Илек өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



бет3/3
Дата17.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#205661
1   2   3

7-тарау. Илекті өңдеу
64. Илекті сорттау, маркілеу, қаптау және түзеу:

1) иленген металды сорттау, маркілеу және қаптау механикаландырып, әдетте, ағынды линияларда жасалынады;

2) жаңадан салынған және қайта жөндеуден өткен цехтарда қаңылтырды сорттау автоматтандырылады.

Вагонға штабельдеу және тиеу бойынша барлық операциялар механикаландырылады;

3) түзету машинасына металды жіберу және оны жинау механикаландырылады;

4) түзелетін металдың түзету машинасының рольгангі немесе конвейері жағына қарай шығып кетуін болдырмау үшін олардың борттары болады;

5) валдардың ауыздығын жабуға арналған кіріспе желілер болмаған жағдайда, түзету машинасының валдарының алдында қорғаныс қалқандары орналасады.

Түзету машиналарында консоль типті роликтер болған кезде, машинаның өн бойында қоршау орнатылады;

6) металды маркілеуге арналған бояуды дайындап және сақтау оқшауланған орынжайда жасалынады.

65. Илеудің бетіндегі кемшіліктерді жою:

1) илеудің бетіндегі кемшіліктерді жою (блюмдер, слябтер, дайындамалар мен дайын өнім) автоматты және дистанциялы басқарылатын отпен тазалау машиналары, сондай-ақ ағында немесе оның тарамдарында орналасқан агрегаттар арқылы жүзеге асырылады.

Отпен тазалау машиналары мен агрегаттарда металл, күйдірме, ұшқынның ұшып түсуін болдырмайтын жаппа болады, сондай-ақ олар пайда болған газдар мен шаңды шығаруға арналған сорғыш желдеткіштермен жабдықталады.

Жергілікті сорғыштар тазалау процесі басталғанға дейін автоматты түрде іске қосылады. Жаппалар машинаның, агрегаттың жіберу қондырғысымен өзара одақталған болады.

Құрамында шаң мен зиянды заттары бар, жергілікті сорғыштар арқылы жойылатын ауа, атмосфераға шығарылуға дейін тазаланып, санитарлық нормаларға сәйкестендіріледі;

2) отпен тазалау машиналарын пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі;

3) металды алюминий-магниттік ұнтақ қолданып тазалау, сорғыш желдеткіші бар камерада жасалады. Камераның, балқытылған шлактың жұмысшыға тиюін болдырмайтын қорғаныс құралдары болады;

4) металды тиеу, жиектеу, оны қондырғыдан босату, сондай-ақ, шлакты жою механикаландырылады;

5) флюсті қоректендіргіш, жарылыс кезінде жарылыс толқынына төзімді болатын, күтуге қауіпсіз, герметикалық камерада орналастырылады. Флюсті қоректендіргіштің бункері қақпақпен жабылады.

Камера есігінің ашылуы мен жабылуы кезінде ұшқын шықпайды;

6) флюсті қоректендіргіш тұрған камераның едені ұшқын шығармайтындай болады.

Жұмысқа қолданылатын инструменттер түсті металл немесе ағаштан жасалынады.

Камераны жарықтандыру үшін жарылыс қауіпсіз етіп жасалған шамшырақтар мен аппаратура қолданылады;

7) металды алюминий-магниттік ұнтақ қолданып тазалау қондырғысында, кері екпін кезінде камераға жалынның өтуіне кедергі болатын құрылғылар болады;

8) технологиялық жабдықтар мен орынжайларды алюминий-магниттік шаңнан тазарту кесте бойынша, технологиялық регламентке сәйкес жасалынады.

Шашылған ұнтақ дер кезінде жиналады;

9) қондырғылар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен жабдықталады;

10) ұнтақ жанғанда өрт сөндіру құралы ретінде құрғақ құм, магнезит, асбест қолданылады. Бұл мақсатта су немесе өрт сөндіргіштерді қолдануға болмайды;

11) ұнтақ құрғақ, таза банкілерде тік қалыпта сақталынады. Банкілердің арасына тақтайша қойып, екі қатарға орналастырады;

12) құрамында қорғасын, селен және басқа да уытты заттары бар металдың бетіндегі ақауларды тазалау, ағындағы желде, пайда болатын шаң мен газды жоятын және желдеткіш қоқыстарды тазартатын жүйемен жабдықталған отпен тазалау машиналарында немесе термофрезерлі машиналарда жасалынады;

13) уытты заттардан тұратын металдың бетіндегі ақауларды талдап тазалау оқшауланған орынжайда жасалады. Металды тазалауға арналған құрылғылар жергілікті сорғышпен жабдықталады. Жергілікті сорғыштар бұзылған жағдайда тазалау телімдерінде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді;

14) отпен тазалау, желдету соңында тазалайтын ауаны жоятын тиімді сорғыш желдеткішпен жабдықталған жабық камерада жасалынады.

Металды камераға тиеу және шығару, сондай-ақ, шлакты жою механикаландырылады.

Кескіштерді басқару дистанциялы түрде жасалады;

15) зиянды қосындылары бар илектерді тазалау бөлімшесін жинау ылғалды түрде немесе аспирациялық құрылғылармен жүзеге асырылады. Жабдықтарды қысылған ауамен үрлетуге жол берілмейді;

16) металды тексеріп, оның ақауларын жою стеллаждарда жасалады. Стеллаждың ені оған салынатын металдың ұзындығының 2/3 кем болмайды. Стеллаждар металдың құлауын болдырмайтын құрылғылармен жабдықталады.

Тексеру мен тазалау алдында металл 60 о C аспайтын температураға дейін суытылады.

Бұдан жоғары температура кезінде илектерді тексеру мен тазалаудың технологиялық қажеттілігі пайда болған жағдайда, технологиялық регламентте сәйкесінше қауіпсіздік шаралары қарастырылады;

17) тексеру мен ақауды жою кезінде металды жақпарлау механикаландырылады. Бұл кезде стеллаждардың жанында тұруға болмайды;

18) қашау мен тазалау телімдерінде ұшқындардан сақтайтын ауыспалы қоршаулар болады.

Ұшқындардың болу аумағында металды бір мезетте қашау мен тексеруге болмайды;

19) пневматикалық балғаларда зубиланың ұшып кетуінен сақтайтын қондырғылар болады.

Зубиланың ұзындығы 0,15 м кем болмайды.

Зақымданған шлангілерді (кесілген, тесілген) қолдануға болмайды;

20) металдың ақауын абразивті шеңбермен алған кезде, шеңберді тазалау машинасының шпинделіне бекіту әдісі, қорғаныс каптамасының құрылғысы және тағы сол сияқты МемСт 12.3.028-82 сәйкес болады.

Ток желілері механикалық зақымданудан қорғалады. Абразивті машиналардың қорғаныс корпусы жерлестіріледі.

Токты әкелу құрылғысы тексеру, шеңберін ауыстыру немесе жөндеу кезінде әрбір машинаның жеке ажыратылуын берік қамтамасыз етеді.

Машинаның саптары оқшауланған материалдан жасалады.

Илекті тазалау кезінде пайда болатын шаңды жою үшін жергілікті сорғыштар болады.

Тазалау кезінде ұшқындайтын металл бөлшектерінен жұмысшылардың көзін сақтандандыру үшін, олар қорғаныс көзілдіріктері және экрандармен жабдықталады;

21) металды тазалау үшін қолданылатын металл өңдеу станоктарында, ұшқындайтын жоңқалардан қорғайтын және орындау инструменттерімен жұмыс кезінде жұмысшылардың қолдарын жарақат алудан сақтайтын сақтандыру құралдары болады.

Металл өңдеу станоктарында істейтін жұмысшылар қорғаныс көзілдірігімен жабдықталады. Станоктардың құрылымы мен қолданылуы МемСт 12.2.094-83 сәйкес болады.

Металды станокқа беру, оны өңдегеннен кейін жинау, станокты жоңқадан тазарту механикаландырылады.

66. Илектің бетін механикалық тәсілмен тазалау:

1) металл бетін күйінділерден тазалаудың барлық операциялары механикаландырылады;

2) металды бөлшекпен және құммен тазалау шаңұстағыштары бар желдеткіштермен жабдықтарған герметикалық камераларда жасалынады.

Металдық құмды және бөлшекті аппаратқа тиеу орындары, сондай-ақ, өңделетін заттарды тиеу мен түсіруге арналған орындар жаппалармен және жергілікті сорғыштармен жабдықталады;

3) бөлшек ағынды және құм ағынды құрылғылардың конструкциясы жұмысшылардың камерада болуына жол бермейді;

4) тазалау құрылғыларын жұмысқа қосу жергілікті сорғыштың жұмысын қосумен одақтасады. Желдеткіш қондырғылар тазалау құрылғылары қосылғанға дейін іске қосылып, олар тоқтағаннан кейін ажыратылады;

5) тазалау камералары бөлшектерді шаң мен күйіндіден тазалайтын сепараторларымен жабдықталады. Бөлшекті немесе металл құмды беріп, қайтару механикаландырылады және герметикаландырылады;

6) қондырғылардың жабдықтарын жөндеу, май жағу және тазалау, сондай-ақ, жертөле мен тазалау камерасына кіру механизмдердің толық тоқтап тұруы кезінде ғана және олардың кенеттен қосылуына жол берілмейтін жағдайда жасалады.

Тазалау құрылғыларын күту мен реттеу, жабық түрдегі қорғаныс көзілдірігін киіп жасалады.

67. Илектердің бетін уландыру арқылы тазалау:

1) илектердің бетін уландыру арқылы тазалауға, уландыру ерітінділерін купорос станциялары мен бейтараптандыру құрылғыларында регенерациялауға байланысты барлық операциялар механикаландырылады;

2) жаңадан салынатын және қайта жөнделетін цехтарда жолақтарды уландыру үздіксіз жұмыс жасайтын агрегаттарда жүзеге асырылады. Рулондарды жинақтау арнайы құрылғылармен жасалынады;

3) үздіксіз уландыру агрегаттарының ванналарында, оттегі буының орынжайға енуіне жол бермейтін, тығыз жабылатын қақпақтар мен жергілікті сорғыштар болады. Атмосфераға шығарылу алдында булар тазаланады;

4) үздіксіз уландыру линияларында көлбеу сатысы бар өту көпірлері болады;

5) орау барабанына жолақтың соңын беру мехникаландырылады;

6) ваннада жолақ үзіліп кеткен жағдайда олардың соңын қосу, биіктігі 0,9 м, төменгі жағында 0,14 м биіктікке дейін бірыңғай тігілген ұстағыштары бар, арнайы көпірден жасалады. Ванна ашық кезде осы қорғаныссыз көпірден өтуге болмайды.

Жолақты ваннадан көтеру, оның кері қарай ваннаға құлауына жол бермейтін құрылғы арқылы жасалады;

7) электролиттен сынама алу үшін ваннаның жоғарғы жағында немесе оның қақпағында арнайы тығыз жабылатын тесіктер болады;

8) ваннаға апаратын барлық желілер жылудан оқшауланады.

Ерітіндіні жылытуға арналған бу құбыры ваннаға барынша төмен орналасады;

9) қышқыл мен оның ерітіндісін жинау қышқылға төзімді насостар арқылы құбырлар немесе жабық желобтар бойынша жасалады.

Насостар ыдыс қажетті деңгейге дейін толғаннан кейін автоматты түрде тоқтатылады;

10) уландыру бөлімшесінде орналасқан қышқылдар мен ерітінділерге арналған шығыс резервуарлары деңгей көрсеткіштермен және ауыспалы құбырмен жабдықталады;

11) ваннаны қышқылмен толтыру уландыру бақылаушы тұлғамен келісіліп жасалынады. Қышқыл уландыру ваннасына оны алдын ала сумен толтырғаннан кейін ғана беріледі. Уландыру бөлімшесіне бір мезетте қышқыл немесе регенерацияланған уландыру ерітіндісін беру, сондай-ақ істен шыққан уландыру ерітіндісін ваннадан шығаруға жол берілмейді.

Істен шыққан ерітінділерді шығару үшін тазалау құрылғылары бар арнайы канализация қарастырылады;

12) қышқыл бактарын қалдықтардан тазалау механикаландырылады;

13) желдету жүйесі мен оның уландыру, купорос және бейтараптандыру бөлімшелеріндегі бекіту элементтерінің толықтай жағдайын және мықтылығын тексеру ұйымның техникалық басшысы бекіткен, бірақ жылына бір реттен кем болмайтын мерзімде жасалады;

14) орынжай атмосферасына уландыру ерітіндісінің тамшылары мен буы түспеуі үшін, көпіршік жасайтын арнайы құрылғылар қолданылады;

15) уландыру бөлімшелеріндегі мостылы крандардың кабиналары жабық және ағынды желдеткіштері болады;

16) ваннаның негізгі жұмыс аумағында майлануға қарсы ерітінділерді каустикалық содамен (ұнтақпен) тринатрийфосфатпен (қатты компоннеттер түрінде) түзетуге жол берілмейді. Көрсетілген ерітінділерді түзету, бөлек ыдыста дайындалған қоюландырылған ерітінді арқылы жасалады;

17) металы бар ылғалды корзиналарды сілтілі ваннаға салуға болмайды;

18) жарылыс қаупін болдырмау мақсатында, көмір, қаракүйе, жағынды материалдардың сілтілі ваннаның бетіне түсуіне жол берілмейді;

19) лактар мен еріткіштерді ашық құтыларда сақтау мен тасымалдау, сондай-ақ лак-бояу материалдары сақталатын орындарда ашық отты қолдануға жол берілмейді;

20) каустикалық содасы бар металл ыдысты ашу арнайы пышақпен жүзеге асырылады.

Каустикалық соданы және басқа да сілтілерді ашық тәсілмен бөлшектеуге болмайды;

21) каустикалық сода, селитра арнайы жабдықталған жерде сақталады;

22) қышқыл, сілтілер, тұздар қолдану мүмкіндігі бар уландыру, лактау және тағы сол сияқты телімдердің едендері осы заттардың әсеріне төзімді болады;

23) қышқылдарды сақтау орындарында, кенеттен төгіліп кеткен қышқылдарды бейтараптандыру үшін бордың арнайы ерітіндісі болады;

24) уландыру бөлімшелері мен химиялық заттардың қоймаларында күю кезінде алғашқы көмек көрсету жабдықтары болады;

25) қышқыл немесе сілті суық суға аздаған ағынмен құйылады. Қышқылға немесе сілтіге су құюға болмайды. Ваннаға қатты химикаттар салған кезде сұйықтың шашырауына жол берілмейді.

68. Металдың қорғаныс жабындары:

1) қорғаныс жабындарын қолданған кезде, илекті тасымалдау, өңдеу жөніндегі барлық операциялар, сондай-ақ, қосалқы операциялар (ванналардағы анодтарды ауыстыру, цинкілеу, металды балқымасы бар ваннаға енгізу, ерітінділерді дайындау және тазалау және тағы басқа) механикаландырылады;

2) қаңылтыр металдың қорғаныс жабындылары (цинкілеу, қорғасындау және тағы сол сияқты) үздіксіз жұмыс қондырғыларында жасалынады. Ілмекті мұнаралар қоршалады. Созу роликтерінің алдында қорғау қалқандары немесе желілері болады;

3) үздіксіз жұмыс желісінен өту орындарында көлбеу басқыштар болады.

Үздіксіз қондырғыда механизмдердің қосылуын білдіретін дыбыстық - жарықтық белгісі және агрегаттың ұзына бойында, негізгі машина мен басқару пульттерінің жанында апаттық тежеуіштер болады;

4) қорғаныс жабындыларын белгілеу агрегаттарының жоғары температураға дейін қыздырылатын ерітіндісі, агрессивті ерітінділері және балқымалары бар ванналарында, газ бен будың орынжайға өтуіне жол бермейтін сорғыш желдеткіштер мен қақпақтар болады.

Қақпақ мен ваннаның жаппасының болуы технологиялық шарттарға байланысты мүмкін болмаған жағдайда, сорғыш желдеткіштер газ бен будың орынжайға өтуіне жол бермейтіндей болады;

5) лак немесе полимер жабындысын жағу агрегаттарының кептіру пештерінің конструкциясы цехқа жанған газ бен еріткіштер буының өтуіне жол бермейтіндей болады;

6) қорғаныс жабындыларын белгілеу жабдықтарында (лактар, полимер материалдар және тағы сол сияқты) жергілікті сорғыштар болады.

Лак пен скипидар сіңдірілген сүрту материалдары арнайы жәшікте, тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде сақталады.

Лак пен полимер материалдары қолданылатын орынжайларда теріге түскен зиянды заттарды жуып тастауға арналған жылу су мен сабын болады;

7) қолданыстағы цехтарда, жұмысшыларды қаңылтырлар валдан шыққан кезде ванналардан жабындының шашырап кетуінен қорғайтын қорғаныс қалқандары болады;

8) мырыш, қола, қорғасын және тағы басқа бөлшектері ваннаға салу алдында алдын ала кептіріліп қыздырылады. Бөлшектерді балқытылған металы бар ванналарға салу, ваннаның жанында адамдардың болуына жол бермейтін арнайы құрылғылар көмегімен жасалады.

Қысқыштар, сүймендер және басқа да құралдар жұмысқа кірісер алдында кептіріліп қыздырылады.

Сынама алу үшін және мырыш, қола, қорғасын мен тағы басқа ваннадан алуға арналған құрылғылар алдын ала қыздырылады;

9) орныққан флюсте жұмыс жасауға және майды от алу температурасынан жоғары етіп қыздыруға, күйіп қалу қаупін болдырмау үшін рұқсат етілмейді.

Ваннаның температуралық режимі автоматты түрде реттеледі;

10) майдың мүмкін от алуын жою үшін бөлімшеде содалық ерітінді қолданылады;

11) ваннаның үстінде жұмыс жүргізген кезде (қысқа мерзімге болса да) оның беті мықты төсемемен жабылады;

12) сұйық мырыш, қола және басқа металмен толтырылған нысандарға металдың қатып қалуына дейін су құюға болмайды. Нысандардан босаған бөлшектер арнайы дайындалған жерде жинақталып, ал нысандар кептіріледі. Мырыш, қола және басқа металдарды ылғалды нысандарға құюға болмайды;

13) тазалау машиналарының валдары үстіңгі жағынан оңай алынатын қаптамамен жабылады.

Тазалау машинасында тұрып қалған қаңылтырларды валдың қозғалысы кезінде итеріп алуға болмайды. Тазалау машиналарында жергілікті сорғыштар болады;

14) флюсті дайындау (хлорлы мырыш), сондай-ақ қоланы құрамында қоласы бар қалдықтардан бөліп алу бөлек орынжайда жасалады. Флюсті дайындауда қолданылатын бактарда жергілікті сорғыштар болады;

15) металды жабудың әрбір тәсілі үшін регламент дайындалады;

16) металл пластиналарын өндіру кезінде полиуретан кілегейі мен циклогексанға байланысты барлық операциялар, технологиялық регламентте көрсетіліп, бекіткен қауіпсіздік шараларының орындалуымен жүзеге асырылады;

17) полиуретан кілегейі мен циклогексан еріткішінің компоненттері арнайы жасақталған қоймада, + 10 о C төмен болмайтын температурада сақталады;

18) лактар мен бояулардың барлық түрін жалпылық орынжайда құрастырып араластыруға болмайды;

19) лак-бояу материалдың ыдысы тығыз жабылып, өндіріс орындарынан алыс арнайы орынжайда сақталады.



8-тарау. Цех ішіндегі көлік
69. Тапсырушы арбалар, арбаның қозғалуы кезінде бірге қосылатын тежеуіштермен, ажыратқыштармен және дыбыстық белгімен жабдықталады.

Тапсырушы арбалардың жүру дөңгелектері қорғаныс қалқаншаларымен жабдықталады.

70. Тапсырушы арбалар оған артылатын жүктің түріне қарай жабдықталады. Басқа жүктерді тасымалдау қажеттілігі пайда болған жағдайда, жүктердің арбада мықты орналасуын қамтамасыз ететін арнайы бекітулермен жабдықталады.

71. Тапсырушы арбалардың жүру жолдары бүтін болып тұйықталады. Желілі (троллейлі) траншеялар, адамдардың траншеяға түсуіне жол бермейтін төсемемен жабылады.

72. Плиталық төсеме және теміржолдар бүтін болып, рельс пен плитаның түйісу жерлері бір деңгейде болады. Тиеу мен төгуге берілген вагондар тежеуіштермен бекітіледі.

73. Арбаның құрылымы мен қолданылуы, тасымалдау кезінде құймалардың, дайындамалардың және басқа да материалдардың құлауына жол берілмейді.

74. Арбаның құрылымы мен қолданылуы тиеу, түсіру және тасымалдау кезінде өздігінен құлауға жол берілмейтіндей болады.

75. Арбаның ең шығыңқы жерлері мен ғимарат, жабдықтар және қоймаға жиналатын материалдардың арасы, арбаның екі жағынан да 0,7 м кем болмайды.



9-тарау. Ультрадыбысты қондырғылар
76. Ультрадыбысты қондырғыларды жобалау, құрылысын салу және қолданысқа енгізу МемСт 12.2.051-80 және МемСт 12.1.001-89 талаптарына сәйкес болады.

77. Спектрдің жиілік жолақтарындағы дыбыс қысымының деңгейі рұқсат етілетін мөлшерден асатын шуды генерациялайтын ультрадыбысты қондырғылар қаптама және экранмен жабдықталады.

78. Ультрадыбысты қондырғыларда, қаптаманы ашқан кезде түрлендіргішті ажырататын тежеуіштер болады.

79. Қаптама мен экран арқылы шуды рұқсат етілетін деңгейге төмендету мүмкіндігі болмаған жағдайда, ультрадыбысты қондырғылардың технологиялық бөлігі, қондырғы күтетін және шудан жеке қорғаныс құралдары бар адамдар ғана кіре алатын, дыбысты оқшаулау кабинасына орналастырылады.

80. Ультрадыбысты қондырғылардың жұмысы кезінде жұмысшылар қолын сұйыққа, ультрадыбысты құралдарға және өңделетін бөлшектерге тигізбейді.

81. Ультрадыбыстың зиянды әсерінен жұмысшыларды қорғайтын жеке қорғаныс құралы ретінде МемСТ 12.1.001-89 бойынша шуға қарсы қондырғы қолданылады.



10-тарау. Профилактикалық тексерулермен

жабдықтарды жөндеу
82. Жабдықтарды қолдану мен күту технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

83. Жабдықтарды жөндеу ақау ведомостіне сәйкес, алдын ала дайындалған жұмысты ұйымдастыру жобасы (әрі қарай - ЖҰЖ) бойынша және биркалық жүйе мен рұқсат-наряды талаптарына сәйкес жүргізіледі.

84. Жөндеу жұмыстарының басталуы алдында (1 - 2 ай бұрын) кәсіпорын мен жөндеу жұмыстарын жүргізу ұйымының бірлескен бұйрығымен дайындық және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін басқарушы тұлға тағайындалады.

85. Жөндеуді қажет ететін жабдықтардың жөндеуге жіберілуі туралы акті жасалынады.

86. Жөндеу жұмыстары жүргізілетін телімдерде мүмкін қауіптерден сақтандыру туралы плакаттар мен белгілер ілінеді.

87. Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде арқалықтар, орынжайлар мен басқа жерлер мықты төсемемен жабылып, биіктігі 0,9 м кем болмайтын ұстағыштармен қоршалады.

88. Ұшқындар мен жалынның ұшып кетуі мүмкін жерлерде қоршаулар болады.

89. Қыздыру құрылғыларын жөндеуге қажетті материалдарды жеткізу жұмыстары, оларды қыздыру құрылғысына беру, бөлінетін кірпіш пен қоқысты жинау механикаландырылады.

90. Рекуператор камераларын, регенераторларды және қыздыру құдықтарын жөндеу, технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады. Жұмыскерлердің камерада болуы кезінде шлакқа су құюға болмайды.

91. Құдықтардың қақпағын жөндеу және оларды ауыстыру газды сөндіргеннен кейін жасалады.

Қақпақтарды жөндеу үшін, оларды жинақтау стойкаларымен жабдықталған арнайы орын болады. Стойкаларда, қақпақтың ығысуын немесе құлауын болдырмайтын мықты құлып орнатылады.

92. Жарылыс қауіпті өндіріс орындарында ашық отты пайдаланып жөндеу жұмыстарын жүргізу рұқсат – нарядына сәйкес жүргізіледі.

93. Жабдықтарды толық жөндеуден кейін қолданысқа енгізу, ұйымның техникалық басшы арқылы жүргізіледі.

Жабдықтарды жөндеуден кейін қабылдау актісі жасалады.



11-тарау. Санитарлық талаптар
94. Илек цехтарындағы ауыз су режимі санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылады.

95. Барлық бөлімшелерде, алғашқы (дәрігерлікке дейінгі) көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектер мен таңу материалдары бар шағын дәріхана болады.



96. Бойлерлік қондырғылар және суды қыздыру бактарының құрылымы мен қолданылуы қазандықтар шаруашылығындағы қауіпсіздік талаптарына және 3.05.03-85 ҚНжЕ, 4.02.-08-2003 ҚР ҚНжЕ, 4.02-02-2004 ХСН сәйкес болады.

Мазмұны


Бөлім, тарау,

параграф

Мазмұны

Беті

1-тарау

Жалпы ережелер




2-тарау

Ғимараттар мен имараттар




3-тарау

Еңбектің қауіпсіз шарттарын жасаудағы жалпы ережелер




4-тарау

Металл қоймалары




5-тарау

Қыздыру қондырғылары




6-тарау

Илектер




7-тарау

Илекті өңдеу




8-тарау

Цех ішіндегі көлік




9-тарау

Ультрадыбысты қондырғылар




10-тарау

Профилактикалық тексерулермен жабдықтарды жөндеу




11-тарау

Санитарлық талаптар







Мазмұны







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет