазіргі уақытта белсенді дамып жатыр.
Қазақстандағы ГеоГебра институттары орналасқан қалалар
1.Астана-53
2. Семей-53.
3.Алматы-50.
4. Қостанай-17.
Көріп отырғанымыздай ГеоГебра Қазақстанда әлі дамымыған.Елімізде алғашқы ГеоГебра институты Астана қаласында 2012 жылы наурыз айында тіркелді.Жақында Талдықорған мен Семей қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің негізінде тағы екі ГеоГебра институты ашылды.
Математика сабағында GeoGebra ортасының мүмкіндіктерін қолдану жолдары атты бөлімде:
1 GeoGebra ортасының мүмкіндіктерін көрнекіліктер дайындауда қолдану;
2 GeoGebra ортасында циркуль және сызғыштың көмегімен салу есептерін шешу мүмкіндіктері;
Циркуль және сызғыштың көмегінсіз GeoGebra ортасында салу есептерін шешу мүмкіндіктері;
GeoGebra бағдарламасы көмегімен математика сабағындағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары толық қамтылған.
Математика сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, сабақ сапасын арттыру арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын дамытуға септігін тигізуге болады. Қазіргі заман талабына сай оқу үрдісінде сандық білім беру жүйелерінің қарқынды енгізілуі де мектептегі оқу үрдісінің сапасын арттырып отыр.
Сонымен, «Егер, мұғалім математика сабағында қазіргі заманғы сандық білім беру жүйелері», яғни Geogebra бағдарламасын үнемі қолданып отырса, онда ол оқушыларға математиканы ғылыми жағынан түсіндіре отырып, олардың пәнге деген қызығушылықтарын және білім сапасын арттырады және өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландырады.
Жұмысты мектеп мұғалімдері және педагогикалық практика өтетін педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері қолдануларына болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет