І тарау. Жастармен әлеуметтік жұмысты зерттеудің теориялық-Әдістемелік негіздері 7



бет6/9
Дата03.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#174411
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚОРЫТЫНДЫ

Тоталитарлық жүйенің «қылышынан қан тамып» тұрған заманда жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу бір ғана мақсатқа бағындырылды. Олардың патриоттық тәрбиесі, мен рухын көтеру мәселелері тек жоғарыдан ұйымдастырылғаны белгілі. Бүгінгі таңда тәуелсіздік туын желбіретіп, өзіміздің ішкі және сыртқы саясатымызды қолға ала бастаған шағымызда аталмыш мәселе бойынша да дербес саясат қалыптастыру үстіндеміз. Әрине осы жылдар аралығында тәуелсіз мемлекетіміздің негізі нығайып, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп әлемдік қауымдастықта берік орын алдық. Алайда, жастардың рухани дамуы, тәуелсіз демократиялық мемлекеттің патриот азаматы болып қалыптасу үшін істелген шаралар жеткіліксіз екенін мойындағанымыз дұрыс.

Сондықтан демократиялық ашық қоғам құруға бет алған бүгінгі Қазақстан Республикасының алдында мемлекетіміздің болашағы жастармен әлеуметтік жұмыстар жүргізу, олардың патриоттық тәрбиесі маңызды орынға шығуы заңдылық. Әрине, патриоттық тәрбие нарықтық экономика жағдайында өте күределі мәселе болып табылады. Осы уақытқа дейінгі жастар саясатында орын алған кемшіліктер мен олқылықтар осыны айғақтаса керек.

Өткен жылдары жиналған тәжірибе көрсеткендей, отансүйгіштік, ұлтжандылық феномені, бірінші кезекте, саяси санада қалыптасады. Сонымен бірге, патриоттық сезімнің өмірдегі әлеуметтік құбылыстар, қоғамдық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері, тіпті, табиғи орта жағдайларында қалыптасатыны белгілі. Ал оны сақтап, жетілдіру қоғамдық санаға ықпал ету арқылы, яғни, саяси тәсілдер көмегімен іске асады.

Әрине, қазіргі Қазақстан қоғамы көп ұлтты, көп дінді, жалпылай айтқанда көп құрамды қоғам. Қазақстанда халықтардың ұлтаралық татулығымен бірлігін қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттілікті дамыту аясында ерекше маңызға ие. Мұның өзі ең алдымен, ұлтына қарамастан, республиканың барлық азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді шарттайды. Өмірдің шындығы көрсеткендей, біздің республикамызда қоғамдық өмірдің жаңаруы нәтижесінде ғылыми-техникалық төңкерістің екпінді ықпалы арқасында адамдардың сана-сезімімен ойлау машығында жалпы Қазақстандық мақтаныш қалыптасып, кең өріс алып, өз табиғатында жаңа мазмұн мен толық та, терең ұғым ретінде бой көрсетіп отыр. Жаңа жағдайда бел алушы осы мақтаныш сезімі Қазақстан Республикасының мекендеуші әр халықтың саяси сана-сезіміне терең бойлай бастады. Бұл мақтаныш сезім қайдағы бір сыртқы құбылыс әсерінен немесе нендей бір әрекет есебінен емес, республика халқының жанқиярлық еңбегі, демократиялық қоғам құру мақсатындағы іскерлігі арқылы өріс жайған мақтаныш сезімі.

Бұл сезім, өз кезегінде, біздің республикамызда жаңа азаматтық қатынастар құрылуына жол ашты. Бұл қатынастардың негізіне теңдік, өзара түсініктік және мемлекеттік рәміздерге сыйлы көзқарас сияқты принциптер кіреді. Біз басты міндет пен мақсаттарды қоғамдағы саяси тұрақтылыққа, құқықты демократиялық қоғам орнатуға және бейбітшілікке бағытталған сыртқы саяси қатынастар жасауға бағыттауымыз қажет.

Сонымен мәселені жан-жақты қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындыны алға тартамыз – яғни, «өткенсіз болашақ жоқ» деген аталы сөзді ескерсек, қазіргі жаһандану, әрі әлемдік тұрақсыздық жағдайында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, дербес, әрі демократиялық мемлекет ретінде ұлттық егемендігін дамытқысы келсе, жас буын санасында жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, өз елімізге тән дәстүрлерге негізделген патриоттық құндылықтарды шебер, әрі тиімді ұштастыру тиіс. Бұл бағытта анық басымдылық төл мәдениетіміз жағында болуы шарт. Себебі, төл мәдениетімізге тән емес бас-аяғы жоқ күмәнді батыстық құндылықтарға аса мән беру, еліміздің дәстүрлі арнадағы дамуын тоқтатып, «үшінші елдер» әлемінің белгісіз бір мемлекетіне айналдыру қаупі бар.

Сол сияқты жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде отандық ерекшеліктерге бейімдей отырып шетелдік озық технологияларды пайдаланудың еш артықтығы жоқ екендігін жадымызда ұстаған жөн. Жастарға арналған ақпарат орталығы, Кәмелетке толмағандарды және түрмеден босанып шыққандарды қайта әлеуметтендіру орталығы, Жасөспірімдер мен жастарға арналған консультациялық орталық және жастар ұйымдарына арналған ресурстық орталықтар секілді мекемелер қатарын көбейтіп, бюджеттен бөлінетін мақсатты қаражатты осындай нәтижелі істерге жұмсаған дұрыс.

Жастар саясатының басты басымдылықтарын іске асыру үшін келесі мақсаттар бөлініп көрсетілді:

● жастар потратизмінде жастардың қоғами және рухани дамуын қамтамасыз ету;

● жастардың еңбек, білім және денсаулығын сақтау саласында әлеуметтік құқықтарын қорғау;

● жастардың әлеуметтік–экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;

● жастардың рухани және материалдық дамуы үшін жағдайлар жасау;

● жастар қоғамдағы инициативаларын ынталандыру және қолдау;

● Қазақстан жастарын халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процесстеріне тарту.

Жалпы ойды қорытындылай келгенде қазіргі жастар саясаты мен ондағы патриоттық тәрбие мәселсін шешуде мынадай ой-түйін айтуға болады:

1. Әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешіріп отырған қоғам өміріне кірген жасөспірімді азамат ретінде қалыптастыру үшін, оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейту үшін не істеу керек? Мұндағы негізгі ой, қоғамды қылмыстан және т.б. келеңсіз құбылыстардан құқықтық тұрғыда қорғай отырып әлеуметтендіру мен тәрбиеге қол жеткізу.

2. Қоғамдағы жасөспірімнің өзін-өзі дамыту мен өсіп-өркендеуін қалай қамтамасыз ету керек? Бұл жерде Қазақстан қоғамы – жастардың өсіп-өркендеуінің басты өмірлік потенциалы екендігін ұмытпаған абзал.

Алдағы уақытта жоғары оқу орындарындағы жастар ісі жөніндегі комитеттерді белсендендіру мен координациялау мақсатында жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының республикалық кеңесі құрылады. Жастар ісі жөніндегі департамент – мемлекеттік жастар саясатымен айналысады. 2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы жобасымен жұмыс жасау, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы” Заңындағы нормативті-құқықтық актілері бойынша жастармен нақты тағы да басқа жұмыстар атқару аса маңызды мәселенің бірі болып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жастардың 5 проценті ата-анасы сатып әперген үйде тұрады. "Мәселенің түйіні жастарға тұрғын үй сатып алу немесе оны салып алуға несие беру тетіктерінің қалыптаспауында жатыр",- деді А.Хаматдинова.

"Жастар таңдауы" ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Қазіргі тұрғын үй бағасы мен жоғары несие ставкасы жастардың басым бөлігіне ипотекалық несие беру жүйесінің қызметін тұтынуға мүмкіндік бермей отыр. Осы орайда А.Хаматдинова жас отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 40 жылға дейінгі мерзімге 6-8 проценттік өсіммен несие беретін АҚШ-ты мысалға келтірді.

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Тоқабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, елімізде қазір ипотекалық несие 15 жылға 13 проценттік үстеме сыйақымен беріледі. Оның айтуынша, Қазақстан ипотекалық компаниясы несие мерзімін 20 жылға дейін ұзартуға, соның нәтижесінде несие ставкасын төмендетуге қадамдар жасауда. Демек, қазақстандық жастар үшін де ипотека қызметін тұтынатын мерзім жақын, деді Н.Тоқабаев. Ол сондай-ақ, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін арнайы бағдарлама жобасы жасалып, муниципалдық тұрғын үйлер салына бастайды дегенге сенім білдірді.

Сонымен, жастарды жұмыспен, тұрғын үймен қамту да шешімін күтіп тұрған мәселенің бірі.

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде олардың біліктілігін арттыру, кәсіптік училищелерде оқуын ұйымдастыру, жалпы шетелдерге жіберіп, сапалы білім алуына жағдай жасау өте маңызды міндет болып табылады. Бұл бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін де қажет стратегиялық маңызды мәселе. Сондықтан да жастар мәселесін, олардың әлеуметтік жағдайы мен білім алуы, жұмыспен қамтылуы Елбасы Н. Назарбаевтың назарынан ешуақыт тыс қалмай келеді.

Бұл ретте жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуде әртүрлі бағдарламалар қабылдаған және іс-шаралар жоспарын жасаған орынды. Онда мынадай негізгі бағыттар бойынша кезеңдік және үйлестіруші іс-әрекеттер көзделгені жөн:

1) Жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу үшін жағдайлар жасау.

2) Жастардың экономикалық дамуы, еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдайлар жасау.

3) Өңірлерде жастар саясатын іске асыру.

4) Білім және ғылым саласында жастардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.

5) Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.

6) Жас таланттарды дамыту мен қолдау.

7) Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

8) Жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдайлар жасау.

9) Халықаралық жастар ынтымақтастығын дамыту.

10) Қазақстандық жастардың азаматтылығы мен патриотизмін дамыту.

11) Мемлекеттік жастар саясатының нормативтік-құқықтық базасын дамыту.

Бағдалама республика жастарында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріне ұмтылуы және белсенді қатысуына, өз қабілетін іске асыруы және өзін-өзі дамыту үшін тиісті жағдайлар жасауға дағдыландыру арқылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталуы, ол оның нарық жағдайында ойдағыдай әлеуметтендірілуіне ықпал ететін болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет