278
немесе күшті эмоциялық күйзелістер болуы ықтимал. Инсульт алдында
адамның басының айналуы, ауыруы және басқа қанның құйылуы, аяқ-
қолының ұйып қалуы,
сөйлеу тілінің бұзылуы, содан кейін естен танып
қалуы мүмкін.
Науқастың беті қызарып, тамыр соғуы баяу және әлсіреген,
тыныс алуы терең, жиі, қырылдаған,
дене қызуы жоғары, көз қарашығы
жарыққа әсер етпейді.
Аяқ-қолдың салдануы, беттің ассиметриясы бірден
анықталады. Сал жағы әрқашан мидың зақымдалған ошағына қарама-қарсы
болады. Бас миының бір бөлігінің қан айналымы жеткіліксіз болғанынан
ишемиялық инсульт пайда болады және ми тінінің (тканінің)
аймағының
жұмсаруымен (ми инфарктісімен) қатар жүреді.
Инсульт деген латын тілінен «соққы» деп аударылады.
Инсульт – ми
тамырларының зақымдалуының салдарынан пайда болған ауру. Миды
қанмен қамтамасыз етуі бұзылған жағдайда мидың ашығуы (ишемия) пайда
болады. Бірнеше минут ішінде ол ми жасушаларының өліміне (инфарктқа)
соқтырады. Бас ми жасушаларының өлімі немесе ишемиялық инсульт тамыр
қабырғалары зақымдалған кезде байқалады – атеросклероз, ревматизм және
т.б. Өмір сүру салты дұрыс болмағанда (шамадан тыс эмоционалды
жүктемелер, шылым шегу, дұрыс тамақтанбау және т.б.) тамыр қабырғалары
жұқарады, жасушааралық қуыстары кеңейеді. Олардың ішінде май тәрізді
заттардың бөліктері пайда болады. Жүре келе олардың ішіне қан түйіндері
енуі мүмкін, содан кейін олардың салдарынан склеротикалық түйіндер пайда
болады. Алғашқыда түйін қан ағымымен шығарылуы мүмкін, кейін оның
ішіне дәнекер тін өседі, тамыр эластикалық мүшеден нәзік, енжар түтікшеге
айналады. Мұндай тамырдан қан тек қатты
қысымның арқасында ғана өте
алады. Сонымен, гипертония пайда болады. Сонымен қатар инсультке бас
ішілік қысым да себеп болады. Қан қысымының жоғарлауы тамырдың
жарылуына әкеп соқтырады. Кейбір жағдайда тамырда склеротикалық
түйіннің бөліктері, ревматикалық түіндер, май түйіні тұрып қалуы мүмкін.
Бұл эмболия деп аталады. Кейде тамыр қабырғасында тромб (қанның дұрыс
айналуына кедергі болатын ұйып қалған қан) пайда болады. Көлемі үлкейген
жағдайда немесе тамырдың спазмында тромб тамырды жауып тастауы
мүмкін, нәтижесінде – тамырдың жарылуы орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: