6.2.1 Дайындық кезеңі
Материалдарды жинақтау, өндеу және ұсыну бойынша инструктаж өткізу. Кәсіпорыннан диплом алды іс-практика басшысымен ұйымдастыру сұрақтарын талқылау. Дипломалды практика кезінде студент сол бағдарламаның барлық талаптарын орындауға қажетті нақты материалдарды жинактап, жалпылауға міндетті.
Дипломалды практика барысында студент:
диплом жұмысының тақырыбы бойынша әр түрлі дерек көзінен ақпараттарды таңдап, тексеріп материалдарды қорытындылайды;
диплом жұмысының тақырыбы бойынша кәсіпорыннан қандай практикалық материалды алу қажеттігін қарастырады;
диплом алды практикані өту кезінде қаралатын сұрақтар тізімін жасайды;
диплом алды практиканің талдау бөлімін орындау кезінде қолданылатын талдау кестелерін жасайды.
Дипломдық жұмыстың библиографиялық рәсімделуі және әдебиеттерді қарастыру
Диплом жұмысын жазу диплом тақырыбына байланысты әдебиеттерді іріктеп, нормативтік – құқықтық актілерді және практикалық материалдарды қарастырудан басталады. Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).
Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.
Диплом жұмысының (проектісін) жоспарын жасау.
Диплом жұмысының (дипломдық проект) тақырыбы бойынша практика обьектісіне қатысты материалдарды жинау (мамандығына сәйкес)
Дипломдық жұмысының (дипломдық проект) мәселесі бойынша өзіндік зерттеу жүргізу
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді оқу және оның анализі.
Дипломдық жұмыстың мәтінің құрастыруДиплом жұмысының (жоба) библиографиялық тізімі - автордың диплом жұмысын жазғанда пайдаланған ақпарат көздері.
Достарыңызбен бөлісу: |