I. Зертханадағы жұмыс тәртібі II. Зертханада орындайтын сақтық шаралар


II. Зертханада орындайтын сақтық шаралар



бет2/10
Дата01.10.2023
өлшемі50.73 Kb.
#479350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1 курс кужаттар

II. Зертханада орындайтын сақтық шаралар



  1. Химиялық реакцияға қажет ерітінділерді және заттарды нұсқауда көрсетілген мөлшерде алу.




  1. Түсініксіз жерлері болса жұмысты тоқтатып, оқытушыдан сұрау.




  1. Ыстық сұйығы бор стаканды тасымалдағанда екі қолмен, астына орамал қойып ұстау керек.




  1. Аммиак, хлор, бром, иод, азот қышқылы т.б. ұшқыш заттар бөліне жүретін жұмыстарды және ерітіндіні қайнату, буландыру тәжірибелерін тартпа шкафтарда жүргізу керек.




  1. Оқытушының рұхсатынсыз заттың қаситтерін зерттеуге және химиялық ыдыстан су ішуге болмайды.




  1. Егер оталғыш сұйықтықтар немесе заттар жанған болса, жанарғы спирт шамы тез өшіріледі, электр қондырғылар суырылып тасталады, оталғыш заттар басқа жерге әкетіледі, содан кейін өрт сөндіру тәсілдері қолданылады:

а) жанған сұйықты – асбестпен, қалың матамен жабу немесе құм себу;
б) жанған фосфорды сулы құммен немесе сумен өшіру.

  1. Киім жанса, көрпеге немесе пальтоға орап өшіру керек, ешуақытта қашуға болмайды.




  1. Оталдыратынын ыдыстарды 1м қашықтықта ұстау керек.




  1. Пробирканы қыздырғанда аузын өзіне немесе қасыңдағы жолдастарына қаратуға болмайды.




  1. Егер бетке немесе қолға қышқыл тамса, тез сумен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуу керек .




  1. Күкірт қышқылының ерітінділерін дайындағанда қышқылды сыздықтатып суға құю керек.




  1. Құрғақ сілтілерді көлемі алдын ала есептелген суға біртіндеп қосып ерітеді.




  1. Сілтілік металдар ( литий, калий, натрий) өте активті заттар екенін есте ұстау керек. Бұл заттармен жұмыс істегенде ерекше сақтық қажет.




  1. Пайдаланылған қышқылдың немесе сілтінің қоспасы бар сұйықтықты құбырға құюға болмайды, ол үшін зертханада арнайы ыдыс болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет