I теоретические основы логопедии


Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет103/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   224
24344 (1)

Өз-өзін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1) Тұтықпаны түзету жұмыс жүйесі қандай қағидаларға негізделген? 
2) Жеке сабақтардың құрылымын атаңыздар. 
3) Арнайы техникалық құралдарды атаңыздар. 
4) Дидактиканың бір қағидасын түзету жұмысында сақталуына мысал 
келтіріп, дәлелдеңіздер. 
Мектепке дейінгі тұтықпа балалармен жүргізілетін логопедиялық
сабақтардың әдістемесі. 
 
Мектепке дейінгі балалардың тұтықпасын түзетудің кешенді
жүйесінің алғашқыларының біріне Н. А. Власованың, Е. Ф. Раудың (1933, 
1959, 1983) әдістемелері жатады. Ол әдістемелер осы күнге шейін
өзектілігін жоғалтқан жоқ. Авторлар алғаш рет кешенді әдістің
қағидаларын негіздейді: 
1. Түзету жұмысына дейін толық медициналық – психологиялық – 
педагогикалық тексеру; 
2. Түзету жұмысы тек сөйлеу дағдысын дамытуға ғана емес, 
тұтығушының тұлғасын қалыптастыруға бағыттау; 
3. Логопедиялық жұмыстың алдында сөйлеу ережесін сақтау. 
4. Жатық сөйлеу дағдыларын өз бетімен сөйлеу деңгейін біртіндеп
күрделену арқылы жүргізу. 
Авторлардың пікірінше, тұтықпаны түзету жұмыстары топпен, ұжымда
жүргізілу керек. 
Н. А. Власова мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін сабақтарда
сөйлеудің жеті түрін біртіндеп қолданады: 

Ілесіп сөйлеу 

Қайталап сөйлеу 

Таныс сурет бойынша сұраққа жауап беру 

Өз бетімен суретті сипаттау 

Естіген әңгімені айтып беру; 

Өздігінен сөйлеу ( таныс емес сурет бойынша әңгімелеу) 

Қалыпты сөйлеу ( әңгімелеу т.б) 
Бұл кешенді жүйеде зейінін, жадын, ойлау операцияларын дамытуға
ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар жалпы және ұсақ моториканы, 
дыбыс айтуын түзетуге, сөз қорын толықтыруға сөйлеудің
грамматикалық жағын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері
жүргізіледі. 
Е. Ф. Рау тұтықпа балалармен жүргізілетін сабақтарды күрделену
деңгейі бойынша үш деңгейге бөледі. 


225 
Бірінші кезеңде ілеспелі және қайталап сөйлеу жаттығулары, 
жаттаған фраза мен тақпақтарды мәнерлеп айту қарастырылады. 
Екінші кезеңде сұрау бойынша суретті сипаттауға сериялы сурет
бойынша өз бетімен әңгіңіме құраға, логопед оқыған ертегі әңгімелерді
айтып беруге жаттығады. 
Үшінші қорытындылау кезеңінде балаларға жатық сөйлеу
дағдыларын айналасындағы балалар және ересектермен, ойын, сабақ, 
әңгіме т.б жағдайларда бекітуге мүмкіндік жасалады. 
В. И. Селиверстовтың (1968,`1994) кешенді әдістемесі тұтықпаны
амбулаторлық және стационарлық емдеу ммекемелері жағдайында
түзетуге бағытталған. 
Логопедиялық сабақтар тұтығушының сөйлеу мүмкіншіліктеріне
байланысты құрастырылады. Сөйлеу жаттығулары өзіндік сөйлеу тілінің
деңгейіне, оның дайындығына, құрылымдық күрделігіне қатты, ақырын
сөйлеуіне, сөйлеу жағдайына сәйкес ұсынылады, яғни тұтықпаның
байқалуына әсер ететін факторлар ескеріледі. 
Амбулаторлық сабақтар 3 – 4 айға есептелген үш кезектен тұрады
(32 – 36 сабақ ). 
1. Дайындық кезеңінде 7 – 8 сабақ өткізеді. Сауықтыру шаралары
және қорғау күн тәртібін сақтау мен қатар бұл кезеңде
моторикасын дамыту, сөз қорын молайту жұмыстары жүргізіледі. 
Логопедиялық сабақтарда тек тұтықпа бермейтін сөйлеу түрлері
ғана қолданады. 
2. Жаттықтыру кезеңі. (20 – 22 сабақ) Моторикамен қатар
психикалық фунллллллкцияларына (зейінін, жадын т.б) дамытуға
мақсатты жұмыс жүргізеді. Бұл кезеңде сөйлеудің қиын түрлері
әр түрлі жағдайда жаттықтырылады және сабақ барысында
қалыптасқан дағдыларды бекітуге ата – аналар белсенді қатысады. 
3. Қорытындылау кезеңінде (6 – 9 сабақ) тұтықпа баланың тұлғасына
кешенді психологиялық – педагогикалық ықпал ету жалғасады. 
Баланың жатық еркін сөйлеу дағдылары күнделікті іс – әрекетінде
бекітіледі. Бұл кезеңде әртүрлі жұмыс түрлері ( әңгімелеу, рольды
ойындар, концертке қатысу т.б) кеңінен қолданады. 
4. В. И. Селиверстовтың ұсынған түзету әдістемесінде жұмыстың
барлық кезеңін де ата – аналармен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. 
Балалардың тұтықпасын түзету – педагогикалық жұмысының бір
бағыты Р. Е. Левинаның психологиялық мектебімен байланысты. Сол
мектепте тәрбие алған көп ғалымдар ( А. В. Ястребова, Н. А. Чевелева, С. 
А. Миронова, О. С. Бот, Л. Ф. Спирова) мектепке дейінгі және мектеп
жасындағы баланың тұтықпасын түзету мәселелерімен шұғылданған. 
Н. А. Чевелева мектепке дейінгі балалардың тұтықпасын қол еңбек
сабақтарында түзету әдістемесін ұсынған. Автор, баланың байланыстырып
сөйлеуінің дамуы ситуациялық сөйлеуден басталып (іс – әрекетпен,
көрнекілікпен байланысты), контекстік сөйлеуге (жалпылама, өткен
уақиғаларға байланысты, көрнекіліксіз, болатын уақиғамен байланысты)


226 
өтеді деген психологиялық концепцияға сүйенеді. Сондықтан, сөйлеу
жаттығулары біртіндеп сөйлеудің көрнекілікке сүйенген жеңіл түрінен, 
контекстің сөйлеуге ауысуы қарастырылған. 
Тұтықпаны түзетудің бұл жүйесі бес кезеңнен тұрады. 
1. Пропедевтикалық кезеңнің мақсаты: 

Ұйымдасқан тәртіпке дағдыландыру. Сөйлеуді шектеу тәртібі
сақталады. 
2. Қоса сөйлеу логопедиялық сабақтағы іс – әрекетін өздігінен қоса
айту. Баланың сөйлеуі біртіндеп күрделенеді ( бір сөзбен, екі сөзбен, 
толық жауап беру т.б). 
3. Қорытындылап сөйлеу немесе көргенін елестету ізімен сөйлеу; Бұл
кезеңнің барлық сабақтарында қоса сөйлеу, қорытындылап сөйлеу
(істелген іс – әрекетіне қатысты) түрлері қолданады. Көрнекілікті
біртіндеп азайту арқылы контекстік сөйлеуге ауысуға мүмкіншілік
жасалады. 
4. Алдын ала сөйлеу кезеңінде бұрын қолданған сөйлеу түрлерімен
қоса, баланың орындайтын жұмысын алдын ала жоспарлау
біліктілігін дамытады. Бала істейтін жұмысын жоспарлап, іс – 
әрекетін айтып түсіндіреді. Сөйлеуі күрделене түседі: бірнеше
сөйлемді айту, күрделі сөйлемдерді қолдану өз бетімен әңгіме
құрастыру, сөздерді дұрыс қолданып, кезектілікті сақтап өз ойын 
дұрыс жеткізу. 
5. Өз бетімен сөйлеу дағдысын бекіту кезеңінде балалар істеген
заттарының қалай орындалғанын әңгімелейді, сұрақ қояды, сұраққа
жауап береді, талдайды. 
С. А. Миронова (1975,1979) балабақшаның орта, ересек, дайындық
топтарға арналған бағдарламасын өту барысында тұтықпаны түзету
ұсынады. Бағдарламаның барлық бөлімдері (айналамен таныстыру, тіл
дамыту, сурет жапсыру, құрастыру, қарапайым математикалық түсінігін
қалыптастыру) бойынша жүргізілген жұмыс түрлерін тұтығушының
сөйлеуін қайта тәрбиелеу мақсатында қолданады. Сондықтан, автор
логопедтің алдына екі міндет қояды: бағдарламалық және түзетушілік. 
Жұмыс төрт тоқсанға бөлініп жүргізіледі. 
Бірінші тоқсанның міндеттеріне сөз қорын молайту, сөздің
мағынасын анықтау, енжар сөз қорын белсендіру жатады. Логопедтің, 
тәрбиешінің сабақтарында ситуативтік сөйлеу қолданады. Логопедтің
сөйлеуіне ерекше талап қойылады: сұрақ нақты, қысқа, түсінікті, әңгімені
көрнекілікке сүйеніп жүргізу және асықпай сөйлеу керек. 
Екінші тоқсанда тұтықпа балаларды қарапайым және жайылма
сөйлемдерді қарастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Ситуативтік
сөйлеу дағдыларын бекітіп, контекстік сөйлеудің қарапайым түрлерін
меңгереді. 
Үшінші тоқсанның міндеттері жалпы балабақшаның
міндеттеріндегідей болады. Тұтығушылар көрнекілікке сүйеніп, логопедтің


227 
сұрағы бойынша әңгіме құрастыруға, мәтіннің мазмұнын айтуға, 
өзбетімен әңгімелеуге үйренеді. 
Төртінші тоқсанның міндеттері әр деңгейдегі өз бетімен сөйлеу
дағдыларын бекітуге бағытталған. 
Сонымен қатар, бұрынғы кезеңдердегі сөз қорын молайту, сөйлеу
тілінің грамматикалық жағын жетілдіру жұмыстары жалғасады. 
2–4 жастағы тұтықпа балалармен логопедиялық жұмыс
ерекшеліктері Л. М. Крапивинаның (1992) жұмысында қорытындылады. 
Түзету жұмысының негізгі міндеттеріне: жалпы, ұсақ, артикуляциялық
моторикасын, фонациялық тыныс алуын, сөз қорын анықтау және
молайту, грамматикалық жағын, диалогтік сөйлеуін дамыту жатады.
Түзету педагогикалық жұмыс тұтықпаның клиникалық түріне
байланысты жүргізіледі. 
Г. А. Волкова тұтықпаны ойындарды (дидактикалық, қимыл, 
драматизациалық т.б) қолдану арқылы түзету жүйесін ұсынады. 
2 – 7 жастағы тұтықпа балалармен жүргізілетін кешенді жұмыс
жүйесі мынадай бөлімдерден тұрады: ойнау іс – әрекетінің әдістемесі
(ойындар жүйесі); 
Логоритмикалық сабақтар; 
Тәрбиелік сабақтар; 
Баланың шағын әлеуметтік ортасына ықпал ету. 
Жұмыс келесі кезеңдерден тұрады: тексеру, баланың сөйлеуін
шектеу, қосарланып қайталап сөйлеу, сұрақ – жауап, әртүрлі жағдайларда
өз бетімен қатынас жасау. 
И. Г. Выготский, Е. Л. Пеллиншер, Л. П. Успенскийдің әдістемелерінде
ойындар және ойын тәсілдері босаңсыту (релаксация) жаттығулар
ретінде қолданады. 
Логопед белгілі әдістемелерді қолдануда тұтықпа баланың жеке – 
психологиялық ерекшеліктерін ескеруі керек. Барлық түзету әдістемелері
балалар бала бақшада тәрбиелеу және оқыту бағдарламасына сай
құрастырылған, өйткені болашақта тұтықпа балалар қалыпты сөйлейтін
балалармен бірге оқып, тәрбиеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет