202
жолында күресумен өткізген кісідей. Сол екі саусақ бір-біріне жанасып тұрғандай, мен
де онымен пейіште жақын болам», – деп бас бармақ пен ортаңғы саусақты біріктіріп
көрсетті.
Тирмизидің риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім
жетім мұсылман
баланы қолынан ұстап, бақса, кешірілмейтін күнә жасамайынша пейішке кіруі анық», –
деген.
Ибн Мажаның риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылманның ең жақсы үйі –
ішіндегі жетімге жақсы мәміле жасалған үй. Ең жаман мұсылман үйі – ішіндегі жетім
қор болған үй», – деген.
Әбу Йағланың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз: «Пейіштің есігін бірінші болып
ашарымда менен озған әйелді көріп: «Не істеп жатырсың, сен кімсің?» – деп сұрасам,
«Мен қолымдағы жетімге жақсы қараған әйелмін», – деп жауап береді», – деген.
Табарани риуаят еткен хадисте: «Мені ақиқатпен пайғамбар қылып жіберген Аллаға
ант ішіп айтайын, жетімге жаны ашып, оған жылы сөйлегенді, жарлы байғұсқа рақым
қылғанды және Алла берген байлығымен көршісіне мақтанбағанды Алла қиямет күні
азаптамайды», – деп айтылады.
Ахмад ибн Ханбалдың айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім
Алланың
разылығы үшін бір жетімнің басын сипаса, оның қолы тиген жердегі шаштардың
санындай сауап жазады. Қарамағындағы жетім балаға не қызға жақсылық жасаған кісі
мен мен осы екі саусағым сияқты пейіште бірге боламыз», – дейді.
Хакимнің риуаятында Алла Елшісі (с.а.с.): «Алла Тағала Жақыпқа (а.с.) соқыр, бүкір
болудың және Жүсіпке бауырларының көрсеткен қорлықтарының себебін айтты. Ол
мынадай болған еді: Жақып (а.с.) бір күні бала-шағасымен қой сойып жеп отырғанда
босағасына келген жарлы, ораза ұстаған және қарны қатты аш жетімге байқаусыздан
тамақ берген емес. Содан соң Алла Тағала оған жетімдерге және жарлы-жалшыларға
тамақ беруді бұйырды және ол Алланың бұйрығын орындатты».
Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жетім-жесірлерге
жәрдем берген кісі Алла жолында күрескен мұжаһид сияқты»
496
дейді.
496
Бұхари, 5353; Мүслим, 2982.
Ибн
Мажаның риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жесір мен жетімге
қарайласқан кісі Алла жолында күрескен және түнін намаз, күндізін оразамен өткізген
адамдай», – деген.
Бұрынғы ұлылардың бірі: «Мен бұрын маскүнем, күнәға батқан кісі едім. Бір күні бір
жетім баланы жолықтырып қалып, оған өз баламдай,
тіпті одан да жақсы мәміле
жасадым. Сол түні түсімде мені забанилер ұстап тозаққа алып бара жатты. Бір қарасам
баяғы мен жақсылық жасаған жетім бала жолдан тосып алып, мені алып бара жатқан
забанилерге: «Оны қоя беріңдер! Ол үшін Жаратқан Иеме дұға қылып жалбарам», –
деді. Забанилер баланың сөзіне мән бермеді. Сол сәтте: «Оны қоя беріңдер. Біз оны
одан жақсылық көрген жетім баланың өтінішімен кешірдік» деген үн естілді. Ұйқыдан
оянып кеттім және сол күннен кейін жетімдерге жақсылық жасауға тағы көбірек мән
бере бастадым», – деп айтқан.
Риуаятқа қарағанда алауилерден
497
біреу өліп, артында бірнеше қызы жетім қалады.
Біршама уақыттан кейін олар кедейліктен қиналады және айналасындағыларға
қорланбау үшін басқа жаққа көшеді. Жол жүріп бара жатып қараусыз қалған бір мешітке
бас сұғады.
497
Шиалардың бір ағымы.
Жесір әйел балаларын сол жерге қалдырып, өзі өзек жалғарға бір нәрсе іздеп жүреді.
Қалада даңқты байлардан саналған бір мұсылманға жалбарынып жағдайын
түсіндіреді. Бірақ ол: «Сенің жағдайың екенін сөзсіз анықтауым керек», – деп әйелді
203
құр қол қайтарады. Әйел одан ары бір отқатабынушыға барып жағдайын айтады.
Отқатабынушы
оның сөзіне сеніп, бір әйелді жіберіп оны жетім балаларымен үйіне
алып келіп қарайласа бастайды.
Сол түні баяғы мұсылман түсінде қиямет-қайым болғанын көреді. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) «Хамд туы»
498
ілінген бір сарайдың жанында тұр екен. Мұсылман кісі Алла
Елшісінен «Уа, Алланың Елшісі, бұл сарай кім үшін?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз:
«Мұсылман адам үшін», – деп жауап береді. Ол: «Уа, Алланың Елшісі, мен Аллаға
серік қоспаған мұсылманмын», – дейді. Пайғамбарымыз: «Бұған дәлелің бар ма?» –
дегенде, әлгі кісі таңғалады. Алланың Елшісі жетімдердің анасын оның есіне салады.
Әлгі кісі сол қайғымен өкініп оянады. Дереу баяғы әйелді іздеп жүреді. Оны іздеп жүріп
отқатабынушының үйінен әрең табады да, үйіне алып кетпекші болады. Бірақ
«Солардың арқасында үйіме береке кірді», – деп отқатабынушы рұқсат бермей қояды.
Мұсылман кісі жетім-жесірлерді күшпен отқатабынушының үйінен алып кетуге әрекет
жасағанда, отқатабынушы оған: «Сен артынан түскен нәрсеге мен тағы
лайықтырақпын. Түсіңде көрген сарай мен үшін жаратылған. Шынында,
«мұсылманмын», – деп маған үстемдік қылғың келіп жатыр. Алланың атымен ант ішіп
айтайын, мен және менің үй-жайым сол жесір әйелдің себепкерлігімен мұсылман
болдық. Содан соң сен көрген түстің дәл өзін мен де көрдім. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
менен: «Жесір әйел мен жетім қыздар жаныңда ма?» – деп сұрады. «Иә», – дедім.
Алланың Елшісі: «Онда бұл сарай сенікі және отбасыңдікі», – деді», – деп жауап береді.
498
Достарыңызбен бөлісу: