Имам ғазали жүректің сырлары


Тайыф) біріндегі бетке ұстар бір ұлыққа түсірілуі керек емес пе еді?!» –



Pdf көрінісі
бет138/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Тайыф) біріндегі бетке ұстар бір ұлыққа түсірілуі керек емес пе еді?!» – 
десті»
461
 
деген мағынадағы аятта айтылған. 
461
 
«Зухруф» сүресі, 31. 
Қатада (р.а.) айтады: «екі шаһардың біріндегі бетке ұстар бір ұлық» дегендер Уалид 
ибн Муғира мен Әбу Масғуд Сақафи болды. Олар Пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы: «Ол 
жетім бала. Алла оны бізге қайтіп пайғамбар қылып жіберді?» – деп, 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) да үлкенірек жолбасшы іздеді. 
Алла Тағала оларға жауап ретінде: «Сонда (біреуді пайғамбарлыққа лайық көріп, 
енді біреуді лайық көрмейтіндей) Раббыңның рақымын үлестіру солардың 
еншісінде ме екен?!»
462
 
деп сұрады. 
462
 
«Зухруф» сүресі, 32. 
Сонда олардың тозаққа кіріп, «суффалықтар» сияқты өздері жақтырмаған кісілерін 
көре алмағанда таңғалғаны туралы Алла Тағала олардың аузынан: «Оу, біз (дүниеде 
жүргенде) жаман санаған адамдарымызды көрмей тұрмыз ғой?!»
463
 
деп 
баяндайды. 
463
 
«Сад» сүресі, 62. 
Риуаяттарға қарағанда, бұлар жоғарыдағы сөздерінде Аммар, Біләл, Сухайб және 
Миқтад (р.а.) сияқты сахабаларды айтып жатыр. Уәһб ибн Мунаббиһ (рахимаһуллаһу): 
«Ілім жаңбыр суындай. Жаңбыр суы көктен таза болып түскенде, ағаштар оны жібектей 
тамырларымен еміп, өз түрлеріне қарай түрлі жеміс береді. Ілім де осындай. Адамдар 
оны әрекеттеріне және қалауларына сай алады. Ол тәкаппарды тәкаппар, кішіпейілді 
одан бетер кішіпейіл қылады. Өйткені ілімсіз сәтінде тәкаппар болған пенде ілім 
алғаннан кейін іліміне сеніп, одан бетер тәкаппар болады. Ілімсіз сәтінде Алладан 
қорыққан кісінің ілімі тереңдеген сайын тақуалығы мен кішіпейілдігі артады. 
Міне, сондықтан ибн Аббастың риуаят еткені бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): 
«
Оқыған Құрандары тамақтарынан ары өтпеген халық болады. Олар: «Құран 
оқыдық. Кім бізденде жақсы оқи алады? Кім бізден жақсы біледі?» – дейді. 
(Сонда сахабаларға қарап) «Бұл адамдар сендердің араларыңнан шығады. Уа, үмбет, 
міне, солар – тозақтың отыны», – деді. 
Әзірет Омар (р.а.): «Ғалымдардың тәкаппарланғандарынан болмаңдар. Білімдерің 
пенделіктеріңе жетпейді», – деген. 
Риуаятқа қарағанда, әр жерде бүлік шығарғаны үшін «Исраилұлдарының айлакері» 
деп танылған кісі «Исраилұлдарының тақуасы» деп аталған кісімен жолығып қалады. 
Айлакер тақуа кісіге әрдайым көлеңке қылып жүрген бұлтты көреді. Сонда ол өзінше 
«Мен – Исраилұлдарының жексұрынымын. Ол болса Исраилұлдарының мақтанышы, 
тақуа кісісі. Егер оның жанында отырсам, маған да Алла рақымдылық жасар» деп тақуа 
кісінің жанына отырады. Тақуа болса «Мен Исраилұлдарының асылы, ең тақуасымын. 
Бұл болса барып тұрған күнәһар, ең төмен кісісі. Енді сол неме қайтіп менің жанымда 
отырсын?» – деп ойланады да, «Ей, тұршы ары! Менен аулақ жүр!» – дейді. 
Олардың ниет-пейілін білген Алла Тағала сол дәуірдің пайғамбарына: «Оларды 
жаңа іс бастауға бұйыр. Өйткені мен бұзақыны кешіріп, көп ғибадат жасаған тақуаның 
жасаған істерін өшіріп тастадым» деп білдіреді. 
Басқа бір риуаят бойынша, тақуа кісінің басындағы бұлт күнәһардың басына өтеді. 
Бұл хикаядан Алланың пенделердің жүрегіндегі тазалығын білсе болады. 


183 
Бір күні сахабалар Пайғамбарымызға бір кісінің жақсы қасиеттері туралы мақтау сөз 
айтып қалды. Кенет жақын арадан мақталған кісі де көрініп қалды. Сахабалар оны көре 
сала: «Уа, Алланың Елшісі, міне, осы пенде туралы айтып жатқанбыз», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) болса оған қарап тұрып, «Мен оның жүзінен шайтанға тән 
қараңғылықты көріп тұрмын», – деді. 
Кенет жаңағы кісі жақындап келіп, отырғандарға сәлем айтты. Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жанына келгенде: «Алла үшін сенен сұрап жатырмын. Нәпсің саған сол 
айналадағы ең ұлы пенде сен екеніңді айтып жатыр, дұрыс па?» – деп сұрап еді, ол: 
«Иә», – деп жауап берді. 
Демек, Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның жүрегінде қатты жамандықты пайғамбарлық 
нұрымен көрген екен. 
Сахабалардан Харис ибн Жузуф Зубайди (р.а.) айтады: «Құран оқығандардың күлкілі 
жағдайы мені таңғалдырады. Олардың кейбірін жарық жерде тосып алсаң, ол саған 
ілімін міндет қылғандай ашулана қарайды. Алла мұсылмандардың арасында 
мынадайлардың санын көбейтпесін». 
Риуаятқа қарағанда Әбу Зәрр (р.а.) былай дейді: «Бір күні Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) жанында біреумен таласа кетіп, ашуыма шыдамай: «Ей, қара қатынның ұлы!» 
– деп жібердім. Алла Елшісі (с.а.с.) маған қарап: «Уа, Әбу Зәрр! Кесені тасыттың, 
кесені тасыттың! Ақтың баласы мен қараның баласының ортасында ешқандай 
өзгешелік жоқ», – деді. 
Мен жаңағы кісінің алдына жата қалып: «Кел, жүзімді тепкіле», – деп, айтқан сөзім 
үшін жаза алуымды сұрандым». 
Әзірет Али: «Тозақы кісіні көргісі келгендер маңдайында басқалар тік тұрса да, өзі 
отырып алған кісіге қарасын», – деген. 
Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай дейді: «Сахабалар үшін Пайғамбарымыздан (с.а.с.) да 
сүйікті кісі жоқ еді. Бірақ оны көргенде орындарынан тұрмаушы еді. Өйткені Алла Елшісі 
(с.а.с.) мұны жақсы көрмейтінін білетін еді». 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) кейде сахабалармен бара жатқанда оларды алға өткізіп 
жіберіп, ортада жүрді. Оның бұл іс-әрекеті кішіпейілдіктің үлгісі не пендедегі 
тәкаппарлық сезімін жою еді. Міне, сол себептен болса керек, бір мәрте намазға 
тұратын кезде жаңа киімін шешіп, ескі киімін киген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет