Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


тарау. Мектеп жасындағы баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуы



бет20/43
Дата16.04.2024
өлшемі223.64 Kb.
#498827
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

3. тарау. Мектеп жасындағы баланың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуы

В.И.Слободчиковтың өсу кезеңдерімен келіссек, бұл кезең тұлғаландыру деңгейіне жатады. Бірақ бұл әрине, толық бір «ғасыр». Бірінші сынып пен он бірінші сыныптың баласын салыстыра алмаймыз, біреуі – әлі сәби, екіншісі – ересек адам сияқты. Екеуінің де оқушы екендігіне қарамастан, өмірді түсіну деңгейлері әр түрлі. Тұлғаландырудың дәл осы деңгейінде бала өзінің «жаңа Менін» ашады, ішкі әлемінде көп өзгерістер болады.


Мектепке дейінгі кезеңнің соңында балада өзіне көңілі толмаушылық байқалады: өзінің сол кездегі жағдайы, жасаған іс-әрекеті, құрбыларымен, ересектермен қалыптасқан қарым-қатынастары. Ересек болуға ұмтылып, оқушы болуға ішкі дайындығы қалыптасады. Осылайша 7 жастағы баланың дағдарысы шешіледі.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың тек әлеуметтік байланысы ғана емес, ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынасы да өзгереді, жаңа іс-әрекет пайда болады. Ол өзін-өзі тану мүмкіншілігінің аясын кеңейтеді. Әр түрлі пәндерді оқи отырып, бала өзінің білімге қажеттілігін ғана қанағаттандырмай, басқа оқушылармен, ұстаздарымен жаңа қарым-қатынасқа түседі. Басқалардың бағасына сүйене отырып, ол өзін бағалауды үйренеді, өзінің қабілеті мен мүмкіншіліктерін, тек сабаққа байланысты ғана емес, табыстары мен сәтсіздіктеріне қорытынды жасайды; ұстаздарымен, ата-аналарымен, құрбыларымен бірге іс-әрекет жасайды.
Бастауыш мектеп жасының соңында іс-әрекетінің еркіндігі мен мінезінде рефлекс пайда болады, ол жеке тұлғаның өзін-өзі тануындағы екінші механизмі болып табылады.
Осылайша, баланың мектепке дейінгі кезеңінде пайда болатын сәйкестендіруге рефлекстік қабілет қосылады, ол өзін-өзі танудың мүмкіндігін кеңейтеді және жасөспірім болу кезеңіне дайындала бастайды. Өзін-өзі бағалау мүмкіндігі кеңейеді, «Мен» бейнесі қалыптасады. Саналы түрде өзін-өзі реттеуіне мүмкіншілік туады, өзінің қалауын түсінеді, сабаққа деген жаңа ынта, қызығушылық (немесе қызықпаушылық) пайда болады, бос уақытын дұрыс пайдалануына немесе өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі бекітуге арналған қосымша мүмкіндіктер пайда болады.
Өзін жаңа қырынан ашу – жасөспірім шақтағы ең күшті дағдарыстан шыққан кезде болады. Жыныстық дамудың әсерінен, ересек адамға тән сезімдердің пайда болуынан ішкі әлемінде көп өзгерістер болады. Өзіне, айналасындағы адамдарға деген қызуғышылығы арта түседі, ішкі қасиеттері мен сыртқы келбетіне көңіл аудара бастайды. Құрбыларымен қарым-қатынасын бірінші кезекке қояды. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Басқалардан қандай ерекшелігім бар?» – бұл жасөспірімдердің өздеріне жиі қоятын сұрақтары және оған өздері жауап беруге тырысады. Сонымен қатар, психологтардың айтуы бойынша, өзін-өзі тану бүгінімен байланысты, көпшілік жағдайда өзін-өзі танумен шектеледі және өзінің кейбір қабілеттері мен қасиеттерін тексереді. Өзі туралы толық мағұлмат, аздаған «Мен» тұжырымдамасы кейінірек қалыптасады.
Жайлы жағдайда, тек осы жас мөлшерінде өзінің «Менін» жаңа деңгейде аша отырып, жасөспірім бірінші рет өмірлік іс-әрекетінің субъектісі ғана емес, өзінің дамуының да субъектісі және өмірбаянының авторы болады. Бұл жаңалығын ол тексергісі келеді, «эксперимент» арқылы өзін-өзі бекітудің әр түрлі үлгілерін пайдаланады. Қазіргі заманғы психологияда жасөспірімдердің өзін-өзі тексеру үшін әр түрлі тәуекелге баратындығы жайлы нақты жазылған. Отандық психолог Б.М.Мастеровтың [36] классификациясынан мысал келтірейік:
тән қатері – бәрімізге жасөспірімдердің тән тәуекеліне байланысты – әр түрлі «ерліктері» белгілі: екінші қабаттан секіру, өзеннен малтып өту, түнде орманда жүру және т.б. (мұндай көзсіз ерліктің не қажеті бар?). Бұл жасөспірімге өте маңызды, оларға мақтаныш сезімін ұялатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет