* «Мерей-Әсем» ЖШС баланс есебінен
6 аналитикалық кестені құрастыра отырып, ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдаймыз.
Ең мобильді активтер, яғни ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда, 1 329447 млн. теңгеге немесе 58,03% азайған.
Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары 2005 жылы 1,34% азайды. Олардың үлесі 3,8 пунктке азайды. Бұл материалды айналым қаражаттарының құрамында басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар т.б. өте аз екенің көрсетеді.
2005 жылы 2004 жылға қарағанда дебиторлық борыш 28,97% өскен, ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 9,1 пунктке өскен. Кейбір қолма-қол ақшалардың кемуі едәуір дебиторлық борыштың салдары болып табылады. Өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы-материалдық құндылықтардың бар болуы, дебиторлық борыштың әсіресе, оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізеді. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Тәжірибеде көрсеткендей, дебиторлық борыштың мерзімі қаншалықты ұзақ болса, оны қайтарып алу ықтималдылығы соншалықты төмен болады.
2.2 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталын экономикалық талдау
Осы заман уақытына сай біздің ең бір маңызды проблемамыз – сапаны арттыру болғанымен, қоғамдық өндіріс тиімділігі негізінде оны интенсификациялау, жоспарлау және басқару. Бұл проблеманың орындалуына – кәсіпорынның алдыңдағы сұрағы, өндірісті жоспарлау және басқарудағы объектіге қойылған мақсаттарды нәтижелі, тиімді шешімді қамтамасыз етуге және оның маңызды ықпалын тигізетінің көрсетеді. Кәсіпорындардағы техникалық прогресс шарттарының бірі – бұл жаңа технологиялық құралдарды, технологиялық және өндірістегі ұйымдық әдістерді пайдалану негізінде өндірістің толассыз толық жетілдіруі келеді. Үйлесімді нақты өндірістік шарттарда, технологиялық шешімдер өнімнің жоғарғы сапасы, еңбек өнімділігі және өндірістегі шығындарды тиісті қамсыздандыру. Бұл бағыттардың барлығы осы дипломдық жобамда тойтарыс тапты.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.Сондықтан да «Мерей-Әсем» ЖШС-ң өндірістік шығындарын қарастырып көрейік.
1. Өндіріске кететін тікелей шығындарды есептеу.
1.1. Технологиялық мақсатқа жұмсалатын энергия:
Сэ.т. = Цэ.т. * Qэ.т.
мұнда, Цэ.т. – 1кВт электрэнергиясының құны
6 – электрэнергия шығынының нормасы
Qэ.т. – 1 жылдық технологиялық мақсаттағы электрэнергия шығыны
Цэ.т. = 0,650 теңге/кВт.сағ
Qэ.т. – 204000*6 = 1224000 кВт
Сэ.т. = 0,650*1224000 = 795,6 мың теңге
1.2. Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы:
Зопр = 1,3*1,4*Фдр*Рсп*γср
мұнда, 1,3 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне төленетін аудандық коэффициенті;
1,4 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне орнатылған инфляция коэффициенті;
Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1730 сағ.
Рс.п. - өндіріс жұмысшыларының тізімдік саны 120 адам
γс.р. - өндіріс жұмысшыларының 1 сағаттық орташа тарифтік ставкасы.
Зопр = 1,3*1,4*1730*120*277,7 = 104924 мың теңге
Жөндеу қызметкерлерінің еңбекақысы:
Зопр = 1,3*1,4*Фдр*Рсп*γср
мұнда, 1,3 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне төленетін аудандық коэффициенті;
1,4 – «Мерей-Әсем» ЖШС өз қызметкерлеріне орнатылған инфляция коэффициенті;
Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1730 сағ.
Рс.п. - өндіріс жұмысшыларының тізімдік саны 50 адам
γс.р. - өндіріс жұмысшыларының 1 сағаттық орташа тарифтік ставкасы.
Зопр = 1,3*1,4*1730*50*138 = 21725,3 мың теңге
Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы қорына бөлуі:
( 104924 + 21725,3) * 10% = 12664,9 мың теңге
Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыру қорына бөлуі:
( 104924 +21725,3 – 12664,9) * 21,0% = 23936,7 мың теңге
Барлығы еңбекақыға:
104924 + 21725,3 + 23936,7 + 12664,9 = 163250,9 мың теңге
2. Жабдықтардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығындар есебі.
2.1. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті отын мен энергия.
Қуат беретін электрэнергиясы:
Сэ.с. = Цэ.с. * Qс.
мұнда, Цэ.с. – қуат беретін электрэнергиясының 1кВт/сағ құны
Цэ.с. = 0,65 теңге/кВт.сағ
Qс. – қуат беретін электрэнергиясының 1 жылдық шығыны
Qс. = 12000 кВт.сағ
Сэ.с. = 0,65*24000 = 15,6 мың теңге
Кесте 7.
Тікелей шығындардың сметасы, (мың теңге)
№
|
Шығындардың атауы
|
Сомасы, мың тг.
|
Жиынның үлесі %
|
1
|
Шикізатқа кеткен шығындар
|
2184840
|
49,94
|
2
|
Технологиялық мақсаттардағы қосалқы материалдар
|
1860480
|
42,53
|
3
|
Технологиялық мақсаттардағы нормаланатын материалдар
|
32856,2
|
0,75
|
4
|
Отын
|
132600
|
3,03
|
5
|
Технологиялық мақсаттарға жұмсалатын энергия
|
795,6
|
0,02
|
6
|
Өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысы
|
104924
|
2,40
|
7
|
Жөндеу қызметкерлерінің еңбекақысы
|
21725,3
|
0,50
|
8
|
Әлеуметтік салық
|
23936,7
|
0,55
|
9
|
Зейнетақы қорына
|
12664,9
|
0,28
|
|
Барлығы:
|
4374822,7
|
100
|
* «Мерей-Әсем» ЖШС баланс есебінен
2.2. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті бу (пар).
Сп. = Цп. * Qп.
мұнда, Цп. – будың 1т құны: Цп. = 1037 теңге/Гкал
Qп. – 1 жылдық бу шығыны: Qп. = 2100 мың Гкал
Сп. = 1037*2100 = 2177700 мың теңге
2.3. Өндірістік мұқтаждыққа қажетті су.
Св. = Цв. * Qв.
мұнда, Цв. – 1м3 су құны: Цв. = 597теңге/мың м3
Qв. – 1 жылдық өндіріске қажетті су шығыны:
Qв.= 200 мың м3
Св. = 597*200 = 119,4 мың теңге
2.4. Қосалқы жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруға бөлуі.
Қосалқы жұмысшылардың негізгі еңбекақысы
Зопр = 1,3*1,4*Фдр*Рсп*γср
мұнда, Фд.р. – жұмысшылардың жұмыс уақыттарының нақты жылдық қоры, Фд.р. = 1720 сағ.
Рс.п. - қосалқы жұмысшыларының тізімдік саны
γс.р. - қосалқы жұмысшыларының орташа тарифтік ставкасы.
γс.р. = 125 теңге/сағ
Ряв * 100
Рс.п. = --------------
( 100 - Кнв)
мұнда, Ряв – қосалқы жұмысшылардың келгендер саны
Кнв – орынды себеппен жұмысқа шықпай қалуының жалпы жоспарлы пайыздық есебі; Кнв = 5 %
36*100
Рсп= ———– = 38 адам
(100-5)
Зов = 1,3*1,4 *1720 *38 *4,5 = 535,3 мың теңге
Негізгі және жөндеу қызметкерлердің еңбекақысынан зейнетақы қорына бөлуі:
535,3 *10% = 53,5 мың теңге
Қосалқы жұмысшылардың еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға бөлуі:
(535,3 - 53,5) * 21% = 101,2 мың теңге
Барлығы: 535,3 + 101,2 + 53,5 = 690,0 мың теңге
2.5. Жабдықтардың жұмыс істеуі.
Қосалқы материалдарға кеткен жалпы шығындардың 10% , осы бөлімнің шығындары құрайды:
1860480 * 10% = 186048 мың теңге
2.6. Өндірістік жабдықтар мен көлік құралдарының амортизациясы.
Өндірістік жабдықтардың амортизациясы.
Са.об. = Цоб (а.об./100)
мұнда, Цоб. = 25000 мың теңге.
аоб. – амортизация нормасы: аоб. = 11%.
Са.об. = 25000 * (11/100) = 2750 мың теңге.
Көлік құралдарының амортизациясы.
Са.тр. = Цтр (а.тр./100)
мұнда, Цтр. = 4700 теңге.
атр. – амортизация нормасы: атр. = 20%.
Са.тр. = 4700 * (20/100) = 940 мың теңге.
Барлығы: Са.об.тр. = 2750 + 940 = 3690 мың теңге.
2.7. Тез тозатын құралдарды қалыптастыру мен қалпына келтірудегі шығындар.
Есептен жылына бір қосалқы жұмысшыға 2400 теңге қабылданады.
Св.изн. = 36 * 2400 = 86,4 мың теңге.
2.8. Басқа да шығындар:
6 – 11 бөлімдердегі шығындардың тең 5% соммасы қабылданады
Спр.з. = 211187,9 * 5% = 10559,4 мың теңге
2.9. Шикізаттың артуымен қатар сатып алынған шикізатқа шығындардың көлемі де артады
Кәсіпорын бойынша шығындардың барлығы:
Зоб = Зпр + Зс
Зоб = 6804645,5 + 218484 = 7023 129,5 мың теңге
3. Пайда.
Пр = Тп - Зоб
Пр = 13542 720,8 – 7023 129,5 = 6519591,3 мың теңге
ІІІ Тарау Айналым құралдарын қалыптастыру саласындағы кәсіпорынның саясаты және жетілдіру жолдары
Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі таңдағы экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Айналым қаражаты кәсіпорынның жұмыс істеуіне өндіріс пен өнімді өткізу барысында әсер ететін басты құрал болып табылады. Өндіріс саласында өнім өндіру мен шикізат пен материалдарды сатып алуға, жұмысшыларға жалақы беруге және көптеген өндірістік шығындарға қажет ақшалай қаражат. Өнім шығаруға қажетті шикізаттар мен материалдарды сатып алу, жұмысшыларға төленетін еңбек шығындары және өндірілген дайын өнімді өткізуге кеткен шығындар үшін ақшалай қаражат керек. Осыған орай, айналым қаражаты дегеніміз, өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінің үздіксіздігін қадағалайды, ал айналыс қорлары кәсіпорынның пайдасын көбейту үшін өнімнің нарықтан орын табуына және өтуіне оң ықпалын тигізеді. Өндіріс процесінің үздіксіз қалыптасып жұмыс істеуіне әсер ететін айналым қаражаттарының экономикалық маңызын анықтайды.
Белгілі бір уақыт аралығында өнім өндіру үшін жұмсалған барлық айналым қаражаттары қолданылып, өнімге немесе тауарға айналады: бұл белгілі бір уақыт немесе белгілі бір цикл келесі жұмыстармен сипатталады:
-
жабдықтаушылардың қолма-қол және қолма-қолсыз ақшаға әкелген
шикізаттар мен материалдар;
-
алынған шикізаттар мен материалдарды өндірістік өңдеу жұмысшыларға
еңбек ақы төлеу;
-
өндіріс процесіндегі «аяқталмаған өндіріс» -тен «дайын өнім» деңгейіне
көшу;
- дайын өнімді өткізу мен олар үшін сатып алушыларға шоттарды ұсыну;
- сатып алушылардан қолма-қол ақшаның түсуі.
Кәсіпорындарға тәжірибеде айналым құралдарының ақшалай құрамына өндірістік-материалдық қорлардың құны; дебиторлық борыштар; алдағы кезеңдердің шығындары немесе алдын ала төленген шығындар (сақтандыру төлемдері); ақша қаражаттары.
Өндіріс процесінің маңызы өндірістік-материалдық құрал-жабдықтарды құру қажеттігі болып табылады. Яғни өнім өндіру процесі сағат сайын, күн сайын жүргізіледі. Оның тоқталуы тек демалыс күндері немесе өндірістік құралдарды жөндеуде болса ғана мүмкін. Қарап отырсақ өнім өндіру процесінде қажетті шикізаттар мен материалдар және т.б. қажетті кірістер үнемі уақытында кешікпей түсіп отыруы тиіс.
Өндірістік кәсіпорындардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауарлы-материалдық құндылықтардың 3 түрлі қорлары бар:
- өндірістік қорлар;
- аяқталмаған өндіріс;
- дайын өнімнің қорлары.
Аталғандардың барлығы өзінің мазмұны бойынша заттай және қаржылай бағаланады.
Өндірістік қор. Оған қайта өңдеуші кәсіпорындарда шикізаттар мен материалдарды, сатып алынатын жартылай дайын өнімдерді, оларды дайын өнімге айналдырушы еңбек шығындарын, өнімге қажетті қосымша құралдар немесе тауарды безендіруге қажетті құралдар жабдықтарды көруге техникалық аппараттарды химиялық тексеруден өткізу, отын мен жанар-жағармайды сақтауға, тасымалдауға арналған бұйымдарды жатқызамыз.
Пайдалану жағынан ыдыстарды екіге бөлеміз:
1. айналымға енетін.
2. 1 рет қолданылатын.
Осыған орай өндірістік қорларды өнімді өндіру процесінде қолданылатын өндірістің заттай факторы десек, екінші жағынан тауарлы материалдық құндылықтардың ақшалай көрінісі деп те айтамыз.
Өнімнің тез арада өндірілмейтіні бізге белгілі. Өндірістік қорлар дайын өнім қорлар формасына өтпес бұрын, шикізаттар мен материалдарды бірнеше өңдеу кезеңдерінің өткізеді. Әр кезеңінде өзінің аяқталмаған өндірісі бар. Өңдеу процесі жүргізіліп жатқан уақыт аралығын аяқталмаған өндіріс деп атайды. Бұл қорға тауарлы-материалдық құндылықтар мен кеткен еңбек шығындарын, өнім өндіруге кеткен электроэнергия мен су шығындарының құны жатады. Басқа да еңбек құралының құрамына кәсіпорынның аяқталмаған өндірісі, қазіргі жасалған барлық шығындардың жиынтығы, өнімнің өзіндік құнында есептелінеді.
Дайын өнім қорларына өндірісте біткен және сатуға дайын тауарлар, қоймада орналасқан дайын өнім қалдықтарының құны кіреді. Берілген жағдайда дайындауға кеткен барлық шығындар есептелінеді. Көп жағдайда өнімді қоймада біраз уақыт сақталынып, оны безендірсе, оған кеткен шығындар да есепке алынуы тиіс. Кәсіпорынның жұмыс істеуіне материалды-өндірістік қорлардың әртүрлі әсері болғандықтан осылай үшке бөлінген.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Басқаша айтсақ, пайда – бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез келген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек – қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Егер бұйым сатқанда тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не ?
Ал кәсіпорынның қорлануының мөлшері неге байланысты ? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Менің жоғарыда пайданы есептеуді көрсетілген кестем баланстық есептеуге жатады. Пайданы үлестіру объектісі де кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Сонымен, нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кесте 8.
«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2005 жылғы біріктірілген пайданың есебі,
(мың теңге)
№
|
Пайда
|
Жыл басынан
|
1.1
|
Негізгі қызметі
|
64 363 243
|
|
дайын өнімді сатудан түскен табыс
|
61 665 633
|
|
өткізудегі жұмыс пен қызмет
|
2 083 191
|
|
ТМҚ өз өндірісін сатудан түскен
|
614 419
|
1.2
|
Негізгі қызметтен тыс
|
3 663 501
|
|
ТМҚ сатудан түскен
|
1 926 684
|
|
қызметті қайта көрсетуден
|
437 182
|
|
жалға беру қызмет үшін
|
98 402
|
|
құнды қағаздарды сатудан түскен
|
-34 147
|
|
қаржылық инвестицияны сатудан түскен
|
0
|
|
НҚ, МЕА сатудан түскен
|
1 235 380
|
1.3
|
Сатудан тыс операциялар
|
2 922 660
|
|
алынған ескертулер мен тиымдар
|
5 445
|
|
алынған дивидендтер мен пайыздар
|
20 304
|
|
курстық айырмашылықтар
|
2 101 137
|
|
ақша құралдарының конвертациясы
|
342
|
|
тағы басқалары
|
795 432
|
|
Пайданың барлығы:
|
70 949 404
|
* «Мерей-Әсем» ЖШС-ң баланс есебінен
Кәсіпорынның сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады. Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
-
өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
-
өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;
-
өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.
Қаржы менеджері ағымдағы шығындарды қалыптастырудың әртүрлі варианттарын талдау негізінде өз кәсіпорынның нақтылы экономикалық жағдайына сәйкес келетін,оның төлемқабілеттілігін,рентабельділігі мен активтерінің өтімділігін қамтамасыз етеиін вариантты таңдап алады.
Достарыңызбен бөлісу: |