Іі-тарау. Фашистік диктатураның әлеуметтік және аграрлық саясаты


ІІ-ТАРАУ. ФАШИСТІК ДИКТАТУРАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК



бет2/3
Дата27.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#162676
1   2   3

ІІ-ТАРАУ. ФАШИСТІК ДИКТАТУРАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ САЯСАТЫ.

2.1. Фашистік диктатура кезіндегі жұмысшылар мен орта топтардың жағдайы.

1918-1923 жылдары елді дүр сілкіндірген революциялық шайқастар буржуазиялық құрылыстың біршама нығайған кезеңімен алмасты. Оңшыл социал-демократтар неміс жұмысшыларының көпшілігін Германияның алдынан экономикалық және саяси прогресс жолы ашылғанына сендіре білді. Олар рейхстагта социал-демократия позицияларының нығаюына байланысты соңғылар еңбекшілер мүдделерін елеулі дәрежеде қорғап, капиталистік қанауды шектей түседі деп пайымдады. Тап қайшылығының бәсеңдеуі туралы ауылшаруашылығы өндірісінің дамуы ықпал етті.

Көп ұзамай-ақ немістің бұрынғы жер иеленген князьдары революция кезінде өздерінен тартып алынған жерлердің, орманның, банктердің құнын қайтаруды талап етті. Бұл талаптар демократиялық топтар арасында терең ашу-ыза туғызды. СДПГ басшылары халық бұқарасының қысымымен референдум өткізуге келісуге мәжбүр болды. Оның барысында 14,5 млн. сайлаушы (барлық сайлаушының 38%-і) князьдердің жеке меншігін толығымен экспроприациялауды жақтап дауыс берді. Сөйтіп, референдум солшыл күштердің қимыл бірлігінің орасан зор мүмкіндіктері бар екенін көрсетті.

Экономикалық өрлеуді пайдаланған буржуазиялық партиялар дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс үшін кек алу идеясын ашықтан-ашық насихаттап, шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерін бағындырудың бірінші кезектегі жоспарын жасады. Социал-демократтардың жетекшілері Версаль шартының германияға қойған әр түрлі шектеулерін жою жолындағы күрес дегенді желеу етіп, монополиялардың милитаристік талпыныстарын қолдады.

1929 жылыдың аяғында басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Германияда едәуір күшке ие болды. Жұмыссыздық 4,5 миллион адамды қамтыды. Жалақы екі еседей азайды. Жұмысшылар ереуілдер мен демонстрациялар ұйымдастырып, өздерінің өмірлік мүделерін қорғап қалуға тырысты. Дағдарыстан қаланың орташа топтары, шаруалары қасірет шегіп, ұсақ саудагерлер мен кәсіпкерлер күйзеліске ұшырады.

Капиталистер дағдарыстың бар ауыртпалығын жұмысшы табының мойнына жүктеуге тырысты. Үкімет бірінші кезектегі кажетті заттарға салықты көбейтіп, пенсия мөлшерін азайтты, жасы 21 -ге жетпеген жұмыссыздарға берілетін жәрдемді жойды. Бұл шаралардың барлығы дерлік төтенше декреттер негізінде рехстагқа соқпай жүзеге асырылды.

Фашистік биліктің орнауы Германияның экономика жағынан терең дағдарысқа ұшырау кезімен түспа-түс келді. Сондықтан еңбекшілердің жағдайын көрсететін көптеген факторлардың мағынасы мүлде өзгеріп кетті. Мысалы, жұмыссыздардың көбеюі салдарынан еңбекакының аумалы-төкпелігіне орай жұмыссыздыкқа байланысты төленетін каржының мөлшері өзгерді және оны төлеу шарттары да қиындап кетті. Бұрынғы сақталынып жүрген жұмыс күнінің ұзақтығы өз мағынасын жойды. Жұмысшы кысқартылған жұмыс аптасынан да азап шекті, мұның өзі жұмыссыздықтың бір түрі болып табылды.

Жұмыс күшінің керексіздігі елде қара жұмыстың, яғни еңбек ақысы ешқандай келісім катынастарымен реттелмеген жұмыстың етек алуына әкеліп соқты.

Герман фашизміне тән нәрсе, жұмыс күші мәселесін шешу үшін мемлекеттік-монополистік реттеуді пайдалану. Фашистік биліктің 12 жылының - 4 жылы соғысқа жанталасып дайындалуға, 6 жылы соғысқа кетті. Фашизм өкімет басына келгеннен кейінгі бар уақытта да елдің экономикасы қалыпты жағдайда дамыған жоқ. Соғыс жұмысшылардың қанын сорған зор салықты талап етті. Фашизм тұсында жұмысшылардың өздерінің жұмыс күшін сатуы мүлде нашарлап кетті. Веймар Республикасының дәуірінде бұл біршама дүрыс түрде іске асырылған болатын. Фашистік өкімет жағдайды мүлде өзгертті. Таратылған кәсіподақтардың орнын басқан неміс еңбек майданы жұмысберушілер мен жұмысшылар арасындағы қатынасты реттеуді мүлде қолына алған жоқ. 1933 жылы майда шыққан заң бойынша провинциялық өкімет орындары ұсынған кандидаттардан ірі шаруашылық аудандарына «еңбек қамқоршылары» етіп бекітуге империялық канцлерге құқық берілді.

1934 жылы 20 қаңтарда үкімет «¥лттық еңбекті реттеу» жөніндегі заң шығарды. Осы жаңа заң бойынша жұмыс уақыты, еңбек ақының мөлшері, жұмысшыларды жалдау, жұмыстан шығару, айып мөлшерін белгілеудің бәрі өндірістің «көсемінің» қолына берілді. Фашистер жұмысшылар мен капиталистердің «әлеуметтік теңдігі» туралы идеяны кең түрде дамытты. Бұл жұмысшылардың өздерінің қожайындарымен «теңдікте» жүрміз деген елесін тудыру үшін пайдаланылды. Жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы жалғастырушы ретіндегі экономикалық аудандарда арнайы еңбек қамқоршыларын еңбек министрі тағайындады. Бұл «қамқоршылар» фашистердің көңілінен шығып, жұмысшылардың наразылығын бір сарынға бағыттап отырды. Олар ірі капиталистердің, солардың ұсынған адамынан тағайындалды. «Көсемдердің» басшылығымен өндірістерде «Сенімділердің кеңесі» құрылды. Оған кандидаттарды кәсіпкерлер нацистік партияның жергілікті өкілдерімен ақылдаса отырып ұсынатын болды. Егер «сенімділерді» жұмысшылар тағайындамаған жағдайда «еңбек қамқоршысы» ешбір дауысқа салусыз-ақ тағайындай алатын болды. «Кеңестің» өзіне берілген құқық — ол «еңбек қамқоршысына» өтініш жасай алатын болды. 1935 жылдан бастап «Сенімділер кеңесіне» сайлау жүргізілмейтін болды.

1933 жылғы мамырдан бастап «Неміс еңбек майданы құрылды», еңбек майданына мүшелік барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге міндеттендірілді. Бұл «майдан» іс жүзінде өндірістегі фашистер партиясының органы болды. Оның негізгі мақсаты: жұмысшыларды шовинистік рухта, басқа халықтарды жек көрушілікке тәрбиелеу болды. «Еңбек майданының» жанынан спорт, мәдениет, туристік үйірмелер құрылып, еңбекшілердің еңбегін фашизмнің мүддесіне пайдалану мақсатымен бақылап, пайдаланып отырды. 1938 жылы он сағаттық жұмыс күнін бекіткен заң шықты.

Еңбек жағдайын зерттейтін арнайы комитет құрылды. Бұл комитет өндірістегі еңбекті интенсивтендіру шараларын қарастырды. Еңбекшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету едәуір төмендеді. Фашистер шет елден сатып алатын күнделікті қолданылатын товар мен азық-түлік көлемін қысқартты. Бүкіл валюта стратегиялық заттарды сатып алуға жұмсалды.

Гитлершілер неміс жұмысшыларының алдында жұмыссыздыққа қарсы үлкен күрес жүргізіп жатқаны туралы аңызды кең таратты. Бірақ фашистік диктатура кезеңіндегі жұмыссыздықтың азаю себебі мүлде басқаша жағдайға байланысты еді:


  1. Фашистер өкімет басына келгенде ел экономикалық дағдарыстан өткен болатын. Германияның экономикасы біртіндеп көтерілді, жұмыссыздық та азайды.

  2. Фашистік Германиядағы жұмыссыздық 1933-1939 жылдары гитлершілердің жаңа соғысқа дайындалуына байланысты әскери өндірістің кеңейтілуімен азайды.

1935 жылы 26 маусымда 18 бен 25 жас арасындағы қыздар мен жігіттерге еңбек міндеткерлігін енгізді. Олар стратегиялық жолдар мен шекара бекіністерін салуға пайдаланылды. Сонымен қатар жастарды алғашқы әскери дайындыққа үйретті. Үш жүз мыңнан астам жұмыссыздарды гитлершілдер «ауыл шаруашылығы көмекшілері» ретінде юнкерлерге батрактар етіп берді. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында фашистер бүкіл Германияны еріксіз еңбек лагеріне айналдырды.

Фашистер жұмысшыларды белгілі бір өндіріс пен салаға бекіту мақсатымен бірнеше заңдар шығарды. 1934 жылы мамырда ауылшаруашылық жұмысшыларына басқа шаруашылық саласына ауысуға тиым салды. 1934 жылы желтоқсанда және 1936 жылы қарашада машина жасау және металлургия өндірісінің жұмысшыларына еріксіз еңбек туралы шара енгізілді. Бұл жұмысшы күштерін белгілі мақсатпен соғыс дайындығына жіберу үшін қажет болды.

1938 жылы 22 маусымда «Төрт жылдық жоспарды» іске асыру жөніндегі жұмыстың басы ретінде Геринг ерекше мемлекеттік-саяси тапсырманы орындап отырған жұмысшы күштерінің қажеттілігін өтеу туралы шешім қабылдады. Фашистік «еңбек бюросы» мен басқа ұйымдар кез-келген адамды жасына, жынысына, мамандығына қарамастан кез-келген ауданға, кез-келген жұмысқа жібере салуға шексіз құқыққа ие болды. Өйткені соғыс өнеркәсібі жаңа кадрларды талап ете бастады.

1935 жылы ақпанда 25 жасқа толмаған, жанұясы жоқ әйелдер бір жарым жыл емделу және балалар мекмесінде еңбек етпей тұрып басқа жұмысқа шығу құқығынан айырылды/38/. 1938 жылдан бастап барлық түрмедегілер мен лагердегілер де қамалу уақытына ешбір қарамастан еріксіз еңбекке тартылды. Қартайған жұмысшылар фашистік дәрігерлердің арнайы рұқсатынсыз жұмыс орнын тастап кетпейтін болды.

Буржуазияның және жұмысшылардың арасында аралық орын алған әлеуметтік топ дағдарыс кезеңінде фашистер алға қойған идеяға мойынүсынып, солардың негізгі базасын құрды, Фашизмді ертеден зерттеуші буржуазиялық либералистік ағым өкілі Ниринг: -Фашистік қозғалыстың тура ортасында өздерінің құрып кету қаупінен қорқып, өкіметтің билігін өзіне алу жолымен өздерін сақтап қалғысы келген саяси және әлеуметтік органдарын құруды көздеген орта топ түр - деп көрсетті/39/.

Өздерін елдің қожайынымыз деп есептеген кейбір орта топ өкілдері НСДАП өкімет басына келгендегі ұранмен өздерінше бағдарлама құрғысы келді. Ерекше белсенділік көрсеткен «Жауынгер одақ болды». Оған округ пен провинциялардың заказдарын бөліп отыру құқығы берілген еді. Осы құқықты іске асыру барысында мүлік қолөнершілер өндірісіне жіберілді, олардың қожайындары осы одақтың мүшесі болды. Одақ өндірістік-товар палатасының ісіне белсене араласты және үй өндіріс иелерін басшылықтан ығыстыра отырып жүзеге асырды.

1933 жылы 15 шілдедегі заңмен үкімет одақтық заказдардың бөлінуіне тиым салды. Сонымен бірге одақтық бар қолөнер ұйымдарын картелдендіру мен оларды бағаны көтеру құралы ретінде пайдалануын заңсыз деп жариялады. 1933 жылы 8 тамызда одақ таратылды. Бірақ одақ фашистік-социализмнің негізгі сүйегін құрап тұрған орта топты мүлде ескермей қалған жоқ. Белгілі бір дәрежеде орта топқа жеңілдік жасалған бірқатар заңдар жарық көрді Үкімет қолөнершілерді тыныштандыру мақсатымен 1933 жылы 12 мамырда заң қабылдады. Ол әмбебап дүкендерде жаңа қолөнер үйірмесін ашуға, завод лавкаларында, корпорацияларда өз бағасын қоюға тиым салды.

Сауда саласында қолданылған шараның бірі - 1933 жылы 12 мамырдағы заң негізінде жаңа сауда өндірісін ашуға тиым салынды. Осы заң бойынша бірінші қыркүйекке дейін осы уақытқа дейін болып келген сауда өндірісін кеңейтуге, дүкендердегі азық-түлік заттарын сатуды көбейтуге тиым салынды.

1934 жылы желтоқсанда арнайы декрет бойынша товарды өз бағасынан төмен бағаға сатқан адамдарды түрмеге жабуға немесе үлкен мөлшерде айып төлеу туралы бұйрық берілді. Заңдық ретпен көшеде сауда жасауға тиым салынды.

Фашистік үкімет 1933 жылы бірінші желтоқсаннан бастап мемлекеттік аппаратта Веймар республикасынан қалған адамдарды тазарту жүргізді. Бұл шара бойынша негізінен жұмыстан шығарылғандар мынадай топтар еді:



  1. Міндетті қызметін атқаруға арнайы білімі жоқ және қызметке 1918 жылы 9 қарашадан кейін келгендер.

  2. Шығу тегі арийлік еместер.

  3. Бұрынғы саяси қызметі кез-келген уақытта сөзсіз фашистік
    мемлекетке қызмет етуге күмәнді адамдар.

1935 жылы үлкен бюрократиялық машина - сословиелік басқарма құрылды. Неміс қолөнершілерінің империялық шбер басқарған сословиесі құрылып, оған қолөнершілер тобы мен неміс қолөнершілер партиясының одағы бағынды. Осы бюрократиялық жүйе шеңберінде қолөнерге қатысты бар мәселелер шешілді. Олар: заказ беру, шикізат әкелу, қолөнер заттарына баға қою, қолөнерші өндірістер қожайындары мен қызметкерлері мен оқушылары арасындағы шиеліністі шешті. Империялық топ құрамына он мың цехты біріктіріп отырған 52 империялық цехтық одақ енді/40/. Цех басында шеберлер отырды. Обер-шеберлер мен шеберлер көсемін жоғарыдан тағайындады.

Орта топтың негізгі бөлігі гитлершілердің ықпалында болды. Олардан фашистік партия, полиция мен әскери аппаратқа кадрлар дайындады. Мемлекеттік және коммуналдық мекемелерде чиновниктер саны 1933-1939 жылдары екі есеге өсіп, елдің бүкіл халқының 18,4 процентін құрады/41/.

Монополистік капитализмнің мемлекеттік-монополистік капитализмге үласу, монополия күштерінің мемлекет күштерімен қосылып, біртұтас механизм құруы жылдамдатылды, Мемлекет шаруашылықтың түрлі салаларының дамуын, сондай-ақ еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды реттеп отыруға тырысты. Монополияларға тиімді әскери заказдар, қарыздар, субсидиялар беріліп, салық жеңілдіктері жасалды. Мемлекеттік-монополистік капитализм әр елде әр түрлі жағдайда көрінді. Алайда мемлекеттік-монополистік капитализмге өту жүзеге асқан барлық жерде өндіріс пен капиталды шоғырландыру процесі күшейіп, монополиялардың езгісі ауырлай түсті.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан кейін басталған өнеркәсіптің жандануы әлсіздеу, әрі елеусіз болды. Германияда дегенмен үкімет пен монополиялар елдің экономикасын әскери жолға түсіру және сыртқы саясатта басқыншылық программасын жүзеге асыруға көшу жөнінде қабылдаған шараларының нәтижесінде біршама бәсеңдеген болатын. Германияда Бұл кезде монополистік буржуазия буржуазиялық демократиядан бас тарту жолына түсіп, фашистер тұрпатындағы ең реакцияшыл күштерді өкімет басына әкелді, сөйтіп ашық террорлық диктатура орнатты.

Германияда жұмысшылардың жағдайын күрт төмендеткен шаралар да жүргізілді. Гитлершілдер коллективтік шарттар жүйелерін жойып, фабрика-завод комитеттерін таратып жіберді. Жұмысшылардың жұмыс орынын ауыстыруына тиым салынып, кәсіпкерлер жұмысуақытын сағатқа дейін ұзартуға право алды. Бұл шаралар пролетариаттың әлеуметтік жеңістерін толығымен жойып, еріксіз жұмыс істеу жүйелерін орнатуға әкеп соқтырды. Жұмысшылардың жекелеген топтары үшін ынталандыру шаралары қарастырылды. Соғыс өндірісінің күрт өсуі жұмыссыздықты кемітті.

Монополияларды нығайту ұсақ және орташа кәсіпкерлерді жаппай күйзеліске ұшыратты. «Нәсілдік» тексеруден кейін олардың кейбіреулеріне мемлекеттік немесе партия аппаратынан пайдалы орындар берілді. Экономикалық өрлеуді пайдаланған буржуазиялық партиялар дүниежүзілік соғыстағы жеңіліс үшін кек алу ашықтан-ашық насихаттап, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріы бағындырудың бірінші кезектегі жоспарын жасады. Социал-демократтардың жетекшілері Версаль шартының Германияға қойған әр түрлі шектеулерін жою жолындағы күрес дегенді желеу етіп, монополиялардың милитаристік талпыныстарын қолдады.

Гитлершілдер кәсіподақтарды таратып, олардың орнына «Герман еңбек майданын» құрды. Жұмысшыларды Бұл ұйымға күштеп кіргізді. Жас аралығындағы жастар үшін екі жылдық еңбек ету міндеті енгізілді. Олар Бұл міндетті әскери лагерлерде өтеді де, бекініс, жол құрылыстарын және т.б. салумен шұғылданды. Еңбек лагерлерін құру жұмыссыздықты біршама қысқартып, гитлершілердің жастардың бір бөлігіне саяси ықпал етуін жеңілдете түсті.

«Бірыңғайлау», яғни «біркелкілік» орнату мақсатымен гитлерлік партиядан басқа партиялардың барлығы таратылды.



2.2. Фашистік үкіметтің аграрлық саясаты.

Гитлерлік үкіметтің аграрлық саясатына талдау жасағанда оның аз зерттелген мынадай мәселелеріне үлкен көңіл аудару қажет:



  1. Ауыл шаруашылығындағы кіріс, баға мен кредитті мемлекеттік-монополистік реттеу.

  1. Империялық азық-түлік сословиесі туралы мәселе.

3. «Мұрагерлік шаруашылық» және «Шығысқа қоныс тебу» мәселесі. Ауыл шаруашылығын мемлекеттің араласуымен реттеу Германияға жаңа нәрсе емес еді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде елде әскери-экономикалық моблизация жасағанда ауыл шаруашылығы аса қатал есепке алынып, еңбек салығы салынған болатын.

Гитлердің 1933 жылы 30 қаңтарда құрған үкіметі ұзақ уақытқа дейін экономикалық саясаттың басты бағыттары мен әдістері туралы ортақ бір пікірге келе алмады. Үкімет мәлімдемесінде үш басты міндет көрсетілді:



  1. Шаруашылықтағы дағдарысты жою.

  2. Жұмыссыздықты реттеу.

  3. Ауыл шаруашылығының өркендеуіне қол жеткізу.

1933 жылғы 15 шілдедегі шаруашылықты шоғырландыру жөніндегі заң осы саясаттың жүзеге асуына негіз салды. Осы заң бойынша былай делінген екен: рынокты ретке келтіру мақсатында экономика министрі жекелеген өндірістерді синдикаттарға, картель, конвенцияға немесе осыларға ұқсас ұйымдарға біріктіруге қүқығы бар. Шаруашылық министрі сол ұйымның мүшесінің қүқығы мен міндеткерліктерін реттеуге және ұйымға біріккен жағдайда өндірістің мүшелерінің құқығын реттейді және жоғарыға өзгеріс енгізу тек министрдің келісімімен жүзеге асырылады. Бұл заң гитлерлік фашизмнің тастай қатқан тәртібін жүзеге асырады.

1933 жылғы 20 шілдедегі фашистік үкіметтің шешімімен сүт пен сүт өнімдерін реттеуді күшейтті. Барлық сүт өндіретін шаруашылықтар «Бас сүт өндірісінің ұйымына» бірікті. Сүт өнімдері ұлтшыл-әкімшілік праволық функцияларға бөлінген нацистік ұйымның экономика саласындағы көрінісі болды. Бүйрықты орындамағаны үшін мың марка көлемінде айыппүл салынды. 1933 жылғы 13 қазандағы империялық азық-түлік және ауылшаруашылық министрінің нүсқауында:- Бұл одақтар сүттің саны мен сапасын, апарылатын орынын, қайта өңдеу мен оны пайдалануды анықтайды - деп көрсетілді/42/.

1934 жылы 24 маусымда: «Түқымдық шаруашылықты реттеу жөніндегі заң» шығарылып, елде 19 аймақтық одақ құрылып, оған ірі жер иеленушілер мен кооператив, дирменшілер мен жем заводтарының иегерлері қамтылды.

1934 жылы 1 қазанда нан өнімдерін алатын түқым себудің көлемін азайту мен оның қатал нормасын белгіледі. Шаруаларға егер жақсы астық жиналса, олардан белгілі мөлшерде ғана астық алынады деп ескертілді, яғни шаруаларға нанның белгілі бір мөлшері ғана берілді, олар белгіленген норманы ғана сата алды, өндірістің көлемі үлғайған жағдайда ғана сатуға рүқсат беріліп, оған қосымша қосылып отырды.

1934 жылғы 23 наурыздағы заң бойынша мал шаруашылығын дамытуды реттеу жүзеге аса бастады: шаруалар мен кооперативтер заводтары екінші жағынан одақтарға бірікті. Бұл одақ белгілі стандарттың сақталуын қадағалап, осы өнімдерге сататын, кіретін бағаны белгілеп,рынокты ұйымдастыруға заң шығаруға тиіс болды.

Гитлерлік мемлекеттің ауылшаруашылық товарларын өндірудегі шараларының бірі 1933 жылғы 23 наурыздағы «Май монополиялары туралы заң» болды. Онда:



  1. Германияның өзінде шығарылған май өнімдерін пайдалануды үлғайту көзделді.

  2. Майды еркін сатуға тиым салынды.

3. Майды шет елден әкелуге тиым салынды.

1934-1936 жылдары ауылшаруашылығының салаларын картелдендіру жүргізіліп, сонымен қатар мемлекеттік монополистік реттеу жүйесі жүзеге асырылды. 1935 жылы көктемде картелдендіруге балық аулау және балық өнімдерін өңдеу өндірістері де қамтылды. 1954 жылы 1 желтоқсанда экономика министрінің бүйрығы бойынша ет өндірісінің империялық тобына үш ірі акционерлік қоғам енгізілді:



  1. Ет өндірісінің одағы (Берлин)

  2. Май өндірушілердің одағы (Касиль)

  3. Бүкіл германиялық май өнімдері одағы (Берлин)

Империялық одақтың спирт өнімдері өндірісінің фюрері болып

юнкер, ірі арақ, спирт заводының иесі, НСДАП пен СС мүшесі Рихтер бекітілді/43/.

Ауылшаруашылық саудасы да еріксіз орталықтандырылды. Империялық одақ ауылшаруашылық саудасын жеті экономикалық-территориялық топқа бөлді:


  1. «Оңтүстік» - бавария, Вюртемберг, Баден, Гессен кірді.

  2. «Шығыс» - Шығыс және Батыс Пруссия кірді.

  3. «Батыс» - Рейн облысы мен Весфалия кірді.

  1. «Солтүстік-Батыс» - Ганновер, Брауншвейг, Гамбург, Бремен, Везер-Эльс, Альденберг, Мюнстер, Магдебург кірді.

  1. «Орталық-солтүстік» - Бранденбург пен Мекленбург.

  2. «Орталық-оңтүстік» - Саксония.

  3. «Оңтүстік-шығыс» - Силезия.

Бұл берілген схема фашистік диктатураның жанөжақты бюрократиялық реттеуге жанталасқанын ашық көрсетеді.

Күзде, негізінен ұсақ және орта шаруалар астығын өткізген кезде астықтың бағасы төменгі дәрежеде түрды, ал қыс пен көктемде ірі қожайындар нан әкеле бастаған кезде баға тез өсіп кетіп отырды. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының арасындағы қайшылық шаруаларды әбден күйзелтіп, шегіне жеткізді.

Қарыз беруші ұйымдар мен шаруалар арасындағы өзара қатынас 1933 жылы маусымда шыққан «шаруашылық қарыздарын реттеу заңы» бойынша анықталды:


  1. банкирлер мен шаруа арасындағы келісім нәтижесінде 1931 жылы финанстық құлдырауға дейінгі қарызды төлеу 4-4,5 процент төмендеді.

  2. Егер екі жақта өз еріктерімен келісе алмаса, соттың шешімімен 50 процентке дейін төмендеді.

  3. Қарызды өтеу есебіне жерінің бір бөлігін беру арқылы да есеп айырысу қаралды/44/.

Фашистік мемлекет алғашқы жылдары бір жағынан банктер, акционерлік қоғамдар мен ірі жер иеленушілерге мемлекеттік кепілдіктер берді, екінші жағынан ұсақ жер иеленушілерге - қоныс аударғандарға қарыз берілді.

Осы шараларды күшке енгізу арқылы фашистік режим деревнядағы әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы өз позициясын арттыруға тырысты. Жалпы алғанда аграрлық кредит ірі капиталистік шаруашылықтың финанстық жағынан күшеюіне бағытталды.

Гитлерлік мемлекет астық, түқымды әкелуге де салық салды. Ставка 1,5-2 есеге дейін көтерілді. Тек, 1935 жылы ғана жем өнімдерін әкелуді 74 процентке қысқартты.

1937 жылы Германияда астық пен жемді әкелу мүлде тоқталды. Бірақ соғысқа эзірлік астық өнімдерін шеттен әкелуді кең көлемде үлғайтуды талап етті. Соңғы жылдары фашистік үкімет герман өндірісінің товарларын шет елдерге айырбас жасауға мүмкіндік тудырды. Келісім бойынша Финлияндия, Югославия, Полыца, Норвегия, Швеция Германияның өндірістік бұйымдарын сатып алып, оны кеңейтуге мүмкіндік алды. Өндірістік және финанстық капитал әсіресе ауыл шаруашылық өнімдерін материалдық-техникалық жағынан жабдықтау саласын өзіне қаратып алды.

Фашистердің еңбегін бағалай келіп, соғыс қарсаңында Крупптың концерніндегі бюллетень былай деп жазды: «Гитлерлік үкіметтің аграрлық саясаты ауылшаруашылық машина құрылысына ерекше тыныс берді. Іште де сыртта да сүраныс көбеюде. Жаңа шетелдік рыноктың ашылуына байланысты да мүмкіндіктер көбейді»/45/.

Капиталистік қатынастарға қолының ұшын тигізбей-ақ фашистік реттеуді жүргізу арқылы үкімет деревнялардағы үстемдігін күшейту мақсатында империялық азық-түлік сословиесі аппаратын құрды. 1933 жылы 13 қыркүйекте үкімет империялық азық-түлік сословиесін құру туралы заң шығарды. Бұл сословиеге бау-бақша, балық аулау, аңшылар, сонымен бірге ауылшаруашылық жұмысшылары, кооперативтер, сауда мен қайта өңдеушілер өндірістері енді.

Заң бойынша:

«Өндірісті реттеу үшін азық-түлік пен шаруашылық министрі империалистік сословие мүшелерін, басқа да өндіріс пен ұйымның, ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін өндірістерді біріктіруге немесе осыған үқсас дәрежеде бір-біріне қосуға қүқы бар»-деп көрсетілді/46/.

Фашистік үкімет осындай заңдар арқылы ауыл шаруашылығына мемлекеттік басшылықты бекітті.


  1. 1933 жылғы 8 желтоқсандағы шешім бойынша бұл сословиеге барлық жер иеленушілер, арендаторлар, орман, жайлым, су қоймаларының қожайындары енгізілді.

  2. 1934 жылы 15 қаңтар ауылшаруашылық кооперативтері, деревня қауымдары ұжымдарымен осы ұйымның мүшесі деп жарияланды.

  1. 1934 жылы ақпанда сауда мен өңдеуші өндіріс иелері біріктірілді.

  2. 1935 жылы 4 ақпан орталықтандырылған система деп есеп беріліп, сословие құру аяқталды деп көрсетілді. Барлығы Бұл системаға 12 млн-ға жуық адам қамтылды.

1934 жылы 13 ақпанда Гитлер үкіметіне өндірушілер одағының берген есебінде: «Біріктірудің мақсаты - өндірісті шикізатпен қамтамасыз ету, өндірістік және техникалық сұранысты шешу, банк, кредит мәселесін реттеу, елдің ішінде және шет елде кедендегі істі жүзеге асыру, сауда саясатын, үгіт, реклама картелдендіру ісі мен салық мәселесін шешуге бағытталды»- деп көрсетті.

Империялық староста Майнбергтің басқаруымен әкімшілік басқармасы азық-түлік сословиесінің аппараттарын, өзінен төменгі аппараттарын 5 бөлімге бөлді: Ішкі бөлім, кадр, финанс, баспасөз бөлімдері және шаруа қауымдарын бағалайтын бөлімдер. Бос жерлерді өңдеу мен батпақты жерлерді кептіру арқылы жер мәселесін шешуде ештеңе шықпағасын үкімет 1935 жылы «жеке меншік жерлерді мемлекетқорына сатып алу туралы заң» шығарды. Соның нәтижесінде біршама қор жиналып, жердің 27,1 проценті жекеленген жер иеленушілерден алынды. 1937 жылы берілген есеп бойынша Германияда мемлекет қарамағына 55,68 мың га. жер тиді.

Мемлекеттің қазынасына қор жинау мақсатымен мемлекет өзінде бар жерлерді арендаға бере бастады. 1937 жылы Германияда осы жердің 81 проценті арендаторлар қолына тиді.

Мемлекеттік реттеу саясатына арендалық қатынастар да енді. 1933 жылы 22 сэуірде «Арендаторларды қорғау» жөніндегі заң шықты.

Көптеген арендаторлар мүны ұсақ шаруашылықтарды қолдауға бағытталған шара деп қабылдады. Бастапқыда Бұл заң шынында да солай болғанымен, кейін Бұл қарама-қайшы сипат ала бастады. Егер алғашқы кезде ұсақ арендаторлар белгілі бір уақыт ішінде арендалық келісімді қайта жасауға қарсылық білдіруге немесе оны тез арада бұзуға мүмкіндігі болса, енді ол құқықтан да айрылды.

Империялық сословие деревнядағы әлеуметтік қайшылықты шеше алмады. Оны элсіретіп қоймай, бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. Енді күрес тек әрбір гектар үшін ғана емес, нацистік жоғары жаққа әсер ету үшін де басталды. Ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік монополия капитализмге тэуелді болып, оны деревнялардағы көптеген әлеуметтік — экономикалық жағдайларға әкеліп тіреді. Осы уақытқа дейін әрең-әрең күнін көріп отырған ұсақ шаруашылықтар енді мүлде өзінің қожайындарын қамтамасыз ете алмай қалды. Орта шаруашылықтар зорға өнім шығарып отырды. Тек ірі кпиталистік шаруашылық жан-жақты мемлекеттің көмек беруі арқасында өндірістегі жағдайды үхтап түрды.

1933 жылы қыркүйекте деревнялардағы фашизмге қажет әлеуметтік құрылыстың негізін салуға бағытталған және үлкен үгіттік мәні бар «Мұрагерлік шаруашылықтар туралы заң» жарияланды.

1933 жылы қыркүйекте газеттер: «Неміс шаруаларының гүлдену кезеңі басталды. Национал-социалистер оларға мұрагерлік алулар заңын сыйлады»-деп жазды. Заңның мақсатында: «Үкімет ескі Герман дәстүрін жалғастыру үшін жеке шаруаларды неміс жолының дерегі ретінде сақтауға тырысады. Шаруа ауласы қарыз бен бөлшектенуден қорғануы керек»-деп көрсетті. Мұрагерлік алудың мөлшері 7,5 гектардан 125 гектарға дейін көрсетілді/47/. Шаруа ауласы ол өлгеннен кейін бөлінбей, бүрынғыдай мұрагерлікке қалдырылды. Мұрагерлік шаруашылық ер адамның түқым қуалаушылығымен жүргізілді. Әйелдер Бұл тізімнен мүлде шығарылды. Егер мұрагер біреу болмаса, онда мүлік үлкен ұлына берілді. Ал қалған жас балалар кәмілеттік жасқа толғасын «Мұрагерлік ауланы» тастап кетуге тиіс болды. «Мұрагерлік аула» жер және мұрагерлік үшін салынған салықтан босатылды. 1939 жылы 689 000 «Мұрагерлік аула» құрылды. Мұрагерлік шаруашылықтарды аяғынан түрғызу мемлекеттік кредит жолымен жүзеге асты. Оған бас кредитор ретінде мемлекеттік банк бөлінді. Оның басшылығымен басқа да аграрлық кредит ұйымдарына да заем беру жүзеге асты.

Мұрагерлік шаруашылық бірінші кезекте ауылшаруашылық техникасы мен тыңайтқыш, түқыммен жабдықталды.

Мұрагерлік шаруашылық негізінен аграрлық азық-түлікпен жабдықтау көзі болды. Шаруашылық саны көбейген сайын соғүрлым сауда да көбейе түсті.

Германияның аграрлық саясатында үлкен орын алған мәселе — шығысқа қоныс тебу. Елдің шығыс аудандарына қоныс тебу «Кеңістік үшін» күрестің негізі деп саналды. Шығысқа қоныс тебу саясатын фашистер демагогиялық мақсатпен, яғни жері аз, жері жоқ шаруалардың наразылығын болдырмау үшін пайдаланды.

1933 жылы 14 шілдеде «Неміс шаруашылықтарын жандандыру туралы заң» бойынша осы саясатты жүзеге асырды. Онда қоныс тебу мақсаты: - «Жас адамдарды жерге бекіту, неміс ұлтының өміршілдік негізін сақтау және нығайту» - деп көрсетілді.

Қоныс тебушілерге Пруссия банктері белгілі мөлшерде қарыз беріп отырды. Қарыз мөлшері шаруашылық көлеміне қарай бөлінді. Жер қорының қайнар көзі - жекешеленген иеліктер - 540 га, мемлектеттік -79 000 га, батпақ пен бос жерлерді игеру -19 000 га болды.

Қоныс тебу қоры жеке иеленушілерден сатып алынған жердің бір бөлігін алып жатты. Осындай аса үлкен жоспарға қарамастан бұл шаралар онша мэз болатындай нәтижеге жете алмады. Жыл өткен сайын Бұл азая берді де, ал 1939 жылы 6 есеге төмендеп кетті. Нацистердің деревнядағы өзінің билігін нығайту жолындағы жүргізген шаралары орасан зор. Еңбекші шаруалар мен ауылшаруашылық пролетариатын қанауды күшейте отырып, фашистік режим оларды қамқорлыққа алып отырған түр көрсетті. Аз ғана қарыз беру мен жерді ұсак бөліктерге бөлу арқылы фашизм деревняның әлеуметтік топтарының күресін басқа жақка бұру үшін жанталасып бақты.

Деревняның саяси өмірінде «Шаруа қоғамының» орыны ерекше болды. Германияның территориясы 22 «Шаруа қоғамына» бөлінді.

Жер қауымдастыктары өз кезегінде 516 аймақтық , 55 000 жергілікті ұйымдарға бөлінді. Бұл шаруа ұйымдарына НСДАП- тың аграрлық саяси бөлімі басшылық жасады.

Шаруалар, арендаторлар, аула мұрагерлері фашисттік диктатураның үстемдігін орнатудағы тікелей қолшоқпарына айналды. Деревняның негізгі бұқарасы ірі шаруа иеліктерінің қожайындары мен капиталистер режиміне белсене қызмет етті.

Гитлер бірнеше рет мәлімдеме жасап: «біздің көптеген тіршілігіміз қазіргі уақытта село мен қала тұрғындары арасындағы қатыстарды жөндеуге бағытталды. ¥сақ және орта шаруа қалдықтары әр уақытта да әлеуметтік аурулардан қорғаушы болып қалады» - деді.

Көптеген шаруалар мен ауылшаруашылық жұмысшылары терең де, ашык түрде өздерінің осы режимге наразылығын білдіріп отырды. Наразылық белгілері Гитлер үкіметінің шараларын сынға алумен ғана емес, антифашистік күресті қолдаудан да айқын көрінді.

Гитлершілердің аграрлық саясаты ірі помещиктік жер иелері мен деревня буржуазиясын шексіз қолдады. «Мұрагерлік аула» туралы заң үлкен ұлына мұра больш қалатын орташа және ірі щаруалар шаруашылықтарын сатуға немесе бөлшектеуге тиым салды. Село байлары фашистердің берік тірегіне айналды. Олар жерсіз қалған шаруаларға Германия Шығыстан «тіршілік алаңын» жеңіп алғанда жер бөліп береміз деп дәмелендірді. Гитлершілдер неміс халқына өздерінің материалдық жағдайын тек ұлтшыл-социалистер партиясы ғана түбегейлі жақсарта алады деп уағыздады. Бірақ мұның өзі Россия, Украина, Прибалтика, және т.б. Германиядан шығыста орналасқан елдер оның отанына айналғаннан кейін ғана мүмкін болатын еді.

Нәсілшілдіктің, милитаризм мен антикоммунизмнің сандырақ идеялары көптеген немістердің, әсіресе жастардың сана сезімін уландырды. Олардың едәуір бөлігі «Гитлерлік жастар», «Жас ұлт», «Неміс қыздарының одағы» және басқа ұйымдарға кіріп, фашистердің мораль мен ар-ұяттың мәнсіздігі, «ұлы рейхтың» мүдделеріне орай зорлық-зомбылықтың кез келген түрін жасауға болатыны туралы «теориясын» бойларына сіңірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет