І. Уақыты: 29. 01. 2010 ж ІІ. Сыныбы: 7 «А» ІІІ. Сабақтың тақырыбы



Дата18.07.2016
өлшемі82.07 Kb.
Жұманқұлов Алмат Асылбекұлы

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының ІІ санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі



Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Сабақ жоспары №

І. Уақыты: 29.01.2010 ж ІІ. Сыныбы: 7 «А» ІІІ. Сабақтың тақырыбы: 1) Акробатикалық жаттығулар комплексін үйрету 2) Тепе-теңдік сақтау жаттығуларын бекіту IV. Сабақтың мақсаты: Дене дайындығын арттыру (иілгіштік, икемділік) V. Сабақ міндеттері: Дене және ақыл-ой қызметінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін өмірлік маңызды қозғалыс біліктілігі мен дағдыларына оқушыларды үйрету VI. Тәрбиелік мәні: күш, шыдамдылық қасиеттерін тәрбиелеу VII. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: сырық,төсеніш,гимнастикалық бөрене,ысқырық,секундомер VIII. Сабақтың өтілетін жері: №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясының спорт залы

Бөлімі

Сабақтың мазмұны


Уақыты

Әдістемелік нұсқау

І.

Дайындық бөлімі


Дайындық




1.Қатарға тұру

2.Рапорт беру

3.Амандасу

4. Сабақтың тақырыбын айту: Акробатикалық жаттығулар. Тепе-теңдік сақтау жаттығулары

5. Сабақтың мақсатын айту: Иілгіштік, икемділікті арттыру

6. Саптағы жаттығулар: «Оң-ға!», «Сол-ға», «Арт-қа», «Секіріп арт-қа»

7. Жүрудің түрлері: аяқтың өкшесімен,қол белде; аяқтың ұшымен, қол жоғарыда; аяқтың сырт жағымен, қол белде; аяқтың іш жағымен, қол белде; жартылай отырып жүру,қол белде; толық отырып жүру,қол тізеде; секіріп алдыға,жанына,айналып

15 /

5//

30//

2//


30//
10//
30//

2/


Бір сызыққа тұру

Рапортты жақсылап беру
Бұйрық дауыспен айту

Жаттығуды бірдей орындаймыз

Қолды түзу ұстаймыз

Денені түзу ұстаймыз








8. Жүгірудің түрлері: жүгіру, оң жақ иықпен секіріп жүгіру,қолды алға айналдыру; сол жақ иықпен секіріп жүгіру,қолды артқа айналдыру; тізені көтеріп жүгіру; аяқты артқа сермеп жүгіру;

9. Жалпы дамыту жаттығулары орнында:

а) Б.Қ. аяқ иықтың көлемінде,қол белде есеп 1-2 басты оңға айналдыру,

есеп 3-4 басты солға айналдыру.
ә) Б.Қ. аяқ иықтың көлемінде,қол иықта

есеп 1-2 қолды алға қарай айналдыру, есеп 3-4 қолды артқа қарай айналдыру.


б) Б.Қ. аяқ иықтың көлемінде,екі қол жоғарыда

есеп 1-2-3-4қолды алға айналдыру,

есеп 5-6-7-8 қолды артқа айналдыру.
в) Б.Қ. аяқты алшақ қою,қол белде

есеп 1-4 белді оңға айналдыру,

есеп 5-8 келесі жаққа айналдыру.
г) Б.Қ. аяқты алшақ қоямыз,қол белде

есеп 1 оң аяққа отыру,қолды алға созу есеп 2 Б.Қ

есеп 3 сол аяққа отыру,қолды алға созу

есеп 4 Б.Қ.

ғ) Б.Қ. аяқ иықтың көлемінде,қолды алға созамыз

есеп 1 оң аяқты сол қолға тигізу

есеп 2 сол аяқты оң қолға тигізу

д) оң аяқпен секіру, қол белде

сол аяқпен секіру,қол белде

екі аяқпен секіру



2/

8/ – 9/

8 рет

8 рет
16 рет

18 рет

20 рет
16 рет

5 рет


5 рет

10 рет

Жоғары,алға секіру. Аяқты 900-қа көтеру

Өкшені алақанға тигізу

Қолды түзу ұстаймыз

Қолды бүкпейміз


Үлкен дөңгелек жасау

Денені түзу ұстаймыз

Өкшеге отыру

Аяқты түзу созамыз

Аяқты жоғары көтеру керек

Барынша жоғары секіру



ІІ.

Негізгі бөлім


А) Акробатикалық жаттығулар комплексін үйрету

1. Жүреден отырып алға домалау

2. Жүреден отырып артқа домалау

3.Қолдың көмегімен басқа тұру

4. «Қарлығаш» жасау

5. Шынтақты тіреп жауырынға тұру

6. Денені жазып,бүгу
Б) Тепе-теңдік сақтау жаттығуларын бекіту

1. Гимнастикалық бөрененің үстімен мәнерлеп жүру

2. Гимнастикалық бөрене үстінде «Қарлығаш» жасау

3. Гимнастикалық бөрене үстінде екі оқушының бір-бірімен орын ауыстыруы

4. Гимнастикалық бөрене үстімен артқа жүру



15/
2/

3/

3/

3/

3/

1/


10/
3/
2/
3/

2/


Домалап барып топтану


Тепе-теңдік сақтау

Кеудені көтеру

Денені түзу ұстаймыз

Көмекті дер кезінде, уақытылы көрсету


Кеудені көтеру
Барынша тепе-теңдік сақтап,бөрене үстінде тұрып қалуға тырысамыз

ІІІ.

Қ орытынды бөлім

Оқушыларды қатарға тұрғызу

Денені б.қ. келтіру жаттығулары

Көзге түскен жақсы оқушыларды атау

Жаттығуды нашар орындаған оқушыларды атау

Сабақты қорытындылау

Бағалау

Үй тапсырмасын айту

Үйде бір аяқпен отырып тұруды үйрену,әріптесінің көмегімен


5 /

30//

30//

30//

30//
2 /

30//

15//

15//



Ұйымшылдықпен залдан шығып кету

Бір аяқпен отырып тұруда,арқанды пайдалануға болады.





Бекітемін: Мектеп-гимназия директоры Ж.Баймұратова

45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында оқушылар арасында Президенттік көпсайыстан өткізілетін мектепішілік жарыстың



Е Р Е Ж Е С І

І. Мақсаты

- мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту үшін дене тәрбиесі мен спорт жүйесін дамыту;

- дене тәрбиесі және спорт құралдарымен салауатты өмір салты принциптерін қалыптастыру;

- спорт резервтерін дайындау және спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру;

- мектеп оқушыларының аудандық спартакиадасына қатысу үшін спортшыларды іріктеу;

ІІ. Өткізілетін жері және мерзімі

Жарыс 2010 жылдың 17-18 қыркүйек күндері мектеп-гимназияның спорт алаңында өткізіледі. Жарыстың басталуы 17 қыркүйек күні сағат 10.00-де. 17 қыркүйек күні 1994-1995 ж.т.. 18 қыркүйек күні 1996-1997 ж.т. оқушылар арасында өтіледі.



ІІІ. Қатысушы командалар, қажет құжаттар

Жарысқа әр сыныптан 1994-1995 ж.т. бір ұл, бір қыз және 1996-1997 ж.т. бір ұл, бір қыз қатысады. Жарысқа қатысушылардың омырауында қай сыныпта оқитындығы көрсетілуі тиіс. Әр сыныптың спорт секторлары 16 қыркүйек күні мектептің дене тәрбиесі пәні бірлетігінің кабинетіне сынып сұраныстары мен қатысушылардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін алып келуі тиіс.



ІҮ. Жарыс бағдарламасы



Жарыс түрі

Өтілетін жері

1994-1995 ж.т

1996-1997 ж.т.

1

Граната лақтыру

Кіші доп лақтыру

Спорт алаңы

2

Бір орыннан ұзындыққа секіру

Бір орыннан ұзындыққа секіру

Спорт алаңы

3

Пневматикалық мылтықтан тұрып тіремей ату (10метрден 5 оқ)

Пневматикалық мылтықтан тұрып тіремей ату (10метрден 5 оқ)

Спорт зал

4

Кросс :

Ұлдар - 3000 метр

Кыздар - 1000 метр


Кросс :

Ұлдар - 2000 метр

Кыздар - 1000 метр

Спорт алаңы



Ү. Марапаттау

Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер командалары мен спортшылары мектептің мақтау қағаздарымен марапатталады.


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет