І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні Қосылған құн салығының қызмет ету негізі Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі ІІ тарау



бет1/4
Дата16.06.2016
өлшемі317 Kb.
#138624
  1   2   3   4


Мазмұны

Кіріспе
І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі



    1. Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні

    2. Қосылған құн салығының қызмет ету негізі

    3. Дамыған елдердегі жанама салық салу жүйесі


ІІ тарау. ҚҚС төлеу тәртібі мен есептеу әдісі

    1. ҚР бюджетіне ҚҚС түсімдерінің жағдайына талдау

    2. ҚҚС құрылу ерекшелігі мен есептеу тәртібі

    3. ҚҚС шаруашылық субъетілерінің экономикалық әрекетіне әсері


ІІІ тарау. Қазіргі жағдайда ҚҚС қызмет ету механизмін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Салық салу механизмі кез келген экономикалық жүйедегі күрделі мәселенің бірі. Салық салу мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады және оның тиімді жүргізілуі әлеуметтік-экономикалық саясаттың табыстылығына байланысты болады.

Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді жабуға жұмсалатын және шығарылған заң негізінде мемлекет арқылы алынатын ерексіз немесе міндетті алымдарды салықтар деп атайды. Заңмен бекітілген салықтар, алымдар, кеден баждары мен басқа да төлемдердің жиынтығы нақты критерийлер, белгілер және ерекше құрамдары бойынша жіктеледі.

Салықтардың тікелей және жанама деп бөлінуі тауарлар мен қызметтер тұтынушыға салық ауыртпалығын аудару дәрежесін бағалау үшін қолданылады. Салықтардың тікелей және жанама бөлінуі жөнінде қазіргі кездегі көзқарас көп ғасырлар дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Ал біздің елеміздің тәуелсіздікті жариялағаннан бері республикамыздың салық жүйесінің қызмет етуінің он жылдан аса уақыт тәжірибесі бар.

Мемлекетке салық жүйесі елдің экономикалық және әлеуметтік жағынан маңызды мәселелерді шешу мақсатында, сонымен қатар өндірістің даму қарқыны мен пропорциясын реттеуді қадағалау үшін де қажет.

Дегенмен елдің экономикасындағы нарықтық өзгерістер және әлемдік нарықтағы қазіргі кездегі жағдай мемлекеттің қалыптасқан салық жүйесін әлі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі таңда Қазақастанда Салық кодексі өңделіп жасалды, ол салық салу негізін және салықты жинау процесі барысында пайда болатын құқықытық қатынастарды анықтайды.

Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында салық саясатының негізгі бағыты — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы жаңа қатынастарды тиімді айқындайтын салық түрлерін анықтау болып отыр. Қандай да бір дәрежеде осындай салықтарға жанама салықтарды немесе тұтыну салықтарын жатқызуға болады.

Мемлекеттің даму қарқынына және әртүрлі макроэкономикалық көрсеткіштердің даму деңгейіне байланысты мемлекеттік кірісте салықтардың үлес салмағы өзгеріп отыруы мүмкін. Атап айтқанда, тікелей салықтар экономикасы қалыптасқан және тұрақты мемлекеттерде үстем болады. Бірақ, іс жүзінде барлық мемлекеттерді фискалды саясатты іске асыруда негізгі рөлді жанама салықтар атқарады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі — жанама салықтар, тікелей салықтарға қарағанда, кәсіпорын салығы болып табылмайтындығында. Олар тұтынушыға салынатын салықтар. Ал кәсіпорындар тек оларды жинаушы болып табылады. Жанама салықтардың барлық ауыртпалығы толығымен соңғы тұтынушыға, яғни тұрғындарға түседі.

Содан да, оларды қолдануда әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар бөлігі зиян шекпеуі үшін салық салу механизмі нақты қалыптасуы қажет.

Жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы және бірқатар экономикасы дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесін қарастыра отырып, тәжірибелік негіздерін зерттеу. Сонымен қатар, қосылған құн салығының төлеу және есептеу ерекшеліктерін айқындау.

Диплом жұмысының төмендегідей міндеттері бар:


  • жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын ашу;

  • мемелекеттік бюджет табысындағы олардың үлес салмағын талдау;

  • жанама салықтардың алу механизмін қарастыру;

  • дамыған елдердегі жанама салықтар жүйесіне қысқаша талдау.

Кеңестік кезеңде біздің елімізде жанама салықтар түрлерінен айналымға және сатуға салынатын салық әрекет етті, ал нарықтық қатынас жағдайында олар қосылған құн салығы мен акцизбен ауыстырылды.

Оның себебі, айналымға және сатуға салынатын салықтар өнімді өткізудің соңғы кезеңінде ғана бюджетке алынды, бұл салықтарды өндіріп алу механизмінің әрекетін баяулатты.

ҚҚС-ты өндіріп алу өндіріс және айналымның әрбір кезеңінде жүзеге асырылады. ҚҚС сомасы сату және сатып алу кезінде өндіріліп алынатын салықтар айырмасына тең. Осылайша, бұл салықтар тауарларды сатумен байланысты кез келген өнімге салынады және де қосылған құн салығын төлеуші болып (заңда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа) барлық кәсіпорныдар мен тұлғалар табылады.

Көптеген мәліметтерде ежелгі уақыттан бері акциз салығы қолданылады. Акциздер мемлекет анықтаған тауарларға салынады. Негізінен бұл тауарлар екінші ретті мәні бар заттар.

Дипломдық жұмысты жазудың әдістемелік негізі болып Қазақстан Республикасының Салық кодексі және басқа ресми құжаттар болып табылады. Қазіргі күні салық салудың теориясы мен іс-тәжірибесін дамытуда ТМД елдерінде Пушкарева В.М., Черник Д.Г., Юткина Т.Ф. т.б. Ал Қазақстанда осы тақырыпқа қатысты Ержанов М.С., Зейнелгабдин А.Б., Идрисова Э.К., Кулукова Н.К., Карагусова Г.Н., Мельников В.Д., Нурумов А.А, Оспанов М.Т. еңбектері белгілі.


І тарау. Салық жүйесіндегі жанама салықтардың мәні мен ролі


    1. Жанама салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні

“Салықтар” — бұл белгіленген мерзімде және анықталған мөлшерде алынатын, заңмен бекітілген міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні бұл азаматтардан және шаруашылық субъектілерден ұлттық табыстың белгілі бір үлесін өндіріп алу бойынша өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылуда.

Салықтар мемлекттің кірісін қалыптастырған қаржылық қатынастардың бір бөлігі әрі табиғатты қорғау, құқық қорғау және мемлекттің тағы басқа да қызметтерін атқару үшін қажет және қоғамның дамуы үшін қажет экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі болып табылады. Міне сондықтан да, салықтар мемлекетке өз қызметтерін атқару үшін аса қажет және салықтарды жою мемлекетті жоюмен тең десе де болады.

Салық — бұл қаржы ғылымның негізгі түсініктердің бірі. Салықтың мәнін олардың атқаратын қызметтерінің көмегімен ашуға болады. Ал қызметтері, өз кезегінде, салық қасиетінің әдісі ретінде сипатталады. Бұл қандай қасиеттер, олардың қандай түрлері бар екеніне тоқталып өтейік.

Ең біріншісі аса маңызды салықтың бір қызметі — оның қазыналық (фискалды) қызметі. Осы қызметтің көмегімен салықтың негізгі қоғамдық бағыты — мемлекетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету іске асады.


Кесте 1. ҚР-ғы 1998-2003 жж мемлекеттік бюджеттің жалпы крірісндегі салықтар үлесі(мың теңге)




1998

1999

2000

2001

2002




Жалпы кіріс, соның ішінде: салықтар

286664,0

190400,0


333247,9

222273,4


800990,0

544673,2


981241,2

631344,0


1028461,6

750777,0


Жалпы кірістегі салықтар үлесі %

66

67

68

64

73




Кестеден көрініп тұрғандай, Қазақстан бюджетіндегі кірісінде салықтардың мәні зор. Сондықтан да салықтардың қазыналық қызметі экономикалық мәнінен шығады, ол мемлекетті қаржымен қамсыздандыру.

Мемлекеттік бюджеттің кірістерін салықтарды тұрақты және орталықтандыру негізінде қалыптастыру мемлекттің өзін ірі экономикалық субъектіге айналдырады.

Салықтың келесі қызметі бұл бақылау қызметі. Бақылау қызметінің көмегімен салық механизмінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қозғалысына қадағалау қамтамасыз етіледі, салық жүйесі мен бюджеттік саясатқа өзгерістер қажеттілігін анықтайды. Салықтың бақылау қызметінің іске асырылуы, оның толықтығы мен тереңдігі белгілі-бір деңгейде салық тәртібіне байланысты.

Салықтардың келесі қызметі — реттеуші қызметі өндірістің дамуына әсер етеді және оның мәні тұтыну мен жинақталу арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ету, яғни халықтың ағымдағы табыстарының бір бөлігін алып қою арқылы олардың кейбір тауарларды тұтынуына шек қою және оны өндірісті дамытуға бағыттау. Міне осы салықтың басты қызметтеріне сипаттама берілді, әрі қарай салықтардың біздің мемлекетімізде ену алғышарттарына тоқталып кетеміз.

ХХ ғасырда төлем қабілеттілігінің критерийлері қабылданып және осы кезеңге дейін өз мәнін жоғалтқан жоқ. Тікелей салық мүлікке салынса, жанама салықтар — іс-әрекетке, тұтынуға салынған. Тікелей салықтар орта салық қабілеттілігіне салынған, яғни оның жанама салықтардан айырмашылығы жанама салықты жеке төлемдер, жеке актілер алынатын төлем десек, тікелей жалпы орта салық қабілеттілігіне есептелініп салынады. Егер мемлекет белгілі бір тұлғаға талап қойып және оның төлем қабілеттілігін есептеп шығару негізінде салық салса, бұл тікелей салық түрі болады, ал егер салық салықтөлеушінің тікелей өзінің іс-әрекеті арқылы белгіленіп төленсе бұл жанама салық түрі болып есептеледі.

Осының нәтижесінде жанама салыққа тек қана ҚҚС, акциз, кедендік төлемдер ғана жатпай, сонымен қатар бонустар да жатады, өйткені бұл төлем түрі жеке субъектілер өздерінің іс-әрекеті арқылы төленеді.

Жанама салықтар тұтынуға салынатын салыққа жатады, ал бонустар бір реттік ірі төлемдер болып табылады. ҚҚС, акциздер және құнды қағаздарға салынатын салытар жалпы тұтынушыларға, бүкіл республика тұтынушыларына салынды.

Бұрыңғы Кеңес Одағы кезінде ұзақ уақыт бойы, содан кейінгі Одақ құлдыраған кезеңде де экономикалық кеңістікте айналымға салынатын салық болған. Бұл 30-шы жылдары енгізілген салық бюджетке тұрақты түрде кіріс келіп түсуін қамтамасыз етіп және ірі салық түрі болып есептелген.

1930 жылдардағы салық реформасы бюджетке қаржының толық әрі үздіксіз түсуі үшін жағдай жасаған, мұнда кәсіпорындардан салық алу екі түрлі әдіспен іске асқан: тауар бағасында көрініс алатын айналым салығының қатаң белгіленген салық мөлшерлемесі жолымен және кәсіпорындардың табысынан аударымдар түрінде. Төлемдердің бұндай жүйесі бюджеттің және шаруашылық есептің мүдделерін толық қамтамасыз еткен. Бұл жүйенің орталық маңызды мәселесі айналым салығының төлемдерін унификациялау еді. Акцизді қолдану мүмкін емес болған, өйткені бұл жағдайда белгісіз сандағы мөлшерлемелерді белгілеп және тауарлардың күрделі есебін жүргізу қажеттілігі туар еді.

Қазақстан өте күрделі қиын жағдайға қалып еді, өйткені құрылымды қайта құру экономикалық тұрғыдан ұзақ мерзімді және қосымша қаржы ресурстарын талап етеді, ал бұл іс-жүзінде ол кезде республикамызда жоқ еді.

Кеңес Одағының бар кезінде біздің республика салық салу мәселелері бойынша өз заңдылық актілері болған жоқ, жалпы салық саясаты Мәскеуде елден тыс қалыптасып отырған. Мұндай жағдай жас тәуелсіз Қазақстанға қолайсыз болады, бұдан өзгеде еліміздің нарық экономикасында өту қажетті салық жүйесін қалыптастыруды талап еткен. Осы жағдайлар салық заңдылығы бойынша заң пакеттерін өңдеу қажеттілігін және 1991 жылдың аяғында оны қабылдауды айқындады, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негізі салынған еді. Заң пакеттеріне он төрт заң ендірілді және олар бұрыңғы ССРО-ның салық салу тәртібінен онша айырмасы жоқ еді. Бұл пакеттегі негізін құраушы “Қазақстан Республикасының салық жүйесі туралы” Заңы болды, бұл заңға сәйкес 16 жалпы мемлекеттік, 10 жалпы міндетті жергілікті және 17 жергілікті салықтар мен төлемдер қарастырылған.

Салықтардың жалпы мемлекеттік, жергілікті жалпы міндеттемелік, жергілікті деп бөлінуі жергілікті бюджетке төлемдердің кепілдік болған, ал бұл жергілікті биліктің қаржыны өздігінен бөлінуіне ыңғай жасаған.

Айта кетерлік бір жай, кейбір маңызды жалпы мемлекеттік салықтар, яғни ҚҚС, табыс салығы, акциздер республикалық бюджетке түсіп отырған, ал кейбірі, яғни азаматтардың табыс салығы, заңды тұлғалардың мүлік салығы, мемлекеттік баж т.б. жергілікті бюджетке түсіп отырған.

Сатуға салынған салық республикамызға 1991 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді (% мөлшерінде белгіленген) өндірістік-техникалық бағыттары өнімдерді өткізуден, халық тұтыну тауарларын өткізуден 5% мөлшерінде болды. Бұл салықты қолдану айналым салығының көшірмесі сияқты болды, яғни салықты қолдану белгілі-бір қиындықтарға әкеп соқты. Өнімді сатуға салынатын салық объектісі болып тауарды соңғы тұтынушыға өткізуге табылады. Осы соңғы тұтынуға салынатын салық болғандықтан ол тауар, қызмет өндіруге инвестиция салуға мүмкіндік береді, жанар май ресурстарына экономикалық қолданылуына қолайлы жағдай тудырады. Дегенмен де жалпы экономика шеңберінде оның да өзіндік регрессивті сипаттары бар.

Өнімді сатуға және тұтынуға салынатын салықтың кемшілігі оны қолдау аймағының шектеулігінде, сондықтан да ол барлық тұтынушыларға біркелкі бірдей салынбайды, кейбір салық төлеушілер, әсіресе басқа елдерге экспорттаушы саласында салықты төлемей отырушылар бар.

Осы күндері ұсақ саудагерлер қосымша құн салығын төлеуден бас тартып, қашып отыр. Өйткені, ҚҚС төлеуге есепке кіру үшін, әуелі потенциалды салық төлеушінің айналымы заңмен белгіленген сомадан асып түскенін дәлелдеуі керек. Ал бұл топтағы мүшелер патент бойынша жұмыс істегендіктен құжаттар айналымын жүргізбейді немесе тіпті рұқсатсыз жұмыс істеп отырады.

Бұрыңғы Кеңес Одағы елдерінің жаңа нарықты экономикаға көшуі маңызды мәселелерді шешудің жаңа жолдарын талап етті. Қалыптасқан қаржы жағдайындағы күрделі мәселелерді шешудің біздің республикамыздағы қабылданған бір шешімі — бұл айналым және сату салығын қосымша құн салығымен алмастыру болды, өйткені, ол нарық конъюнктурасының өзгерістеріне қолайлы болды. Қазақстанда ҚҚС енгізу объективті қажеттіліктен туындады. Сонымен қатар, мемлекеттің қазыналық мүддесін қорғайтын жанама салық салу жүйесін қалыптастыруды білдірген. Бұл салықты оңтайлы қолдана білген жағдайда бағаны қалыптастыру процессіне позитивті әсер етуге және тұтыну құрлымына әсер етуге болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, салық төлеушілерге табысқа тікелей салықты өсірудің орнына олардың шығыстарына салықты өсіру қолайлы болып отырған.

ҚҚС салық жүйесіне енгізуде мемлекет өз алдына келесі мақсаттарды қойған:


  • Бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық салыну базасын кеңейту;

  • Салықтан түсетін түсімдерді инфляциялық құнсызданудан сақтау;

  • Тұрақсыз экономика жағдайында бюджеттің тұрақты кіріс көзін қалыптастыру;

  • Төлем қабілетінен артық сұранысты төмендету арқылы келесі екі мәселені шешу: тауар тапшылығын жою және инфляцияның қарқынды өсуін төмендету.

Алғашқы мақсат ҚҚС іс жүзінде бүкіл тауарлар мен қызметтерді қамтитындықтан және нарықтық экономиканың шарттарына жауап беретіндіктен іске асқан. Екінші мақсатқа жету ҚҚС бағаның ырықтануына сәйкес келеді, баға өскен сайын, толық түсімдері де өсе түседі, салық мөлшерлемесі тұрақты болып қана береді. Үшіншіден, мемлекетке заңды және жеке тұлғалардың табысының есебінен жүргізілгендіктен, тауарлар мен қызметтер есебін жүргізу жеңіл. Ал төртінші себеп, ҚҚС енгізілген кезеңде кеңестік ақша — рубль жалпы эквивалент қызметін тоқтатқан, оның натуралды айырбасы (бартер) жүре бастады. Қазақстан республикасында 28% мөлшерімен ҚҚС енгізу бір жағынан бағаның өсуіне, ал екінші жағынан бағадан сатып алу қабілеттілігінің қалып қоюына әкелді. Соның нәтижесінде көптеген кәсіпорындар, соның ішінде ауылшаруашылық өндірістері өзін өзі қаржылардыру процесін және жәй ғана қайта өндіру процесін қамтамасыз ету қабілеті болмады. Бұл мемлекеттік бюджеттен қаржының көп бөлігін қажет етті, соның салдарынан оның тапшылығы өсті.

Жанама салықтардың, соның ішінде ҚҚС-тің, экономикалық мәнін ашудан бұрын олардың әртүрлі әдебиеттердегі қарастырылған анықтамаларын қарастырайық.

Салықтардың орысша-қазақша терминологиялық сөздігі бойынша “Жанама салықтар — бұл тауарлардан, операциялардан және көрсетпе тамашалардан алынатын салықтар. Жанама салықтар мемлекеттік кірістердің ең ежелгі көзі болып табылады”. Мысалы ретінде ҚҚС атаймыз.

Өз анықтамасын Карагусова Г.Н. былай дейді: “Жанама салықтар — бұл бір тұлғаның салық ауыртпалығын сатып алушы тұлғаға өткізетін салық түрі”.

Ең толық анықтама Қазақстан республикасының “Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер” туралы Заңда берілген, мұнда “Жанама салықтар — бұл тауарларға және көрсетілетін қызметтерге, олардың бағасына үстеме ретінде қосылатын салықтарды жатқызамыз, олар салық төлеушінің кірісі мен мүлкіне тікелей байланыссыз болады”.

Жанама салықтардың қолайлы жақтары да сөзсіз, оларға төмендегілерді жатқызуға болады:



  1. Жанама салықтарды дұрыс пайдалана білсе, мемлекетке үлкен қаржы түсімдерін түсіреді. Мысалы, ҚҚС қазіргі күні бюджеттік түсімдердің ең негізгі көзі болып отыр.

  2. Жанама салықтар салық төлеушілерге көп салмақ салмайды, өйткені олар оны бөліп кіші бөліктермен төлеп отырады.

  3. Жанама салықты төлеу, олар күнделікті тұрмысқа аса қажетті зат болмаса, тек төлеушіде ақша болған кезде ғана төленеді. Ал тікелей салықтар салық төлеушінің жағдайына қаратпай белгілі бір мерзімде төленуін талап етеді.

  4. Жанама салықтар мемлекетке салық төлеушілердің одан іс тәжірибеде бас тарта алмайтындығымен пайдалы.

  5. Жанама салықтарды жинау да тікелей салықтарды жинаумен салыстырғанда жеңіл, өйткені салықтардың көп бөлігі көтеріп жүруші болады, ал оны, әдетте, өндіруші немесе сатып алушы ғана төлейді.

Міне, жанама салықтардың осындай позитивті жақтары оны кеңінен қолдануға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде негативті нәтижелерді беруі де әбден мүмкін, сондықтан да жанама салықтар мен тікелей салықтар арасында тепе-теңдікті қамтамасыз ететін ұтымды шешім қабылдануы керек.

Атап айтқанда, жанама салықтармен тек тұрмысқа екінші ретте қажетті заттар ғана салынуы тиіс, өйткені жанама салықтар тауарлардың бағасының өсуіне әкеледі, ал мемлекет халықты кедейліктен, аштықтан, ауырудан сақтауы үшін бірінші реттік тұрмысқа қажетті өнімдердің бағасын төмен деңгейде ұстап тұруы тиіс. Сондықтан да бұл тауарларға салық салынбауы керек.




    1. -Қосылған құн салығының қызмет ету негізі

Күрелі салық түрлерінің бірі болып өзімен бірге тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді өндіру мен айналыс процесіне қосылған, өткізу нәтижесінде салынатын айналым құнының бөлігі ретінде бюджетке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды импорттау кезіндегі аударылатын қосылған құн салығы табылады.

Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге есептелген қосылған құн салығы мен сатып алған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төленуі тиіс. Қосылған құн салығы сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Қосылған құн салығы қалыпты қызмет етуі үшін салық төлеушілерді салық салу объектісін, салық салынатын айналым мөлшерін, ставкаларды, қосылған құн салықтық еспке алу мен төлем мерзімдерін саралау керек.

Қосылған құн салығының объектісі болып салық салынатын айлым мен салық салынатын импорт табылады. Тауарларға қолданылатын салық салынатын айналым тауарды сату, тиеу, экспорттау; тауарларды қайтарымсыз беруі; жарғылық капиталға жарнаны; жұмыс берушінің жұмыскерге тауарды еңбек ақы есебінен бергенін; төлемдерді кейінге қалдыру шартында тауарларды жөнелтуді комиссиялық келісім шарттары бойынша тауарларды жөнелтуді; кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілдік мүлігін беруді; бір құрылымдық бөлімшенің екіншісіне тауарды жөнелтуін білдіреді.

Жұмыстар мен қызметтерді өткізу бойынша салық салынатын айналымға мүлікті уақытша иелікке және мүлікті жалға келісім шарты бойынша қолдануға ұсыну, интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық беру, жалдамалы жұмысшыларға еңбекақы есебінен жұмыс берушінің қызмет көрсетуі, бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстарды орныдау, қызметтерді көрсету жатқызылады.

Өткізу бойынша айналымға жатпайтындар: жарнамалық мақсатта тауарды беру не сыйға тарту; дайын өнімді жасау және жинау, жөндеу үшін тапсырыс берушінің мердігерге қосылқы тауарларды жөнелту; қайтарылатын тарыны жөнелту, тауарды қайтару; көрме және басқа мәдени-спорттық шараларды өткізу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тауарларды шығару.

Тауарларға қатысты өткізу термині кепілді ұстаушының меншігіне кепілдікке берілетін тауарларды сатуды, қайтарымсыз беруді немесе беруді білдіреді.

Салық салынатын импорт болып қосылған құн салығын төлеуден босатылғандарды қоспағанда импортталған тауарлар табылады.

Қосылған құн салығын төлеушілер болып осы салық салынатын тауарларды өндіретін және өткізілетін заңды тұлғалар мен жекелеген кәсіпкерлер табылады.

Егерде тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды өткізу бойынша айналым мөлшер төменгі шектен (минимум) артса, онда төлеуші қосылған құн салығы бойынша есепке тұруға міндетті. Есепке тұрмаған жағдайда салық органдары тұлғаның сұрауынсыз қосылған құн салығы бойынша есепке алуға құқылы. Өз кезегінде өткізу бойынша айналымның төменгі шегі кезеңнің соңғы айында белгіленген 10000 еселенген айлық есеп көрсеткіші шамасын құрайды (10000‡919=9190000тенге).

Егер төлеушіде соңғы он екі ай мерземінде салық салынатын айналым мөлшері төменгі шектен аспағанда және салық салынатын айналым мен қызметін тоқтатса, онда кезеңнен кейінгі, мезгілдің бірінші күнінде салық бойынша есептен шығарылады.

Салық салынатын айналым мөлшері тураптар қолданатын баға мен тариф мәмілесін қолдана отырып, одан қосылған құн салықты алып тастамай, өткізілетін тауарлар, қызметтер мен жұмыстар құны негізінде анықталынады.

Тауарлар қайтарымсыз негізінде берілгенде, салық салынатын айналым мөлшері баланстық құннан төмен емес өткізу бойынша айналым аяқталған күнде қалыптасқан баға деңгейімен анықталынады.

Кепіл берушінің кепілдік мүлікті беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері кепілдік беруші ісі кепілге берілген мүлікке қосымша құн салығын қоспағанда алынған қарыздық қаражаттың сомасымен анықталынады.

Төлемді кейінге қалдыру шарттарында тауарды өткізу кезіндегі салық салынатын айналым келісім-шартта қарастырылған алынатын барлық төлемдер ескеріле отырып, анықталынады.

Үш тұлға үшін алдын-ала жасаумен байланысты қызмет көрсету кезінде салық салынатын айналым мөлшеріне комиссиондық сыйақы қосылады.

Салық салынатын айналым мөлшеріне акцизделетін тауарлар мен қызметтер түрлері бойынша акциздер сомасы қосылады.

Қосымша құн салығы бойынша есепке алу қарастырылмаған тауарларды өткізу кезінде оларды сатып алуда салық салынатын айналым мөлшері тауарды өткізу құны мен баланстық құны арасындағы оң айырма ретінде анықталады.

Салық салынатын импорт мөлшерін анықтау кезінде тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ Қазақстан республикасында импортталу кезінде төленуге жататын жинақтар, баждар, салықтар сомасы қосылады.

Жаңа заңда резиденттен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді алған жағдайда, қазақстандық қайнар көзден алынған табыс алатын резидент еместерден салық алу туралы ереже сақталған.



Салық Кодексіне сәйкес, қосылған құн салығынан төмендегідей тауарларды, жұмыстар мен қызметтерлі өткізу бойынша айналым босатылады:

  • пошта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

  • акциздік алымдар маркалары (акцизделетін тауарларды таңбалауға арналған есептік-бақылау);

  • өкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекет баж алатын қызметтерді;

  • адвокаттық қызметті, нотариалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі өткізетін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер;

  • мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;

  • Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беру, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізгі құралдарды беруді;

  • жарғылық капиталға жарналарды;

  • жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;

  • жерлеу бюроларынан, әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулердің, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;

  • оларды өткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымдар;

  • банк карточкаларымен жасалынатын операциялар бойынша есеп-кисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмет көрестулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;

  • жерге және тұрғын үй қорындағы ғимараттарға өткізумен байланысты айналымдар;

  • қаржылық қызметер, оларға жататындар: банк операциялары, бағалы қағаздармен операциялар, төлемдік карточкаларымен, чектермен, депозиттік сертификаттармен операциялар;

  • сақтандыру және қайта сақтндыру операциялары;

  • зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет көрстеулер, жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтері;

  • қаржылық лизингтегі мүлікті беру;

  • коммерциялық емес үйымдардың көрстетін қызметтер мен жұмыстар;

  • геологиялық барлау және геологиялық іздеу жұмыстары;

  • білім беру, ғылым және мәдениет аяларындағы қызмет көрсетулер мен жұмыстар;

  • медициналық және мал дәрігерлік аядағы тауарлар мен қызметтер;

  • кәсіпорынның немесе кәсіпорынның дербес әрекет ететін бөлігін қосылған құн салығы бір төлеуші екінші салық төлеушіге өткізгенде.

Салық заңдылығына сәйкес импорттың кейбір түрлері қосылған құн салығынан босатылады, оларға жататындар:

  • шетелдік валютаның, ұлттық валютаның, сонымен қатар бағалы қағаздардың импорты;

  • Қазақстан Республикасының Өкіметі белгілеген тәртіппен ізгілік көмек ретінде әкелінген тауарлар импорты;

  • мемлекет, мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық үйымдар желілері бойынша қайрымдылық мақсатында әкелінетін тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету;

  • шет елдің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдердің ресми пайдалану үшін, сондай-ақ солармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің, дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес тауалар импорты;

  • дәрі-дәрмектік заттардың, оның ішінде субстанция — дәрігер, протездік-ортопедиялық бүйыдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (мал дәрігерлік) техниканы қоса алғанда медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (мал дәрігелік) техниканы қоса алғанда, дәрі-дәрмек және диабет заттарын өндіруге арналған материалдар мен жинақтаушы заттар, медициналық (мал дәрігерлік) мақсаттағы бұйымдар импорты;

  • пошта маркаларының импорты;

  • ақша белгілерінің өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты;

  • төлем карточкаларымен қызмет көрстеуге арналған құрал-жабдықтар импорты;

  • мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдарыдың желісі бойынша берілетін гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты.

Қара және түсті металл сынықтарын экспортын қоспағанда, экспорттық тауралар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Бұл Қазақстан республикасы аумағында аталған нарықтардың дамуы үшін, отандық тауар өндірушілер пайдасы үшін, біздің елден бағалы металлдары шығаруды қиындату үшін жасалған.

Нөлдік ставка бойынша салық салу қосылған құнға есептелетін салық мөлшерінің нөлге теңдігін білдіреді.

Қазақстан республикасының кедендік аумағынан тауалар шығарылса, онда ол экспорт деп есептелінеді. Экспортты растайтын құжат болып экспортталатын тауарларды қою келісім-шарты, жүктерге берілетін кедендік декларация, тауарға ілеспе құжаттарының көшірмесі табылады.

Нөлдік ставкамен халықаралық тасымалдаумен байланысты жұмыстар мен қызметтерге де салық салынады, оларға жататындар:



  • Қазақстан республикасынынң аумағынан экспортталатын тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар Қазақстан республикасының аумағы бойынша тразит арқылы жіберілетін тауарлар;

  • поштаны, жолаушыларды, жүкті тасымалдауға байланысты жұмыстар, қызмтер көрстеулер;

  • халықаралық реестерге техникалық, коммерциялық, аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету.

Салықты алу механизмі кезінде нақты түскен тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша төлеуге жататын қосылған құн салығы есепке алудың негізделуі маңызды болып табылады.

Қосылған құн салығы төмендегідей шарттар орындалса есепке алынады:



  • тауарларды, жұмыстар мен қызмттерді алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;

  • өнім беруші өткізілген тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің шот-фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура «Қосылған құн салығы жоқң деген белгімен жазылса.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет