177
№2 кесте
Тыныс алу
Дауыссыз тыныс шығару
Ауыздың суреті
Артикулемалардың суреттері:
1) дауысты дыбыстар:
а,ә,э,о,ө,ы,ү,ұ,у,й,я,е,е,ю;
2)
қатаң
дауыссыз
дыбыстар:
ф,с,ш,щ,х
Жұмыстың дайындық кезеңінде фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар
мынадай
кезектілікпен
қалыптастырылады:
ф,с,ш,щ,х.
Дауыссыз
дыбыстарды қалыптастыру: ф-дыбысынан басталады. Себебі, артикуляциясы
өте қолжетерлік. Бұл артикуляциялық қалыпты бала көре алады, логопед
тексере алады.Бұл
дыбыстың ұзақ айтылуы, әдейілеп созу мүмкіндігі
баланың назарын ауыз арқылы тыныс шығаруға аударып, қадағалауға
мүмкіндік береді. Үзілмелі дыбыстар тобы бұл жағынан күрделі болып келеді
(бұл дыбыстар қысқа); сондықтан олармен жұмыс кейінірек жүргізіледі.
Дайындық кезеңіндегі логопедиялық сабақтардағы материалдардың мөлшері
Әр сабақта балаға ұсынылатын жаттығулар саны әр түрлі болады. Сондай-ақ,
алғашқы сабақта ауыз арқылы тыныс шығаруға жаттықтырумен шектелуге
болады,
кейде
дауысты
дыбыстардың
бірнеше
артикулемаларын
қалыптастыруға көшуге болады. Ересек балаларға көбірек жаттығулар беруге
болады, бірақ бір сабақта жаттығулардың барлық түрлерін жасатып асықпау
керек. Жоғарыда көрсетілген артикулемалармен жұмыс кезектілігін міндетті
түрде сақтану керек. Басында анық,
толық
жасалмай жатқан
артикулемаларды тиянақты түрде жасатуға тоқталмаған жөн. Сөйлеу
ағымында әрбір дыбыс алдындағы немесе келесі дыбысқа байланысты өзінің
артикуляциясын
өзгертеді,
сондықтан
жұмыс
жасалып
отырған
артикулемалар сөйлеу тілін жаттықтырғанда анық сипатқа ие болады.
Әрбір сабақ бұрын өткенді міндетті түрде қайталаудан басталады.
Алғашқы сабақтарда әр типті жаттығуларды көп мәрте қайталау қажет;
кейінгі сабақтарда үстіртін қайталаумен шектелуге болады.
Сабақтар хаттамаларының көшірмелері бойынша дауысты және қатаң
дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру бойынша жүргізілетін
жұмысты
қарастырайық.. №1кесте бойынша баламен бірге дем алып, дем шығарудың
барлық түрлерін үйренген соң, ауыз арқылы тыныс шығару дағдысын
бекітуге, бір уақытта дауысты дыбыстардың артикулемаларын жасауға
кірісеміз. Логопедиялық сабақтардың барасын бақылап көрейік:
Логопед: «Сен ауызбен дем шығаруды және
тілдің ұшын астыңғы тістер
түбіне тіреуді жақсы меңгердің. Енді, біз дем шығару кезінде ауызды «әр
түрлі» ашып үйренеміз. Аузыңмен дем алып кең ашылған ауызбен дем
шығар, тіл жалпақ, астыңғы тістерге жақын жатыр. Тіл ешбір қимылсыз
«ұйықтап» жатыр. (ауыз арқылы дем шығаруды мақта арқылы тексереміз.
Дем шығару кезінде еріндердің және тілдің мұндай қалпында дем шығару –
178
а- дыбысы сыбырлаған тәрізді шығады. Егер артикулема анықсыз болса, оны
түзетіп, қайталаумен бекіту қажет).
- Жақсы. Ал, енді мен саған ауыз арқылы тағы қалай дем алуға
болатынын көрсетемін (
э- дыбысының артикуляциясын көрсетеді
)»
Бала дыбысты артикуляциялағанда
тілдің дұрыс қалпына назары
аударылады. Кейіннен бала ауызбен дем шығаруы керек (тіл мен еріндердің
берілген қалпын сақтай отырып). Тапсырма тура орындалмаған жағдайда,
логопед артикуляцияны түзетеді; ал, егер 2-3 реттен кейін артикуляция
қалыптаспай жасатса, келесіге көшіп, ол жұмысты (жасалмай жатқан
артикуляцияны) кейінгі сабақтарға тастап қою қажет. Дауысты:
о,ы,у,ү,ұ
дыбыстарының артикуляциясымен дем
шығаруда дәл осындай жоспар
бойынша жаттықтырылады. Дауысты
а,э,о,ы,у дыбыстарының қалпын жасау
арқылы –
и- дыбысын айтқызып үйретуге мүмкіндік туады.
Ойын ретінде балаға жымиып дем шығаруды ұсынуға болады.
Логопед: «Кел, жымиып дем шығарайық!»
Достарыңызбен бөлісу: