169
саласындағы қосымша ауытқуларды және деформацияларды анықтау мен
алдын алу үшін және тиісті емдеуді белгілеу үшін кешенді қараулар
ұйымдастырылады.
Патологияның
сипаты
мен
ауырлығына
тәуелді
балаларға
амбулаторлық немесе стационарлы бақылау ұсынылады. Маңызды буын –
баланың нәрестелік жасынан көрсетілетін ортодонтикалық жәрдем болып
табылады. Патология мен жасына қарай механикалық, қызметтік және аралас
әсер етудің аппараттары дайындалады. Уранопластикадан кейін (таңдайға
операция) жұмсақ таңдайды қалыптастыратын қорғаныс пластинкалары
пайдаланылады және т.б. Психикалық даму
жағдайына тәуелді жарықтары
бар балалар аса әртекті топты құрайды: қалыпты психикалық дамыған
балалар; ақыл-ес дамуы тежелген, олигофрениясы бар балалар (әртүрлі
деңгейдегі). Кейбір балаларда бөлек неврологиялық микробелгілері бар:
нистагм,
көз
саңылауларын,
мұрын-ерін
қыртыстарының
жеңіл
ассиметриясы, сіңір және перистальді рефлекстердің жоғарылауы. Осындай
жағдайларда, ринолалия орталық жүйке жүйелерінің ерте кезектегі
зақымдануымен шиеленіседі. Маңызды дәрежеде балаларда жүйке жүйесінің
қызметтік бұзылулары, өзінің ақауына психогенді әсерлесулермен
анықталған, жоғарылатылған қозушылық және т.б. жиірек байқалады.
Ринолалияға
шалдыққан
балалармен
коррекциялық
жұмыс
дифференциалды түрде баланың жасына, артикуляциялық аппараттың шеткі
бөлігінің қалпына және сөйлеу тілінің даму
ерекшеліктеріне байланысты
жүргізіледі. Балаларды логопедиялық мекемелерге орналастырудың негізгі
белгісі сөйлеу процесінің дамуы болып табылады. Сөйлеу тілінің
фонетикалық- фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға логопедиялық
көмек балалар емханаларында амбулаторлы немесе стационарлы көрсетіледі,
сөйлеу тілінің басқа процестерінің жетіспеушілігі бар балалар арнайы
балабақшаларға алынады. Мектеп жасындағы фонематикалық қабылдауында
күрделі жетіспеушіліктері бар балаларға көмек жалпы білім беру
мектебіндегі логопедиялық пункттарда көрсетіледі.
Қорытынды. Туа біткен таңдай жарықшалар балалардың дамуына өте
көп әсерін тигізеді: бұндай
балалар соматикалық әлсіреген, аурушаң болып
келеді. Сонымен бірге олардың ішінде есту қабілеті төмендеген балалар жиі
кездеседі. Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің кемістігімен қатар жоғарғы
психикалық функцияларының дамуының ауытқұлары байқалады. Бұл
науқастар тұлғалық дамуының және іс-әрекетінің қалыптасуының
ерекшеліктерімен сипатталады.
Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің кемістіктері өмірге келген
кезінен бастап бір қатар себептермен негізделеді.
Біріншіден тыныс алу және тамақтану функцияларын қамтамасыз етуі
тілдің спецификалық қалпына (тілдің түбі өте жоғары көтерілуі) әкеледі.
Тілдің бұндай қалпы бір жағынан оның функционалдық мүмкіншіліктерінің
бұзылуына, екінші жағынан бұзылыстың компенсациясына (орын басуына)
әкеліп соқтырады( сөйлеу кезінде артикуляцияға бет, маңдай бұлшық еттері
қатысады, көптеген синкенезиялар пайда болады).
170
Ринолалия кезінде спецификалық тыныс алу, дыбыс айтудың ауытқулары,
мұрындық реңк байқалады. Сөйлеу тілінің
бұзылысының көрінісінде
бастапқы болып дыбыстың айтылуының бұзылуы табылады. Екіншілік
сөйлеу
тілінің
лексикалық-
грамматикалық
жағының
бұзылуы,
фонематикалық есту қабілетінің жетіспеушілігі, жазбаша сөйлеу тілінің
бұзылуы болуы мүмкін.
Ауытқудың коррекциясы медициналық, психология – педагогикалық ықпал
ету арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: