I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет157/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   224
24344 (1)

Бірінші түрі – фонематикалық қабылдаудың дамымауымен 
байланысты оқудың бұзылысы (фонемді ажырату), ол әріпті меңгерудегі 
қиындықта және акустикалық және артикуляторлы ұқсас дыбыстарды 
алмастырумен (б-п, д-т, с-ш, ж-ш т.б) белгіленеді.
Екінші түрі – фонематикалық талдау функцияларының дамымауымен 
байланысты оқудың бұзылысы. Бұл түрде оқу кезінде қателердің келесі 
топтары байқалады: әріптеп оқу, сөздің дыбыстық-буындық құрамының 
бұзылыстары. 
Семантикалық дислексия оқылған сөздерді, сөйлемді, мәтінді 
техникалық дұрыс оқыған жағдайда оқығанын түсінуінің бұзылуымен
сипатталады, яғни оқу үрдісінде сөздер, сөйлем, мәтін бұзылысқа 
ұшырамайды. Бұндай бұзылыстар буындық оқуда білінеді. Сөзді буындап 
оқығаннан кейін балалар сәйкес суретті көрсете алмайды, жақсы таныс 
сөздің мағынасымен байланысты сұраққа жауап бере алмайды. Оқылған 
сөйлемдерді түсінудің бұзылысы синтетикалық оқу кезінде (сөзді тұтас оқу)
байқалуы мүмкін. 
Оқығанды түсінудің бұзылысы екі фактормен байланысты: дыбыстық-
буындық синтездің қиындығы және сөйлем ішіндегі синтаксистік 
байланыстар туралы түсініктердің дифференциациясының жоқтығымен. 


333 
Оқу үрдісі кезіндегі сөзді буындарға бөлу – оқығанды түсінбеудің 
бірден-бір себебі. Фонематикалық және буындық синтездің бұзылысы 
салдарынан балалар буындап оқу үрдісінде, егер олар бөлшектерге бөлінген 
болса, сөзді танымайды, кезекпен айтылған буындарды біртұтас етіп 
біріктіре алмайды. Олар оқығандарын түсінбей, механикалық түрде 
жалғастыра береді. Балаларда синтездеу, буынға бөлінген ауызша сөйлеу 
тілін ойша қалыпқа келтіру қабілеттері жеткіліксіз қалыптасқан болады. 
Семантикалық дислексиясы бар балалар келесі тапсырмаларды орындауда 
қиындық көреді: а) қысқа кідіріспен оқшауланған кезекпен берілген 
дыбыстарды біріктіріп сөз айтуда (қ, а, л, а); б) буындап берілген сөз және 
сөйлемді айтуда (ба-ла та-мақ іш-ті). 
Оқылған сөйлемді түсінудің бұзылысы сөйлемде сөздердің синтаксистік 
байланысы туралы түсініктерінің қалыптаспағандығымен байланысты. 
Онымен бірге оқу үрдісі кезінде сөйлемдегі басқа сөздермен байланыссыз, 
сөздер оқшауланған түрде қабылданады. 
Аграмматикалық 
дислексия 
сөйлеу 
тілінің 
грамматикалық 
құрылымының, 
морфологиялық 
және 
синтаксистік 
жалпылауының 
дамымауымен белгіленеді. Дислексияның бұл түрінде көбіне жалғауларды, 
уақыттық түрлерді дұрыс қолданбауы байқалады.
Аграмматикалық дислексия көбіне оқу дағдысының қалыптасуының 
синтетикалық қадамында түрлі патогенездегі сөйлеу тілі жүйелі дамымаған 
балаларда байқалады.
Мнестикалық дислексия барлық әріптерді меңгерудің қиындығымен, 
олардың ажыратылмаған алмастыруларымен сипатталады. Балалар белгілі 
бір кезектілікте 3-5 дыбысты немесе сөздің қатарын айта алмайды, санын 
азайтады, дыбыстарды, сөздерді тастап кетеді. Дыбыстық-әріптік белгіленуін 
меңгеру кезінде, әсіресе әріпті айқын көру бейнесі мен есту айтуының 
бейнесінің арасындағы бірлестіктің бұзылысы айқын байқалады. 
Оптикалық дислексия - графикалық ұқсас әріптер мен олардың өзара 
алмасуымен және оларды меңгерудің қиындығымен белгіленеді.
Қосымша элементпен ерекшеленетін (л-д, з-в) сияқты, сондай-ақ бірдей 
элементтен тұратын, бірақ кеңістікте түрліше орналасқан (т-г, ь-р, н-п-и
әріптер шатастырылады және өзара алмастырылады. Берілген дислексия 
түрлері көріп қабылдаудың бөліктенуімен, ұқсас түрлер туралы түсініктердің 
ажыратылмағандығымен, оптико-кеңістіктік қабылдау және оптико-
кеңістіктік түсінудің дамымауымен, сонымен бірге көру гнозисі мен көру-
талдау мен синтездің бұзылысымен байланысты. 
Сөзсіз деңгейде оптикалық-кеңістіктік гнозис пен праксистің кейбір 
бұзылыстары көрінеді. Сонымен, таныс және түрі бойынша жай заттарды 
үлгі немесе есте сақтау арқылы суреттеп салу дұрыс орындалады, ал күрделі 
заттарды қарап суреттеуі нақты белгіленбейді, есте сақтау бойынша көбірек 
қате жіберіледі. 
Сурет салу үрдісі кезінде фигура конфигурациясы жеңілдетіледі, элемент 
саны азаяды, үлгімен салыстырғанда сызық бойы дұрыс орналаспайды. 


334 
Балалар дұрыс емес әріпті дұрысынан ажырата алмайды, таныс әріпті 
қиындықпен, қатемен құрайды, әріпке жетіспейтін бөлікті қосуды және бір 
әріптен екінші әріпті құрауды орындай алмайды (мысалы, Р әріпінен В-ны, 
П-дан Н-ны жасай алмайды). Мұндай тапсырмаларды орындау белгілі бір 
элементтен тұратын, бір-біріне қатысты түрлі орналасқан ұқсас оптикалық 
бейнелердің айырмашылығын анықтауды, талдауды, бейнені немесе әріпті 
тұтас ретінде елестетуді талап етеді. 
Оптикалық дислексиясы бар кейбір балаларға әріп күрделі оптикалық 
құрылым болып табылады, оны құрайтын элементтерін талдау балалар үшін 
қиындау болады. Графикалық ұқсас әріптердің оптикалық талдауы туралы 
түсініктің 
қалыптаспауына 
байланысты 
олар 
нақты 
емес 
және 
ажыратылмаған болып келеді. Олардың сөйлеу тілінің құрылуында, 
кеңістіктік сәйкестіктерді анықтауда қиындықтар байқалады. Күрделі 
жағдайда дене схемасы бұзылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет