229
«
Әрбір (ел-жұртты менсінбей) сынап-мінеуші, ишарамен ымдап келемеждеп,
кемсітушінің жағдайы қандай өкінішті»
553
553
«Һумаза» сүресі, 1.
«Алла күпірлікке белшеден батқандар үшін Нұхтың әйелі мен Лұттың әйелін мысалға
келтірді. Екеуі де құлдарымыз арасындағы екі ізгі құлымыздың некелі жары еді. Алайда
(олар күпірлікке бой алдырып һәм дін дұшпандарына болысып) жұбайларына
опасыздық жасады. Жұбайлары (пайғамбар болса да) ол екеуін Алланың жазасынан
арашалап қала алмады. Сөйтіп, екеуіне: «Тозаққа кіретіндермен
бірге сендер де
кіріңдер», − делінеді».
554
554
«Тахрим» сүресі, 10.
Риуаятқа қарағанда Лұттың (а.с.) әйелі Лұттың қонақтары келгенде білдіртпей
кәпірлерге хабар береді. Нұхтың (а.с.) әйелі болса күйеуін жынды болып қалған деп
айтты.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сөз тасушы пейішке кірмейді»
555
деп айтады. Тағы бір
хадисте: «Аллаға ең сүйіктілерің – мінезі жақсы болғандарың, отбасының алдындағы
міндеттерін орындағандарың, ынтымаққа шақырғандарың
және ынтымаққа келуге
әрекет жасағандарың. Аллаға жек көрініштілерің – анаған-мынаған сөз тасығандарың,
жамандық жасағандарың және пәк, таза кісілерді қаралауға әрекет жасағандарың», –
деп айтылады.
555
Мүслим, Иман, 105.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім бір мұсылманның абыройын түсіру үшін жоқ жерден
айыптаса, Алла сол үшін оны тозаққа түсіреді», – деген.
Тағы бір хадисте: «Кім бұл дүниеде біреудің абыройын түсіру үшін негізсіз сөз жайса,
сол сөзі үшін ол кісіні қиямет күні Алла Тағала тозаққа тастап қор қылуы анық
болады»
556
деп айтылған.
556
Итхафус сада, 7/563.
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім бір мүмин
туралы жалған куәлік етсе, тозақтан өзіне
орын таңдасын», – деген.
Риуаятқа қарағанда қабір азабының үштен бірі сөз тасушылық үшін болады.
Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала пейішті жаратып тұрып оған «Сөйле!»
– деді. Пейіш «Маған кірген бақытты болады», – деп айтты. Сонда ұлы Жаратқан:
«Ұлылығыма ант етейін, сегіз түрлі кісі сенде өмір сүре алмайды. Олар:
1) Үздіксіз ішімдік ішкендер;
2) Зинақорлықты тастамағандар;
3) Сөз тасушылар;
4) Әйелін басқадан қызғанбағандар;
5) Қатал жасауылдар;
6) Қызтекелер;
7) Туған-туыстарымен қарым-қатынасты үзгендер;
8) Алланың атынан сөз беріп қойып орындамағандар», – деді.
Кәғбул-Ахбардың айтуы бойынша, бір уақыттарда
Исраилұлдары қатты
құрғақшылыққа ұшырайды. Мұса (а.с.) бірнеше мәрте жаңбыр тілеп дұға қылады, бірақ
еш жаңбыр жаумай қояды. Алла Тағала Мұсаға (а.с.): «Араларыңда сөз тасушылықты
тастағысы келмеген біреу тұрғанда сенің де, жаныңдағыларыңның да дұғасын қабыл
алмаймын» деп уахи қылады. Сонда Мұса: «Оның кім екенін маған білдірсең, бөліп
тастайын», – деп жалбарады. Алла Тағала: «Уа, Мұса,
сендерге сөз тасушылықты
тыйым салып жатып өзім сөз тасушы болайын ба?» – дейді. Одан кейін елдің бәрі бірге
дұға жасағаннан кейін, жаңбыр жауды.
230
Риуаятқа қарағанда бір кісі жеті мәселе туралы білу үшін жеті жүз
фарсах
557
қашықтықтағы данышпанға жолыққалы барады. Оған барып: «Алла саған
берген ілімнен пайдалану үшін келдім. Айтсаңыз:
557
Фарсах: 5км. Ұзындық шен өлшемі.
1) Аспаннан ауыр не?
2) Жерден кең не?
3) Теңізден бай не?
4) Оттан ыстық өртегіш не?
5) Аяздан салқын не?
6) Тастан қатты не?
7) Жетімнен өткен байғұс кім? – деп жеті сұрақ береді.
Данышпан оның сұрақтарына былай деп жауап береді:
1) Күнәсіз кісіге жабылған жала аспаннан да ауыр.
2) Ақиқат жер бетінен де кең.
3) Қанағатшыл кісінің жүрегі теңізден де бай.
4) Көреалмастық және қызғаныш оттан да ыстық.
5) Туған-туыс тарапынан қамтамасыз етілмеген мұқтаждық аяздан да салқын.
6) Кәпірдің жүрегі тастан да қатты.
7) Сөз тасушылығы әшкере болып қалған кісі жетімнен өткен байғұс.
Достарыңызбен бөлісу: