I теоретические основы логопедии


Мұғалім-логопедтің кәсіби міндеттері



Pdf көрінісі
бет193/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   224
24344 (1)

Мұғалім-логопедтің кәсіби міндеттері:
Мұғалім-логопед болып дефектологиялық білімі («логопедия»
мамандығы, 
қайта 
даярлық 
курсынан 
өткен 
жағдайдағы 
«олигофренопедагог» пен «сурдопедагог»), «логопедия» мамандығы 
бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен «орыс (қазақ) тілі мен 
әдебиеті мұғалімі», «бастауыш сыныптарының мұғалімі» мамандығы 
бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады. 
Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдер үшін 
белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады. 
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға
пунктті жинақтауға, түзете оқытудың сапасына жауап береді.
Мұғалім-логопедтің міндеттері: 
1) ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша
балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің 
алдын алуға жәрдемдесу; 
2) сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша
педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру; 
3) логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін
педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру; 
4) мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен , 
сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, 
балалар 
емханаларының 
дәрігер-мамандарымен, 
ПМПК, 
оңалту 
орталықтарының , психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің 
дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру; 
5) білім беру саласындағы қызметкерлер, ата –аналар арасында логопедтік
білім жөнінде насихат жүргізу, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, 
нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің 
алдын –алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзету жұмысының 
ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестермен ата-аналар ( 
заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі; 
6) мұғалім -логопедтердің, (аудандық, қалалық) әдістемелік
бірлестіктердің жұмысына қатысуы ; 
7) білім беру мекемесінің әкімшілігіне жыл сайын логопедтік комек 
көрсету жұмысының жылдық есебін құрастыру; 
8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыру (5жылда бір рет) және педагог
қызметкерлерге арналған тәртіпке сәйкес аттестациядан өтуі
Мұғалім-логопедтің апталық жүктемесі кеңес жұмыстарына жұмсалған 
уақытты ескермегенде 18 сағатты құрайды. 


405 
Мұғалім-логопедтердің жұмысына басшылықты және қадағалауды, 
қарамағындағы логопедтік пункттің білім беру басқармасы, және 
логопедтік пункт орналасқан мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. 
Ауданда, қалада, облыста, бірнеше логопедтік пункт болған жағдайда 
аудандық (қалалық), облыстық әдістемелік кабинеттерде немесе білім беру 
қызметкерлерінің 
білімін 
жетілдіру 
институттарында 
әдістемелік
бірлестіктері құрылуы мүмкін.
Мұғалім –логопедтердің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық жасау
аттестаттаудың қорытындысы бойынша аға мұғалім -әдіскер атағы бар, білім 
беруді басқару органы тағайындаған аса тәжірибелі мұғалім –логопедтің 
біріне жүктеледі. 
Аудан орталығынан қашықта орналасқан жалпы білім беретін 
мекемелерде ( шағын жинақталған мектептер) балаларға логопедтік көмекті 
логопедия бойынша қайта даярлау курсынан өткен мектепке дейінгі 
мекемелердің педагог – тәрбиешілері мен ана тілі мұғалімдері (бастауыш 
сыныптардың) жүзеге асыра алады. Бұл ретте логопедтік жұмыс еңбек 
саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес қосымша төлем төлеумен осы 
Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет