5.Геогебра белсенді әдіс-тәсілдер
Геогебра – оқу құралы ретінде.
Бағдарлама тегін болғаннан кейін оны кез-келген компьютерге орнатып, қолдануға болады(бес мб.). Проекторы бар әр сыныпта математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Оқушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе жаңа тақырыпты түсінду барысында тиімді бұл бағдарлама. Әрі математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызық болып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді.
Еуропада Геогебра бағдарламасын дамыту үшін ұйымдастырылған осы институттар арқылы басқа елдердің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасады. Жүйелі түрде конференциялар өткізіліп отырады. Келесі конференция арнайы Азиядағы бағдарламаның таралуы жайында болады. Ол Пекин қаласында 2011 жылдың мамырдың 23-інде өткізіледі. Ол конференцияға арнайы тіркеуден өткен кез-келген математика пәнінің мұғалімі қатыса алады.
Бұл бағдарлама әлем бойынша кең таралған. Орталығы Австрия мемлекетінде орналасқан. Геогебраның басқа мемлекеттерде дамыту жергілікті мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады: бағдарлама жергілікті тілге аударылады, Геогебра институттары ашылып, сол институттар арқылы бағдарлама әрі қарайдамытылып, интерактивті нұсқалар дайындалады, үйретуші бейнекөріністер жазылады, қолданушы кітапшалары жазылады, әрі басқа елдердегі мұғалімдер мен Геогебра бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу іске асырылады.
GeoGebra алгебра мен геометрияға байланысты элементтерді (мыс: нүктелер, векторлар, түзулер, көпбұрыштар, және функциялардың графиктері) интерактивті, орындарын ауыстыра алатын түрде көрнекі түрде көрсетеді. Бұл объектілерді қаласаңыз, бірден тышқанмен шерту арқылы, немесе алгебралық енгізу алаңы арқылы өзгерте аласыз. Бұдан басқа GeoGebra функциялардың туынды мен интегралдарын табуға қолданылады.
GEOGEBRA-ның құрамы
GeoGebra терезесі. GeoGebra терезесі A суретінде көрсетілген. Сол жақтағы терезе алгебралық терезе деп аталады. Бұл жерде бейнелеу алаңында салынған объектілердің алгебралық жазылулары көрсетіледі. Бейнелеу алаңында сіз өзіңіздің конструкцияларыңызды құрастыра аласыз.
Координаталар жазықтығын, алгебралық терезесін, алгебралық енгізу алаңын және бейнелеу терезесін көрініс мәзірі (вид) арқылы өзгерте аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |