Имам ғазали жүректің сырлары



Pdf көрінісі
бет178/193
Дата07.09.2023
өлшемі2.84 Mb.
#476857
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   193
Жүректің сырлары T.a

Шайтанның айлакерлігі 
Бір кісі Хасан Басриден: 
– Шайтан ұйықтай ма? – деп сұрады. Хасан Басри бұл сөзге күліп: 
– Ұйықтаса жақсы болушы еді, біз де тынығып қалар едік! – деп жауап берді. 
Демек, мүмин пенде одан құтыла алмайды. Оның айла-амалының әсерін ғана 
жоғалта алады. 
Алла Елшісі (с.а.с.): «Сапарда түйені тізгіндегендей, мүмин да шайтанды тізгіндейді», 
– деген. 
Қайс ибн Хажжаж
626
 
айтады: 
626
 
Хижранын II-III-ғасырларда жасаған, тасаууф кітаптарының аутору. 
«Шайтан: Мен сенің жаныңа құтырған түйедей келген едім, қазір шымшықтай болып 
қалдым», – дейді. Мен «Неге?» – деп сұрадым. Ол: «Күнәға батыру үшін әрқалай 
амалмен азғырсам да, сен Алла Тағаланы еске алып, мен көрсеткен жолдан бас 
тартасың. Мені солайша солдырып тауыстың. Тақуа кісілерге шайтанның азғыруынан 
өзін қорғау оңай». 
Абдулла ибн Масғуд (р.а.) баяндайды: «Бір күні Алла Елшісі (с.а.с.) бір сызық сызып: 
«Бұл – Алланың жолы», – деді. Содан соң ол сызықтың оң жақ, сол жағына тағы бір-
бірден сызық сызып: «Бұлар да жол. Бұл жолдардың екі жағында жолаушыларды 
шақырып отырған шайтандар бар», – деп айтты да: «Менің тура жолым, міне, осы. 
Ендеше, менің жолыммен жүріңдер. Өзге соқпақ-сүрлеулерге түсіп кетпеңдер, ондай 


262 
теріс жолдар сендерді жік-жікке бөліп, Алланың тура жолынан тайдырып жібермесін. 
Күнә атаулыдан сақтанып, тақуалық аясында өмір сүрсін деп, Алла сендерге 
осыларды бұйырады»
627
 
деген мағынадағы аятты оқыды. 
627
 
«Әнғам» сүресі, 153. 
Жүректе шайтанның азғыруына ашық есіктер өте көп. Періштелер кіруі мүмкін болған 
есік біреу ғана. 
Жүрек сондай болғандықтан адам баласы қараңғы түнде қай жаққа жүрерін білмей 
жан-жаққа қарайлап шөл жолында адасқан жолаушыға ұқсас. Ондай жерде жол табу 
көзі өткір кісілерге ғана нәсіп болады. 
Құраннан және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінен үйренген ілімдер болса 
жолға жарық шашқан күн нұрындай. 
Пайғамбарымыздан (с.а.с.) бір оқиға риуаят етіледі: 
«Бұрынғы өткен заманда бір монах бар еді. Шайтан оны жолдан адастыруды көздеді. 
Сол сәтте бір кісінің күңі қатты ауырып жатқан. Шайтан: «Бұл ауруды пәленше монах 
айықтырады», – деп күңнің отбасын азғырды. Күңді емдеу үшін монахтың үйіне барды. 
Бірақ ол қабыл алмай қойды. Олар қайта-қайта бара берді. Ақыры монах оны қабыл 
алуға мәжбүр болып, емдей бастады. Шайтан оны күңмен жыныстық қатынаста болуға 
азғырып, ақыры бұл мақсатына да жетті. Нәтижеде күңнің бойына бала бітіп қалды. 
Содан соң шайтан монахты: «Сен мұны өлтіруің керек. Егер өлтірмесең, ертең елге 
жайылып, жер қарап қаласың. Одан гөрі қазір оны өлтір, отбасына «Өзі өліп қалды» 
дей саласың», – деп азғырды. 
Монах шайтанның айтқанындай жасады. Сонда шайтан күң әйелдің отбасына барып: 
«Монах сендердің қыздарыңмен жыныстық қатынас жасап, содан соң оны өлтіріп 
тастады», – деді. Олар келіп істің мән-жайын білгеннен кейін, монахқа қол жұмсады. 
Сонда шайтан, монахпен бетпе-бет келіп: 
– Бұл істердің бәрін мен сені азғыру арқылы жасадым. Қаласаң, сені құтқарып қалуым 
мүмкін. Бірақ әуелі маған екі мәрте сәжде жасауың керек! – дейді. 
Монах шайтанға сәжде жасайды. Сонда шайтан оған қарап тұрып: 
– Мен сенен ұзақпын. Мен сені танымаймын. Сенімен ешқандай байланысым жоқ, – 
деп ат-тонын ала қашады». 
Алла Тағала Құранда міне сол ақиқатты, яғни шайтан әуелі азғырып, жолдан 
шығарып, содан соң ат-тонын ала қашатынын білдірген: 
«Яһудилерді соғысқа итермелеген мұнафықтардың мысалы, тура шайтанға ұқсайды. 
Шайтан алдымен адам баласын: «Күпірлік қыл», – деп азғырады. Ол шайтанның сөзіне 
еріп күпірлік қылғанда, шайтан оған: «Мен сенен аулақпын, менің саған мүлдем 
қатысым жоқ. Өйткені мен әлемдердің Раббысы Алладан қорқамын», – деп ат-тонын 
ала қашады»
628

628
 
«Хашыр» сүресі, 16. 
Ібіліс Имам Шафиғиден: 
– Мені қалағанындай жаратып, қалағанындай қолданған Жаратушы туралы қалай 
ойлайсың? Ол қаласа, мені пейішке кіргізеді, қаласа, тозаққа кіргізеді. Бұл әділеттілік 
пе не әділетсіздік пе? – деп сұрайды. 
Имам Шафиғи ойланып тұрып: 
– Ей, сен қандайсың, мен білмеймін! Бірақ біліп қой, егер сен қалағаның үшін сені 
жаратса, саған әділетсіздік жасаған болар еді. Егер ол Өзі қалап жаратқан болса, 
жасаған ісі үшін жауап бермейді. Жаратылғандар болса жасаған істері үшін есеп 
береді, – деп жауап береді. 
Бұл жауапты естіген шайтанның үні өшеді. Одан: 
– Ей, Шафиғи, мен осы сұрақпен жетпіс мың тақуаны діннен шығардым, – деген екен. 


263 
Бір мәрте Ібіліс Исаға (а.с.) жолығып: «Лә илаһа иллаллаһ де», – деді. Иса (а.с.): 
«Бұл сөз ақиқат, бірақ мен сен айтып тұрғаныңдай айтпаймын!» – деді. Өйткені шайтан 
ақиқат пен жалғанды араластыру үшін кейде ақиқатты сөйлеп жатқандай көрінеді. 
Сондай жолмен тақуа кісілерді, байларды және түрлі деңгейдегі адамдарды жолдан 
шығарады. Оның азғыруынан Алла сақтаған кісілер ғана аман қалады. 
Уа, Жаратқан Алла, бізді шайтанның айла-амалынан сақтай көр! Сенің алдыңа тура 
жолда барайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет