230
И. Ю. Абелеваның, Л. П. Голубеваның, А. Я. Евгенованың, Н. Ф.
Синицинаның, М. В. Смирнованың әдістемелері
бойынша логопедиялық
сабақтар демалу, дауыс шығару және артикуляциалық жаттығулардан
басталады.
Жұмыс әрі қарай келесі кезектілікпен жүргізіледі: дауысты, дауыссыз
дыбыстар, сол дыбыстардан басталатын сөздер мен сөйлемдер,тақпақ, мәтін,
мәтіннің мазмұнын айту, берілген тақырыпқа әңгіме құрау т.б.
Қазіргі кездегі әдебиетте М. И. Буянов, Б. З. Драпкин, Е. В. Багданова, Н. Б.
Жихирева т.б. құрастырған. Жасөспірімдердің тұтықпасын түзету жүйесі
берілген. Бұл жүйе негізгі үш бағыттан тұрады:
-
Психотерапиялық
-
Логопедиялық
-
Психологиялық
Бұл ықпал емдеу, сауықтыру шараларымен қатар жүргізіледі. Аталған
жүйеде психотерапияның барлық түрлері (тиімді,
сугестивтік және еңбек
терапиясы).
Тиімді
психотерапияның
көмегімен
жасөспірімдерге
сөйлеу
ақаулығының себептерін түсіндіріп өзінің ақаулығына орынды көзқарасын
біртіндеп тәрбиелейді.
Сугестивтік терапия барысында (тұтығушының сергек жағдайында
өткізіледі) тұтықпадан толық айығуға болатынын, өзінін сөйлеуін, тәртібін,
эмоциалық жағдайын реттеуге болатынын түсіндіріп сендіреді.
Сугестивтік терапияның маңызды әдістемесінің біріне аутогендік
жаттығу болып табылады. Сонымен қатар түзету жұмысында ұжымдық
психотерапияның да маңызы зор.
Логопедиялық түзету жұмысының
бірінші кезеңінде сөйлеу техникасын,
демалуын, дауыс шығаруын артикуляциясын
қалыптастыру жұмыстары
жүргізіледі. Логопедиялық жұмыс психотерапиямен қатар жүреді.
Екінші кезеңде сөйлеу түрлері күрделенеді. Мәтінді оқу мен оның
мазмұнын түсініп айтуға көңіл бөлінеді.
Үшінші кезеңде сөйлеудің жаңа дағдылары машықтандырылады және
әртүрлі жағдайда, әртүрлі сөйлеу түрлерін өз бетімен қолдануға үйренеді.
Сөйлеудегі және басқа да қиыншылықтарға, стресстік жағдайды жеңуге
психологиялық тұрақтылығын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді.
Жалпы жұмыс барысында отбасымен тығыз байланыс болу қажет.
В. М. Шкловскийдің (1994) құрастырған тұтықпаны түзетудің
кешенді
жүйесі жасөспірімдер мен ересектерге арналған. Бұл жүйеде логопедтің,
психиатрдың, психотерапевтің, невропатологтің тығыз байланысты жұмыс
жасауы қарастырылған.
Түзету жүйесі стационарлық жағдайға, 2-3 ай мөлшерге есептелген және
4 кезеңнен тұрады: диагностикалық; сөйлеудің патологиялық дағдыларын
және тұлғаның бұзылған
қатынасын қайта қалыптастыру, қол жеткен
нәтижелерін бекіту; диспансеризация және қайталаудан (рецедив)
сақтандыру.
231
Диагностикалық кезеңде (10-15күн) барлық мамандар (невропатолог,
психолог, психотерапевт, логопед, нейропсихолог) тұтығушыны тексеріп
диагнозын анықтайды және емдеу жоспары белгіленеді.
Келесі кезеңде (30-45күн) логопедиялық сабақтарда демалу және дауыс
шығару функциаларын қалыпқа келтіру, сөйлеу үлгісін қалыптастырады.
Логопедиялық жұмыспен қатар психотерапияның барлық түрлері
(сугестивтік, жеке, топпен) жүргізіледі.
Үшінші-төртінші кезеңде (30күн) әдетті, күнделікті
жағдайда сөйлеуін
жаттықтырады, сөйлеу белсендігін және өздігінен сөйлеудегі кемшіліктерді
түзетуге сенімділігін арттыруға тәрбиелейді.
В. М. Шкловский тұтықпаның қайталануынан сақтандыру мақсатымен
диспансеризациялаудың қажеттілігіне ерекше көңіл бөледі.
Н. М. Асатианидың басшылығымен «сөйлеу патологиясы лаборатория»
ұжымының құрастырған кешенді дәрігерлік - педагогикалың жүйесінің
өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл емдеу жүйесінің негізіне Н. А. Васильеваның
тәсілдері алынған. Түзету жұмысының дәрімен емдеу, психотерапевтикалық
логопедиялық және логоритмикалық ықпал ету жатады.
Стационар жағдайында емдеу мерзімі 45күнге созылады және бірнеше
кезеңге бөлінеді.
1. Дайындық кезеңде (5-7күн) «үндемеу тәртібі» және «сөйлеуді
шектеу»
ережесі
сақталады
осы
кезден
бастап
психологиялық,
психотерапевтикалық, логопедиялық сабақтар жүргізіледі.
2. Белсенді терапия кезеңі (20күн). Бұл
кезеңде топпен және жеке
логопедиялық сабақтар, арнайы аутогендік терапия, жеке психотерапия, және
дәрімен емдеу жүргізіледі.
3. Белсенді жаттығулар кезеңінде (10күн) стационардан тыс (көшеде
телефонмен, дүкенде т.б). Функциональды жаттығулар жүргізіледі, яғни
тұтығушы өзінің сөйлеуін әртүрлі ситуациаларда қолдануға үйренеді.
4. Қортынды кезеңде тұтығушыны күрделі сөйлеу ситуациаларына
дайындайды-көпшіліктің алдында сөз сөйлеу, өлең айту т.б.
5. Стационардан шығарудың алдында әр маман пациентпен жеке кеңес
жүргізіп, болашақта өзіндік жұмыс ұйымдастыру туралы нұсқау береді.
Сонымен, бұл жүйенің ерекшелігіне жататыны:
-міндетті түрде тұтықпаның клиникалық түрі ескеріледі;
-кешенді
дәрігерлік
педагогикалық
барлық
тәсілдері
қолданады
(психотерапия), дәрімен емдеу. Логопедиялық және логоритмиканың
жаттығулар, жеке, топпен, ұжыммен жүргізілетін сабақтар, емдеу
физкультурасы, физиотерапия және жалпы денсаулықты нығайту шаралары.
Ю. Б. Некрасованың тұтықпаны түзетудің ерекше жүйесі (1985,1992).
Бұл жүйе әлеуметтік реабилитациалық (социореабилитациалық ) деп аталып
бірнеше кезеңге бөлінеді және тұтығушының
тұлғалық жағына мақсаты
ықпал етуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: