Балабақшаның арнайы топтарындағы, сөйлеу тілінің кемістігі бар
балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс
Арнайы топтарда түзету жұмысын оңды ұйымдастыру сөйлеу тілінің
бұзылысы қаншалықты дұрыс және уақытылы зерттелгеніне, ауырлығына
және түзету сабақтарының басталуына байланысты.
Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды уақытында айқындап, оларды
топтарға дұрыс бөлу және арнайы оқыту – балаларды оқыту мен
тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және
олардың мектепте ары дамып оқуына жағымды жағдайлар туғызады.
Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арнайы мектепке дейінгі
мекемелерде
сөйлеу
тілінің
түрлі
ақаулықтары
бар
балаларды
дифференциалды түрде оқыту және тәрбиелеу іске асырылады.
Сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту және
тәрбиелеуде дифференциалды көзқарасты іске асыру үшін, мектепке дейінгі
мекемелерде топтар құрылады:
- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларға арналған (3-6 жас);
- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балаларға арналған
топтар (5-6 жас);
- жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балаларға арналған топтар (5-
6 жас)
- тұтықпасы бар балаларға арналған топтар (2-6 жас).
398
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды арнайы бөбекжай–
балабақшаларына,
балабақшаларға
және
жалпы
білім
беру
балабақшаларының жеке топтарына іріктеу және топтарды топтастыру
МППК отырысында төмендегідей қағидаларды ескере отырып жасалады:
1. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды басқа ақаулықтардан ажырату
(мектепке дейінгі мекемелерге сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалар тек есту
қабілеті қалыпты және зияты сақтаулы болған жағдайда ғана қабылданады).
Сөйлеу тілі бұзылыстары бар ақыл-ойы кем балалар, зиятында бұзылыстары
бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге қабылданады, себебі
олардың сөйлеу тілінің кемістіктері зияттың біріншілік бұзылысымен
күрделенген екіншілік кемістік болып табылады. Дұрыс диагностикалауда
біріншілік және екіншілік ақаулық түсінігі өте маңызды екенін ескеру.
2. Жас ерекшелігін ескеру қағидасы. Балабақшалар, бөбекжай–
балабақшаларына, жалпы білім беру балабақшаларындағы жеке топтарға
сөйлеу тілі бұзылыстары бар 2-7 жастағы балалар қабылданады, бір топқа
жастары бірдей балалар қабылданады. Мысалы, кішкентайлар тобына – 2-3
жастағы, 2-ші кішкентайлар тобына – 3-4 жастағы, ортаңғы топқа – 4-5
жастағы және мектепалды даярлық тобына – 6 -7 жастағы.
3. Сөйлеу тілі кемістігінің ауырлығына сай балаларды дифференциалды
түрде оқыту қағидасы.
Топтарға толықтыру педагогикалық классификация негізінде іске
асады. Сөйлеу тілі бұзылыстарының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі
балалар сөйлеу тілінің даму деңгейінің ұқсастығы (фонетика, лексика,
грамматика, байланыстырып сөйлеуі) бойынша бір топқа біріктіріледі.
Мысалы, ЖСТД топтарына алалия, афазия, ринолалия, дизартрия
бұзылыстары бар балалар қабылданады, бірақ жас бойынша және сөйлеу
тілінің даму деңгейі бойынша топтастырылады. Сөйлеу тілінің фонетика-
фонематикасы жетілмеген балалар топтарына ринолалия, дизартрия,
дислалия бұзылыстарымен, бірақ сөйлеу тілі даму деңгейі бірдей балалар
қабылданады. Тұтықпасы бар балаларға арналған топтарға – тұтықпасы бар
балалар қабылданады.
Балаларды іріктеп топтарға топтастыру кезінде МППК мүшелерінің
алдында төмендегідей міндеттер тұрады:
8.
Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі
мекемелерге баланың сәйкестігін белгілеу.
2. Баланы қай топқа жіберу керектігі туралы.
3. Оқытудың қандай мерзіміне жіберу қажет.
ЖСТД, дизартрия, ринолалия, алалия, афазисы бар балалар 2-3 жылға
(жасына және сөйлеу тілінің даму деңгейіне байланысты) жіберіледі:
- ФФЖ балалар оқытудың 1 жылына;
- жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балалар жарты жылға;
- тұтықпасы бар балалар -1 жылға.
Белгіленген уақыт аяқталғанда оқуды жалғастыруды қажет ететін
балаларды ПМПК мүшелері қайталап тексереді. Оқытудың мерзімін
399
жалғастыруға ақаулықтың ауырлығы, соматикалық әлсіздігі, науқастығына
байланысты сабақтарға қатыспауы сияқты объективті себептер негіз болады.
Топқа қабылданбаудың себептері:
Арнайы балабақшаға (топтарға) төмендегідей балалар қабылданбайды:
а) есту қабілеті зақымдалған балалар;
ә) ақыл-ойы кемдігінің салдарынан болған сөйлеу тілі дамымаған балалар;
б) қояншық ауруы жиі ұстайтын балалар;
в) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;
г) тәртібі күрделі психопатияға ұқсас балалар;
ғ) өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын мүгедек балалар;
д) жалпы білім беру балабақшасына тіркеуге сай келмейтін балалар;
Топ құрамының саны сөйлеу тілінің күрделігімен белгіленеді. Сондай-ақ
жалпы сөйлеу тілі дамымаған, тұтықпасы бар балаларға арналған
топтардағы балалар саны 10 бала, фонетика-фонематикасы жетілмеген
балаларға арналған топтарында – 12 бала, жеке дыбыстарды айту
бұзылыстары бар балалар тобында - 15 бала.
Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар топтарында балалармен жалпы
білім беру мектебінде немесе сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға
арналған мектептерде оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
Фонетика-фонематикасы жетілмеген балалар топтарында және жеке
дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға арналған жалпы білім беру
мектебінде оқытуға дұрыс дайындық жүргізіледі. Тұтықпасы бар балаларға
арналған топтарда балаларды жалпы білім беру мектебінде немесе ауыр тіл
кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқытуға дайындық жүргізіледі.
Сөйлеу тілі кемістігі түзеле салысымен балалар жалпы білім беру
балабақщаларына ауыстырылады.
Балалар топқа келген алғашқы екі аптада оның сөйлеу тіліне
логопедиялық тексеру жүргізіледі. Баланың фразалық сөйлеу тілі бар-жоғы
айқындалады, сөйлеу тілін түсінуіне, лексикалық, грамматикалық талдауға,
дыбыстық талдау, жинақтау жасауға дайындығы, фонетикалық өнделуіне,
сөздің буындық құрамының қалыптасқандығы артикуляциялық аппараттың
құрамы мен қалыптылығына назар аударылады.
Тексеруді аяқтап, логопед топ тәрбиешілеріне әр баланың сөйлеу тілі
дамуының негізгі кемістіктері (сөйлеу тілі дамуында айтарлықтай
ауытқулары бар балаларды), ерекшеліктері туралы айтып, әсіресе түзете
оқыту мазмұны туралы тиянақты түрде түсіндіреді. Логопед оқытудың әр
кезеңдерінде балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды белгілейді. Әр
педагог дыбыстың қате айтылуы, сөйлеу тіліндегі аграмматизмдер неден
тұратынын жақсы түсініп, сөйлеу тілі бұзылысының сипатын, сөйлеу тілі
дамуының динамикасын нақты білуі керек.
Оқу жылы бойы логопед төмендегідей құжаттар толтырады:
а) жұмыстың алдын ала жоспары;
ә) топтық, шағын топтық, жеке сабақтың жоспарлары;
Әр баламен жүргізілетін сабақтарға арналған жеке дәптер бастап, апта
сайын (айына бір реттен кем емес) логопед түзету жұмысын жоспарлайды,
400
күнделікті түзету сағатында күннің 2 жартысында тәрбиеші баланың
тапсырманы орындауын белгілеп отырады.
Алдын ала жоспар құрғанда логопед ескеруі керек:
1) тәрбиешілермен әңгімелесу, кеңестер жүргізуді;
2) логопедтің ересектер және мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу
тілін тексеруді;
3) логопедтерге, жалпы білім беру және түзету топ тәрбиешілеріне арналған
ашық логопедиялық сабақтар жүргізуді;
4) ауыр тіл кемістігі бар балаларды, басқа мамандарды шақырып
(психоневролог, тәрбиеші, музыка жетекшісі) кеңес алып тексеру;
5) педкеңестер, семинар, кеңестер, әдістемелік бірлестіктерге, жиындарға,
конференцияға қатысу;
6) ата-аналармен байланыс, жеке әңгімелесулер, ата-аналарды ұйымдастыру;
жиналыстар ашып, ата-аналардың қатысуымен балаларды мектепке шығарып
салуды ұйымдастыруды т.б.
Әр топтық сабаққа жоспар құру міндетті түрде болуы керек.
Жоспарда сабақ тақырыбын, мақсатын, құрал-жабдықтарын, жүру
барысын белгілеу керек. Тәрбиеші сабаққа қатысып, балалардың жіберген
қателерін жазып, талдап, есепке алу бағанында жазады.
Логопедпен тәрбиеші арасындағы байланыс дәптерін логопед жүргізеді.
Дәптерге логопед жеке баламен (күніне 3-6 бала) тәрбиеші түзету сағатында
орындайтын тапсырмаларды жазып қояды. Тапсырмалардың барлық түрлері
балаларға таныс болып, тәрбиешіге әбден түсіндірілуі керек. Есепке алу
бағанына тәрбиеші балалардың материалды қалай меңгергенін, кім және не
себепті қиналғанын жазып қояды.
Жыл соңында логопедтер жүргізілген жұмыстың тиімділігі жөнінде есеп
жазып, аға логопедке өткізеді, ал ол білім беру басқармасына жалпы есеп
береді.
Кейінгі уақытта жалпы білім беру балабақшаларында логопедиялық
кабинеттер ашылуда. Логопед дыбыс айтуының бұзылыстары бар балаларға
амбулаторлы қабылдау типі бойынша кеңес беру-түзету көмегін береді.
Достарыңызбен бөлісу: |