4- есеп Логикалық тапсырма
Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы байға жалданып жүріп,ірілі –ұсақты біраз ешкі жинап алыпты.Бұлардың үлкен ешкілерінің тушалары екі есе,ал шыбыштары үш есе көп.Көктемде шыбыштары жалқы ,тушалары егізден , ал үлкен ешкілері үштен лақ табады .Жарлы жігіттің барлық ешкілерінің саны лақтарымен қосқанда 64- ке тең. Бұл үйде ең алғашында қанша шыбыш, қанша туша , қанша ешкі болған ? (ешкі -, туша-8, шыбыш -12 )
СабақҚА қорытынды ЖАСАУ
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы : Артынан қуып жету қозғалысына берілген күрделі есептерді шығару
Мақсаты :балаларды артынан қуып жету қозғалысына берілген есептің жаңа түрімен таныстыру,бір бағыттағы қозғалыс кезіндегі жақындау жылдамдығы туралы түсініктерін қалыптастыру,қозғалысқа берілген күрделі есептерді шығару дағдысын бекіту.
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру
Таблица арқылы өткенді еске түсіру
Жылжып келе жатқан нысан
|
жылдамдығы
|
Уақыт
|
қашықтық
|
Студент
|
110 м\м
|
10 мин
|
?
|
Атай
|
70 м\м
|
10 мин
|
?
|
Сұрақ:
1.Арадағы қашықтық әр минут сайын неше метрге қысқарып отырған ?
2.Студент атайды қанша минуттан кейін қуып жетеді ?
Осылай түсіндіру арқылы жақындау жылдамдығын табу қажеттігін түсіндіреміз.
( 110-70=40 м\мин студент пен атайдың жақындау жылдамдығы )
Есептер шығару
1-есеп
Екі салт атты арасы 200 км екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама –қарсы шықты.олар 5 сағаттан кейін кездесті.Салт аттының бірінің жылдамдығы 15 км\сағ.
Екінші салт аттының жылдамдығы қандай ?
2-есеп
Жаяу адам 3 сағатта 12 км жол жүреді.ал атты кісі 4 сағатта 32 км жерге барады.Атты адамның жылдамдығы жаяудікінен енше км \сағатқа артық ?
3-есеп
Әлібек пен еділжанның 828 м қашықтықтан бір уақытта бір-біріне қарам а-қарсы шығып ,6 минуттан кейін кездесті. Осы уақытта Әлібек Еділжаннан 20 м артық жүрді.Әлібек пен Еділжанның жылдамдықтарын табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |