Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет124/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Тозақ азабы 
Әбу Дәуіт, Нәсаи және Тирмизи риуаят еткені бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.) былай 
баяндайды: «Алла пейіш пен тозақты жаратқан сәтте Жәбірейілді пейішке жіберіп: 
«Пейіш пен пейіштегілер үшін дайындағандарымды көр!» – дейді. Жәбірейіл 
барып пейіш пен пейішке кірушілерге дайындалғандарды көріп, Аллаға: «Ұлылығыңа 
ант етейін, оныестіген кісінің бәрі пейішке кіргісі келеді», – деп айтты. 
Алла пейішке бұйрық бергенде көңілге жақпайтын нәрселерге оралды. Содан соң 
Алла Тағала Жәбірейілге: «Тағы барып пейішке кірушілерге дайындағандарымды 
көр!» – деді. Жәбірейіл барып көңілге жақпайтын нәрселерге куә болып, Аллаға: 
«Ұлылығыңа ант етейін, ол жайға ешкім кірмесе керек деп ойлаймын», – деді. 
Сонда Алла Тағала Жәбірейілге: «Тозаққа барып, тозақты және тозақыларға 
дайындағандарымды көр!» – деді. Жәбірейіл (а.с.) барып тозаққа қараса, толқын-
толқын болып оралып жалындап күйіп жатады. Қайтып келіп: «Ұлылығыңа ант етейін, 
оны естісе, ешкім ол жерге кірмейді!» – деді. 
Алла тозаққа бұйрық бергенде, ол құмарлықты қоздыратын нәрселермен оралды. 
Содан соң Алла Тағала Жәбірейілге: «Тағы барып қарашы!» – деп еді, Жәбірейіл 
тозақты қайта көріп: «Ұлылығыңа ант етейін, ол жерге кіргісі келмеген кісі жоқ шығар 
деп қорқамын», – деді». 
Имам Ахмад, ибн Мажа, ибн Хиббан және Хакимнің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Уайл – тозақтағы біршұңқыр дала. Кәпір оның түбіне түскенге шейін қырық 
жыл өтеді»
430
 
деп айтқан. Осы хадис Тирмизидің риуаяты бойынша: «Уайл – 
екі таудың ортасындағы өте шұңқыр дала. Кәпір оның түбіне жеткенге 
шейін жетпіс жыл өтеді», – деп айтылған. 
430
 
Ахмад, 75; Тирмизи, 3164. 
Тирмизи мен ибн Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
сахабаларына: «Қайғы құдығынан (не даласынан) Аллаға сиыныңдар», – деп айтады. 
Естіп отырғандардың бірі: «Уа, Алланың Елшісі, қайғы құдығы (не даласы) деген не?» 
– деп сұрайды. Алла Елшісі (с.а.с.): «Ол – тозақтағы бір дала. Тозақтың өзі одан 
қорғауды күніне жетпіс мәрте Алладан сұрайды. Ол жай елкөрсіндік үшін Құран 


167 
оқығандарға дайындалған. Алланың ең қатты қаһарына қалатындар – елкөрсіндік 
үшін Құран оқығандар, залым патшаларды зиярат қылғандар», – деді. 
Табаранидің жазғанына қарағанда: «Тозақта тозақтың өзі одан қорғауды күніне төрт 
жүз мәрте Алладан сұраған бір дала бар. Ол жер әзірет Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбетінің 
екі жүзділері үшін дайындалған», – деп айтылады. 
Ибн Әбу Дуня риуаят еткен хадисте: «Тозақта жетпіс мыңдала бар. Әр даланың 
жетпіс мың тармағы бар. Әр тармақтажетпіс мың үй бар. Әр үйдің жетпіс мың 
бөлмесі бар. Әр бөлмеде жетпіс мың құдық. Әр құдықта жетпіс мың қорқынышты 
жылан бар. Әр жыланның ауыз қуысында жетпіс мың шаян бар. Ешбір кәпір, ешбір 
мұнафық бұл жерлерге түспей қалмайды». 
Тирмизи риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозаққа 
лақтырылған үлкен тас жетпіс жылда да түбіне жетпейді», – деген. 
Әзірет Омар (р.а.): «Тозақты көп еске алыңдар. Шынында, оның ыстығы қатты, түбі 
шұңқыр және тоқпақтары темірден», – деп айтқан. 
Баззар, Әбу Йағла, Мұхаммед ибн Хиббан және Байхақи риуаят еткені бойынша
Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер тозаққа бір тас лақтырылса, оның түбіне түскенге шейін 
жетпіс жыл өтеді», – деген. 
Мүслимнің риуаяты бойынша, Әбу Һурайра айтады: «Бір күні Пайғамбарымызбен 
(с.а.с.) бірге отырып, ауыр нәрсе жерге түскенде шыққан үндей дыбыс естідік. Алла 
Елшісі (с.а.с.): «Бұл ненің дыбысы екенін білесіңдер ме?» – деп сұрады. Біз: «Алла 
және Оның Елшісі біледі», – дедік. Ол: «Бұл – тас. Алла оны тозаққа жетпіс жыл 
бұрын жіберген еді. Сол енді түбіне барып түсті», – деп айтты. 
Табаранидің риуаяты бойынша, Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Бір күні 
Пайғамбарымыз қатты жаңырған үнді естіп шошып кетті. Сол сәтте Жәбірейіл келді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Уа, Жәбірейіл, бұл ненің үні еді?» – деп сұрады. 
Жәбірейіл (а.с.) оған: «Жетпіс жыл бұрын тозаққа бір тас лақтырылған еді. Ол енді ғана 
оның түбіне түсті. Алла соның дауысын саған естіртуді қалаған», – деп жауап берді. 
Сол оқиғадан кейін көзі өткенге шейін Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ауыз ашып күлгені 
көрілген емес». 
Ахмад ибн Ханбал мен Тирмизидің риуаяты бойынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер 
сондай (басын көрсетіп) домалақ тас көктен лақтырылса, ортадағы қашықтық бес 
жүз жылдық жол болғанына қарамай шам уақытына жетпей жерге түседі. Бірақ дәл 
сол тас тозақтың аузына лақтырылса, түбіне түсуі үшін қырық күн, қырық 
түн уақыт керек болады», – деп айтады. 
Ахмад ибн Ханбал, Әбу Йағла және Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Тозақтың теміртоқпақтарының бірі жерге түсірілсе, адамдар мен жындар 
бірігіп те оны орнынан көтере алмас еді», – деген. 
Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақтың темір 
тоқпақтарының бірі тауға түссе, тау талқандалып, күлге айналмақ», – деп айтқан. 
Ибн Әбу Дуняның риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Тозақтың тастарының бірі бұл 
дүниедегі таулардың біріне түссе, тау еріп күл болмақ. Әр тозақтың жанында 
сондай тозақ тасы мен шайтан бар», – деген. 
Хаким риуаят еткені бойынша, былай деп баяндалады: «Жер жеті қабат. Әр екі 
қабаттың ортасы бес жүз жылдық қашықтық. Ең үстіңгі қабаты басы мен құйрығы 
аспанға көтерілген балықтың үстінде тұрады. Балық тастың үстінде, тас бір періштенің 
қолында. 
Екінші қабат желдің ойығы. Алла Тағала «Ад» қауымын жоқ қылғысы келгенде жел 
жауаптысын «Ад» қауымына қиратушы жел жіберуін бұйырды. Желге жауапты 
періште: «Уа, Жаратқан Ием, оларға өгіздің танауларынан шыққан желдей жел 


168 
жіберейін бе?» – деп сұрады. Алла Тағала: «Соншалық желмен бүкіл жер жүзі мен 
барлық жандыларды жоқ қыласың. Сен оларға жүзіктің көзіндей жел жібер», – деді. 
Жердің үшінші қабатында тозақ тастары, төртінші қабатында тозақ күкірті бар. 
Сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі, тозақтың күкірті бар ма?» – деп сұрады. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әлбетте, жанымды қолында ұстаған Аллаға ант етейін, 
ол қабаттағы күкірт далаларына зор таулар салынса еріп, су секілді ағар еді», – деп 
жауап берді. 
Бесінші қабатта тозақ жыландары бар, олардың ауыздары бір даладай үлкен. 
Жердің алтыншы қабатында тозақ шаяндары бар. Олардың ең кішкентайы ер-
тоқымды қашырдай. Олар бір мәрте шаққанда кәпірге тозақ отын ұмыттыра қояды. 
Жердің жетінші қабатында бір қолы алға, бір қолы артқа темір кісенмен кісенделген 
Ібіліс бар. Алла оны бір пендесіне саларда босатады». 
Ахмад ибн Ханбал, Табарани, ибн Хиббан және Хакимнің риуаяты бойынша, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақта түйенің мойнындай жуан жыландар бар. Олардың 
бірі бір мәрте шақса ащысы жетпіс жылға шейін сезіледі. Сондай-ақ ер-тоқымды 
қашырдай үлкен шаяндар бар. Олар кісіні бір мәрте шақса, пенде қырық жыл бойы 
безгек болады», – деген. 
Тирмизи, ибн Хиббан және Хаким риуаят етеді. Алла Елшісі (с.а.с.): «Олар су 
сұрағанда ақталған май сияқты жүздерін күйдіруші су беріледі» деген мағынадағы 
аят туралы: «(Бұл су) қайнатылған зейтін майындай. Аузыңа жақындатсаң, жүзің 
еріп, оның ішіне ағып түседі», – деген. 
Тирмизидің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тозақылардың бастарына 
төгілген қайнар су іштерінесызылып кіріп, ішек-қарнын ерітеді және іштерінде 
болған нәрсенің бәрі табандарынан сыртқа ағып шығады. Содан соң қайтадан 
бұрынғы жағдайына қайтарылады», – деп айтқан. 
Даххак (рахматуллаһи аләйһи): «Хамим – Алла жер-аспанды жаратқаннан бері 
тозақыларға ішірілетін және бастарынан төмен төгілетін уақытқа шейін үздіксіз қайнап 
тұрады», – деген. 
Бір көзқарас бойынша, тозақыларға ұсынылатын қайнаған су олардың өздерінің 
тозақ көлдерінде жиналған көз жастарынан пайда болады және өздеріне беріледі. 
«(Ендеше, осынау әсте түгесілмейтін нығметтерге бөленген тақуа жандар) мәңгі-бақи 
тозақта қалатын һәм қайнақ сумен суарылғандарында ішек-қарындарының парша-
паршасы шығатын бейбақтармен тең бе?»
431
 
деген мағынадағы аят сол сұйықтыққа 
ишарат етеді. Бұл туралы басқа сөздер де айтылған. Ахмад ибн Ханбал, Тирмизи және 
Хакимнің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Содан пайғамбарлар мен 
мүміндер (Алладан) жеңіс тіледі. Нәтижеде, әрбір тоңмойын, озбыр залалға ұшырады. 
Алайда іс мұнымен бітпейді, артынша (әлгі тоңмойын, озбыр) жаһаннамға тасталады 
және онда оған қан мен ірің аралас сусын ішкізіледі»
432
 
деген мағынадағы аят туралы 
«Іріңді су аузына жақындағанда жиіркенеді. Тағы жақындатылса, жүзін күйдіреді, 
басының терісі еріп ағып, ішкенде ішектерін быт-шыт қылып, артқы тесігінен шығып 
кетеді» деп түсіндірме берген. 
431
 
«Мұхаммед» сүресі, 15. 
432
 
«Ибраһим» сүресі, 15-16. 
Алла Тағала былай дейді: «Мәңгі-бақи тозақта қалатын һәм қайнақ сумен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет