Имам ғазали жүректің сырлары


Дүниенің жамандығынан сақтану



Pdf көрінісі
бет141/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Дүниенің жамандығынан сақтану 
Әбу Умама Бахилидің (р.а.) айтуы бойынша, Сағлаба ибн Хатиб Пайғамбарымызға 
(с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған мал-мүлік берсін деп Аллаға дұға қылып 
қойшы», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оның бұл қалауына «Сағлаба, шүкіршілігін орындай 
алған аз байлық шүкіршілігін орындай алмаған көп байлықтан жақсы», – деп жауап 
берді. Бірақ Сағлаба болмай, «Уа, Алланың Елшісі, Аллаға дұға қылшы, маған байлық 
берсін», – деп өтіне бергенде, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сағлаба, менен үлгі алғың 
келмей ме? Алланың Елшісіндей болуды қаламайсың ба? Жаным қолында тұрған 
Аллаға ант етейін, таулардың мен үшін алтын-күміс болуын тілесем, сол да болар еді», 
– деді. Сағлаба бұл сөзді де ұнатпады. «Сені ақиқат дінмен пайғамбар қылып жіберген 
Аллаға ант берем, егер маған байлық берсін деп Аллаға дұға қылсаң (маған берілген 
байлықтан) ақысы барларға ақысын толық берер едім...» – деді ол бұл жолы. 
Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Алла, Сағлабаға мал-мүлік нәсіп қыл», – 
деп дұға қылды. Көп өтпей Сағлаба қойлы болды. Бара-бара қойлары құрттай көбейді. 
Көбейіп отырып, көбейіп отырып Мәдинаға сыймай қалғанда иен далаға көшті. Содан 
бастап бесін мен екінті намаздарын ғана жамағатпен оқып, қалған уақыттарда 
жамағатқа келе алмай қалды. Қойлары одан да көбейгенде, Сағлаба тағы басқа 
алысырақ жерге көшуге мәжбүр болып, жұма намазға ғана әрең келетін болды. Бара-
бара қойлары көбейгендіктен, соның артынан жүріп жұмаға да келе алмай, 
Мәдинадағы хабарларды өткен-кеткен керуендерден ғана естіп жүрді. 
Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сағлаба не істеп жүр?» – деп сұрады. Оған: «Уа, 
Алланың Елшісі, ол қора-қора қойы Мәдинаға сыймай көшіп кетті», – деп болған 
жағдайды айтып берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ай, құрыған Сағлаба, құрыған 
Сағлаба!» – деп кейіді. 
Міне, сол күндерде «Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы 
оларды тазартып, күнәларынан арылт әрі сауаптары мен ықыластарының арта түсуіне 
дәнекер бол. Сондай-ақ олар үшін дұға ет! Өйткені сенің дұғаң оларды жан 
тыныштығына бөлеп, жүректерін орнықтырады. Алла – Сәмиғ (бәрін естуші) һәм Алим 
(барлық нәрсені, соның ішінде құлдарының жай-күйін әрі мұң-мұқтаждарын толық 
білетін шексіз ілім иесі)»
470
 
деген аят түсіріліп, зекет парыз қылынған. 
470
 
«Тәубе» сүресі, 103. 
Алла Елшісі (с.а.с.) жухайна руынан екі кісінің қолына жазу түріндегі бұйрықнама 
беріп, зекет жинау үшін тағайындады. Оларға «Сағлаба ибн Хатиб пен Бану Сулайм 
руындағы пәленше кісіге барып зекеттерін алыңдар», – деді. Зекет жинаушылар 
Сағлабаға барып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұйрықнамасын оқып, зекетін сұрады. 
Сағлаба зекет жинаушыларға: «Бұл жизиядан (мұсылман еместерге салынған жер, 
байлық салығы) басқа нәрсе емес, бұл жизиядан басқа нәрсе емес. Бұл жизияның нақ 
өзі. Басқа істерің біткеннен кейін келіңдер», – деді. Зекет жинаушылар одан ары Бану 
Сулаймдық кісіге барды. Ол түйелерінің ең семізін таңдап зекет жинаушыларға 
бергенде, олар: «Ең семізін беруің шарт емес, сондықтан мұны сенен алмаймыз», – 
деді. Бану сулаймдық кісі: «Ол не дегендерің? Мен оны шын көңіліммен шығарып беріп 
жатырмын, алыңдар», – деді. Зекет жинаушылар істерін бітіріп келе жатып Сағлабаға 
екінші мәрте жолығып зекетін сұрады. Сағлаба бұл жолы «Жандарыңдағы жазуды 
көрсетіңдер», – деді. Жазуды оқыған соң «Бұл жизияның нақ өзі екен. Сендер бара 
беріңдер, мен ойланып көрейін», – деді. 
Зекет жинаушылар Пайғамбарымызға (с.а.с.) келді. Алла Елшісі (с.а.с.) оларды көріп 
сөйлеспей тұрып-ақ: «Ай, құрыған Сағлаба!» – деп кейіді. Содан соң Бану сулаймдық 


187 
кісіге бата берді. Зекет жинаушылар Сағлабаның және Бану сулаймдық кісінің не 
қылғанын айтып берді. Сонда Алла Тағаладан: «Араларында: «Егер Алла бізді шексіз 
шарапатына бөлеп, мол дүние-мүлік беріп жарылқаса, міндетті түрде зекет-садақа 
береміз әрі үнемі игілікті істер істейтін ізгі жандардың қатарынан табыламыз», – деп 
Аллаға уәде бергендер бар. Алайда Алла оларды шексіз шарапатына бөлеп, мол 
дүние-мүлік беріп етек-жеңін кеңейткенде, сараңдық қылды және (өздерінен зекет, 
садақа сұралғанда) көздеріне де ілмей сырт айналып кете барды. Сөйтіп Алла Өзіне 
берген уәделерінен тайғандығы әрі өтірік айтуды әдетке айналдырғандығы үшін 
олардың жүрегіне Өзіне қауышатын күнге дейін жалғасатын екіжүзділік ұялатып 
қойды»
471
 
деген мағынадағы аят түсірілді. 
471
 
«Тәубе» сүресі, 75-77. 
Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында болған Сағлабаның бауыры түскен 
аятты естіп Сағлабаға барып: «Уа, анаң өлгір Сағлаба! Алла Тағала сен туралы сондай 
аят түсірді», – деді. Мұны естіген Сағлаба Пайғамбарымызға (с.а.с.) зекетін алып 
барды. Пайғамбарымыз: «Алла сенен зекет алуға маған тыйым салды», – деді. 
Алла Елшісінің (с.а.с.) бұл жауабын естіген Сағлаба басын ұстап өкінді. Кейін 
Сағлаба Әбу Бәкірге, содан соң Омарға зекетін тапсырайын деп келген кезде, олар да 
еш қабыл алмай қойған. Сағлаба әзірет Османның дәуірінде қатты өкінішпен өлген. 
Жарирдің айтуы бойынша, Лайс былай дейді: «Бір кісі әзірет Иса мен (а.с.) дос 
болады. Әзірет Иса (а.с.) сапарға шығарда баяғы досы «Сенімен сапарлас болсам 
бола ма?» – деп сұранады. Өтініші қабыл алынып, әзірет Исамен бірге жолға шығады. 
Екеуі жүріп отырып бір дарияның жиегіне тоқтайды. Жандарындағы үш нанның бірін 
Иса, бірін досы жеп, бір нан қалады. Иса (а.с.) дарияға барып су ішіп келсе, әлгі қалған 
нан жоқ. Досынан «Нанды кім жеді?» – деп сұраса, ол «Білмеймін», – деп жауап береді. 
Одан ары сапар тартады. Жолда екі лағын ерткен киікті көріп қалады. Әзірет Иса (а.с.) 
лақтардың бірін жанына шақырып алады. Оны ұстап сойып, етінің бір бөлігін пісіріп 
жейді. Тамақтанғаннан кейін Иса (а.с.) лақтың қалған қалдығына «Алланың 
бұйрығымен тіріліп кет», – дегенде, оған жан кіріп, тұрып кетеді. Иса (а.с.) бұл оқиғаға 
куә болып тұрған досына: «Саған қазіргі мұғжизаны көрсеткен Алла үшін сұрап 
жатырмын, үшінші нанды кім алды?» – деп сұрайды. Жолдасы тағы да «Білмеймін», – 
деп жауап береді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, бір дарияның жанына келгенде Иса (а.с.) 
әлгі кісінің қолынан ұстап, екеуі су үстінен басып, арғы жиекке өтеді. Иса: «Осы 
мұғжизаны көрсеткен Алла үшін айтшы, үшінші нанды кім алды?» – деп досынан тағы 
сұраса, әлгі бұл жолы да «Білмеймін» – деген жауап айтады. Одан ары сапар шегіп 
отырып, біршама уақыттан кейін бір шөлге барады. Иса (а.с.) бір жерге құм, топырақ 
үйіп, үйіндіге «Алланың бұйрығымен алтынға айнал», – дегенде, үйінді алтынға 
айналады. Иса алтын үйіндіні үшке бөліп: «Үштен бірі менікі, үштен бірі сенікі, қалған 
үштен бірі баяғы нанды алғандікі», – дегенде, әлгі кісі «Оны мен алғанмын», – деп 
шындықты айтады. 
Иса (а.с.): «Ендеше, сол алтынның бәрі сенікі болсын», – деп ол жерден кетіп қалады. 
Әлгі кісі алтын үйіндінің жанында тұрса, екі жолаушы келеді. Келгендер жаңағы кісіні 
өлтіріп, алтынды алмақшы болады. Әлгі кісі: «Мұны үшке бөліп алайық, қазір 
біреулерің қалаға барып жейтін бір нәрсе алып келіңдер», – деп кеңес қылады. Оның 
ұсынысымен әлгілерден біреуі қалаға кетеді. Қалаға бара жатқан кісі жолдан: 
«Алтынды неге бөліспек екенмін? Одан гөрі тамаққа у қосып, оларды өлтірейін. Сөйтіп 
алтынның бәрі маған қалады», – деп ойланып, алған тамағына у қосып әкеледі. 
Алтынның жанында қалғандар: «Оған алтынның үштен бірін неге бермек екенбіз? 
Одан гөрі оны келісімен өлтіріп, алтынды екеуіміз бөлісіп алайық», – деп келіседі. 
Нәтижеде қайтып келісімен оны өлтіріп тастайды. Оның артынан әкелінген тамақты 


188 
жеген әлгі екеуі де жан тәсілім болады. Оқиға болған жерден қайта кетіп бара жатқан 
Иса (а.с.) әлгілердің жанына келіп, «Дүние деген сол, одан сақтаныңдар», – деген екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет