Ii отырысы 2015 жылғы 26 қазан, Астана қаласы Отырыстың мақсаты



Дата25.02.2016
өлшемі26.84 Kb.
#25668
Баспасөз хабарламасы. Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің

II отырысы

2015 жылғы 26 қазан, Астана қаласы
Отырыстың мақсаты – қазақстандық біртектілік пен жалпыұлттық бірлікті нығайту мен дамытудың іргетасы ретінде отбасылық құндылықтарды сақтап, нығайту.

Іс-шара барысында «Қазақстандық біртектілікті қалыптастырудағы Аналар кеңесінің рөлі», «Жақсы отбасы - абыройлы азамат»: «Өзара қатынастар ілімі», «Ұрпақтар дағдарысы: үлкендердің, қатарластардың, жасы кішілердің қарым-қатынастары»» «Әйел денсаулығы – дені сау ұлт» мәселелері қаралып, шеберлік сабақтар өткізілді.

Іс-шара шеңберінде Кеңестердің бастамаларын, қызметінің негізгі бағыттары мен жетістіктерін көрсететін өңірлердегі Аналар кеңестерінің әлеуметтік жобаларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚХА жылы шеңберінде ұйымдастырған жастардың «Бірге өмір сүру» фестиваліне қатысу Кеңестің қорытындылаушы іс-шарасы болды.

Кеңес отырысының қорытындысында Кеңестер қызметін жетілдіру, жалпымемлекеттік міндеттерді іске асыруда олардың рөлін арттыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша практикалық ұсынымдар жасалды.

Кеңестердің мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен өзара қатынасын дамыту практикалық ұсынымдардың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.



Қатысушылар:

- Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары;

- ҚХА өңірлі Аналар кеңестерінің өкілдері;

- этномәдени бірлестіктердің өкілдері;

- отбасылық құндылықтарды сақтау, гендерлік саясат, ана мен баланы қорғау саласында маманданған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері;

- көп балалы аналар, отбасылық балалар үйлері және патронаттық отбасылар;

- БАҚ өкілдері.



Серіктестер:

- ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия;

- ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;

- ҚР Білім және ғылым министрлігі;

- ҚР Мәдениет және спорт министрлігі;

- Қазақстан халқы Ассамблеясының қоры.



Өзектілігі:

«Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» - 100 нақты қадам Ұлт жоспарының негізгі ережелерін тиімді іске асыру мақсатында, Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық біртектілікті нығайтып, тұтас азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін жағдай жасауға арналған «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыруға кірісті.

Кез келген халықтың арқауы отбасы болып табылады. Халықтың салт-дәстүрлері отбасында сақталып, өркендейді және ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Біздің қоғам дені сау, адамгершілігі зор ұрпақ тәрбиелеуге қабілетті рухани мықты отбасылардың көп болуына мүдделі. Міне, сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясы отбасылық құндылықтарды және дәстүрлерді жастар арасында ілгерілетуге маңызды мән береді. Қазақстандық отбасының болашағы көп жағдайда қазіргі ұрпақтың қандай отбасылық құндылықтарды бойларына сіңіргендеріне байланысты.

Күтілетін нәтижелер мен қорытындылар:

- Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының шеңберінде жалпықазақстандық бірлікті қалыптастыруға бағытталған саясатын іске асыруға Аналар кеңесінің рөлін жандандыру;

- ҚХА Аналар кеңестерін ҚХА-ның «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыруға тарту;

- неке мен отбасы құндылықтарын насихаттауда ҚХА Аналар кеңестерінің мәртебесі мен рөлін арттыру;



- ҚХА Аналар кеңестерін Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарымен өзара қатынасын нығайту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет