Қылмыстық құқық (ерекші бөлімі) пәні бойынша СӨЖ мазмұны



жүктеу 126.06 Kb.
Дата13.06.2016
өлшемі126.06 Kb.
Қылмыстық құқық (ерекші бөлімі) пәні бойынша СӨЖ мазмұны




Тақырыптың атауы

Тақырыптың мазмұны

Бақылау нысаны мен мерзімі

Сағаттағы жоспарлау уақыты

1

Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің ұғымы, жүйесі және міндеттері

Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің түсінігі. Оның дамуындағы негізгі кезеңдері. Қылмыстық құықтың Ерекше және Жалпы бөлімдерінің ұқсастығы. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нарық экономикасы мен құқықтық мемлекет құруындағы міндеттері. Қазақсатан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Президентінің «Қазақстан 2030» жолдауы; «Қазақстан жылдамдытылған экономика, әлеуметтік және саясаттық модернизация жолында» 18 ақпан 2005 ж. ҚР құқықтық концепциясы, Қазақстан Республика Президентінің жарлығы қабылдаған 20 қыркүйек 2002 ж. Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің маңызы. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдарының қылмыстық заңның Ерекше бөлімін қолданғанда жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтары. Қылмыстық Кодекстегі Ерекше бөлімнің пәні, жүйесі, міндеттері. Оның құрылу қағидаттары. ТМД мемлекеттерінің Қылмыстық заң Ерекше бөлімнің жүйесі. Қылмыстың жекеленген түрлеріне арналған қылмыстық заң. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жетекші түсініктерінің Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдары қылмыстыққа қарсы құқық қорғаушылық жұмысындағы мағынасы.




Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

Мерзімі: 1 апта


2 сағат

2

Жеке адамға қарсы қылмыстар

Қазақстан Республикасының азаматтарының бостандығы, құқығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Жееке адамға қарсы қылмыстардың түрлері мен түсінігі. Жеке адамға қарсы қылмысқа қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық заңнаманың пайда болуы мен дамуы. Жеке адамға қарсы қылмыс. Адам өлтіру түсінігі және оның түрлері. Адам өлтіргенде ауыр жағдайлар. Адам өлтіргенде жеңілдететін жағдайлар. Абайсызда кісі өлтіру. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу. Денсаулыққа қарсы қылмыстың түсінігі мен түрлері. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру. Осы қылмыстың түсінігі мен түрлері. Денсаулыққа қасақана зиян келтіре отырып, ол абайсыздықтан адам өліміне әкеп соққан; оның адам өлтіруден айырмашылығы. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру. Осы қылмыстың түрлері. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру. Азаптау. Денсаулыққа зиян келтіргендігі жеңілдететін жағдайлар. Абайсыздықта денсаулыққа зиян келтіру. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін қылмыстар. Осы қылмыстардың түрлері мен түсініктері, олардың денсаулық пен өмірге қарсы қылмыстан айырмашылығы. Қорқыту. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамау. Адамның иммун талшығы вирусын (ЖҚТБ) жұқтыру. Осы қылмыстың түрлері. Ауыстырып алу немесе өзгедегі пайдалану үшін адамның мүшелерін немесе тінін алуға мәжбүр ету. Заңсыз аборт жасау. Осы қылмыстың түрлері мен түсінігі. Науқасқа көмек көрсетпеу және қаіупті жағдайда қалдыру қылмыстық жауаптылықтың орындалу шарты. Жыныстық қатынас қылмыстары. Оның түсінігі мен түрлері, олардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Зорлау. Осы қылмыстың түрлері. Нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану. Он алты жасқа жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипатағы өзге де іс-әрекеттері. Жас балаларды азғындату. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мүжбүрлеу. Зорлау немесе нәпсіқұмарлықтан осы қылмыстан айырмашылығы. Бас бостандығына қарсы қылмыс. Адамды ұрлау. Бас бостандығынан заңсыз айыру. Осы қылмыстың түрлері. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру. Адамдарды пайдалану үшін азғырып-көндіру, сондай-ақ әкету және олардың транзиті. Адамның ар-ожданына, намысына қарсы қылмыс. Жала жабу және оның түрлері. Қорлау және оның түрлері. Қорлаудың жала жабудан айырмашылығы.

Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

3 Есеп шешу

Мерзімі: 1,2,3,4 апта


9 сағат

3

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс. Кәмелетке толмағандарды қылмыстық іске тарту. Кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекет жасауға тарту. Кәмелетке толмағандарды сату. Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау. Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау. Отбасыға қарсы қылмыс. Баланы ауыстыру. Бала асырап алу құпиясын жария ету. Балалардың немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден әдейі жалтару. Қамқоршы немесе қорғаншы құқықтырын теріс пайдалану. Еңбекке жарамсыз жұбайын (зайыбын) асыраудан әдейі жалтару.




Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 4, 5 апта

3 сағат

4

Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар

Адамның жән еазаматтың конституциялық құқықтары мен блстандықтарына қарсы қылымстың түсінігі мен түрлері. Адам мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қол сұғатын қылмыстар, оның түрлері. Азаматтардың тең құқықтығын бұзу, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу. Осы қылмыстардың түрлері. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу. Дәрігерлік құпияны бұзу. Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау. Жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергші жасау. Азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығына қарсы қылмыс. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау. Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу. Қоғамдық бірлестіктердің қызметтеріне кедергі жасау. Азаматтардың еңбек құқығына , бостандығына қарсы қылмыс. Еңбек туралы заңдарды бұзу. Еңбектң қорғау ережелерін бұзу. Ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу. Тілшінің заңды кәсіптік қызметін екедергі келтіру.




Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 5 апта

1 сағат

5

Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

Мемлекеттің конституциялық құрылымына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Конституциялық құрылысқа қарсы қылмыстар. Мемлекеттік опасыздық. Мемлекеттік немесе қоғамдық жұмыскердің өміріне қастандық жасау. Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру. Қарулы бүлік Қазастан Республикасы Конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге немесе оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру. Мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыс. Диверсия. Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту. Жұмылдыруға шақырудан жалтару.




Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 6 апта



1 сағат

6

Меншікке қарсы қылмыстар

Меншікке қарсы қылмыстың түсінігі мен түрлері. Ұрлық түсінігі және оның көрінісі. Ұрлық түрлері. Ұрлықтың түрлері мен нысандарға бөлу мен оларға жаза белгілеудің маңызы. Алаяқтық пен тонаудың түсінігі мен түрлері. Алаяқтық пен тонау кезінде қорлық көрсетуі. Қарақшылық түсінігі. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап ету. Ерекше құнды заттарды ұрлау. Ұрлықтан кейінгі материалдық зиян, оның орнату және бағалау. Осы қылмыстардың түрлері. Ұрлық деп есептелмейтін меншікке қарсы қылмыс. Қорқытып алушылықтың түсінігі мен мәні. Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру. Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату. Автокөлікті немес өзге көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсызщ иелену. Қасақана немесе абайсыздықта бөтен адамның меншігін құрту немесе бұзу.


Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 6-8 апта


6 сағат

7

Экономикалық қызмет саласындағы қызмет

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстың түсінігі мен түрлері. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау. Заңды кәсіпкерлікке қарсы қылмыстар. Заңсыз кәсіпкерлік. Жалған кәсіпкерлік. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге де мүлікті заңдастыру, түсінігі мен түрлері. Заңсыз банктік қызмет. Заңсыз банктік қызмет түсінігі, несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану. Экономика саласындағы қылмыс. Экономикалық контробанда түсінігі мен түрлері, жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату, тұтынушыларды алдау және заңсыз сыйақы алу. Осы қылмыстың түрлері. Салық заңнама саласындағы қылмыс. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу. Азаматтардың салық төлеуден жалтару, ұйымға салынатын салықты төлеуден жалтару. Олардың түрлері. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Бөлімдерінің осы қылмыстарға қарсы жұмыстары.


Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 8-9 апта


3 сағат

8

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс түсінігі мен түрлері. Терроризм. Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру. Террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу. Адамды кепілге алу. Ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық қоғамдыстыққа қатысу. Заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру. Бандитизм. Үйлерді, құрылыстарды, қатынас немесе байланыс құралдарын басып алу. Әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірге қолға түсу. Жаппай тәртіпсіздіктер. Осы қылмыстардың түрлері. Қазақстан Республикасының Ішкі Іістер Бөліміні осы қылмыстарға қарсы жұмыстары. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс. Атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Жарылыс қаупі бар объектілерінде қауіасіздік ережелерін бұзу. Бұл қылмыстардың түрлері. Қауіпті заттармен қолдану ережелерін бұзумен байланысты қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс. Радиоактивті заттармен заңсыз қолдану. Айналыстан алынған заттардың немесе айналасы шектелген заттардың контробандасы. Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш құралдарды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру. Жарылғыш заттарды, жарылғыш құралдарды, қаруды ұрлау. Айтылған қылмыстардың түрлері. Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс. Бұзақылық түсінігі мен мәні. Оның түрлері. Тағылық. Тағылықтан бұзақылықтан айырмашылығы.




Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 9-10 апта


3 сағат

9

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар түсінігі мен түрлері. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту және сату. Заңсыз есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тасымалдауға байланысты қылмыс. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін проитондар ұйымдастыру немесе ұстау. ҚР Ішкі Істер органдары осы қылмыстарға қарсы жұмыстары. Адамгершілікке қарсы қылмыстар. Жезөкшілікпен айналысуға тарту түсінігі мен мәні. Жөзекшілікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық. Қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату. Өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау: түсінігі, істеу нысандары




Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 10-11 апта



3 сағат

10

Экологиялық қылмыстар

Экологиялық қылмыс түсінігі, түрлері. Қоршаған ортаны қорғау ережелерін бұзу. Арнаулы жұмыстарды орындау кезінде экологиялық қауіпсіздік ережелерін бұзу. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылған экологиялық талаптардың бұзылуы . Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Өлі табиғатты қорғау ережелерін бұзу. Суларды ластау, бітеу және сарқу түсінігі. Атмосфераны ластау теңіз аясын ластау. ҚР құрылықтық шельфі туралы және ҚР айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы. Жерді бүлдіру. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу. Осы қылмыстардың түрлері. Тірі табиғатты қорғау ережелерін бұзу. Су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу. Заңсыз аңшылық. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекет. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу. Ормандарды жою немесе зақымдау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.



Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 11-12 апта


3 сағат

11

Көліктегі қылмыстар

Көлік қылмыстарының түрлері мен түсініктері. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігіні ережелерін бұзу. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу. Жол көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу, көлік құралдарын сапасыз жөңдеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару. Мас күйіндегі адамды көлік құралына жүргізуге жіберу; түсінігі мен түрлері. Көліктің қауіпсіз жұмыс істеу қамтамасыз ететін ережелерді бұзу. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.





Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 12 апта


1 сағат

12

Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс

Мемлекеттік қызмет пен мемелекеттік мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстарға қарсы қылмыстардың түрлері мен түсінігі. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану. Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану: түсінігі және орындау жолдары. Лауазымды адамынң өкілеттігін иемдену. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатынасу. Пара алу, пара беру. Қызметтік жалғандық жасау. Қызметтегі әрекетсіздік. Осы қылмыстардың түрлері.



Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 13 апта



4 сағат

13

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстың түрлері мен түсініктері. ҚР мемлекеттік туын, мемлекеттік елтаңбасын, мемелекеттік әнұранын қорлау Қазақстан Республикасының Президентінің ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу және оның құрметіне кедергі жасау. Үкімет өкімін қорлау. Үкімет өкіміне күш қолдану. Прокурордың құрметіне кедергі жасау жән еоның заңды талаптарын орындамау. Жауапты мемлекеттік лауазымды иеленуші лауазымды адамға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шараларды туралы мәліметтерді жария ету. Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу. Құжаттарды, мөр таңбаларды, мөрлерді ұрлау және бүлдіру. Жалған құжаттарды, мөр таңбаларды, мөрлерді, мөр қағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу. Әскери қызметтен жалтару. Өзін-өзі билік ету және оның көріністері. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын өкімет өкілінің немесе лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену. Мемлекеттік туды заңсыз көтеру. Қазақстан Республикасының мемлекеттінің шекарасынан әдейі заңсыз өту. Шығарып жіберу туралы шешімді орындамау. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу. Қазақстан Республикасының шекарасын құқыққа қарсы өзгерту. Қызыл жарты Ай және Қызыл Крест эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану. Байланыс желілерін күзету ережелерін бұзу. Жиналыстарды, митингтерді, пекеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу.





Нысан:

  1. Оқу материалын конспектілеу

  2. Жеке әңгімелесу

  3. Есеп шешу

Мерзімі: 14 апта

3 сағат

БАРЛЫҒЫ

45 сағат


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет