I техника – технологиялық БӨлім 1 Мұнай кәсіпшілік жабдықтанының классификациясы



бет4/6
Дата11.11.2022
өлшемі75.77 Kb.
#464573
1   2   3   4   5   6
ТЖ (копия)

Пассивті қорғау - құбыр бетін оқшаулайтын жабдықтармен оқшаулау, оқшаулау жабдықтары ретінде битумды жабындар және полиэтиленнен жасалған жабындар немесе поливинилхлоридті таспалар колданылады. Битумды жабындар,металы жарқылдағанша тазартылған құрғақ құбыр бетіне қабат – қабатымен жағады , кейін құбырды гидрооқшаулағышпен жабады.
Уақыт өтуімен битумды жабындар өзінің қорғаныс қасиетін жоғалтады.Полимерлі жабындар битумды жабындармен салыстырғанда келесі артықшылықтарға ие:олар технологиялық және эконды жағудың еңбек сыйымдылығы 2-4 есе материя сыйымдылығы 8-10 есе аз, битудығыға қарағанда; химиялық тұрақтылыққа сәйкес келуімен беріктілік қасиеті жоғары болады. 
Полимерлі жабындар жабысқақ таспа түрінде қолданылады,олар арнайы машиналармен грунтталған және алдын ала тазартылған құбырларға жатады.Грунтқа терең батырылған металл резервуарды бөлектеу жер асты құбырлары үшін қолданылатын принціпі бойынша және сондай материялды қолданумен жүзеге асады.Құм негізінде құрылытын металл резервуарлар түбі сырт жағынан битумды жабындармен бөлектендіреді және гидрофобты қабатқа қояды.
Құбылар барлық коррозияға қарсы жабындарына келесі талаптар қойылады: су өткізбейтінді,металмен байланысқан жерінің беріктігі,электр тоғынан жақсы қозғалуы,жеткілікті беріктілігі,бағанасының арзандығы. 
Коррозиядан сыртқы қорғау құбырды пайдаланудың барлық периодында тиімді қалуы мүмкін емес, сондықтан бiрнеше уақыттан (5-8 жыл), ал адасқан тоқ болған жағдайда 2-3 жылдан кұбырдың катодты немесе проекторлы (активті) қорғанысын құру керек. 
Катодты қорғау - құбыр бетiнде теріс таңбалы потенциалды жасау осының арқасында кұбырда коррозиялық желінумен бірге жүретiн электр тоғының шығуының алды алынады. Осы мақсатта құбырға тұрақты тоқ көзінен теріс таңбасы, ал арнайы жүргiзiлген металды жерге қосылған - анодка оң таңбасы қосылады. Апод. топырақ құбырдың закымдалған бөлгiшi арқылы тоқ өткенде және тоқ көзінің терiс қосқышына арнайы дренаж арқылы алғанда құбырлар анодқа айналып коррозияга ұшырамайды, ал өзі де соған арналған анод бұзылады. 
Катодты қорғау стадиясы тұрақты тоқ көзінен немесе айнымалы тоқты тұрақты тоққа айналдарғыштан, жалғастырылған желілер және бақылаушы және реттеуші аспаптардан тұрады. Анодты жерге қосу ретінде графиттелген және теміркремнийлі электродтар қолданылады.
Құбыр мен анод арақашықтығы 100 - 200 м болып қабылданады. Бiр катодты қорғау станциясы 10 - 15 м-ге созылған құбырларга қызмет көрсетеді. 
Протекторлы қорғау айнымалы тоқ көзі болмағандықтан катодты қорғау қолданбағанда құбырды және резервуарды қорғау үшін қолданылады. Бұл да катод принціпіне негізделген, тек бір ерекшелігі қорғауға қажетті бір тоқ катодты станцияда емес, қорғалатын объектіден кіші электр потенциалды болып протектордың өзінде жасалады. Протектер ретінде алюминий, рафинделген мырыш және магний қолданылады. Протекторды жерге кұбырмен топырақ арасында потенциалдар айырмасы пайда болған жағдайда протектоор бұзушы анодқа айналып кетеді, нәтижесінде құбыр коррозиядан қорғалады.
Протекторлы корғаудың артықшылығы: катодты қорғау станциясын құрудың керек еместігі, үлгісінің қарапайымдылығы, пайдалану шығынының жоқтығы. Соған байланысты үлкен қаржылай енгізуге болады. 
Құбырды ішкі коррозиядан корғау үшін әртүрлі лактарды,эпоксидті шайырларды және ингибиторларды қолданады. Қазіргі уақытта коррозиялық ортамен және металл арасында тосқауыл жасауға қабілетті, коррозия ингибиторларын қолданудын болашағы үлкен екені даусыз. Олардын күкіртсутекті және комірқышқылды коррозияла кезінде, сондай-ақ мұнай кәсіпшілік қондырғыларының ішкі коррозиялық бұзылуларының басқа да түрлерінде колдану, техникалық және экономикалық тұрғыдан ақтайды.Пайдаланудың нақты жағдайлары үшін ингибиторларды дұрыс таңдай білу қажет, бұдан оның, үнемділігі және тиімділігі айтарлықтай шамада тәуелді болатынына көңіл аудару кажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет