Илиев абдужилил абдумежитович


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері



бет2/7
Дата17.11.2022
өлшемі159.07 Kb.
#465082
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
ИЛИЕВ ИСПРАВЛЕННЫЙ

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының
құрылуындағы тарихи маңызы, оның он жылдық белесте қазақ диаспорасы және
дүниежүзі қазақтарымен арасындағы байланысы қызметін, мақсатын және
міндеттерін ашу. Он жылдық көлемде атқарған іс-шараларын көрсету жұмыстың
басты мақсаты болып табылады. Қауымдастықтың қазақ диаспорасымен
әлеуметтік, мәдени – рухани, саяси байланыстары туралы мәселелерді ашып
көрсету. Аталған мақсатқа орай төмендегідей міндеттер алға қойылуда:
- Бірінші дүниежүзі қазақтар құрылтайында қарастырылған мәселелерді ашып көрсету.
- Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылуының тарихи маңызын
айқындау.
- Дүниежүзі қазақтар құрылтайларының қазақ диаспорасымен байланыстарын көрсету.
- Қазақ диаспорасына байланысты іс-шараларын анықтау.
-Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының он жылдық асудан өту
барысындағы атқарылған жұмыстарын қорытындылап көрсету болып
табылады.
Зерттеудің негізгі әдістері: Жұмысты жазу кезінде жалпы ғылыми әдістер қолданылды: талдау, синтез, математикалық және статистикалық әдіс. Диссертациялық жұмыста қолданылатын арнайы әдістерге салыстырмалы талдау әдістері, тарихи-типологиялық, проблемалық-хронологиялық, тарихи-жүйелік әдістер жатады. Күнделікті өмір тарихын зерттеудің дамуына орасан зор үлес қосқан Батыс Еуропа, орыс, қазақ тарихи ойлары өкілдерінің еңбектері зерттеудің теориялық негізі болды.
Зерттеу жұмыстың хронологиялық шеңбері. Алғашқы дүниежүзі қазақтары
құрылтайының жиыны 1992 жылы шақырылады, осы кезде 1992 жылы қазанда
ќазақтар қауымдастығының шаңырағы көтерілер орталық ғимараттың іргетасын
төсеу, қабырғасын қалау атқарылды. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы қызмет
еткеніне он жылдық белестен асып отыр. Аталған жылдарда дүниежүзі қазақтар
қауымдастығы бірнеше кезеңдерден тарихи жолмен өткен болатын. Дүниежүзі
қазақтар қауымдасытығының даму тарихындағы кезеңдер дүниежүзі қазақтар
құрылтайының шақырылуына орай бөлуге болады. Осылайша бірінші кезең – 1992 жылдан 2002 жыл аралығын қамтыса, екінші кезең – 2002 жылдан 2005 жыл
аралығын, ал үшінші кезең - 2005 жылдан бүгінге дейінгі уақыт аралығын
қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет