4-тапсырма.
Суретті мұқият қара. Екі үлкен көршісі бар кішкентай құсты тап. Оны айналдыра сыз.
5 тапсырма . Берілген цифрлардан мәні 100-ге тең болатын өрнек құрастыр.
1 1 1 1 1 = 100
3 3 3 3 3 = 100
5 5 5 5 5 = 100
Қорытындылау.
19-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Есептерді теңдеу арқылы шығару.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік қарапайым есептер негізінде қарапайым теңдеулерді құру және оларды тура теңдіктердің қасиеттерін пайдаланып шығару біліктілігін қалыптастыру;
Дамытушылық: ; есептеу дағдыларын жетілдіру; салыстырып, талдай білуге баулу
Тәрбиелік: дербестікке, белсенділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Әдісі: талдау - жинақтау Көрнекілігі: кесте
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылықты ояту
Мен бір сан ойладым, ол санды 4 есе арттырғанда, 36 шықты. Мен қандай сан ойладым?
1. Теңдеу құр және оны шығар.
Сыныпта 7 ұл бала бар. Бұл қыздардан 3 есе кем. Сыныпта неше қыз бала бар.
2. Бірінші күні бірнеше килограмм, ал екінші күні 20 кг бал сатылды. Бірінші күні 4 кг артық сатқанда, екі күнде бірдей бал сатылған болар еді. Бірінші күні неше килограмм бал сатылды?
3. Теңдеу құр, оны шеш
68 л сүтті бөтелкелерге бірдей етіп бөліп қою үшін әуелі 30, онан кейін 4 бөтелке әкелінді. Әр бөтелкенің сыйымдылығы неше литр?
4. Теңдеу құр және оны шеш.
78л бензинді тең бөліп құю үшін сыйымдылықтары бірдей әуелі 14, кейіннен тағы 12 ыдыс әкелінді. Әр ыдыстың сыйымдылығы қанша литр?
Қорыту
20-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Санның кубы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Санның кубы ұғымын тиянақтау
Дамытушылық: көбейту және бөлудің мағынасын бекіту, математикаға деген қызығушылығын арттыру;
Достарыңызбен бөлісу: |