Ата — аналар жиналысының шешімі:
Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
Бала үшін ата-ана тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
Ата-ана баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.
Ата-ана баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар).
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына кеңес:
Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |