3.5. Практика үшін баға қою критерийлері
Әріптік жүйедегі баға
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Баллдық (%-құрам)
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
Құзыреттіліктерді қалыптасу дәрежесін бағалау критерийлері
|
А
|
4.0
|
95-100
|
Үздік
|
Студент мерзімінде, толық көлемде және жоғары деңгейде практика бағдарламасын орындады, бұл ретте дербестік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас танытты. Есептік құжаттама мерзімінде толық көлемде ұсынылды, оның ресімделуі мен мазмұны бойынша ескертулер жоқ.
Есеп практиканың мақсаттары мен міндеттерін ашуды, практика орындарының жалпы сипаттамасын, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуы, практика бағдарламасын жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
|
А-
|
3.67
|
90-94
|
В+
|
3.33
|
85-89
|
Жақсы
|
Студент практика бағдарламасын мерзімінде, толық көлемде орындады, бұл ретте дербестік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас танытты. Есеп практиканың мақсаттары мен міндеттерін ашуды, практика орындарының жалпы сипаттамасын, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуы бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды. Фактілерді психологиялық талдауда, құжаттаманы рәсімдеу мен тапсыруда кемшіліктер бар.
|
В
|
3.0
|
80-84
|
В-
|
2.67
|
75-79
|
С+
|
2.33
|
70-74
|
С
|
2.0
|
65-69
|
Қанағаттанарлық
|
Студент практика бағдарламасын толық көлемде орындамады. Есеп беру құжаттамасы толық емес және мерзімінен кеш ұсынылған, оның ресімделуі мен мазмұны бойынша пысықтауды талап еткен елеулі ескертулер бар.
|
С-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D-
|
1.0
|
50-54
|
FX
|
0.5
|
25-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Практика бағдарламасын орындамаған студентке қойылады. Есептік құжаттама ұсынылмаған
|
F
|
0
|
0-24
|
3.6. 6В04108, 5В050900 – «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған практика түрлері
Практикалардың ұзақтығы 30 сағатқа (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) тең апта ішінде практикада білім алушының нормативтік жұмыс уақытына сүйене отырып аптамен айқындалады.
Практиканың барлық түрлерінде 1 кредит 1 аптаға тең.
Практика оқудың барлық кезеңінде өткізіледі және өзіне мыналарды қамтиды:
- оқу практикасы (2 курстың 3 семестрі, 2 кредит көлемінде 2 аптадан кем емес, 60 сағат);
- өндірістік-педагогикалық практика (4 курстың 8 семестрі, 10 кредит көлемінде 10 аптадан кем емес, 300 сағат);
- диплом алдындағы практика (4 курстың 8 семестрі, 5 аптадан кем емес).
4. оқу практикасы
4.1 Оқу практикасының міндеттері мен ұйымдастырылуы
Оқу практикасы 2018 жылдың 31 қазанындағы №604 нұсқасымен бекітілген Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жүргізіледі.
Студенттердің оқу практикасы – жоғары білікті мамандарды дайындаудағы маңызды кезең болып табылады. Практиканың басты міндеті студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық білімдерін бекітіп және болашақ мамандықтарын практикалық жағынан үйреніп, теория мен шаруашылық жүргізу практикасін байланыстыра білу тиіс.
Оқу практикасының базасы студенттің ғылыми қызығушылығына сәйкес таңдалады. Студенттер оқу практикасын салық, кедендік және қаржылық органдарда, қазынашылық, сақтандыру ұйымдарында, банктік жүйе мекемелерінде, сонымен қатар кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінде өтуіне болады.
Практиканың мақсаты болып, білім алып жатқан мамандығы бойынша кәсіби қызметі жағынан практика жинақтап, теориялық білімін бекіту болып табылады.
Оқу практикасын өту кезеңінде студенттер сол немесе басқа бөлімдегі қаржылық жұмыстарды ұйымдастыруға байланысты практикалік материалдарды терең зерттеулері тиіс. Жинақталған алғашқы құжаттары, есеп беру материалдары, бухгалтерлік құжаттардың бланктері, қолдану материалдары оқу практика есебіне тігіліледі.
Оқу практикасын өтудің алдында практика өтілетін базаның жетекшісі, кафедрадан тағайындалған жетекшімен бірлесе отырып, жұмыс тізімі мен орындау уақыты және жұмыс орны көрсетілген күнтізбелік жоспарды құрастырады.
Оқу практикасінің міндеттеріне кіреді:
- студенттердің білім алу үдерісіндегі алған теориялық және машықтану білімдерін бекітіп, алған білімдерін мамандығы бойынша нақты қаржылық экономикалық міндеттерді шешуде пайдалана білу;
- таңдаған мамандығы бойынша практика жинақтап, оны дамыта білу;
- оқу практикасы бойынша есепті құрастыруда нақты материалдарға талдау жасап, қол жетерлік ақпараттарды жүйеге келтіріп, жинау;
- өз бетімен жұмыс жасауда практикасын дамытып, зерттеу әдістемелерін үйрену, ұйымдардың қаржылық ресурстарын басқаруда және есептегі мәселелердің шешімін табуда эксперименттер жасау;
- студенттердің практикалық жұмыстарға дайындығын анықтау.
Оқу практика бағдарламасын орындамаған және есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент келесі курсқа көшірілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |