Имам ғазали жүректің сырлары


Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет144/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету 
Алла Тағала: «(Өздеріңді Аллаға жақындататын иман, садақа, намаз, сабыр сақтау 
сынды) ізгі істерде, сондай-ақ тақуа болу мәселесінде бір-біріңе жәрдемдесіңдер! Ал 
күнәлі 
істерде 
һәм 
дұшпандық 
жасап, 
шектен 
шығуда 
біріңе-бірің 
болыспаңдар»
477
 
деген. 
477
 
«Мәида» сүресі, 2. 
Мұсылман бауырының мұқтаждығын қамтамасыз ету туралы көптеген хадистер бар: 


192 
«Мұсылман бауырының пайдасы үшін әрекет жасаған кісіге Алла жолында жиһад 
жасағандардың сауабы беріледі». 
«Алла кейбір пенделерін басқа кісілердің мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін 
жаратқан. Оларға тозақ азабын таттырмайтындығы туралы Өзіне Өзі уәде берген. 
Қиямет күні олар үшін нұрдан орындықтар болады және бәрі есеп беріп жатқанда, олар 
жанға жайлы орындарда отырып, Алламен сөйлеседі». 
«Кім мұсылман бауырының мұқтаждығы үшін жүгіріп, бір істі орындаса не орындай 
алмаса да, Алла оның күнәларын кешіріп, оның тағдырына екі нәрседен құтылуды 
жазады: бірі – тозақтан, екіншісі – екі жүзділіктен құтылу». 
«Мұсылман бауырына жәрдем берген кісінің жасаған істері қиямет күні таразыға 
тартылып жатқанда жанында тұрамын. Егер сауабы ауыр басса, онда ешқандай 
проблема жоқ. Жеңіл басса, оған шапағат етемін». 
Әнәс ибн Мәликтің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мұсылман 
бауырының мұқтаждығы үшін жүгірген кісінің әрбір қадамы үшін жетпіс сауап жазып, 
жетпіс күнәсін өшіреді. Егер бауырына ол арқылы жәрдем берілген болса, анасынан 
туылған күндегідей бүкіл күнәларынан тазарады. Егер сол сәтте өлсе, есеп-сұрақсыз 
пейішке кіреді»
478
 
деген. 
478
 
Әл-Лалиул маснуға, 2/46. 
Ибн Аббастың (р.а.) риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Кім 
мұсылман бауырына жәрдем беру үшін онымен бірге жүріп, істерінде оған жол 
көрсетсе, Алла онымен тозақтың ортасына жеті шұңқырлық қашықтық қояды. Әр екі 
шұңқырдың ортасы жер мен аспанның ортасындай болады». 
Ибн Омардың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алланың кейбір елге 
берген жақсылықтары бар. Олар басқалардың қамы үшін жүгіріп, бұл істен танбайтын 
сәтте Алла оларға берген жақсылықтарын үзбейді. Егер олар жәрдемдесу міндетін 
орындамай тастай салысса, Алла ол жақсылықтарды алып басқа елге береді», – деген. 
Алла Елшісі (с.а.с.) сахабалардан: «Арыстан күркірегенде не дегенін білесіңдер ме?» 
– деп сұрады. Сахабалар: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Арыстан күркірегенде: «Уа, Жаратқан Алла, мені жақсылық 
жасаушыларға қол салдыра көрме», – дейді», – деп жауап берді. 
Әзірет Алидің (кәррамаһуллаһу уәжһәһу) айтуына қарағанда Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Сендерден біреу бір іспен жолға шығатын болса, бейсенбі күні таңертең жолға 
шықсын. Үйден шығарда «Аманар-расулу» аяттарын, «Аятул-күрсіні», «инна 
анзалнаһу» мен «Фатиха» сүресін оқысын. Өйткені бұл аяттарда бұл дүние және 
ақырет мұқтаждықтары бар», – деген. 
Абдулла ибн Хасан ибн Хүсейін (рахматуллаһи аләйһи) айтады: «Бір іспен халифа 
Омар ибн Абдулазизге барып қалсам, ол: «Маған ісің түсіп қалса, біреуден хабарлап 
қой не хат жаз. Өйткені Алла сені менің есігімде сығалағаныңды көруінен ұялам». 
Али (р.а.) айтқан сөздерден: «Барлық үнді естуші Аллаға ант етейін, басқаның 
жүрегін қуантқан кісіге Алла сол қуаныштан көңіл тоқтық тарту етеді. Адамның жүрегі 
ауырғанда сол көңіл тоқтық сезімі оның жүрегін ұялап, жат түйені қуалағандай пенденің 
көкірегіндегі ренішті қуып тастайды». 
«Істі лайықсыз кісіге бергеннен гөрі оның жасалмай қалғаны жақсы». 
«Бір бауырыңнан жиі-жиі жәрдем сұрай берме. Өйткені қайта-қайта емуге әрекет 
жасаған бұзауды енесі сүзіп тастайды». 


193 
Дәрет 
Дәрет туралы хадистерден: «Кім жақсылап дәрет алып, екі рәкат намаз оқыса және 
екеуінде де бұл дүниенің проблемасын ойламаса, анасынан жаңа туылған күндегідей 
күнәсінен тазарады». 
Басқа бір риуаят бойынша, хадис былайша аяқтайды: «...екеуінде де қателік 
жібермесе, бұрын жасаған күнәлары кешіріледі». 
«Алланың күнәларды кешіруіне және дәрежелерді көтеруіне себеп болған 
ғибадаттарды айтайын ба? Күнә жасасаң дереу дәрет алу, мешітке қарай қадам басу, 
бір намазды оқығаннан кейін кейінгі уақытты күту. Құтылу деген сол». (Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) ақырғы сөзді үш мәрте қайталаған). 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дәретте жуылатын мүшелерін бір мәртеден жуып дәрет 
алды да: «Бұл – дәрет. Алла намазды осымен ғана қабыл алады», – деді. Содан соң 
сол мүшелерін екінші мәрте жуып: «Кім сол мүшелерін екі мәрте жуып дәрет алса, 
Алла оған екі сауап береді», – деп айтты. Содан соң үшінші мәрте жуып: «Бұл – менің 
және менен бұрынғы пайғамбарлардың дәреті», – деді. 
Дәрет туралы тағы басқа хадистерден: «Дәрет алып жатқанда Алланың атын атаған 
пенденің Алла бүкіл денесін тазартады. Ал енді Алланың атын айтпастан дәрет алған 
кісінің жуған мүшелері ғана тазарады». 
«Дәрет үстіне дәрет алған кісінің амал дәптеріне он сауап жазылады». 
«Дәрет үстіне дәрет алу – нұр үстіне нұр». 
Бұл хадистердің бәрі мүминдерді дәрет жаңалауға үндейді. 
«Мұсылман пенде дәрет алып жатып ауызын жуғанда аузындағы күнәлары шығып 
кетеді. Мұрнына су алса, мұрнының күнәлары шығып жоқ болады. Жүзін жуғанда көз 
қабақтарының қырларына шейін жүзіндегі бүкіл күнәлары жуылады. Қолдарын жуса, 
тырнақтарының астына шейін қолының күнәлары кетеді. Басын сумен сипағанда, 
құлақтарының астына шейінгі барлық күнәлары кетеді. Аяқтарын жуғанда, 
тырнақтарының арасына шейін барлық күнәлары жуылады. Содан соң мешітке шейін 
жүріп барып намаз оқуы – қосымша сауап». 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Дәретті кісі ораза кісі сияқты» дегені риуаят етіледі. 
Тағы бір хадисте «Кім жақсылап дәрет алып, көкке қарап «әшһәду ән лә илаһа 
иллаллаһу уахдаһу лә шарикә ләһу уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә 
расулуһ»(Куәлік етемін: Алладан басқа құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Мұхаммед Оның 
құлы және елшісі) десе қалағанынан кіре алатындай пейіштің сегіз есігі ашылады», – 
деп айтылады. 
Омар (р.а.) айтады: «Дұрыс алынған дәрет шайтанды сенен қуалайды». 
Мужаһид (р.а.): «Дәретсіз, тәубесіз және зікірсіз ұйықтамауды әдет қылып алғандар 
сол әдетінен жазбау керек. Өйткені жаны қандай жағдайда алынса, қайтадан осындай 
жағдайда тіріледі». 
Риуаяттарға қарағанда, Омар (р.а.) Пайғамбарымыздың сахабаларынан біреуді 
Қағбаға жабу алып келу үшін Мысырға жібереді. Ол сапар тартып бара жатып бір 
шіркеуге жақын жерде тоқтап, ондағы монахтың ілімінен пайдаланғысы келеді. 
Дегенмен монах одан білімді емес еді. Сахаба шіркеуге келіп есігін қағады. Бірақ есік 
біршама уақытқа шейін ашылмайды. Аяғында есік ашылып, монахтың жанына кіреді. 
Бірнеше сұрақ қойып, естіген жауаптары көңіліне қонады. Әңгімелесу сәтінде есік 
алдында көп күтіп қалғанын да айтып, арыз-мұңын білдіреді. Монах оның датын естіген 
соң: «Есігіміздің алдына келгеніңде сені патша бейнесінде көріп, сенен қорықтық. Сені 
есік алдында күттіргеніміздің себебі: «Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Бір патша қорқытса, 


194 
өзің және отбасың болып дереу дәрет алыңдар. Өйткені дәретті кісілер менің 
қорғауыма кіріп, қорыққан нәрселерінен қауіпсіз болады», – деп айтқан еді. Біз де 
отбасымызбен дәрет алып, намаз оқып, сенен қауіпсіз болғанға шейін есікті ашпадық», 
– деп жауап берген екен. 
Намаз 
Намаз ғибадаттардың ең ұлығы болғандықтан, Алланың Құранына лайық намазға 
үндейміз. Бұл туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша баяндамақшымыз. 
Мұхаммед ибн Сирин (рахматуллаһи аләйһи): «Екі рәкат намаз бен пейіштің бірін 
таңдау еркіме берілсе, екі рәкат намазды таңдамақпын. Өйткені екі рәкат намазда 
Алланың разылығы бар. Ал пейішті менің көңілім қалайды», – деген. 
Риуаятқа қарағанда Алла Тағала жеті қабат аспанды жаратып, періштелерге 
толтырды және оларды намаз ғибадатымен міндеттендірді. Олардың әрбір 
қабатындағыға әртүрлі нәрселерді бұйырды. Аспанның бірінші қабатындағыларға 
Сырнай үрленгенге шейін тік тұруды, тағы бір қабатындағыларға рүкуғты, тағы 
біреулеріне сәждені, қалғандарына Алланың ұлылығы алдында қанаттарын жерге 
жайып ғибадат жасауды бұйырды. 
Иллийун періштелері мен Арш періштелері Аршты айналып, Аллаға мақтау, тасбих 
айтады, жер жүзіндегілер үшін одан кешірім сұрайды. 
Алла Тағала бұлардың бәрін мүминдерге сый ретінде намазда жинап қойған. Онда 
періштелердің барлық ғибадаттарының үлгісі бар. 
Сондай-ақ намазда Құран Кәрімді оқу қосылған және пенделерден бұл ғибадатқа 
шүкір келтіру талап етілген. Бұл шүкіршілік намазды шарттарына лайық оқумен 
болады. 
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Міне, солар ғайыпқа (яғни, сезім мүшелерімен сезіліп-
білінбейтін тылсым әлемге) кәміл сенеді, намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі 
уақытылы оқиды және Біз өздеріне ризық етіп берген (мал-мүлік, күш-қуат, ақыл-
парасат, білім, т.с.с.) нығметтерден (Алла разылығы үшін, міндет етпей игі мақсатта) 
жұмсайды»
479

479
 
«Бақара» сүресі, 3. 
«Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқыңдар, зекетті толық беріңдер 
және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ жасаңдар»
480

480
 
«Бақара» сүресі, 43. 
«Алайда олардың арасындағы ілімде тереңдегендер мен шынайы мүміндер саған 
түсірілген (Құранға) һәм өзіңнен бұрын түсірілген иләһи кітаптарға иман келтіреді. Міне, 
солар намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы оқитындар, зекетті толық 
беретіндер, сондай-ақ Аллаға һәм ақирет күніне сенетіндер. Міне, соларды жақында 
үлкен сый-сияпатқа бөлейміз»
481
 
деп айтқан. 
481
 
«Ниса» сүресі, 162. 
Құран Кәрімнің қай жерінде намаз туралы айтылған болса «кемеліне жеткізіп 
орындау» деген шарт қосылғанын көресің. Ал енді екі жүзділер туралы баяндалғанда 
Алла Тағала: «(Ақиретке тиісінше сенбей) ықылассыз намаз оқитындардың жағдайы 
қандай өкінішті! Олар намаздарында ғапыл, сондай-ақ құлшылықтарын ел-жұртқа көз 
қылып, көрсету ниетімен орындайды»
482
 
деген. 
482
 
«Мағун» сүресі, 4-6. 


195 
Жоғарыда айтылғандай, Алла Тағала мүминдер туралы «Намазды кемеліне жеткізіп 
орындағандар» деп, екі жүзділер туралы «намаз оқығандар» деп баяндайды. Бұның 
себебі намаз оқығандар көп, ал енді «намазды толық оқығандардың» аз екенін баса 
көрсетеді. 
Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Немқұрайды пенделер жасаған істерін 
әдетке лайық деп жасай береді және жасаған ғибадаттары Аллаға ұсынылғанда 
«Қабыл бола ма, жоқ па?» – деп ойламайды», – деген. 
Риуаятқа қарағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Араларыңда кейбіреулеріңнің оқыған 
намазының үштен бірі не төрттен бірі не бестен бірі не алтыдан бірі (Пайғамбарымыз 
оннан біріне шейін шықты) жазылады», – деген. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) бұл хадисімен намаздардың ықыласпен көңіл қойып 
оқылғаны ғана қабыл болатынын айтқысы келеді. 
Бір риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): «Аллаға шын жүректен беріліп екі рәкат намаз 
оқыған кісі жаңа туылған кезіндегідей күнәлардан арылады», – деген. 
Пенде шын жүрегімен Аллаға берілгенде ғана оның оқыған намазы үлкен мәнге ие 
болады. Намаз оқып жатып әр нәрсеге жалтақтай берген кісі төменгі хикаядағы кісіге 
ұқсайды: 
Бір адам күнәсінің кешірілуін сұранып патшаның сарайын қағады. Кіруге рұқсат 
беріліп, ішке кіреді. Патшаның жанына келгенде ары жақ, бері жағына қарана 
бастағандықтан патша оның тілегін орындатпайды. Өйткені патша өзіне мән 
берілгеніне қарай тілектерді орындатады. Оның сыңарындай, пенде намазында оның 
мән-маңызын сезбесе, оқыған намазы қабыл болмайды. 
Намаз патшаның елге берген сый тамағына ұқсайды. Ол жерде жалпыға арналған 
тегін тамақ-астар, сусындар бар. Намаз да сол сияқты. Алла Тағала әрқалай зікірлерді, 
дұғаларды ұсынып, пенделерді соған шақырады. Ғибадаттың көп түрлі дәмін бір 
жерден татсын деп оларға намазды ұсынған. Оның ішіндегі іс-әрекеттер сый 
дастарханға қойылған тамақтардай, зікір-дұғалар сусындар сияқты. 
Намазда он екі мың сипат бар деп айтылады. Содан соң бұл он екі мың сипат он екі 
сипатқа жиналған. Кемшіліксіз намаз оқығысы келген кісі сол он екі сипатты орындауы 
керек. 
Бұл он екі сипаттың алтауы намазға шейін, алтауы намаздың ішінде: 
1. Ілім: Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біліп жасаған аз іс білмей жасаған көп істен 
жақсы», – деп айтқан. 
2. Дәрет: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Дәретсіз намаз болмайды», – дейді. 
3. Киім: Алла Тағала: «Уа, Адамның үрім-бұтағы! Қай кезде де намаз оқитын (немесе 
Қағбаны тауап ететін) болсаңдар, таза һәм әдемі киімдеріңді киіңдер»
483
 
деген. 
483
 
«Ағраф» сүресі, 31. 
4. Уақытқа көңіл бөлу: Алла Тағала: «Шүбәсіз, намаз мүміндерге белгілі уақыттарда 
(яғни әр намаз өз уақытында өтелсін деп) парыз етілді»
484
 
деп айтады. 
484
 
«Ниса» сүресі, 103. 
5. Құбылаға қарау. Алла Тағала: «Қане, жүзіңді Харам мешітіне қарай бұр. (Уа, 
мүміндер!) сендер де қай жерде болсаңдар да жүздеріңді Харам мешітіне қарай 
бұрыңдар»
485
деген. 
485
 
«Бақара» сүресі, 144. 
6. Ниет: Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Істер ниеттерге қарай. Әркім не ниет 
қылса, соған ие болады», – деп айтады. 
7. Тәкбир айту: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Тәкбир келтіргенде намаздың сыртындағы 
барлық нәрсе арам болады, сәлем бергеннен кейін бұл тыйым жойылады», – деген. 


196 
8. Тік тұру. Алла Тағала: «Алла үшін тік тұрған жағдайда дұға қылыңдар», – дейді. 
Бұның мағынасы: «Тік тұрып намаз оқыңдар» дегені. 
9. Фатиха сүресін оқу: Алла Тағала: «Құраннан өздеріңе жеңіл тиетіндей мөлшерде 
оқып өтеңдер»
486
 
дейді. 
486
 
«Муззаммил» сүресі, 20. 
10. Рүкуғқа бару: Алла Тағала: «Намазды кемеліне жеткізіп, үзбей әрі уақытылы 
оқыңдар, зекетті толық беріңдер және иіліп рукуғ жасаушылармен бірге рукуғ 
жасаңдар»
487
 
деп айтады. 
487
 
«Бақара» сүресі, 43. 
11. Сәждеге бару: Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Рукуғ жасаңдар, сәждеге бас 
қойыңдар, (сонымен қатар, басқа да құлшылықтарды атқарып) Раббыларыңа 
толыққанды құлшылық етіңдер және барлығы бастан-аяқ қайырлы болған діндеріңнің 
өзге үкімдерін де бұлжытпай орындаңдар», – деп айтылады.
488

488
 
«Хаж» сүресі, 77. 
12. Тахиятта отыру: Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Адам ақырғы сәждеден басын көтеріп, 
аттахият оқығандай уақытқа отырғанда намазы аяқталады», – дейді. 
Міне, осы он екі шарт орындалу үшін және бұлардың толық болуы үшін мөр ретінде 
ықыластылық талап етіледі. Сондай-ақ, намаздың бұдан басқа барлық уәжіп және 
сүннеттері де толық орындалып, ықыластылықпен оқылу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет