Қазіргі мұғалім:
2.Қазіргі заманда әдебиетті оқытуда ұстаздар алдында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани санасын қалыптасытру, олардың әдебиетке құшарлығын ояту, әсемдікке баулу,шығармашылық қабілетін арттыру, ғылыми ізденістерге жетелу,ақыл—ойынсөздік қорын, тілін дамыту міндет қойылған.Әрине,мұны еліміздің егеменді мемлекет болуымен байланысты халқымыздың тілін, мәдени –рухани қазыналаарын жете меңгерген білімді,іскер ұрпақ қажеттілігінен де туындап отыр деп түсінген жөн. Әдеби шығармаларды өту барысында оқушыны творчестволық іскерлікке баулу, әртүрлі құбылыстарды, оқиғаларды ерекшеліктерді байқай білуге және олар жөнінде қорытынды жасай білуге үйрету танымдық тәрбиенің басты құралы деуге болады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде үш тілді білім беру моделін енгізудің өзектілігі мынада:
- бүгінгі қазақстандық қоғамда көптілді, көп мәдениетті тұлғаға деген сұраныстың артуы десекте өз ана тілін білу өскелең ұрпақтың міндеті
|
Өз жүйесінде Ы.Алтынсарин орыс тіліне үйретудің «аударма әдісі» дегенді қолданды. Бұл әдіс бойынша, шәкірт оқуда ана тілінде де, орыс тілінде де еркін ойлау міндеттерін шешіп отырады. Ол орыс тілі сабақтарында ана тілін жанама, қосалқы санауға қарсы болды, керісінше, ана тілінен жүргізілетін жазбаша және ауызша жұмыстарды жеке, дербес оқу жұмысы деп қарады.Сөз, сөйлем мағынасын екі тілде бірдей ұғыну, орысша да, қазақша да ойлай, сөйлей, жаза білу, сөздік жасау, жаттау, көркем тексті оқыту сияқты педагогикалық мәселені жемісті шешу үшін алдымен мүғалімнің өзі осы екі тілде сауатты сөйлеуі керек.
Ыбырай Алтынсарин мектебінің ерекшелігі: 1.Орыс тілінде оқылатын пәндерді ана тілінде түсіндіре отыра, орыс кітаптарын оқыту.2.Әр түрлі нәрселер мен заттардың орысша аттарын үйрету. 3.Орысша сөйлеуте үйрету. 4.Методикалық талдау. 5. Көркем жазу.
Заманауи мектеп ерекшелігі: Осы орайда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытуда негізігі 4 дағдыны осы Ы.Алтынсарин мектебінің бастамасы десекте болады: 1.тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну;
2.Айтылым дағдысы бойынша: белгілі бір тақырыпқа қатысты ойын білдіру.
3.Оқылым дағдысы бойынша: мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты ажырата білу;
4. Жазылым дағдысы бойынша: тақырыпты аша білуі; өз ойын сыни тұрғыда дәлелдеуі.
Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты білімі қажет. Қазіргі мұғалім:
Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
Білімді, іскер, шебер болу керек.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Бижанова Ғ.Қ. «Ыбырай танымының: кешегіс і мен бүгінгісі». – Арқалық, 2010.
Қадыржан Сейталиев. «Педагогика тарихы». «Білім» баспасы, 2008.
Әсет Ламашев. «Ыбырай Алтынсарнин» . – Алматы «Ана тілі», 1991.
Қоңыратбай Т.Ә. «Ыбырай Алтынсарин - 2». – 2009
Достарыңызбен бөлісу: |