277
Екінші кезең. ХХ ғасырдың 40-жылдары афазиологияның қарқынды
дамыған кезі болатын. Физиология, психология, неврология, нейрохирургия
және т.б. ғалымдардың қарқынды дамуы жаңа ғылымның, яғни
нейропсихологияның ашылуына ықпал етті.
Бұл ғылым афазия жөнінде
ілімнің дамуының негізін қалады. Афазия туралы жаңа ілімнің негізін
қалаған А. Р. Лурия еді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген осы
бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия.
Үшінші кезең, А. Р. Лурияның ұйғарымы бойынша - болашақтың ісі.
Афазия
жөнінде
зерттеулер
жалғастырылды
және
қазіргі
кезде
жалғастырылуда (Э. С. Бейн, М. К. Бурлакова, Т. Г. Визель, П. А. Овчарова,
В. В. Оппель, Е. Н. Правдина-Винарская, В. М. Шкловский және т.б.). Соңғы
жылдары ғалымдар жартышарлар ассиметриясы мәселесіне қызығушылық
тантып отыр, нақты айтсақ, сөйлеу тілінің оң жартышармен өзара байланысы
туралы және оның ырғақ-әуезділігін іске асыруда оң жартышардың рөлі
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: