Қылмыстық іс жүргізу кафедрасы


Сезіктіні ұстау - тергеу әрекеті ретінде



бет2/4
Дата17.06.2016
өлшемі344.5 Kb.
#143375
1   2   3   4

1.3. Сезіктіні ұстау - тергеу әрекеті ретінде

Тергеу әрекеті ретінде сезіктіні ұстау туралы көзқарас, әдетте қылмыстық іс жүргізу заңының қылмыс ізін анықтау жәнс бекіту бойынша кейінге қалдырылатын тергеу әрекеттерінің қатарына жатқызылатындығынан туындайды. Алайда қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген осы әрекеттердің процедураларының анализі олардың елеулі айырмашылықтарын көрсетеді.

Оқиға болған жерді қарау, тінту, алу, куәландыру және жауап алу өзінің заңдық құрамы бойынша дәлелдемелерді жинау үшін бағытталған, ал сезіктіні ұстау қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы ретінде ғана реттелген. Бұл жағдай әсіресе ҚР-ның 30.03.1999 ж “Сезіктілерді және қылмыс жасаған айып күзетпен ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" ҚР-ның Заңының мәтінінде нақты көрсетілген. Дәлеледемелерді жинау тәсілі болу үшін ұстау қылмыстық іс жүргізу заңымен анықталатын әрекеттерді әрекеттерді қамтуы тиіс.50

Сонымен қатар осы әрекеттер туралы нормалар Кодекстің әртүрлі бөлімдерінде орын алған: тексеру, тінту, алу, куәландыру, жауап алу - қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүру әрекеттері туралы бөлімдес, ал сезіктіні ұстау іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы ретіндс қарастырылған.

Сезіктіні ұстауды тергеу әрекеттері қатарына жатқызушылар оның мәні мынада деп табады: сезіктіні ұстаудың негізі елеулі дәлелдемелік маңызға ие бола отырып, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 134 бабының 1 тармағының талаптарына сәйкес хаттамаға енгізу жатады. Ал бұл ҚР ҚІЖК - нің 122 бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердің қайнар көзінің қатарына жатады. Осындай нысанда бекітілген сезіктіні ұстау мән-жайларына қатысты мәліметтер кейбір авторлардың пікіріншс дәлелделік статуска ие болады. Сонымен қатар бұл мәліметтер сезіктіні алдын ала ұстаудың немесе олармен бір мезгілде қолданылатын тергеу әрекеттерінің және дәлелдемелерді жинаудың өзге де тәсілдерінің нәтижесінде алынады. Ұстау хаттамасын шығару кезінде олар тиісті түрде рәсімделуі тиіс. Бұл ұстаудың қажетті талабы оның негізділігінің бірден-бір шарасы болып табылады.

И. М. Гуткиннің ойынша, "ұстау хаттамасында ұстаудың негізін нақты баяндау хаттамасы дәлелдемелік маңыздылығымен емес, қылмыс жасауда сезік келтірілген тұлғаны күзетпен бекіту туралы шешімді негіздеу қажеттілігімен байланысы болып табылады".51 Бұндай жағдайлар сезіктіні ұстау хаттамасы тергеуші немесе анықтаушы өзге қайнар көздерден алынған фактілік мәліметтерге қатысты қабылдаған шешімнің негізіне жүгінетін қаулыға ұқсастырылады. Осы қайнар көздер ғана қылмыстық іс бойынша дәлелдеу процесіндс орын алады. Ал ұстау хаттамасы дәлелдеме ретінде қолданылады. 52

Алдын ала тергеу барысында өкілетті органдармен және лауазымды тұлғалармен жүргізілетін процессуалдық әрекеттер, тергеу әрекеттері делінеді. Мұндай әрекеттерді жүргізу кезінде шешілетін міндеттерге байланысты олар, негізінен, 2 салыстырмалы жеке топтарға бөлінеді:

1) зерттеу сипатындағы тергеу әрекеттері. Оның көмегімен анықтау жүргізетін орган немесе өкілетті тұлға, тергеуші немесе прокурор алдын ала тергеу тәртібінде дәлелдемелерді табумен, бекітуімен және зерттеумен байланысты міндеттерді шешеді. (яғни сотқа дейінгі тәртіпте жүргізілетін әрекеттер);

2) өзгеге де тергеу әрекеттері. Олар, негізінен іске қатысушы тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндағы бірінші топтағы тергеу әрекеттеріне келесілері жатады: жауап алу, беттестіру, таныту үшін көрсету, тінту, алу (выемка), оқиға болған жерді қарау, куәландыру, тергеу экспериментін жүргізу, сараптама жүргізу.

Кейде заң әдебиеттеріне мұндай тергеу әрекеттеріне дәлелдемелерді ұсыну сияқты, сондай-ақ, іс бойынша қажетті фактілі деректерді анықтай алатын заттар мен құжаттарды сұратуды да жатқызу керек деген пікірлер кездесіп жатады. Дәлелдемелерді жинау әдістеріне қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстауды да жатқызады. Бірақ бұған қайшы келетін тағы бір пікір бойынша сезікті тұлғаны ұстау - ол процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бірі ғана болып табылады.

Қылмыс жасаған сезікті тұлғаны ұстау кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеті қатарына жатқызады. Оның мәні - қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны, оның тұлғасын қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында, сондай-ақ оған қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы сұрақты шешу үшін қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады.

Сезік бойынша тұлғаны ұстау үшін негіз болып сезікті негіздейтін фактілі деректер табылады. Оларға ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабында көзделген келесі жағдайлар жатады:

1) ол адам қылмыс жасау кезінде не тікелей оны жасағаннан кейін ұсталса;

2) көрген адамдар, соның ішіндс жәбірленушілер қылмыс


жасаушы ретінде сол адамды тура көрсетсе не ол адам ұсталатын сол адамда, оның киімінде, өзінде не тұратын үйінде қылмыстың анық іздері табылса;

  1. жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында сол адамға қатысты ол жасаған не дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы оның деректері болған кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін болатын қылмысты жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға құқылы.

Сондай-ақ тұлғаны қылмыс жасады деген сезікке негіз беретін өзге де деректер болған кезде ұстау жүргізілуі мүмкін. Бірақ мүндай мәліметтер негізінде ұстауға жер беріледі, тек егер:

  1. ол адам жасырынуға әрекет жасаса;

  2. оның тұрақты тұратын жері болмаса;

  1. сезікті тұлғаның жеке басы анықталмаған жағдайлары орын
    алатын болса ғана.

Сезіктіні ұстаудың мотивтері болып ол анықтама не тергеуден жалтарады, жаңа қылмыс жасайды немесе іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді деген негізді қауіптің орындалуы табылады.

Сезіктіні ұстау - кейінге қалдырмайтын сипатқа ие болғандықтан оған прокурордың санкциясы қажет емес. Ұстау «мерзімі 72 сағатқа дейін. Оны ұзартуға болмайды. Бірақ бұл ереженің де ерекшеліктері (исключительность) болуы мүмкін. Мысалы, прокурордың санкциясымен 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік ұстауға жол берілуі мүмкін. Ол шекара және кеден органдарымен бұзушылықтарды немесе мемлекеттік шекарадан өту ережелерін бұзумен байланысты тексеру жүргізу үшін қолданылады.

Сезіктіні ұстау кезінде міндетті түрде ұстау хаттамасы толтырылуы керек. Мұнда ұстаудың негізі мен мотивтерін, ұстаудың жүргізген тұлға туралы мәліметтер, ұсталғанның тұлғасы жөнінде деректер, оның түсініктемесі мен ұстау жүргізілген нақты мерзім және хаттама толтырылған уақыты көрсетіледі. Ұстау хаттамасы ұсталғандарды УҰИ-на орналастырудың негізі болып табылады.

Тәжірибеде ұстау ұсталғанды жеке тінтумен қатар жүрізіледі. Тінту ҚР ҚІЖК-нің 135, 233 баптарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Тінту нәтижелері жеке тінту хаттамасында көрініс табады. Жүргізілген ұстау туралы анықтау органы не тергеуші 24 сағат ішінде ұстау хаттамасы толтырылған мезетпен бастап 12 сағат ішінде прокурорды ұстаудың заңдылығы мен негізділігін тексертіп, ұсталғанды қамауға алу туралы не оны босату туралы санкция беруі тиіс. Ұсталғанды қамаудан босату келесі жағдайларда жүрізіледі:



  1. қылмыс жасады деген сезік расталмаса;

  2. ұсталған адамға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын
    қолдануға негіз болмаса;

3) ұстау, ұстау тәртібін бұзу арқылы жүргізілсе (134-ші бапта
көзделген) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысы
бойынша босатылуға жатады.

Ұстау хаттамасы толтырылғаннан кейін ұсталған "сезікті" мәртебесіне ие болады.

Ұсталғандардың (сезіктілердің) процессуалдық жағдайын сипаттау кезінде олар конституцияға, Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге сәйкес олар ұстаудың заңдылығы мен негізсіздігін тек прокурорға ғана емес, сонымен бірге сотқа да шағымдана алатындығын да атап өту керек. Ғылыми негізде тергеу әрекетін дайындау және жүрізуге олардың вербальды және вербальды емес етіп криминалистикалық бөлуі әсер етеді. Бұл топтың элементтері болып тергеу әректтерінің жекелеген түрлері табылады.

Вербальды тергеу әрекеттері (жауап алу, таныту үшін көрсету, беттестіру және т.б.) әңгімелесу негізінде ақпаратты алып жүрушіден алу мақсатында жүргізілуі. Мұндай ақпаратпен алмасудың сөйлесу әдісі жазбаша мәтіндерімен, схемаларымен, суреттерімен, жест тілімен, мимикамен толықтырылуы мүмкін. Бұл кезде төменде келтірілген міндеттердің барлығы толығымен не жекелей шектеледі:



  1. бастапқы мәліметтерді алу;

  2. іске бар ақпараттарды тексеруі;

3) сол акпараттарды нақтылау толықтыру;

  1. берілген жауаптардағы қайшылықтарды жою;

  2. жинаған мәліметтерді бекіту;

  3. жалғандықты табу мен әшкерелеуі;

  4. тергеу болжамдарын (версия) тексеру.

Вербальды емес әрекеттер тобына тергеулік қарау, тінту сараптама тағайындау және жүргізу, сондай-ақ ақпаратты жинаудың сөйлесу әдісі басқа әдістер мен тәсілдермен алмасқан кезде жүргізілетін әрекеттер жатқызылған (олшеу, бақылау жоне т.б.)

Вербальды емес әрекеттерді жүргізуге дайындық бір жағдайда заттың ақпарат алып журушіні іздеуді қамтамасыз ету мақсатында жүргізуді; екінші жағдайда оны іздеу үшін де, зерттеу үшін де, үшінші жағдайда тек зерттеу үшін жүргізіледі.

Әр тергеу әрекетінің нәтижесін хаттамамен бекіту керек. Мұнда сол объект туралы келесідей мәліметтер көрініс табуы мүмкін:


  • объектісін атауы, оның материалы мен із табылған бетінің
    жағдайы;

  • объектіні табу әдісі;

  • іздің жалпы және жеке белгілері тұрғысынан сипаттамасы;

  • зат пен ізді бекіту, алу және бұзу әдістері көрсетіледі.

Әр тергеу әрекеті оны жүргізуге көмектесетін не кедергі келтіретіндей нақты өмірлік жағдайларда жүргізіледі. Бұған мегеорологиялық жағдайлар, жарық, құрылыстардың сипаты, транспорт құралдарының жүру ерекшеліктері т.б. жатады. Тергеу әрекеті жүргізілетін орны, әдетте тергеушінің еркіне байланысты болмайды. Мысалы, оқиға болған жер, тінту жүргізілетін жер және т.б. Сондықтан, тергеушінің мұндай жағдайдағы міндеті - жұмыс үшін ең дұрыс, ең тиімді вариантын табу.

Кез келген тергеу әрекетінің ерекшелігі - ол қалай болсын солай емес, белгілі бір жоспарға сәйкес, белгілі бір жүйеге негізделіп жургізілуінде. Зерттеуде жүйенің болуы оның нәтижелерінің шынайылығын қамтамасыз етеді, жүргізіліп отырған зерттеудің толықтығын қамтамасыз етеді, алынған нәтижелерді бекітуді жеңілдетеді. Кез келген тергеу әрекетінің нәтижелігі үшін тергеушінің психологиялық дайындығы, оның жұмыстағы сәйкестігіне өзінің сенімінің болуы маңызды мәнге ие болады.



2. Сезіктіні ұстаудың негіздері мен процессуалдық тәртібі
2.1. Сезіктіні ұстаудың негіздері

Ұстаудың зандылығы мен негіздерін қамтамасыз етудің процессуалдық құрамының бірі ретінде осы мәжбүрлеу шарасып Іишамылудын. негіздері танда белгіленген. Бұл негіздердің мәні қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қылмыстық сот өндірісінің мүдделеріне байланысты бұл процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар олар азаматты заңсыз бас бостандығынан айырудан қорғай отырып, тұлғаның бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің ойымызша, кейінге қалдырылмайтын жағдайларда екі шарттың үйлесуі орын алады:



  1. Сезіктіні, егер ол бостандықта қалатын болса, анықтау мен
    тергеуде жалтарады, іс бойынша шындықты анықтауға кедергі
    келтіреді не болмаса қылмыстық әрекетін жалғастырады деген қауіппен оны дереу оқшаулау қажеттілігі;

  2. Жеткілікті негіздер болмағандықтан немесе оны дұрыс
    рәсімдеу үшін объективті бөгеттердің болуынан қамауға алу
    бұлтартпау шарасын дереу қолдану мүмкін еместігі.

ҚР ҚІЖ-де ұстау институтының келесідей анықтама берген: қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау - оның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы сұрақты шешу мақсатымен қолданылатын процессуалдық мәжбүрлеу шарасы (ҚР ҚІЖК 321-бап. 1-бөлім).

Жоғарыда келтірілген ұстау институтының анықтамалары осы мәселе бойынша әр түрлі пікірлерден тұрады. Алайда жоғарыда аталғандарды ескере отырып бұдан келесі тұжырымдарды шығару болады; ұстау өндірісі үшін міндетті шарт бұл тергеу әрекетінің кейінге қалдырылмайтындығы болып табылады.

Ұстау келесі мақсаттарда қолданылады: ұстау жолымен және кейінгі әрекеттерді (жеке тінту, сезіктіден жауап алу және куәландыру) жүргізе отырып қылмыстық қудалау органының өзіне істің және қылмыстық жағдайлары туралы, сезіктіні бірігіп қатысушылардың тұлғасы жайында қылмыстың мотивтері және т.б. жөнінде маңызды деректер алуына мүмкіншілік туады. Ұстау барысында иесі куәлар анықталады, яғни қылмысты көргендер, жәбірленушілер, заттай дәлелдемелер, сондай-ақ істің дұрыс шешілуі үшін маңызы бар құжаттар мен өзгеде деректер табылып жатады. Ұстау сондай-ақ дайындалып жатқан қылмыстардың алдын алудың құралы ретінде де көрініс табады.

Сонымен, ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабының 1-ші бөлімінің мазмұнынан шыға отырып, ұстаудың мақсаттары келесілер екенін көреміз:

Ұсталғанның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау;

Ұсталғанға қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы тұрақты шешу.

Қылмыстық-процессуалдық ұстауды азаматтарды әкімшілік ұстау мен алып келуден бөліп қарастыру керек.

Әкімшілік ұстау қылмыстық-процессуалдық заңмен реттелмеген.

Әкімшілік ұстаудың негізі болып әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратын азаматтық әкімшілік- құқық бұзушылық жасауы табылады. Әкімшілік тәртіптен тұлға 3 сағаттан артық мерзімге ұсталмайды.

Әкімшілік ұстау қылмыстық процессуалдық заңмен реттелмеген-діктен, ол қандай да бір тергеу әрекеттерімен қабаттаспайды.

С.Т. Тыныбеков қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды қысқа мерзімді ұстаудың тәртібі туралы ереженің 1-ші бабында белгіленген ұстаудың мақсаттары "ол ұсталғанның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау және соған қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы сұрақты шешу" деп көрсетеді.53

А.Я. Гиндзбург, А.Р. Белкин ұстауды бірыңғай мақсатпен біріктірілген және қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны қамауға алуға бағытталған, жаққа дәлелдемелер алу үшін және оларды тексеру үшін жеке тінту жүргізу және жауап алу деп ұтады. В.А. Образцов ұстаудың мақсаттары болып ұсталған тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау; қылмыстық әрекеттің алдын алу; анықтау, алдын ала тергеу және соттан жалтаруын ескерту;

ҚР ҚІЖК-нің 131-ші бабында сезіктіні ұстау қылмыстық қудалау органдарымен жүргізіледі, егер тұлғаға сол қылмыс үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген әрекет жасады деп сезіктелген болса делінеді. ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабында тұлғаны қылмыс жасады деп негізді сезіктейтін негіздерді көрсететін фактілі деректердің немесе "дәлелдемелік жағдайлардың" тізімі беріледі.

Олардың қатарына ҚР ҚІЖК ең алдымен келесі жағдайларды жатқызады:

I. Тұлға қылмыс жасау кезінде немесе тікелей оның жасағаннан кейін ұсталса. (ҚР ҚІЖК 2-бөлімінің 1-ші тармағынан). Тұлға қылмыс үстінде тікелей соны жасағаннан кейін ұсталды деп есептеледі, егер оны аяқталған қылмытгы құрайтын не дереу содан кейінгі кезде әрекеттерді жасау кезінде қылмысқа оқталу кезінде ұсталған болса. (ҚР ҚІЖК-нің 2-бөлімі, 3,4,5-ші тармақшылары).

2. Егер қылмысты өз көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе не қылмыс жасаған тұлғаларды ұстауға азаматтардың құқығын пайдалана отырып бұл тұлғаны ұстаған болса. (ҚР ҚІЖК. 132-бабының 2-бөлімінің 2-ші тармағы). Ұстау негіз құрайтын қылмысты өз көздерімен көргендердің көрсетулері деп нақты қылмыс фактісін қабылдаған және оны жасауға солар көрсетіп отырған тұлға қатысты дейтін бір немесе бірнеше куәлардың хабарлауларын түсінеміз. Өзі көрген тұлға не нақты бір адамды көрсетеді. Өз көзімен көрушілердің қандай болмасын болжамдары, затты тек бейнелеп, сипаттауды ұстауға негіз болмайды. ҚР жаңа ҚІЖК-де азаматтардың қылмыс жасаған тұлғаны ұстау құқығы көрсетілген.

Жәбірленуші, сондай-ақ кез келген азаматы қылмыс жасаған тұлғаны оның басқа қол сұғушылықтарының алдын алу мақсатында оны ұстауға құқылы (ҚР ҚІЖК-нің 133-ші бабы).

Біздің ойымызша, тәртібінде азаматтардың ұстау құқығын пайдаланғанда қайшылықты жағдайлар туындауы мүмкін. Ол жасалған қылмыс үшін жаза ретінде бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстарды жасады деп сезіктелген тұлғаларды ғана ұстауға бостандығымен ескертілген. Сондықтан, сезіктіні ұстау үшін ол осы жағдайда оны ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабы бойынша ұсталған тұлға нақты білуі тиіс, егер онымен ұсталған ескертілген. Сондықтан сезіктіні ұстау үшін, ол осы жағдайда оны ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабы бойынша ұсталған тұлға нақты болуы тиіс, егер онымен ұсталған сезіктінің әрекетінің жазасы ретінде бас бостандығынан айыру көзделген болмаса, ұстау заңсыз болып табылады да ұсталған тұлға келтірілген зиянды өтеуін талап етіп және осы ұстауды жүргізілген тұлғаны жауапқа тартуды талап етіп сотқа жолдана алады.

3. Егер осы тұлғада не кемінде немесе үйінде қылмыстық нақты
іздер табылған болса (ҚР ҚІЖК. 132-бап, 2-бөлім 3-ші тармақ).
Мұндай нақты іздер болады, егер олар сол тұлғаның жасалған
қылмысқа қатыстылығы жөнінде куәландыратын болса. Іздердің
нақтылығы, сөздігі (ясность) оның білінетіндігімен немесе сонымен
емес, олар сезіктінің осы қылмысты жасады деуін қайшылықты
әшкерелейтіндігімен анықталады. Мысалы, сезіктінің денесіндегі,
көгерген жерлері, сызат тұлғаға қарсы қылмыс туралы білдіреді,
фомка, отмычка, кілттердің түрлерінің болуы, мүлікке, меншікке
қарсы қылмыстар туралы көрсетеді.

Егер нақты қылмыстық ізі туралы жеткілікті деректер болмаса, табылған іздер олар қаншалықты айқын болмағанымен, ұстауға негіз бола алмайды.

4. Заңға сәйкес алынған жедел іздестіру қызметінің
материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы оның деректер болған
кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуымен мүмкін
болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірілген болса (ҚР ҚІЖК.
132-бап. 2-бөлім. 4-ші тармақ). Бұған жасалған не дайындалып
жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыстар туралы алынған әр түрлі
ақпараттар жатады. Олар телефон немесе өзге де сөйлесулерді заңды тыңдау, техникалық байланыс каналдарынан, өзге де техникалық
құралдардан ақпараттарды алу, бақылау соның ішінде тұлғаның өмірі
мен денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірмейтін арнайы
техникалық құралдарда, материалдар мен заттарды және т.б.
бойынша іздеу және ұқсастыру деген сияқты жедел-іздестіру
шараларының нәтижесінде алынады. (ҚР ҚІЖК-мің 16 бабы).

Жедел іздестіру қызметінің материалдарында бар деректер шынайы болып, дәлелдемелермен құпталуы тиіс.

Жедел іздестіру шаралары "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы" заңның 10-шы бабында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі. (15.19.94 ж. заң).

Әрине, мұндай деректердің шынайылығы әр жағдайда заң баптарына сәйкес тексеріліп, бағалануы тиіс. 54

ҚР ҚІЖК-не сәйкес ұстау - тұлғаны сезікті деп тануға негіз болатын "өзге де деректер" болған кезде де жүргізіледі.

Бұл әрекеттер де нақты тұлғаны көрсету тиіс. Алайда заң оларда қарастырып отырған баптың 1-ші бөлігінде көрсетілген деректерге қарағанда неғұрлым сенімді деп есептейді.

Сондықтан олар тұлғаны ұстауға негіз бола алады тек егер қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаның сезігін күшейтетін қосымша шарттардың бірі болған жағдайда ғана;


  1. егер бұл тұлға қашуға оқталса;

  2. егер оның тұрақты тұратын жері болмаса;

  3. егер сезіктінің тұлғасы анықталмаса.

Біздің ойымызша, нақты қандай фактілі деректер негіз бола алатындығын анықтап алу қажет.

Ұстауға негіз ретінде "кез келген фактілі деректерді" қолдануға болады деген де пікір бар. Алайда, мұндай позиция қарсылық білдіреді, өйткені мұндай жағдайларда ұстауға негіз ұғымы негізсіз кең мағынада түсіндірілер еді.

Біздің ойымызша, фактілі деректер кейде ұстау негіздері ретінде қызмет ете алады, яғни көрініс таба алады, егер біріншіден, олар тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктенуге мүмкіндік берсе; екіншіден, осы процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде сезіктелген тұлғаға қатысты осы шараны қолданудың қажеттіліп туралы шынайы куәландырса.

П.М. Давыдов пен П.П. Якимон ұстауға негіз дегеніміз сол үшін бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделуі мүмкін қылмыс жасады деп тұлғаны сезіктенуге мүмкіндік беретін заңмен көзделген физикалық деректер деп есептеледі.55

А.А. Чувилев ұстаудың негіздері болып сол үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыс жасады деп сезіктеуге мүмкіндік беретін физикалық деректер деп көрсетеді.56

Заң өзге де деректер ұғымының расшиврокасын бермейді. Тәжірибеде "өзге де деректер" деген кезде тергеу органдарына азаматтардан, мекемелеріне ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қылмыстар туралы және соны жасаған тұлғалар туралы келіп түсетін әр түрлі мәліметтерді түсінеді.

"Өзге де деректер" сезіктіні ұстауға негіз бола алады тек жоғарыда аталған шарттардың біреуімен үйлесе отырып, яғни егер тұлға тек қашуға оқталса сезіктінің тұлғасы анықталмаса т.б.

Өте маңызды болып, біздің ойымызша, олардың негізінде ұстау мүмкін болатын деректердің сипаты туралы, сондай-ақ олар алынуы мүмкін қайнар көздер туралы сұрақта өте маңызды болып табылады. Бұл сұрақтар әдебиеттерде даулы болып қалған.

ҚР ҚІЖК-гі "тұлғаны сезікті деп тануға негіз беретін өзге де деректер болған кезде" азаматтарды ұстауға жол береді, ал осы баптың І-ші бөлімінің 4-ші тармақшасы (17.03.95 ж. толтырылған) жедел іздестіру ақпаратын жеке негізге жатқызады.

Жаңа ҚІЖК-де де, бұрынғы ҚазССР-нің ҚІЖК-де де 22.07.1957 жылғы "өзге деректер" деген ұғымының мәні, мазмұны ашылмаған.

Ұстаудың негіздері ретіндегі "өзге де деректердің" алыну көздері мен жолдары жөніндегі әр түрлі пікірдің болуы белгілі бір шекте, біздің ойымызша, қылмыстық процессуалдық заңның жеткіліксіз нақтылығымен түсіндіріледі.

Осыған сәйкес бітіру жұмысын жазушы ҚР ҚІЖК-пің 132-ші бабы редакциясын келесідей етіп өзгертуді ұсынады; осы баптағы үшінші бөліміндегі "өзге де деректердің болуы кезінде" деген сөздерін "өзге де дәлелдемелер мен қылмыстық процессуалдық заңға сәйкес тексерілген дәлелдемелердің болуы кезінде" деген сөздермен алмастыруды.

Жариялы емес жедел іздестіру шараларын жүргізуді ұйымдастыру мен тактикасы "ҚР-ның мемлекеттік құпияларын қорғау туралы" заңына ҚР Үкіметімен бекітілген құпияландыруға жататын мәліметтердің тізіміне сәйкес қызметін, әскери не мемлекеттік құпияны құра алады.

Дискуссиялық және процессуалдық құқықтық әдебиеттерде бірыңғайлық түсініс таппаған сұрақ болып жедел іздестіру сипатындағы мәліметтер қылмыстық процессуалдық мәжбүрлеу шаралары туралы шешімнің қолданушының негізіне енгізіле алады ма деген сұрақ табылады.

Заңның жоғарыда аталған ережесімеи ұстаудың негізі ретінде көрініс табатын фактілі деректер, соның ішінде "өзге де деректер" жеделдік жолымен алынуы мүмкін деген тұжырымға келуге болады. Алайда, мұндай процессуалдық емес жолымен алынған деректер олар қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде қолданылуы үшін белгілі бір шарттар қойылады, яғни олар процессуалдық жолмен тексерілуі тиіс.

Кейбір процессуалистер өздерінің заңды ұстау негіздерінің жеткілікті тізімі берілген деген ойда білдіреді.

Бұл топтық көлемде шындыққа сәйкес келмейді. ҚР ҚІЖК-ніц 132-ші бабында тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктеуге негіз беретін нақты деректер шыныменде берілген.

Алайда, осы баптың 2-ші бөлімінде қосымша шарттардың болу кезінде "өзге де деректер" бойынша ұстау мүмкіндігін білдіргенде, сезікпен ұстау үшін негіз ретінде қызмет ете алатын жеткілікті шексіз фактілі деректердің тізімі берілмеген және бұл түсінікті де заң тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктеуге барлық фактілі деректердің тізімін бере алмайды әр нақты жағдайда бұл деректердің мазмұны ұстауды жүргізетін анықтау органдарымен не тергеушімен анықталады.

Әдебиеттерде осы қарастырылып отырған сұрақтар бойынша екі қарама қайшы көзқарастар бар. Біреулері ұстау қылмыстық іс қозхғалғанға дейін де, қозғалғаннан кейін де жүргізілуі мүмкін деп есептейді. Мысалы, Бекешко П. мен Е.А. Матвиенко ұстау жүргізудің алдында міндетті түрде қылмыстық іс қозғалу керек деп талап ету мүмкін емес деп есептейді. Олардың пікірі бойынша, егер тұлға қылмыс жасау кезінде не дереу содан кейін ұсталса не оның денесінде, киімінде қылмыстық айқын белгілері табылған жағдайда немесе осы ұстау қажеттілігі туындаған жағдайда ең алдымен бұл тұлғаны ұстау, ал одан кейін барып егер заңмен көзделген негіздер болған жағдайда ғана қылмыстық істі қозғау қажеттілігі туралы сұрақ туындайды.57

Корнуков В.М: “ондайға жол тек ерекше жағдаларда қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік болмаса ғана жол берілу керек” деп жазды. "Ал, қылмыстық істі қозғау туралы сұрақ аталған жағдайда ұстау өндірісі жүргізілгеннен кейін шешілуі керек."

Қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау прокурордың санкциясынсыз қолданылатын тұлғаны бас бостандығынан айырумен байланысты мәжбүрлеу шарасы болғандықтан қылмыстық істі оны қолданғанға дейін қозғау, біздің ойымызша, тұлғаны қол сұкпаушылықтың маңызды кепілдерінің бірі болып табылады.

Біз толығымен ұстау тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс деген позицияны ұстанатын авторлармен келісеміз.58 Мұндай позиция біздің ойымызша, бүгінгі күннің рухына толығымен сәйкес келеді, құқықтық мемлекеттің қағидаларына сәйкес және әрекет етіп тұрған заңға толығымен негізделген. Алайда бұл актуалды сұрақ бойынша тәжірибедегі қызметкерлер арасында да бірыңғай пікірлер жоқ.

Қылмыстық істі қозғағанға дейін ұстау туралы мәліметтер:

Сұралғандар

Қылмыстық іс қозғалмай-ақ ұстау жүргізілуі мүмкін

Мүмкін емес

Бәрібір

50

15

25

10

100%

50,1%

62,5%

8%

Заңда қылмыстық іс қозғалғанға дейін ұстау құқығы көздеу мүмкіндігі туралы мәліметтер:



Сұралғандар

Ия

Жоқ

Бәрібір

50

30

15

5

100%

48%

46%

7%



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет