391
қалыптаспаған. Фонематикалық талдау мен жинақтауы төмен деңгейде
қалыптасқан.
Үшінші деңгей. Белсенді сөз қоры шектелген, сөзбен заттың бейнесін
сәйкестеуде, жалпылама түсініктермен грамматикалық категорияларды
қолдануда және сөйлем құрауда қателер жібереді. Балалардың дыбыс
айтуының бұзылыстары сигматизм, ротацизм, ламбдацизм, парасигматизм,
параротацизм, параламбдацизм түрінде байқалады. Фонематикалық
түсініктері, естіп ажыратуы, дыбыстарды айтудағы ажыратулары,
дыбыстарды талдауы қалыптаспаған.
Төртінші деңгей. Дыбыс айтуында жеке бұзылыстар байқалады, алайда
ол қалыпты сөйлеу тіліне сай келмейді.
Көптеген балаларда жүйелі бұзылыстар байқалады.
Онда сөйлеу тілінің
дамымауы функциональді жүйенің бұзылуы және оның негізгі
компоненттерінің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) бұзылуы
ретінде болады.
Сонымен, көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің бұзылу
деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Олар сөйлеу тілінің фонетикалық жағының
бұзылысынан «коммуникативті функцияның қалпына әсер ететін» жүйелік
бұзылысына дейін болады.
Сөйлеу тілі қалыптасуының бірінші деңгейіндегі балалармен логопед,
түзету жұмысын жоспарлау кезінде, олардың сөйлеу тілінің сөз қоры
ескеріледі. Ерекше назар сөйлеу тілінің фонетикалық жағын қалыптастыру
жұмысына, есту зейінін дамытуға аударылады.
Сөйлеу тілінің қалыптасуының екінші
деңгейіндегі балалармен
жүргізілген жұмыста сөздік жұмысқа, фонематикалық талдау мен
жинақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді .
Сөйлеу тілі қалыптасуының үшінші, төртінші деңгейіндегі балалармен
жұмысқа заттық –тәжірибелік, ойын, таным әрекетін дамытуға бағытталған
элементтер енгізіледі. Сөз қорын кеңейту, сөзді заттық бейнемен
сәйкестендіру, жалпылама түсініктерді қалыптастыру, сөйлеу тілінің
грамматикалық құрылымын және байланыстырып сөйлеуін дамыту
бойынша жұмыс жүргізіледі. Жұмыс негізінде
сөздік стереотиптерді
қалыптастыру жатыр. Сөз қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикалық
құрылымын практикалық түрде меңгеру, балалардың қоршаған орта
туралы, өз тәжірибесін сипаттау арқылы рельефті суреттер, тірек сөздер,
түсініктер бойынша сөйлем құрастыруы қалыптастырылады.
Логопедиялық сабақтар барысында балалардың сөйлеу әрекетінің ең осал
бөлімдері жаттықтырылды. Жұмыстың маңызды бөлігіне балалардың
моторлы дағдыларын, конструктивті праксисті, тепе –
теңдікті, кеңістікте
бағдарлауын жетілдіру жатады.
Тәрбиеші, логопед, педагог, ата – аналардың бірлескен әрекеті
оқушылардың сөйлеу қорын дамытуға негіз салып, мектепте сәтті оқуға,
қоғамдағы интеграцияға, бірқатар әлеуметтік проблемаларды шешуге қажетті
негіз болып табылады.
392
Көру қабілеті бұзылған балалармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Көрмейтін
және нашар көретін балалармен түзету жұмысы
педагогикалық үрдіс жағдайында кешенді, жан жақты ықпал ету түрінде
жүргізіледі. Түзету жұмысы жалпы дидактикалық және арнайы қағидаларға
сүйеніп ұйымдастырылады. Арнайы қағидаларға түзете оқыту, бірінші
реттілік екіншіреттілік ақаулықтар, сақталған анализаторларға сүйену және
полисенсорлы
негіздерін құруға жағдай жасау, қоршаған орта туралы
ұғымын қалыптастыру, сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейі мен сөйлеу тілінің
бұзылу құрылымын ескеру, сөйлеу іс-әрекетінің сақталған (компоненттерін)
бөліктеріне сүйену, сөздік материалдың жаңалығын, көлемін, күрделілігін
ескеру жатады.
Түзету
жұмысында
арнайы
ұйымдастырылған
логопедиялық
сабақтардың орны ерекше. Көбінесе жеке сабақтар жүргізіледі. Топпен
сабақтарда баланың көру деңгейін, сөйлеу қабілеті, қабылдау тәсілдері және
жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.
Тәрбиешілер мен тифлопедагогтар логопедпен бірге сөйлеу тілінің
бұзылыстарын түзету жұмыс бағыттарын анықтайды. Сөйлеу мәдениетін
дамыту жұмысын барлық сабақтарда жүргізу керек.
Логопедиялық сабақ барысында нашар көретін балалардың сақталған
көру мүмкіндіктерін пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін рельефті
суреттер, «сиқырлы қапшық», дыбысты, буынды,
сөзді белгілеуге қажет
кубиктер, т.б. көренкіліктер пайдаланады. Түзету жұмысында мына
бағыттар қарастырылады:
- есту зейінін дамыту;
- сөз қорын дамыту және молайту, сөздің мағынасын анықтау;
- тиісті ұғымдар мен түсініктерін қалыптастыруға байланысты сөйлеу-
қимыл
дағдыларын,
координациясын,
кеңістікті
бағдарлауын
жетілдіру;
- жалпылама түсініктерін қалыптастыру;
- сөйлеу тілінің грамматикалық жағын меңгеру;
- байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
- дыбыс айтуын және фонематикалық талдау және жинақтау дағдыларын
қалыптастыру.
Сонымен қатар, көруі бұзылған балаларда кездесетін ринолалия, тұтықпа,
дауыстың бұзылуын түзету жұмыстары жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: