9-сабақ. Тақырыбы: Күрделі теңдіктер және теңсіздікер
Мақсаты: Білімділік: 10 көлеміндегі кестелік қосу бойынша алған білімдерін,
санды өрнектер, санды салыстыру, есеп шығару дағдыларын пысықтау, қайталау.
Дамытушылық: Ойын есептер арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамыту, белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: тапқырлыққа, алғырлыққа, іздемпаздылыққа, танымдылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: интерактивті тақта, суреттер, өрнектер.
Сабақ түрі: ойын сабақ
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Біз сабақты бастаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
138- –беттегі № 5 тапсырмадағы теңсіздіктерді ауызша оқытып тексеру
ІІ. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін біз математика сабағында «Алтын қақпа » ойынын ойнаймыз. Бірақ алтын қақпаға жету үшін тас қақпадан, күміс қақпаға күміс қақпадан алтын қақпаға өтуіміз керек. Әр қақапаның өз иесі бар екен. Егер алтын қақапаға жетсек, алтын кілтке қол жеткіземіз. Алтын кілтті алғыларың келе ме?
Білімдеріңді фигурамен бағалаймын. (шаршы, жұлдызшамен)
Тас қақпаның иесі қоян екен балалар. Егер қоянға сәбіз жинауға
көмектессек, қоян бізді ары қарай өткізеді.
«Сәбіз жинау» ойыны. Әр сәбіздің артында өрнектер жазылған.Өрнектерді пайдаланып теңсіздік құрастыру. 138-б. № 1
5 + 4 8+2 6- 3
9 - 5 2+4 4 +3
Тас қақпа ашылады.
2)Күміс қақпаның иесі кім екен балалар? Аю екен.
Математикалық диктаннт (жауаптарын ғана жаздыру)
2 мен 3-тің қосындысын 3 –пен 3-тің қосындысын
6 мен4-тің қосындысын 7 мен 1-дің қосындысын
8 бен 2 –нің қосындысын 10 мне 3-тің айырмасын
5 пен 2-нің айырмасын 9 бен 1 –дің айырмасын тап.
3) Міне, балалар, біз сендермен Алтын қақпаға да жеттік.Алтын қақпаның иесі аң патшасы арыстан екен.
Арыстан бізге бірнеше тапсырмалар дайындапты.Егер тапсырмаларды дұрыс орындасаң, алтын кілтке ие боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |