Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет166/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Жақсы мінез 
Алла Тағала сүйікті Пайғамбарын (с.а.с.) мақтау және оған берілген нығметті білдіру 
ретінде былай дейді: «Шүбәсіз, сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің»
588
 
588
 
«Қалам» сүресі, 4-аят. 


242 
Айша (р.а.): «Пайғамбарымыздың мінез-құлқы – Құран еді», – дейді. 
Бір кісі Пайғамбарымыздан (с.а.с.) жақсы әдеп-ахлақ туралы сұрағанда
Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған: «Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, 
сауапты һәм пайдалы істер істе. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары 
мен сөздерін көңіліңе алма (наданмен надан болма)»
589
 
деген аятты оқыды. 
589
 
«Ағраф» сүресі, 199. 
Сонда әлгі кісіге берген жауабын төмендегіше жалғастырды: «Жақсы мінез – сенімен 
қарым-қатынасын үзгендерге кең пейіл және қайырымды болуың, сенен жақсылықты 
аяғандарға жақсылық жасауың және саған зорлық-зомбылық көрсеткендерді де 
кешіруің». 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): 
«Мен 
жақсы 
мінез-құлықты 
толықтыру 
үшін 
жіберілдім»
590
 
дейді. 
590
 
Байхақи, 10/192. 
Тағы бір хадисте: «Қиямет күні жақсы істер таразыда тартылғанда ең ауыр 
тартатыны – Алладан қорқу және жақсы мінез», – деп айтылады. 
Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір кісі жолығып: «Уа, Алланың Елшісі, дін деген не?» – деп 
сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақсы мінез», – деп жауап берді. Содан соң оң жағына 
өтіп: «Уа, Алланың Елшісі, дін деген не?» – деп қайта сұрады. Пайғамбарымыз: 
«Жақсы мінез», – деді. Ол кісі енді Пайғамбарымыздың сол жағына өтіп: «Уа, Алланың 
Елшісі, дін деген не?» – деп тағы сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қызу қандылыққа 
салынбау. Түсіндің бе?» – деді. 
Бір кісі Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі, маған насихат 
айтыңыз», – дегенде, Алланың Елшісі: «Қайда болсаң да Алладан қорық. 
Жамандықтан кейін күнәңді жуып кететіндей жақсылық жаса», – деді. «Тағы да?» – деді 
әлгі кісі. Пайғамбарымыз: «Адамдарға сыпайы мәміле жаса», – деп жауап қайтарды. 
Алла Елшісінен (с.а.с.) «Істердің қайсысы жақсырақ?» – деп сұрағанда «Жақсы 
мінез», – деп жауап берді. 
Тағы бір хадисте: «Алла Тағала жақсы мінезді қылып жаратқан ешбір пендесі тозаққа 
жем болмайды», – деп айтылады. 
Фудайл ибн Ияз баяндайды: «Пайғамбарымызға «Пәленше әйел күндіз ораза ұстап, 
түнде намаз оқиды. Бірақ мінезі жаман. Көршілерін ренжітеді», – деді. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.): «Олай болса оның ешбір жақсылығы жоқ. Ол тозақы», – деді. 
Әбу Дарда: «Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқанын естігенмін: «Қиямет күні 
Таразыға бірінші қойылатын істер – жақсы мінез бен жомарттық»
591

591
 
Хилиятул әулия, 5/75. 
Алла Тағала иманды жаратқанда, иман: «Уа, Жаратқан Ием, маған қуат бер!» – деп 
дұға қылды. Алла Тағала оны жақсы мінезбен және жомарттықпен қуаттады. Алла 
кәпірлікті жаратқанда, кәпірлік «Маған қуат бер!» – деді. Алла оны сараңдық және 
жаман мінезбен қуаттады» дегенін естігенмін», – деді. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Алла Тағала бұл дінді Өзі үшін таңдаған. Міне, сондықтан 
дініндегілерге жомарттық және жақсы мінезден басқа нәрсе жараспайды. Сөзіме құлақ 
салып, діндеріңді сол екі қасиетпен әсемдеңдер», – деп айтқан. 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Сендер адамдарды мал-мүлік берумен 
разы қыла алмайсыңдар. Оларға жылы жүз, жағымды мінезбен ғана жағасыңдар», – 
деп айтады. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Сірке суы балды бұзғандай, жаман мінез жақсы істі бұзады», – 
деп айтқан. 
Жарир ибн Абдулланың риуаяты бойынша, Пайғамбарымыз: «Алла сені сұлу 
жаратты. Сен де мінезіңді жақсарт», – деген. 


243 
Бара ибн Азиб: «Пайғамбарымыз адамдардың ең сымбаттысы және мінезі ең 
жақсысы еді», – деп айтады. 
Әбу Сағид әл-Худридің айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жаратқан 
Алла, дене-тұрпатымды сымбатты қылып жаратқандай мінезімді де жақсы қыла көр!» 
– деп дұға қылды. 
Абдулла ибн Омар баяндайды: «Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Уа, Жаратқан Ием, Сенен 
денсаулық, амандық және жақсы мінез тілеймін» деп көп дұға қылды». 
Әбу Һурайраның айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Мүминнің діні – оның 
абыройы, тегі, жақсы мінезі, адамгершілігі және ақылы», – деген. 
Усама ибн Шарик: «Бәдәуилер Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Пенделерге берілген 
нәрселердің ең жақсысы не?» – деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақсы мінез», – 
деп жауап бергеніне куә болған едім», – дейді. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың және менің сүюіме 
арзитындарың – мінез-құлқы ең жақсы болғандарың», – деп айтады. 
Абдулла ибн Аббастың (р.а.) айтуы бойынша, Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: 
«Сол үш өзгешеліктің үшеуі де не біреуі кімде жоқ болса, оның ешбір ісін есепке 
алмаңдар: 
1) Алланың бұйрығына қарсы шығудан сақтаған тақуалық. 
2) Ақылсызға шыдар байсалдылық. 
3) Адамдармен жақсы түсінісіп өмір сүре алатын жақсы мінез». 
Алла Елшісі (с.а.с.) намазында: «Уа, Жаратқан Алла! Маған жақсы мінез нәсіп қыла 
көр. Сенен басқа ешкім мені оған жеткізе алмайды. 
Уа, Жаратқан Алла! Мені жаман мінезден алыс қыл. Сенен басқа ешкім мені одан 
сақтай алмайды» деп дұға қылды. 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Әсемдік неде?» – деп сұрағанда: «Әсемдік жылы сөз, 
жылы жүз және күлімдеуде болады. Кім адамдарды жағымды қарсы алып, оларға 
жақсы мәміле жасаса, оның ешкімге ауырлығы тимейді және оның бір туыстық мәмілесі 
мақталады», – деп жауап берді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет