Ііі. Есептің программасы


б) Жеке тапсырмалар:  (Екі өлшемді массив үшін)



Pdf көрінісі
бет89/150
Дата02.01.2022
өлшемі1.13 Mb.
#452610
түріПрограмма
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   150
Әдістемелік нұсқау

б) Жеке тапсырмалар:  (Екі өлшемді массив үшін) 
 
1)  Екі  өлшемді  массив  берілген.  Осы  массивтегі  ең  кіші  элементті  табуып, 
оның  реттік  номерін  анықтау  керек.  Егер  олар  бірнешеу  болса,  олардың 
реттік номерін әрқайсысы үшін анықтау қажет.  
2)  Екі  өлшемді  массивтің  бағандары  бойынша  элементтерінің  қосындысын 
анықтайтын программа құрыңыз. 
3)  Студенттердің  8-ші  семестрдегі  5  түрлі  пән  бойынша    алған  бағалары 
берілген. Студенттердің үлгерімін анықтайтын программа жазыңыз. 
4)  Екі  өлшемді  квадрат  массив  берілген.  Оның  бас  диогоналының  
элементтерінің қосындысын экранға шығаратын программа жазыңыз. 
5)  Екі өлшемді квадрат массив берілген. Оның элементтерін спираль бойымен 
шығаратын программа құрыңыз. 
6)  Екі  өлшемді  квадрат  массив  берілген.  Осы  матрицаның  анықтауышын 
табатын программа құрыңыз. 
7)   Екі  өлшемді  квадрат  массив  берілген.  Оның  бас  диогоналының  үстінде 
орналасқан элементтерінің қосындысын есептейтін программа құру керек. 
8)  Енгізілген матрица сиқырлы шаршы болуын тексеретін программа құрыңыз. 
9)  Екі  өлшемді  екі  массив  берілген.  Осы  екі  массивтің  элементтерінің 
қосындысын экранға шығаратын программа құрыңыз. 
10)  Бензин  құятын  жерде  бензиннің  үш  түрі  бар.    Үш  күн  бойы  сатылған 
бензин  мөлшері  литрмен  берілген.    Бензиннің  қай  түріне  сұраным  көп 
екенін анықтайтын программа құрыңыз.     
11) 
Бастауыш сыныптың оқушылары сыныптары бойынша бой – бойымен 
сапқа  тұрғызылған.    Әрбір  сынып  бойынша  оқушылардың  орташа  бой 
көрсеткішін анықтайтын программа жазыңыздар.  
12) 
Квадрат матрицаның элементтерінің қосындысы максималды болатын 
жолының номерін көрсететін программа жазыңыз. 
13) 
Екі  өлшемді    массив  берілген.  Осы  матрицаның  төрт  бұрышындағы 
элементтердің қосындысын есептейтін программа жазыңыз. 
14) 
Үш  дүкенде  бұйымдардың  төрт  түрі  бойынша  бір  күнде  түскен  пайда 
берілген. Әрбір дүкен бойынша қайсы бұйым жақсы өткенін анықтау қажет.   
15) 
0,  1  және  2  -  ден  бөтен  әртүрлі  сандардан  тұратын  квадрат  массив 
берілген. Оның бас диогоналдарының элементтерін 0 – ге,  бас диогоналдың 


191 
 
үстінде  тұрған  элементтерді  1  –ге,  ал  бас  диогоналдың  астында  орналасқан 
элементтерді 2 – ге ауыстыратын программа құру керек. 
16) 
Оқушылар  үш  қатарлы  сапқа  тұрғызылған.  Жұп  позицияда  тұрған 
оқушылар  0 – мен, ал  тақ  позицияда  тұрған оқушылар 1 – мен белгіленген. 
Тақ позицияда тұрған оқушыларды экранға шығаратын программа жазыңыз. 
17) 
Оқушылар  бой  көрсеткішінен  тәуелсіз  екі  қатарлы  сапқа  сапқа 
тұрғызылды.    Мұғалім  бұйрығымен  бірінші  қатарға  екінші  қатар  жалғасып 
тұрғызылады.  Сол  кезде  пайда  болған  бір  қатарды  экранға  шығаратын 
программа құрыңыз.  
18) 
Оқушылар  бір  қатарлы  сапқа  тұрғызылған.  Жұп  позицияда  тұрған 
оқушылар  0 – мен, ал  тақ  позицияда  тұрған оқушылар 1 – мен белгіленген. 
Жұп  позицияда  тұрған  оқушыларды  экранға  шығаратын  программа 
жазыңыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   150




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет