Ылым министрлігі



бет8/103
Дата12.04.2024
өлшемі5.8 Mb.
#498528
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

ЛОГИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР

  1. Анар, Марат, Сара, Самат төртеуі орманға саңырауқұлақ теруге барыпты. Әрқайсысы бөлек-бөлек кетіп, аздан соң қайта жиналыпты. Сонда барлық жиналған саңырауқұлақтардың саны 10 болыпты. Әр бала әртүрлі жинаған. Анар бәрінен көп жинаған, ал Сара бәрінен аз жинаған екен. Кімдер көп жинаған? Ұлдар ма? Қыздар ма?

  2. Асан Үсеннен былай деп сұрады:

-Жасың нешеде?
-Кәне, өзің таба қойшы,-деді Үсен.-Егер ең үлкен бір таңбалы санға ең кіші бір таңбалы санды қоссаң, меннің жасым шығады? Үсен нешеде?

  1. Кәрімде бірнеше жаңғақ бар, ал Асқардың жаңғағы одан 2-еуі артық. Егер барлық жаңғақ 6 болса, әр балада неше жаңғақтан болған?

  2. Самат,Нұрлан,Азамат, Ардақ-достар. Нұрлан бәрінен ұзын емес, бірақ Самат пен Ардақтан ұзын. Ал Самат Ардақтан ұзын емес. Осы достарды бойлары бойынша атап шық.

  3. Айгүлдегі шар саны Сәуледегі шар көп, Майраның шарынан аз. Кімде қандай шар бар екенін табыңдар. Ең көп шар кімде? Ең аз шар кімде?

  4. Марат Еркінге: -Менде 10 қарындаш бар. Ал сенде ше? Еркін:-Сенде қанша болса, менде де сонша және өзімнің барлық қарындашымның жартысы бар. Еркінде неше қарындаш бар?

  5. Әнуар дасын қонаққа шақырды. Менің пәтерімді табу оңай: үйге кіргенде алдыңда үш бірдей есік тұр.Олар Мұрат,Қанат және менің есігім. Менің есігімнің сол жағында.

  6. Қ ай сурет артық?








  1. Еркін мен Болатта барлығы 8 ойыншық бар. Болат Еркінге 3 ойыншық бергенде ,екеуінде гі ойыншық саны бірдей болды. Әуелде әрқайсысында қанша ойыншық болған.

  2. Дәулет пен Дулат ыдыстағы жаңғақты бөліп алмақшы болды. 3-тен бөліп алайық десе, бір жаңғақ жетпейді. Ыдыста неше жаңғақ болған?

  3. Қай санды қоямыз?


3

9

7



  1. Қайрат пен Талғат бірдей бөлінгішті екі түрлі бөліндіге бөлді. Қайрат 153-ке бөліп еді, бөліндіде 612 шықты. Талғат сол санды 6-ға бөлсе қандай сан шығады?

  2. Бос шаршыны толтыр?

Самат пен Мараттың тегі Есенов және Бекетов . Егер Самат Бекетовтан екі жас үлкен десек, әр баланың тегі қандай екенін тап.


Асқар, Ермек, Жанат бір мектептің әр класында оқитын үш ағайынды балалар. Асқар Ермектен үлкен емес, Жанат Асқардан үлкен емес. Ең үлкені кім? Ең кішісі кім?
16.Бұтақта 5 торғай отыр еді,тағы 3 торғай ұшып келіп қосылды. Сол кезде аңдып отырған мысық олардың шеткі отырғанын ұстап алды. Неше торғай қалды ?
17.Тиісті санды тауып жаз.
2 5 7 2 5 3
6 1 7 4 8 4
1 4 ? 6 9 ?

18.Дәптер бетінің ұзындығы 20 см, ені 15 см. Самат сабақта отырып, зеріккеннен дәптердің бетінің 30 см2 -не сурет салып қойды. Егер ол дәптердің бетін түгел дәл осындай суретпен толтыратын болса,дәптердің бетіне неше сурет сыяды ?


19.Аулада тұрған әртүрлі көліктердің жеңіл машина, мотоцикл, велосипед дөңгелектерінің саны 10. Аулада неше жеңіл машина, велосипед, мотоцикл тұр ?
20.Айгүл мен Нұргүл апалы-сіңлілер. Айгүл 8 ағам бар дейді. Нұргүл 2 ағам бар дейді. Олардың жанұясында неше бала бар ?
21.Елдос 3 сағат сабақ әзірледі. Осы уақыт ішінде қабырға сағаты 15 рет соғып, дыбыс берді. Ссғат қаншаны көрсетсе, сонша рет соғады. Елдос сағат нешеден нешеге дейін сабақ оқыған ?
22.Ағасы інісінен 5жас үлкен. Неше жылдан кейін ағасы інісінен 7жас үлкен болады ?
23.Бір үйдің үш баласы бар. Олардың үлкенінен сұрағанда,»Біздің үшеуіміздің жасымызды қосқанда 35-ке тең болады. Менің және Мағжанның жасын қосқанда 28 , ал Мағжан мен Еркіннің жасын қосқанда19 шығады.» деп жауап берді.Балалардың әрқайсысының жастары нешеде ?
24.Бір үйдің төрт аты бар еді. Ер адам жаны 2әке, 2ұл еді. Ерлер бір-бір аттан мінгенде 1 ат артық қалды . Бұл қалай ?
25. Телжанның 1теңгеліктен тұратын 100 теңгесі болды. Ол оқу құрал-жабдықтарын сатып алғанда дүкенге 57 теңге төлеуі тиіс еді.Мұны қалай тез санап бере алады?
26. Үйдің төрт бұрышында 4 мысық отыр еді.Әр мысықтың алдында 3мысық отыр .Неше мысық отыр?
27.Төлептің төрт ұлы бар.Төрт ұлының адам басына 1 апа, 1 қарындасы бар. Төлептің неше баласы бар ?
28.Әлімжан, Әлихан және Ахметтің әрқайсысында 18 асықтан бар еді. Әлімжан Әлиханға , Әлихан- Ахметке ,Ахмет –Әлімжанға 4 асық қарыз болатын. Олар өзара есеп айырысқаннан кейін, әрқайсысында қанша асықтан болады ?
29. Наурыз дастарханына 263 дана алма даярланды. Егер наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бола келсе, барлық балаға алма жете ме?
30. Оспан көшеден көп аөша тауып алды да, күніне 20 теңгеден жұмсады. Бір айдан соң, онда 60 теңге қалды. Дәл бір ай бұрын анасы 860 теңге жоғалтқан еді. Оспанның тауып алған ақшасы анасынікі ме, жоқ па?
31.Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады, 40 минут оны өшірумен әлен болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды?
32. Велосипедшінің соңынан 3 адам жүгерді. Егер велосипедші 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 45 км жүрген соң, 1 сағат демалуға отырса, жаяу жүгіргендер 12 км/сағ жылдамдықпен оған жете ала ма?
33. Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісуі керек?
Лифт
34. 450 кг. жүк көтере алатын лифтке 20 кг-дық 2 оқушы, 30 кг-дық 3 оқушы және барлық оқушының салмағынан 5 есе кем тартатын мұғалима мінсе, лифт жүре ме?
35. Қоянның түсі.
Қоян қорқынышты түс көрді. Оның түсінде түлкі сағатына 154км , ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30 км жүгіре алатын болса , түлкі мен қасқыр оған жете ала ма, жоқ па ?
36.Екі бала 5 м!сек. жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 метр болса, олар неше секундтан кейін кездеседі ?
37.Бір патшаның үш қызы болыпты.Оның жерінің ені 60 км, ұзындығы 70км екен. Ол үлкен қызына барлық жерінің жартысын беріпті. Ортаншы қызына берген жерінің периметрі 148 км. Қалған жерін кіші қызына беріпті.Ол кіші қызына қанша жер берген ?
38.Қай ауылдың балалары?
Әділет ,Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –Қосқұдықтан , екіншісі –Үштөбеден , үшіншісі-Көктөбеден келген. Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты. Бұлардың екеуі де Үштөбеде болып көрмегендігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген ?
39. Кім қандай баға алды ?
Әсем , Ардақ , Анар үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда ,мұғалім ;
-Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ алған бағаларың
Әртүрлі.Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың «3»-те ,»5»-те емес деді. Сонда әркім қандай баға алған.
40.»Тақияның түсі қандай?»
Ойын жүргізу үшін қызыл ,көк, қара түсті үш тақия дайындады.
Ержан,Ермек, Самат үшеуі ойынға қатынасырда тақияларды таңдап киді. Ержан ;»көк пен қараны кимейтінін», Ермек ; «өзіне көк тақия жарасатынын», Самат « таңдамай-ақ кие беретінін « айтты. Балалардың әрқайсысы қандай түсті тақия киді ?
41.Кезекшілік.
Мұғалім тірі табиғат мүйісінде дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері кезекшілік жасауға Еркін, Нұрлан,Асхатты бөлді.
Еркін; « Мен сәрсенбіде музыкамен айналысамын, сондықтан ол күні кезекші бола алмаймын,»-деді.
Нұрлан ; « Мен сейсенбіде қазақша күреспен айналысамын, сондықтан ол күні бола алмаймын.» деді.
Асхат ; «Мен сейсенбі күні кезекші болайын!» -деді.
Мұғалім балалардың тілегін орындады. Қай бала ,қай күні кезекші болды?
42. Бірінші қатарда 8тас , аралары 2см-ден, екінші қатарда аралары 1 см-ден. Қай қатар ұзынырақ ?
43.Бос торкөздерді толтыр.



36

45

24




50







22

13




18




42




64


76




58




65




14

26

40




36








44

62

25




76




56

38




49




85

44.Қай сан жазылмаған?
1, 3, 9, ..., 81.

45.Күшіктер мен үйрек балапандарында 7 бас, 20 аяқ бар. Қанша ит күшіктері мен үйрек балапандары бар?


46.Золушка арпа тазалап отыр.Егер тәулік басталғаннан 2есе уақыт өтсе, қазір сағат неше?


47.Бір класта 25 оқушы бар. Құжаттарын қарамай ,ата-аналарынан сұрамай, ең болмаса 3 баланың бір айда туғанын қалай дәлелдеуге болады ?


48.Айнаш пен Гүлнәрдің сыныбындағы ұлдар мен қыздар бір түзу бойымен қатарға тұрды.Айнаштың артында 16 адам, оның біреуі Гүлнәр. Ал Гүлнәрдің алдында 14 адам,оның біреуі Айнаш.Айнаш пен Гүлнәрдің арасында 7 адам бар.Айнаш пен Гүлнәрді қосқанда неше адам бар?
49.Мерует бірнеше беті түсіп қалған ескі кітап тауып алды. Сол жағындағы бетте 24 саны, ал оң жағындағы бетте 45саны тұр. Кітаптың неше парағы жоқ ?
50.Айша Азаматқа алма мен апельсин салынған себет алып келді. Азамат алманың жартысын және апельсиннің үштен бірін жеп қойды. Себетте жемістердің қанша бөлігі қалды ?

51. 10 жасар Асқар шашын тақырлап алдырып тастады да, ойланды. Егер менің шашым айына 1 см өсетін болса,20 жасқа келгенде ,менің шашымның ұзындығы қандай болар еді ?


52.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға,5қадам оңға,қайтадан 4 қадам солға, 11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды?

53. Шаршы тәрізді егінжайдың периметрі 228 м. Осы егінжайдың ауданы қандай?


54.Жанат, Марат, Нұрлан , Фархад деген балалардың әрқайсысында бір-бірден үй жануарлары бар.Ол жануарлар ; мысық, ит, балық және құс. Марат жануарының жүні бар екен. Фархадының жануары төрт аяқты. Нұржанда құс бар, ал Жанат пен Марат мысықтарды жақсы көрмейді.Кімнің қандай жануары бар?
55.Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастарын бірге алғанда қанша болады ?
56. Вася 27-ні қосудың орнына 27-ні шегерді.Оның тапқан нәтижесі нің дұрыс жауаптан айырмашылығы қанша?

57.Коля кітаптың бетін ашып қалып, оның сол жақ және оң жақ беттеріндегі нөмірлердің қосындысы 25 екенін байқады . Осы нөмірлердің көбейтіндісі неге тең?


58.Сүт екі шелекке бөліп құйылған. Бірінші шелектегі сүт екінші шелекке қарағанда екі есе көп. Енді екі шелектен де 10 литр сүт құйып алғанда ,екінші шелекте бірінші шелекке қарағанда 3есе сүт көп қалды.Әуелде әр шелекте неше литр сүт қалған ?


59.Құмырсқа көрші илеуге барғанда жаяу барған, қайтарында


Көлікпен келген.Жолдың бірінші жартысын көбелек құртына мініп, жаяу жүргенге қарағанда екі есе ақырын жүрген.Ал екінші жартысын ол шегірткеге мініп, жаяу жүргеннен 5 есе жылдам жүрді.Құмырсқа қонаққа бара жатқанда аз уақыт кетірді ме,келе жатқанда аз уақыт кетірді ме ?
60.Ұлу биіктігі 10 метр бағанаға шықпақшы болды. Күндіз ол 4метр өрмелейді, ал түнде 3 метр төмен сырғанайды. Сөйтіп ұлу бағананың төбесіне неше күнде жетеді екен ?
61.Бірінші бөшкеде 18 шелек су , ал екіншісінде 12 шелек су бар. Екеуіндегі судың мөлшері бірдей болуы үшін біріншісінен екіншісіне қанша шелек су құю керек ?

62.Бір ұл бала мен оның екі әпкесі 10 өрік алды. Әпкелері үш-үштен өрік алды, ал бала қалғанын алды .Сонда қалғаны қанша болып еді ?


63.Ермек төрт кітап сатып алды. Бірінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 420 теңге тұрады, екінші кітапты санамағанда қалған үш кітап 400 теңге тұрады , үшінші кітапты санамаса 360 теңге тұрады. Енді әр кітаптың бағасын табыңдар.


64.Абаттандыру кезінде әр үйге 9 көшет отырғызса, онда 100 көшет жетпейді. Егер әр үйдің қасына 5 көшеттен отырғызса, онда 20 көше артық қалады .Демек, үй нешеу, көшет нешеу болғаны ?


65.Саят кітаптың 24 бетін оқығанда, Торғын кітап оқуды жаңа бастады. Торғын бір күнде 18 бет оқи алады, ал Саят 12 бет оқи алады. Бес күннен кейін Торғын Саятты қуып жете ала ма?
66.Марат пен Мұраттың жасын қосқанда 14 жас, Мұрат пен Медеттің жасын қосқанда 20 жас, Марат пен Медетке 16 жас. Әркімнің жасын тап . Бәрінің жасын қосқанда не ше ?
67. Ұзындығы 156 см лентаны 3-ке бөлгенде бірінші бөлік екінші бөліктен 18 см ұзын, ал екінші бөлік үшінші бөліктен 15 см қысқа.Енді әр бөліктің ұзындығын табыңдар.
68.Қосаяқ минутына 70 рет секіріп ,әр секірістің ұзындығы 10м болған. Ал қосаяқты қуып келе жатқан адам 10м!сек жылдамдықпен жүгірсе,ол қосаяқты қуып жете ме, әлде қуып жете алмай ма ?

69.Қыздар үш -- қара, сары және ақ мысықтарды қолдарына ұстап тұр. Қыздардың есімдері мынадай : Қарақыз, Сарықыз, Аққыз. Бірақ бірде-бір қыз өзімен аттас мысықты ұстап тұрған жоқ.Аққыз қасындағы құрбысы ұстап тұрған қара мысыққа қарап тұр. Кім қандай мысықты ұстап тұр ?


70.Үш бала жүгіруден жарысты. Біріншісі 15 сек. келсе,екіншісі 20 сек. келді, ал үшіншісі 13 сек. жүгірді.Темірлан Асанәліден тез келді , ал Асанәлі Рүстемнен бірінші келді . Кім неше секунд жүгіргенін тап .


Қазақ халық есептері.



  1. Жүк.

Он екі кісі он екі қап арқалап келеді. Әрбір ер адам екі қаптан ,
Әрбір әйел жарты қаптан , ал әр бала ширек қаптан зат арқалап тоғыздыққа нешеуін ,
сегіздікке нешеуін , жетілікке нешеуін тигізген ?

  1. Сырғауылдың ұзындығы 20 құлаш .Ұлу күндіз 5 құлаш жоғары шығып , ал түнде 4 құлаш төмен түседі . Ұлунеше күнде сырғауыл басына шығады ?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет