Сәйкестендіріңіз( 2 )
Мемлекет
|
Аргумент
|
1.Франция
|
А. Қоқыс жинаушыларға қолақы күнбе-күн төленеді
|
2.Қытай
|
В. Қоқыс тазалаушы – беделді әрі жалақысы жоғары мамандық
|
3.Түркия
|
С. Әр қалдықтың өзіне тиесілі түсті пакеттері болады
|
4.Жапония
|
Д. Қоқыстарды парализ әдісімен өте жоғары температурада күйдіреді
|
2. Мәтінде айтылған дұрыс мәліметті анықта( 1)
А.Францияда қоқыспен күресуде қоқыс өртейтін кешенді зауыттар мүлдем жоқ
В.Жапондықтар қоқысты іріктеу, реттеу жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды.
С. Түркияда қоқысты жинау қызметі бір күнді тек бір қоқыс түріне арнайды.
3.Сұрақтарға жауап бер (2):
1.Мәтін мазмұны бойынша қандай елдерге қалдықтарды өртеуге рұқсат берілген және олар қандай әдісті қолданады?
2.Түркия елінде тазалыққа жауапты қызметкерлер үшін қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?
II.Оқылым
КСРО ядролық стратегиялық объектісі болған бұл полигонда ядролық және термоядролық жарылыстар жасалып, соның әсерінен Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын адамдар азап шегіп, бірі мүгедек болып қалса, екіншісі, айықпас дертке шалдықты.
40 жылға созылған бұл жарлыстардың зардабы ұшан-теңіз. Алғашқы сынақ ретінде жарылыс болған жерлерде қалдырылғандардың өмірі ұзаққа созылмады. Белгісіз ауруларға ұшырап, азаппен қайтыс болғандардың қатары көбейе түсті. Радиацияның кесірінен дүниеге келгендер генетикалық мутацияға (түрдің, кескін-кейіптің өзгеруі) ұшырады. Ғалымдардың пайымдауынша, әрбір мың дүниеге келетін баланың 48-і кемтар болып туған. Дүние есігін ашқан мың баланың 100-і тумай жатып шетінеді. Аяқ-қолсыз туғандар мен ақыл-есінің кем болғандардың, анемияға, аллергиялық, созылмалы ауруларға ұшырағандардың саны артты. Обырмен ауырғандардың да қатары өсті. Бұл қасірет әлі де өз зардабын тартқызуда. Сал, мешел, қолсыз, аяқсыз, таңдайсыз болып өмірге келу Семей аймағындағы тұрғындарға тән құбылысқа айналды.
1992 жылғы 18 желтоқсанда Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Заң қабылданды. 21баптан тұратын бұл заңда ұзақ уақыт ядролық сынақтар жүргізудің салдарынан зардап шеккен азаматтарды қорғау, оларға өтемдер, жеңілдiк беру, аумақты әлеуметтiк-экономикалық дамыту жөніндегi шаралары айқындалды.
Олжас Сүлейменов «Невада-Семей» козғалысын өрістетудегі еңбегі арқылы әлемге әйгілі болды. Әлемдік мәні бар мәселелерді азаматтык рухы биік азаматтар ғана арқалары айқын. Олжас Сүлейменовтың өткір жанарынан тыс қалмаған нәрсе - Семей полигонында өткізілген сынақтар мен жергілікті халыктың одан тарткан зардаптары еді. Ақын ядролық қаруды сынауға қарсылықты әлемдік деңгейге көтерді. Олжас Сүлейменов бастаған қозғалыстың әсерінен Семейдегі полигон жабылды. Әлемді ядролық қару зардабынан кұтқару туралы әлемдік қозғалыс құруға Елбасымыз да назар аударды. Бұдан шығатын қорытынды: ақын да, басшы да елдің, жердің, ұрпақтың болашағын ойлап, ядролық апаттан әлемді сақтандырды.
Достарыңызбен бөлісу: |