351
- сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтау;
- жалғау және жұрнақтар мағынасын анықтау, дұрыс пайдалану.
Грамматикалық деңгейдегі түзету жұмысы
Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
Дисграфияның әр түрлері әртүрлі себептермен ерекшеленеді,
сондықтан түзету жұмысында да ерекшеліктері болады. И. Н. Садовникова
(1997), Р. И. Лалаева «2001), Л. В. Венедиктова (2001), т.б.
жазбаша сөйлеу
тілін түзету логопедиялық жұмысы ақаулықтың түріне, механизміне
байланысты жүргізілетінін негіздеген.
Акустикалық сипаттағы жазудың бұзылуын түзету жұмысында
балалардың фонематикалық қабылдауын және де дыбыстық талдау мен
жинақтауын дамытуға бағытталған тәсілдерді қолдану қажет. Л. Г.
Парамонованың
(2004)
пайымдауынша,
артикуляторлы-акустикалық
дисграфияны түзету жұмысы дыбыс айтуын түзету
мен осы дыбыстарды
анық естіп ажыратудан бастау керек. Сонымен қатар, ғалым фонематикалық
талдау, жинақтауын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет деп есептейді. Ал,
аграмматикалық дисграфияны түзету жұмысында жазбаша жаттығуларды
кеңінен қолдану арқылы баланың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын
қалыптастыру қажет деп санайды.
Дисграфияның
түріне байланысты түзету
жұмысында біршама
өзгешеліктер болғанымен, дисграфияның барлық түрінде ортақ бірқатар
маңызды жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден,
алдымен жазу процесіне
қажет операцияларды қалыптастыру қажет. Мысалы, акустикалық
дисграфияда бала ұқсас дыбыстарды ажырата алмайды, сол себептен ол
Сөйлемнің
байланысы
Септік жалғаулар
Сөйлемнің түрлері
Сөз тіркестері, сөйлем
352
әріптерді алмастырады. Бұл жағдайда алдымен дыбыстарды ажыратуын
дамыту қажет. Бұл жұмыс бағыты дисграфияның барлық түрінде
қолданылады. Екіншеден, жұмыс барысында сақталған анализаторға сүйену
қажет. Мысалы, бала С-Ш дыбыстарын ажырата алмайды,
өйткені есту
анализаторының функциясы жеткілікті дамымаған, онда алдымен баланың
көңілін артикуляциялық аппараттың қалпына, қимылына аудару керек. Яғни,
мұнда көру, қимыл, сезім анализаторын жұмысқа қосу тиімді.
Дисграфияның әр түріне қатысты түзету әдістемелеріне кеңінен
тоқталайық.
Аграмматикалық дисграфияны түзету.
Р. И. Лалаева аграмматикалық дисграфияға мынандай сипаттама береді:
«
Аграмматикалық дисграфия сөйлеу тілінің грамматикалық жағының
(морфологиялық, синтаксистік) жетілмеуі... Жазуда сөйлем деңгейіндегі
аграмматизмдер сөздің морфологиялық құрылымының бұзылуымен, жалғау,
Достарыңызбен бөлісу: