Ілияс есенберлин (1915-1983)



Дата09.06.2016
өлшемі24.74 Kb.
#124221


ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН

(1915-1983)

 

Ілияс Есенберлин 1915 жылы Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы" баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин- жазған романдарының саны ең көп аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас" (1967), "Ғашықтар" (1968), "Алтын құс" (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр" (1974), "Маңғыстау майданы" (1978), "Аманат" (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды.



Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — "Қаһар", "Алмас қылыш", "Жанталас" атты тарихи романдары.

Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.

Жазушы I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХҮ-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

"Алмас қылыш" романы — XV ғ. оқиғаларынан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.

"Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.

Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.

Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.

Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.



Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.  

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет