Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет142/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Хикая 
Зулқарнайн сапарда жүріп ешбірі бұл дүние нығметтерінен пайдаланбаған елді 
жолықтырады. Олар өздеріне бір-бірден қабір қазып алыпты. Таң атқанда бәрі 
мазарларына кіріп, сол жерді сыпырып, сол жайда ғибадат жасайды екен. Қарындары 
ашқанда мал сияқты оттайды. Тіпті кейбір өсімдіктерді де өздеріне арам қылып алған. 
Зулқарнайн ол елдің басшысына хабар жіберіп, онымен көріскісі келгенін білдіреді. 
Ол шақырып барған елшіге: «Менің оған ешбір талабым жоқ, егер өзінің қалауы бар 
болса келсін», – дейді. Зулқарнайн: «Дұрыс айтады», – деп оған барып: 
– Маған келсін деп елші жіберсем, келмедің, міне, өзім келдім. 
– Егер сенде ісім болғанда келмес едім. 
– Неге басқа елде жоқ нәрселерді сендерден көріп тұрмын? 
– Сені таңғалдырған нәрселер не? 
– Қолдарыңда ешбір дүние жоқ, неге алтын-күміс жинап, одан пайдаланбайсыңдар? 
– Біз алтын-күмісті жақсы көрмейміз. Өйткені пенденің біраз алтыны не күмісі болса 
нәпсісі қозып, тағы көбірегіне ие болуға ұмтылады. 
– Мақұл, онда не үшін өздеріңе қабір қаздыңдар? Таң атқанда бәрі мазарға жүгіріп, 
тазалап, ол жерде намаз оқиды екен? 
– Дүние бізді азғырғысы келгенде нәпсімізді сонымен ауыздықтағымыз келеді. 
– Шөптен басқа тамақтарың жоқ екен. Неге хайуанаттарды қолға ұстап, сүтін ішіп, 
көлік ретінде пайдаланбайсыңдар? 
Қарнымызды жандылардың мазары қылғымыз келмейді. Өсімдіктерге қанағат 
қылдық. Кісіге аз-ақ азық жеткілікті. Қандай тамақ болмасын кеңірдектен ары өткеннен 
кейін ешқандай дәмі жоқ. 
Сол кезде басшы Зулқарнайнның арт жағына қол созып, кісінің бас сүйегін алып 
шықты: 
– Бұл кім екенін білесің бе? 
– Жоқ, ол кім? 
– Бұл – жер жүзінің патшаларының бірі. Алла оған патшалық нәсіп қылған. Кейін ол 
зұлымдығы, әділетсіздігімен шектен шықты. Алла оның зорлық-зомбылығын көріп 
басын денесінен ажыратты. Бас сүйегі лақтырылған тастай домалап жатыр. Алла 
ақыретте жазасын беру үшін оның жасаған істерін жазып қойған. 
Содан кейін басшы тағы бір қу басты қолына алды: 
– Зулқарнайн, ал бұның кім екенін білесің бе? 
– Жоқ, білмеймін, ол кім? 
– Бұл баяғы патшадан кейін таққа отырған патшаның басы. Бұл өзінен бұрынғы 
патшаның зорлық-зомбылығын көрген. Сондықтан Алладан қорқып, кішіпейіл, әділетті 
болған. Міне, оның да соңын көріп тұрсың. Алла ақыретте сауабын беру үшін оның да 
жасаған істерін жазып қойған. 
Сонда басшы Зулқарнайнның басына ишарат қылып тұрып айтты: 
– Бұл бас сүйек те солардай болады. Зулқарнайн, ойланып іс жаса! 
Зулқарнайн басшыға: 
– Маған дос боласың ба? Сені Алла маған берген байлықта серік, уәзір қылып 
алайын, – деді. 
Басшы: 
– Екеуміз біріге алмаймыз, – деп жауап берді. 
– Неге? 


189 
– Өйткені елдің бәрі саған дұшпан, маған дос. 
– Қалайша?! – деп таңғала сұрады Зулқарнайн. 
Өйткені сенің мансабыңды, мал-мүлкіңді бәрі қызғанады. Бұл жағдайда менің 
дұшпаным бар деп ойламаймын. Өйткені мен олардың бәрін тастағанмын. Еш нәрсенің 
азайып-көбейгеніне мән бермеймін, – деп жауап берді. 
Сөйтіп, Зулқарнайн патша одан ғажайып насихат сөздерді естіп, таңғалып және 
сабақ алып қайтқан екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет