VІ- VІІ ғасырларда
|
- 5 тайпа дулу құрамына жатады. Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан көп болған тайпа.VІ ғасырда Шу,Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді.Жетісудағы керуен жолдарының көп бөлігін бақылауда ұстады.
- VІІ ғасырда дулулардың құрамындағыТүргеш-Алаш чор ұлысы Іле өзенінің ортаңғы және төменгі аңғарларын мекендеген.
-VІІ ғасырда соңында түркілердіңҚытайға қарсы күресі түргеш тайпаларының күшеюіне әкелді.
|
Тайпалары
|
-Шу түргештері (Сары түркештер);
-Іле түргештері (Қара түркештер).
|
Астанасы
|
-Суяб- Шубойындағы үлкен ордасы;
- Күнгіт(Қойлық) –Іле бойында кіші ордасы. Бұл қалада және оның аймағында күнгіт тайпасы мекендеген.
|
Деректер
|
- «Күлтегін» жазба ескерткішінде Түргеш қағанатының өз алдына жеке билік құрған кезеңі туралы жазылған.
- «Тоныкөк» жазуында түркештердің жеке қағандық болып құрылуы туралы дерек айтылған.
- Әл Идриси –араб географы ХІІ ғ. «Түркеш» сөзінің мағынасы «нағыз түрік»деп жазған.
|
Мемлекеттің құрылуы
|
-VІІ ғасырдың басында (704 жылы)Түркеш қағанатының құрылуына жол ашқан оқиға Қытайлармен соғыста жеңіске жетуі.
-Түргештердің өз мемлекетін құру себептері: дербес мемлекеттілікті қайта өркендетуге ұмтылыс, Батыс Түрік қағандары билігінің әлсіреуі және сыртқы жаулардан қорғану қажеттілігі.
-Қағанаттың жағдайы құрылған кезінен бастап күрделі болды. Оңтүстік-батыста арабтармен, оңтүстік-шығыста Қытаймен, шығыста Шығыс Түрік қағанаты қауіп төндірді.
|
Атақты қағандары
|
-Түркеш қағанаты тарихындағы әйгілі билеушілер: Үшілік және Сұлық (Сұлу) қағандар. Олардың тұсында түргештер нығайып, Жетісудағы ең қуатты мемлекетке айналды.
|
Жер аумағы
|
-Орта Азияның оңтүстік шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан;
-Шығыс Түркістандағы Бес балық, Турфан қалаларына дейін.
|
Шаруашылығы
|
-Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы, жартылай отырықшы егіншілік.
|
Сауда
|
-Сауда дамуының басты себептері:Қағанат жерінің Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы.Суяб, Баласағұн, Тараз, Испиджаб сияқты қалалар әсер етті.
|
Теңге соғу
|
-704-766 жылдар арасында Таразда соғылған.
-Тараз қаласынан «Түргеш қағанның теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.
|