I теоретические основы логопедии


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет32/224
Дата14.05.2023
өлшемі5.47 Mb.
#473702
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   224
24344 (1)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар 
1.Қазіргі сөйлеу тілінің бұзылуын топтастыру негізінде қандай критерийлер 
жатыр? 
2. Әр түрлі тіл кемістіктерді үш аспектіден талдап көріңіздер. 
3. Психологиялық-педагогикалық топтастырудың сипаттамасын беріңіздер. 
 
Ұсынылған әдебиеттер 
1. Логопедия. Л. С. Волкованың ред . М., 1989. 
2. Основы теории практики логопедии. Р.Е.Левинаның ред . М., 1969. 
3. Өмірбекова Қ. Қ.,Серкебаев Қ. Логопедия. Алматы, 1996. 
4. Ляпидевский С. С., Гриншпун Б. М. О классификации речевых 
расстройств. Расстройства речи у детей и подростков кіт..-М., 1968. 


74 
5. Преодоление общего недоразвития речи дошкольников. Т.В. Волосовец 
ред. Оқу-әдістемелік құрал. М., 2002. 
 
II ТАРАУ. СӨЙЛЕУ ТІЛІ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
7 БӨЛІМ . ДИСЛАЛИЯ 
Дислалия («dis»-бұзылу, «lalia»-сөз) – бұл сөйлеу тілінің бұзылуының 
едәуір тараған түрінің бірі. Осы бұзылыстың ең негізгісі - сөйлеу тіліндегі 
дыбыстардың айтылуының бұзылуы. «Дислалия» деген терминді Еуропада 
ең бірінші болып Вильнюс университетінің профессоры, дәрігер И.Франк 
еңгізген деп саналады. 1827жылы шыққан монографиясында бұл терминді 
барлық жалпы этиологиясы әр түрлі дыбыс айтуының бұзылуын атаған. 
Кейін 19 ғасырдың 30-шы жылдары Р.Шультес осы терминді қолданған. 
Бірақ 
ол 
бұл 
терминмен 
артикуляциалық 
аппарат 
мүшелерінің 
ауытқушылықтарының салдарынан дыбыс айтудың бұзылыстарын атады. 
В.Олтушевский деген зерттеуші дислалияға керісінше, артикуляциялық 
аппарат мүшелерінің ақаулықтарынан емес, басқа себептерден болған 
дыбыстардың бұзылуын жатқызды. 
20 ғасырда әр түрлі авторлар дыбыс айтудың бұзылыстарын әр түрлі 
атаған. Мысалы: Ф. Ф. Рау – «фонемалардың айтылуының бұзылуы», 
О.В.Правдина - «дислалия», М. Е. Хватцев – тіл мүкістігі («косноязычие») 
деп атаған. 
Дислалия – сөйлеу тіліндегі дыбыстың айтылуының дербес бұзылуы. Ол 
дыбысты алмастыру, дыбысты айтпай, тастап кету, бұрмалап айтумен 
белгіленеді. Грамматикалық құрылысы және сөздік қоры жеткілікті денгейде 
болады (Ф.Ф.Рау). 
Дислалия – мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу 
тіліндегі жиі кездесетін дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Сөздік қоры 
және грамматикалық құрылысы мөлшерде денгейде (О.В.Правдина). 
Бұл жастағы балалардың көбінесе жалғыз кемістігі болады. 
Дислалия - есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының 
иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың 
айтылуының бұзылуы (Л. С. Волкова). 
Дислалия жиі кездесетін ауытқушылық. Зерттеулер бойынша, мектеп жасына 
дейінгі балаларда 25-30% - нда (5-6ж), мектеп жасындағы (1-2 сынып) 
балалардың 17-20%, ал жоғарғы сынып оқушыларында 1% дыбыс айтуының 
бұзылуы кездеседі. 
Бұл зерттеулер осы бұзылыстардың уақытша екенін дәлелдейді. Түзету 
жұмысы арқылы, балалардың сөйлеу тілінің дамуына байланысты, бұл 
бұзылыстар жойылады деуге болады.
Сөйлемнің фонетикалық жағын меңгеру дәрежесі фонетикалық есту 
қабілетінің дәрежесімен тікелей байланысты болады. Фонетикалық естудің 


75 
жеткіліксіздігінің нәтижесі ретінде айыру қиыншылығы, акустика 
нышандары бойынша жақын тіл дыбыстарын ажырату болып табылады. 
Арнайы әдебиетте сөйлеу тілі үрдісіне қатысатын психофизиологиялық 
механизмінің қайсысы зақымдалғанына қарай дислалияның екі түрін 
ажыратады. Бір қатар авторлар (К. П. Беккер, М. Совак, М. Е. Хватцев, О. А. 
Токарева, О. В. Правдина және т.б.) сенсорлы және моторлы дислалия деп 
бөледі және дислалияны осылай ажыратуын талап етеді.
Логопедияның дамуының заманауи кезеңінде ауытқудың топтастырылуы 
сөйлеу тілін зерттейтін әртүрлі пәндердің критерийлерінің жиынтығына 
сүйенеді. Сонымен қатар, логопедияда логопедиялық ықпалға ерерлік 
бұзылыстардың негізгі белгілерін бөлген маңызды, яғни ауытқудың түрін 
(фонематикалық немесе фонетикалық) ескеру. 
Аталған критерийлер бойынша дислалияның негізгі үш түрін ажыратады: 
акустикалық-фонематикалық, 
артикуляторлық-фонематикалық, 
артикуляторлық -фонетикалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   224




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет