І-тарау. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі307 Kb.
#139611
  1   2   3   4




ЖОСПАР

КІРІСПЕ..........................................................................3

І-тарау. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы,

мәні және маңызы.............................................................10

    1. Мемлекеттік айыптауды қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы...........10

    2. Қылмыстық іс-жүргізушілік функциялар жүйесіндегі

мемлекеттік айыптаудың маңызы және орны..........................................13

    1. Мемлекеттік айыптаудың субьектілері....................................................18


ІІ-тарау. Қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауында

мемлекеттік айыптауды қолдау...................................28

    1. Бас сот талқылауы – қылмыстық іс жүргізудің шешуші сатысы..........28

    2. Прокурордың бас сот талқылауында істі қарауға дайындалуы.............29

    3. Прокурордың сот тергеуіне қатысуы........................................................34

    4. Мемлекеттік айыптауды қолдау. Прокурордың айыптау сөзі...............48

    5. Мемлекеттік айыптауды жетілдірудің құқықтық мәселелері................63


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................73



КІРІСПЕ.

Құқықтық мемлекет құруға бағыт алған Қазақстан Республика-сындағы құқықтық реформаны жүзеге асыру жағдайында мемлекеті-міздің ең басты әлеуметтік құндылықтарының – заңдылықты сақтауға ерекше мән беріледі. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан Республикасы халықтарына Жолдауындағы “бәрі де заң бойынша өмір сүретін шынайы құқықтық мемлекет құру”1 деп айтылған сөздері біздің мемлекетіміздің алдындағы бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып саналады. Заңдылықты сақтаудағы басты талаптар құқық қорғау органдарына, әсіресе сот пен прокуратура органдарына жүктеледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміз-де сот төрелігін жүргізудің негізін қалаушы қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары дамуы және жетілдірілуі жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекс-терін, Азaматтық және азаматтық іс жүргізу кодекстерін , “Сот билігі туралы заңдардың қолданылуының кейбір мәселелері туралы” 14.05.98ж. №:1, “Қылмыстық жаза тағайындаудағы соттардың заңдылықты сақтауы туралы” 30.04.99ж. №:1 Жоғарғы Сот Пленумының Қаулы-ларын қабылдауымен байланысты болды. Бұл нормативтік – құқықтық актілерді соттардың әлеуметтік әділеттілікті орнатуына, әділ сот төрелігін жүргізуді және қылмыстық заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық процестің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне бағыттайды.

Қылмыстық сот өндірісіндегі заңдылықтың дәлме-дәл нақты

______________________

1Н.Ә. Назарбаев. Еркін де еңселі, қауіпсіз қоғамға қадам басайық. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы// Заң газеті. 2000ж. 25 қазан.

сақталуының маңызды кепілі прокурордың қылмыстық сот өндірісіне қатысуы болып табылады. Бұл прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. ҚР Конституциясының 83-бабына сәйкес, прокуратура негізгі үш функцияны жүзеге асырады. Бірінші функция – Республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалау жүргізу. Екінші функция - Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге наразылық жасайды. Үшінші функция – сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді (мемлекеттік айыптаушы ретінде)2.

Сот төрелігін жүргізудегі прокурорлық қадағалаудың ролі мен маңызы Қазақстан Республикасы Президентінің“Прокуратура туралы” 1995 жыл 21 желтоқсанда қабылданған Заң күші бар Жарлығын қабылдаумен елеулі түрде өсті. Сот төрелігін жүргізуде прокурорлар –дың қатысуы, соттар мен қылмыстық істерді қарауда заңда бекітілген қылмыстық істердің толық , жан-жақты және обективті қаралуы талаптарының дәлме-дәл орындалуына, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуіне, заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігінің сақталуын қамтамасыз етуге, соттардың әрбір қылмыстық іс бойынша заңды, негізді және әділ үкім шығаруына қадағалау жасауға бағытталған. Қылмыстық құдалауды жүргізе отырып, прокурор сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды, мемлекет мүддесін білдіреді және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүргізу аясына қамтылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып табылады. Қылмыстық сот

______________________



2 Г.С. Сапаргалиев. Конституционное право Республики Казахстан. А, 2002. Стр. 450.

өндірісіне прокурордың қатысу сонымен қатар, сот реформасын жүргізудегі демократия және жариялылық қағидаларын одан ары жетілдіру бағыттарының талаптарының бірі болып табылады.

Қылмыстық істердің сотта қаралуына қатысуда прокурорлар өз өкілеттілігін ҚР Конституциясы, ҚР ҚІЖК-сі , ҚР Президентінің “Прокуратура туралы” Заң күші бар Жарлығы және ҚР Бас Проку-рорының Бұйрықтары шегінде жүзеге асырады. Прокурорлар сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сот Пленумының түсініктемелерін де басшылыққа алуы тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу заңы және прокуратура туралы Заң прокурорлардың сотта қылмыстық істерді қараудағы өкілеттіктерін және заң бұзушылықтарға шара көру тәсілдерін анықтайды. Қылмыстық істерді сотта қарауда прокурорлар өз өкілеттігі шегінде: 1) қылмыстық істерді сотта қарауға дайындауда судьяның шешімдерінің заңдылығын тексереді; 2) қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, сотта мемлекет мүддесін білдіреді және мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысады; 3) басты сот талқылауында туындаған сұрақтар бойынша қорытынды береді; 4) егер мемлекеттік және қоғамдық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы талап етсе, арыздар береді және оны сотта қорғайды; 5) заңсыз және негізсіз сот үкімдеріне, ұйғарымдары мен қаулыларына наразылық білдіреді; 6) қылмыстық істер бойынша аппеляциялық және қадағалау өндірісінде қорытынды береді; 7) соттардың үкімдерінің, ұйғарымдарының және қаулыларының орындалуының заңдылығын және уақтылығын тексереді және оған қадағалау жүргізеді; 8) заңда көрсетілген жағдайларда, сот үкімдерінің, қаулыларының және

ұйғарымдарының қайта қаралуына шаралар қолданылады.

Қылмыстық істерді сотта қарауда қатысатын прокурорлардың алдында жоғарыда аталғандардан басқа, мынадай міндеттер болады: материалдық және іс жүргізушілік нормалардың бұзылуын анықтау және жою, қылмыс жасаудың себептері мен негіздерін жою және қылмыстылықпен күресудегі күш – жігерді күшейту.3

Прокурорлардың қылмыстық істерді сотта қарауда қатысуында өздерінің алып отырған қызметіне қарамастан мемлекеттік айыптаушы ретіндегі заңмен бекітілген құқықтық мәртебені иеленеді және соттағы маңызды фигураға айналады.4

Прокурордың бұл қызметінің бағытының негізгі нормативтік құжаты Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. ҚР ҚІЖК-нің 317-бабының 1 бөліміне сәйкес, ( 2000 жылдан бастап ) прокурорлардың жеке айыптау істерін қоспағанда мемлекеттік айыптаушы ретінде бас сот талқылауына қатысуы міндетті.

Прокурор өзінің қылмыстық сот өндірісіне қатысуымен сотқа дәлелдемеулерді толық, жан-жақты және обьективті зерттеуге, тұлғаның кінәсін анықтауға, сотталушы жасаған қылмысқа дұрыс баға беруге, оған заңға негізделген әділ жаза тағайындауға және заңды үкім шығаруға көмектеседі. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін прокурорлар тек қана Конституцияда, Қылмыстық іс жүргізу заңында және басқа да заңдарда көрсетілген талаптарды ғана емес, ҚР Бас Прокурорының Бұйрықтарын да орындауы да басшылыққа алуы тиіс. ҚР Бас Прокурорының 2001 жыл 23 ақпандағы № 4 "Соттарда

_____________________



3В.И. Басков, Б.В. Коробейников. Курс прокурорского надзора. М, 2000 г.стр. 231.

4С.К. Журсимбаев. Прокурорский нажзор в Казахстане. А, 2004, стр. 217.

қылмыстық істерді қарауда заңдылыққа прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру" Бұйрығына сәйкес, қылмыстық істерді қарауда прокурорлық қадағалау қызметінің негізгі бағыттары ретінде мемлекеттік айыптауды объективтік және белсенді түрде қолдау арқылы соттардың заңдарды тиісті түрде қолдануын қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған байланысты, заңдылыққа жоғарғы қадағалау жүргізетін және сотта мемлекет мүддесін білдіретін орган бола отырып, прокурор өзінің өкілеттігін орындау кезінде ешкімге тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады. Сондықтан да сотта мемлекеттік айыптауды қолдау мәселелерін зерттеу өзіні өзектілігін ешқашанда жоғалтпайды. Керісінше, заңдылықтардағы, қылмыстылық жағдайы мен динамика-сындағы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік өміріндегі, құқық қорғау органдарындағы кадрлық және құрылымдық елеулі өзгерістер қылмыстық іс жүргізетін органдар жүйесіндегі прокуратураның ролі мен алатын орны, олардың қадағалау қызметін жүргізудегі функциясы , өкілеттігі мен әдістері, оның ішінде сотта мемлекеттік айыптауды қолдау бұрыннан қалыптасып қалған стереотиптерді жаңаша тұрғыдан қарастыруды қажет етеді.

Бітіру жұмысының мақсаты қылмыстық іс жүргізушілік функциялар жүйесіндегі прокурордың сотта мемлекеттік айыптауды қолдау функциясын зерттеу. Бұл мақсаттарды қарау үшін мына міндеттерді шешу қажет:

- қылмыстық іс жүргізушілік функциялары жүйесіндегі мемлекеттік айыптаудың ролі мен орнын және басқа қылмыстық іс жүргізушілік функцияларымен байланысын анықтау;

- прокурордың қылмыстық іс бойынша бас сот талқылауындағы іс жүргізушілік орнын зерттеу,

- бас сот талқылауында мемлекеттік айыптауды қолдаудағы прокурордың өкілеттіктерін анықтау,

- мемлекеттік айыптауды қолдауға және айыптау сөзіне қойылатын талаптарды ашу;

- мемлекеттік айыптаудың қазіргі уақыттағы тәжірибелерін талдау;

- мемлекеттік айыптаудың одан ары жетілдіру ұсыныстарын жасау және оны негіздеу.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеудің әдістемелік негізі объективтік шындықты танудағы жалпы теориялық таным болып табылады. Құқықтық ғылымның жалпығылыми және жекеғылыми әдістері қолданылды. Бітіру жұмысының теориялық негізіне ресейлік және қазақстандық ғалымдардың еңбектеріндегі (мемлекет және құқық теориясы, конституциялық және әкімшілік құқықтың, сот төрелігінің және прокурорлық қадағалау саласындағы заңгерлердің) негізгі ережелері кірді. Прокурорлық қадағалау функциясын айырудағы және мемлекеттік айыптау мәселелеріне В.Б. Алексеевтің, Б.Я.Бляхманның, Ю.И. Скуратовтың, В.М.Савицкий-дің, В.И Басковтың, М.И. Шифманның, Ж.А.Туякбаевтың, П. Сергена-ның және Е.А.Матвиенконың еңбектерінде елеулі мән берілді. Зерттелетін мәселеге Қазақстан Республикасының құқық – қорғау органдарының алдыңғы тәжірибелі қызметкерлерінің және прокуратура қызметкерлерінің – Ю.А. Хитриннің, М.С.Нарикбаевтың, К.Ш. Сулейменовтың, И.Ж. Бахтыбаевтың публикациялары жақсы
көмегін тигізді.

Зерттеудің заң шығарушылық-нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, "Прокуратура туралы" ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы, ҚР Бас Прокурорының бұйрықтары және басқа да ведомстволық актілер құрайды.



Бітіру жұмысының ғылыми жаңалылығы Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізу функцияларының ішіндегі мемлекеттік айыптауды қолдау мәселесін кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады. Жүргізілген зерттеу прокурордың қылмыстық сот өндірісіндегі ролі мен орнын анықтауға, мемлекеттік айыптау функциясынсыз қылмыстық сот өндірісі қозғалысының мүмкін еместігін көрсетуге және қылмыстық іс жүргізушілік функциялар жүйесіндегі алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы ҚР прокуратура қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге, сондай-ақ оның тиімділігі мен қасиетін арттыруға мүмкіндік беретін ұсыныстарды жасауда және негіздеуде жатыр. Зерттеу процесінде алынған теориялық жағдайларды " Мемлекет және құқық теориясы", "ҚР Құқық қорғау органдары", "Прокурорлық қадағалау" оқу курстарында оқуда қолдануға болады.



І-тарау. Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы,

мәні және маңызы.

1.1. Мемлекеттік айыптаудың қолдаудың ұғымы, мәні және маңызы.

Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетімізде сот төрелігін жүргізудің негіздерін қалайтын қағидаларды бекітті. Сот-құқықтық жүйесінің әлемдік тәжірибеге сәйкес одан ары қарай дамуы Қылмыстық Кодекстің және Қылмыстық Іс-жүргізу Кодексінің, Азаматтық Кодекс пен Азаматтық Іс-жүргізу Кодекстерін, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының қаулыларын және т.б. нормативтік – құқықтық актілерді қабылдаумен байланысты болды. Бұл нормативтік құқықтық актілерде соттардың қоғамда қоғамдық әділеттілікті орнатуына, әділ сот өндірісін қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс қолдану мақсатында әрбір қылмыстық істі қылмыстық іс-жүргізудің мақсаттары мен қағидаларына сәйкес шешуіне көңіл бөлінген.

Сот төрелігін жүргізуде заңдылықтың нақты қолданылуының маңызды кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес, прокуратура органдары сотта мемлекет мүддесін білдіреді. Соттағы прокурордың құзіретін айұындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің "Прокуратура туралы" Заң күші бар Жарлығының 30-бабына сәйкес, "Қылмыстық, азаматтық немесе өзгеде сот ісін жүргізу барысында сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ Республиканың қылмыстық іс-жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзгеде заңдарына сәйкес шағым және қадағалау тәртібімен өкілеттілігін жүзеге асырады " деп көрсетілген.

Сотта мемлекет мүддесін білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы және прокуратура органдары қызметінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Прокурор - өз құзіреті шегінде заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел – іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінің өкілі болуды, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам ("Прокуратура туралы"Заңның 48-бабы).

Қылмыстық істерді сотта қарауда прокурор заңда белгіленген мемлекеттік айыптаушы құқықтық жағдайын иеленді және сотта маңызды фигураға айналады. Прокурордың бұл қызмет бағытының негізі нормативтік құжаты Қылмыстық іс жүргізу Кодексі болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс-жүргізу Кодексінің 317-бабына сәйкес, (2000 жылдың қаңтар айынан бастап) прокурордың жеке айыптау істерін қоспағанда, мемлекеттік айыптаушы ретінде басты сот талқылауына қатысуы міндетті.

Теорияда, заңда және тәжірибеде "мемлекеттік айыптаушы" ұғымы басқаша түсіндірілуге жатпайтын нақты белгілі бір мағынаға ие. Яғни, мемлекеттік айыптаушы дегеніміз – бұл сотта сотталушының кінәлілігі туралы өзінің қортындысын қорғайтын прокурордың іс-әрекеттерінің жиынтығы болып табылады.5

Заңда "мемлекеттік айыптаушы" термині сотта мемлекеттік мүддесін

________________________

5 В.М. Савицкий. Государственные обвинение в судье. М, 1971 стр. 57.

білдіргенде, прокурорлық қызметті жүзеге асырғанда қолданылатыны тектен-тек емес. Алдын-ала тергеуде прокурордың әрекеттері туралы сөз болғанда, заң оны "мемлекеттік айыптаушы" ретінде санамайды. Алдын-ала тергеуде тараптар, жарыспалылық қағидасы және сот та болмайды, осыған сәйкес ешкімнің алдында мемлекеттік айыптауды қолдау қажет емес. Нақ осы жағдай, яғни - "мемлекеттік айыптауды қолдау" – бас сот талқылауында прокурор қызметінің мәнін нақты сипаттайды.

Сот отырысында айыптаушы ретінде прокурордан басқа, тұлғалар да айыптаушы ретінде (мемлекеттік айыптаушы ретінде емес) қатысуы мүмкін. Айыптау субъектілерінің өкілеттілік көлемін, олардың сот отырысындағы іс-жүргізушілік орнын анықтау айыптаушылық қызметтің түрлерін нақты ажыратуға мүмкіндік береді. Сот отырысындағы “мемлекеттік айыптаушы” ұғымы прокурор жүргізетін айыптауға тиесілі бола отырып, тек қана іс- жүргізушілік сипатқа ғана емес, сонымен қатар, оны сот отырысының басқа қатысушыларынан нақты ажырататын саяси сипатқа да ие. Мемле-кеттік айыптауды қолдау қылмыстылықпен күресудің тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Бұл сонымен қатар, қылмысты ескертуге байланысты прокуратура органдары қызметінің бір нысаны.6 Қылмыстық іс жүргізуде мемлекеттік айыптаушыға өте маңызды роль берілген. Оның мақсаты қылмысты ашу және жою, қылмыстық заң нормаларын бұзушыларды анықтау, кінәлілердің жазадан құтылмаушылығын қамтамасыз ету болып табылады. Айыптау қызметі арқылы (уәкілетті орган және тұлғалар арқылы) мемлекет қоғамдық және мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік және жеке

____________________________



6В.И. Басков. Прокурор в суде первой инстанций. М, 1968 стр. 80.

меншікке, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қылмыстық қол суғұшылықтан қорғайды. Мемлекеттік айыптау – бұл оның айналасын, сот отырысының барлық қатысушыларының күш жігерін біріктіретін өзек (стержень) болып табылады.

Прокурордың соттағы айыпытау қорытындысы сот зерттеуінің негізгі пәні болып табылады. Өйткені, айыптаудың дұрыстығын тексеру мақсатында сотқа сотталушы, куә-куәгерлер, жәбірленушілер, сарапшылар т.б. шақырылады, әртүрлі тергеу әрекеттері жүргізіледі және тараптардың пікірі тыңдалады. Сот үкім шығаруда алдымен, оның алдына айыптаумен қойылған сұраққа жауап беруі тиіс: қылмыс болды ма және сотталушы кінәлі ме? Бір сөзбен айтқанда, айыптаудың дұрыс және негізділігін тексеру болып табылады.

Мемлекеттік айыптау сот отырысының айырықша жағдайларында жүргізілетін қылмыстық іс-жүргізушілік функция болып табылады. Мемлекеттік айыптаудың бастаулары сотталушы анықталған тергеру органдарының қызметінде жатыр. Бірақ, ол сотта материалдық – құқықтық тұрғыдан (айыптау қорытындысының тезисі толықтай өзгермеген жағдайда өзінде ) басқа әдіс-тәсілдер арқылы өмірге келе бастайды. Сотта айыптау функциясын орындаудың сол әдістерінің жиынтығы бір ұғымын - "мемлекеттік айыптауды қолдау" ұғымымен айтылады.



1.2. Қылмыстық іс – жүргізушілік функциялар жүйесіндегі мемлекеттік айыптаулардың маңызы және орны.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс – жүргізуінің негізін қылмыстарды анықтауға және ашуға, кінәлілерді анықтап және оларға әділ жаза тағайындауға бағытталған заң бйынша уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі құрайды.

Қылмыстық іс – жүргізушілік қызмет анықтау және алдын - ала тергеу органдарының, прокуратура және соттың лауазымды тұлғаларының тиісті түрде ұйымдастырылған, қатаң тәртіпке келтірілген және белгілі бір мақсатқа бағытталған, сондай-ақ іке қатысуға тартылатын жеке азаматтардың әрекеттерінің жүйесі болып табылады. Қылмыстық іс-жүргізу қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінде айырмашылықтар болғандықтан, қылмыстық іс – жүргізушілік функциялар туралы білім шығарылған. Қылмыстық іс – жүргізушілік функция – бұл қылмыстық іс – жүргізушілік қызметтің жеке тарабын және белгілі бір бағытты білдіреді. Қылмыстық іс – жүргізушілік функция ұғымына ғалымдар әртүрлі анықтама берген. Мысалы: П.С. Элькиндтің ойынша, қылмыстық іс – жүргізушілік функция – бұл қылмыстық іс – жүргізушілік қызметтің түрі емес және оның бағытының өзі емес, ол қатысушылардың мұндай қызметтіңтиісті бағытындағы ролі мен бағытының көрінісі болып табылады. Ал, М.А. Чельцовтың ойынша, қылмыстық іс – жүргізушілік функция – бұл заң шығарушымен анықталатын тиісті органдардың немесе тұлғаның қызметінің бағыты болып табылады.

Қылмыстық іс – жүргізушілік қызмет бір-бірімен тығыз байланысты қылмыстық іс – жүргізудің үш негізгі функциясымен сипатталады: айыптау, қорғау және істі шешу. Бұл функциялар тергеу жүргізіліп және одан соң соттың қарауына жіберілетін барлық қылмыстық істерді болады. Алдын-ала тергеуде бұл функциялар бір тұлғаның – тергешінің қолында біріктіріледі. Ал, қылмыстық істі


сотта қарауда бұл функциялар анқ көрінеді және сот талқылауының қатысушыларының арасында бөлінеді.

Сотта айыптауды (мемлекеттік айыптауды) прокурор жүзеге асырады. Прокурордың қолдауымен жүргізілетін айыптау – айыптудың негізгі және маңызды белгісі болып табылады. Прокурор арқылы мемлекет қылмыстық іс - әрекетпен құқық нормаларын бұзған тұлғаларға қытысты құдалау жүргізеді, мемлекет прокурорға анықтау және алдын-ала тергеу органдарының қылмыстылықпен күресуде күшейтуді координациялауды жүктейді. Айыптауды қылмыстық іс – жүргізушілік функция ретінде әрқашан белгілі бір тұлғаға бағытталған және ол міндетті түрде құдалауды білдіреді.

Қылмыстық іс-жүргізуде айыптауға қарсы әрқашан қорғау функциясы болады. Бұл екі функция дауласып жатқан тараптардың дәлелдеріне обьективті түрде құқықтық баға беруге және қылмыстық істің дұрыс шешілуіне мүмкіндік береді.

Айыптау іс – жүргізушілік функция ретінде, қылмыстық іс – жүргізушілік қызметтің түрі ретінде айыптау пәнімен өте тығыз байланысты, яғни, қылмыстық жазаланатын әрекеттердің материалдық – құқықтық көрінісі. Айыптау материалдық – құқықтық тұрғыда қылмыстық жауапкершіліктің іс – жүргізушілік көрінісі болып табылады, дәлірек айтқанда, қылмыс құрамын білдіреді. Айыптау Қылмыстық кодекстің тиісті бабының диспозициясында көрсетілген қылмыстық барлық белгілерін, оның барлық элементтерін қамтиды. Айыптауды дәлелдеу функциясы және дәлелдеу пәні ретінде айыруға болады және айыру керек, бірақ оларды бір-бірінен бөліп тастауға болмайды. Алдын – ала құрылған айыптау қорытындысынсыз

айыптауды дәлелдеу қызметі пәні мен мақсаты жоқ айыптауға айналады. Басқа жағынан алғанда, айыптау материалдық – құқықтық тұрғыдан бос декларацияға айналады. Айыптау пәні мен айыптау қызметінің арасындағы тығыз байланысты мына формуладан көруге болады: айыптаушы айыптауға міндетті, ал айыптау айыптушымен дәлелденуі тиіс.

Айыптаудың материалдық – құқықтық және іс – жүргізушілік тұрғыдан байланысын анықтау, айыптау функциясының пайда болу уақытын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл функция іс жүргізуде алғаш рет тиісті түрде айыптау пәні (қылмыс жасады деп айыпталатын адамды, бұл қылмыстың жасалу жағдайлары және қылмыстық заң ) көрінгенде туындайды деп пайымдауға болады. Шындығында да солай болып келеді. Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 206 және 207 - бабтарына сәйкес, қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы делелді қаулы шығарады. Осы уақыттан бастап іс жүргізу белгілі бір тұлғаға – айыпталушыға қарсы жүргізіледі. Басқаша айытқанда, айыптаудың қылмыстық іс – жүргізушілік функциясы жүзеге аса бастайды. Мемлекеттік айыптау сот отырысының айрықша жағдайларында жүргізілетін қылмыстық іс – жүргізушілік функция болып табылады. Мемлекеттік айыптаудың бастаулары сотталушы анықталған тергеу органдарының қызметінде жатыр. Бірақ, ол сотта материалдық – құқықтық тұрғыдан (айыптау қорытындысының тезисі толықтай өзгермеген жағдайдың өзінде) басқа әдіс тәсілдер арқылы өмірге келе бастайды. Сотта айыптау функциясын орындаудың сол әдістердің жиынтығы бір ұғыммен –


мемлекеттік айыптауды қолдау” ұғымымен айтылады.

Осыған сәйкес, негізгі қылмыстық іс – жүргізушілік функциялар ішінде айыптау функциясы маңызды роль атқарады. Айыптаусыз қылмыстық іс жүргізу мақсатсыз, пәнсіз және мүмкін емес болар еді. Алайда, мұны қылмыстық іс – жүргізушілік функциялардың ішіндегі орталық, басты функция ретінде санауға болмайды. Жоғарыда көрсетілген үш функция да негізгі және айырылмас бірлікте болады. Олардың кез-келгені басқа екі функцияның барлығын анықтайды. Қорғау функциясынсыз айыптаудың болуы сот өндірісінің бір бағыттылығын – айыптау бағытын көрсетер еді. Айыптаусыз қорғаудың болуы логикалық тұрғыдан мүмкін емес, ал істің дұрыс шешілуі тек жарыспалы іс жүргізуде мүмкін болады.

Мемлекеттік айыптаудың қылмыстық іс – жүргізушілік функциялар жүйесіндегі орны туралы айтар болсақ, мен Кеңестік дәуірдің ғалым, заңгерлерінің М.С. Строговичтің, М.А. Чельцовтің, Н.Н. Полянскийлердің пікірлеріне қосылам. Олардың пайымдауынша, мемлекеттік айыптау басқа іс жүргізушілік функциялардың туындауына және дамуына алғашқы импульс береді, айыптау арқылы сот машинасының күрделі механизмі қозғалысқа түседі. Сондықтан да, мемлекеттік айыптауды “Қылмыстық іс жүргізудің қозғалыс күші”, “ іс жүргізудің дамуына мүмкіндік беретін пружина” , “қылмыстық іс жүргізудің двигателі” деп атаған.7

Алайда, даусыз болып көрінген бұл пікірлерге кейбір ғалымдар қарсы шыққан. Р.Д. Рахуновтың ойынша, қылмыстық іс жүргізудің қозғалыс және даму факторы айыптау емес, “ақиқатты орнатуға

___________________

7 В.М. Савицкий. Государственное обвинение в суде. М, 1971 стр. 62.

ұмтылыс “ деп көрсетті. Ал, ақиқатқа жету – іс жүргізудің мақсаты болып табылады. Бірақ барлық мақсат белгілі бір қызмет арқылы жүзеге асырылады, яғни айыптау қылмыстық іс – жүргізушілік функциясы арқылы. Ал, "ұмытылыс" бұл "мақсат және мүдде", "ниет" ұғымдарының синонімі, яғни белгілі бір лауазымды тұлғаның санасында болатын субьективті категория және де ол іс жүргізуідің қозғалыс күші бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет