I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет201/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   224
24344 (1)

7-тапсырма
Жұмсақ таңдайдың құйрықшақтығы қалай аталады?: 
1) тіл 
2) қатты таңдай 
3) увуля 
4) тіл асты сіңірі 
5) кеңірдек 
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АРТИКУЛЯТОРЛЫ-АКУСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 
 
1. «Фонема» түсінігіне сипаттама бер. 
2. Фонемелардың негізгі дифференциалды мағынасын ажырату белгілерін 
ата. 
3. Дауыссыз дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер: 
- дауыс перделерінің қатысы бойынша, 
- тіл арқасының ортасы қатысы бойынша, 
- жасалу орны бойынша, 
- жасалу тәсілі бойынша. 
4. Дауысты дыбыстардың артикуляторлы сипатын ашып айту. 
5. Дауысты дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер. 
6. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтарын ата. 


418 
7. 
Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы 
айырмашылықтарды атау. 
8. Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы ұқсастық пен 
айырмашылықтарды атау.
Тәжірибелік тапсырма 
 
1. Таңдай пердесі жабық болатын екі дыбысты, артикуляциясында таңдай
пердесі ашық болатын екі дыбысты ата. 
2. «С», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Салыстырып
ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар. 
3. «Ш», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар.
Артикуляциялық аппараттың қалпындағы ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтаңдар. 
4. Ойланып, талдаңдар. 
«Р» дыбысының артикуляциясын сызыңдар, тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс
пернелерінің қалпына көңіл бөліңдер, «РЬ» дыбысының 
артикуляциясымен салыстырыңдар. 
5. «Л», «ЛЬ» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Артикуляциялық
аппарат мүшелерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріңдер.
6. Ойланып табыңдар. «Ч», сосын «Щ» дыбысын атаңдар, тілдің қалпына 
көңіл аударыңдар. Бұл дыбыстардың артикуляциясының айырмашылығы мен 
ұқсастығы қандай. Профильде (кескінде) көрсетіңдер. 
7. Ойланып, талдап, жауап беріңдер. 
Жұмсақ дыбыстарды (С', Ш', Р', П' т.б.) айтқанда тілдің қалпы қалай өзгереді. 
Профильде сызып көрсетіңдер.
8. Ойланып, талдап, жауап беріңдер. 
«П-б-м» және «т-д-н» дыбыстарының айтылуы қандай артикуляциялық
мүшелердің жұмысына байланысты. 
9. Ойлан, тап. 
«К», «Қ» дыбысының артикуляциясын сызыңдар.
Тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс желбезегінің қалпына көңіл аударыңдар. 
«Г», «Ғ» дыбысының артикуляциясынан айырмашылығы неде? 
10. 
Ойланып, қатесін тап. 
«С» дыбысын айтқанда - ерін жымияды, тістердің арасында 1-1,5 мм саңлау 
қалады, тілдің ұшы астындағы күрек тістерге тиіп тұрады, тілдің ортасы 
ойық, тілдің екі бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай 
көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады, дыбыс пернелері ажырайды, ауа жолы 
әлсіз және суық келеді. 
11. 
Ойланып, талдаңдар. 
«С», «З» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Сол дыбыстардың 
артикуляциясының ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар. 
12. 
 Қай дыбыстың артикуляциясы: Ерін аздап дөңгеленіп, тіл «ожауға» 


419 
ұқсатылып таңдайға қарай көтеріледі, бірақ тимейді, тілдің екі жақ бүйірі 
жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға баратын 
ауа жолын жабады, дауыс пернелері ажырайды, ауа жолы күшті және жылы. 

13. Ойланып, қатесін тап. 


«Ж» дыбысын айтқанда ерін аздап дөңгеленіп алдыға қарай шығыңқы келеді, 
тіл «ожауға» ұқсап таңдайға көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, тілдің екі 
жақ бүйірі жоғары азу тістерге тиеді, жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы 
қабырғасына тиіп тұрады, дауыс пернелері ашық, ауа жолы әлсіз, жылы. 
14. 
 Қай дыбыстың артикуляциясы. 
Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалпы «Ш» дыбысын айтқандағыдай, 
бірақ «Ш» дыбысына қарағанда тіл аздап алға қарай жылжыған, сәл көтеріңкі 
болады. 
15. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет